Первый слайд презентации: 1.1 Жоғары мектеп педагогикасының пәні, мақсаты мен міндеттері
Слайд 2
Жоғары мектеп педагогикасы екі түрлі мағынада қарастырылады, бірі – жеке тұлғаның дамуы мен тәрбиесіне бағытталған адамның іс-әрекеті ; екіншісі – іс-әрекеттің заңдылықтарын, ұстанымдарын, әдістерін ашатын ғылыми теория. Адамның іс-әрекеті сияқты педагогика да адаммен бірге пайда болып, адам санасының өсуі, ойлаудың пайда болуы, адамның өмірден жинаған тәжірибелері, алдыңғы және кейінгі буын жас ұрпақтың қарым-қатынасы, педагогикалық ойлардан туған.
Слайд 3
Қазіргі педагогика 3 түрлі саладан тұрады: педагогика тарихы; педагогика (мектептке дейінгі, орта мектеп, кәсіби мамандандырылған білім, жоғары мектеп, кәсіптік әскери, салыстырмалы, т.б.) және білім әдісі. Жоғары мектеп педагогикасы өз алдына ғылыми білім болуы жоғары мектептің қазіргі өндіріс саласына мамандар даярлауды жетілдіруде және тиімділігін арттырудың қажеттілігінен туындап отыр. Оның басты міндеті - мамандарды кәсіби іс-әрекетке қазіргі ғылым мен тәрбиенің қол жеткен негізінде даярлау. Жоғары мектеп педагогикасы – тәрбие заңдылықтарының ұстанымы мен жоғары оқу орындарындағы жоғары білікті маман иесін даярлайтын ғылым саласы.
Слайд 4
Болашақ маман қазіргі студент – оқу-тәрбие жүйесінің белсенді субъектісі. Оның кәсіби даярлығы шығармашылық тұрғыдан ұйымдастырылуы керек. Жоғары мектеп педагогикасының мақсаты – студенттерді оқу орындарының кез келген түрімен байланыстыратын педагогикалық іс-әрекетке даярлау. Жоғары мектеп педагогикасының міндеттері: студенттерді болашақ мамандықтың теориясы және технологиясымен танысуға бағыттау; студенттерді жоғары мектеп педагогикасы саласындағы өзекті зерттеу мәселелерін анықтап, талқылауға жағдай туғызу; студенттерді жоғары оқу орындары мен жалпы мектеп арасындағы байланысты жан-жақты зерттеуге баулу.
Слайд 6
№ Дидактикалық ұғымдардың аттары Ұғымдарға жалпылама түсініктеме 1 Білім беру Білім беру ісі шеберлікке, дағдыға баулудан өсіп, өрбіп, белгілі бір кәсіпке, мамандыққа үйретумен тиянақталады. Жалпы білім беруге: 1) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту; 2) жалпы бастауыш білім беру, 3) жалпы негізгі білім беру; 4) жалпы орта білім беру; 5) жалпы қосымша білім беру енеді. Білім беру бағдарламасының үздіксіздігі мен сабақтастығы ұстанымы негізінде мынадай білім беру деңгейі белгіленеді: 1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту; 2) орта білім беру, 3) кәсіптік жоғары білім беру; 4) жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру. 2 Білім беру әдістемесі Жекеленген білім процесінің тәлімдік әрекетіндегі нақты тәсіл, амалдардың сипатталуы. Білім беру әдістемесіне байқау, жобалау, қателік, рейтинг, тест, т.б. әдістер жатады. Кесте 1 – Дидактиканың негізгі ұғымдары
Слайд 7
3 Оқыту, оқу Білім, білік, әрекет дағдыларын үйрету мен меңгерту процесі - өмір мен еңбекке бейімді етіп даярлаудың негізгі құралы. Оқыту процесінде білім мен тәрбие мақсаттары жүзеге асады. Түрлі оқу орындарында оқыту – білім берудің басты жолы. Оқыту – екі жақты процесс: мұғалім – білім беруші, оқушы – білім алушы. Оқыту құрылымына оқушылардың өзінің жеке әрекеті мен оқу әрекетін ұйымдастыру; оқушылардың білімді меңгертудегі белсенділігі мен саналығы ынталандыру және білім меңгертудің, оқу әрекетін орындаудың сапасын реттеу, бақылау; оқыту нәтижесін талдау мен оқушы тұлғасының әрі қарай дамуын болжау жатады. 4 Оқыту әдістемесі Білім мазмұнын меңгеруді қамтамасыз ететін мұғалім мен оқушының өзара байланысты әрекет жүйесі. Оқыту әдістемесі оқыту мақсатын, меңгеру тәсілін, оқыту субъектілерінің өзара әрекеттерінің сипатын қамтиды. Бұл белгілердің ерекшелігі оқытудың әрбір әдістерінде көрінеді, ал, әдістер жиынтығы тәрбиелей оқытудың барлық мақсатына жетуді қамтамасыз етуі керек. Оқыту әдістемесі – тарихи категория.
Слайд 8
5 Оқыту ұстанымары (принциптері) Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу мақсатына сәйкес, оқыту сипаттарын белгілейтін негізгі ережелер. Негізгі оқыту ұстанымдары: теория мен практиканың байланысы; тәрбиелілік; ғылымилық; көрнекілік; түсініктілік. 6 Тәрбие Жеке тұлғалардың адамдық бейнесін қалыптастырады, өмірге бейімдеу үшін жүргізілетін игі әрекет. Халық тәрбиені құрсақта жатқаннан бастайды. Бесік тәрбиесі, балдырған тәрбиесі, өрен тәрбиесі, жасөспірім тәрбиесі, жастар тәрбиесі бір-бірімен жалғасып, өз ерекшеліктерімен іске асырылады. 7 Тәрбие әдістемесі Ересектер мен балалар арасындағы қоғамдық қарым-қатынастардан туындайтын тәрбиелік әрекеттестік тәсілдерінің жиынтығы. Тәрбие әдістемесінде тәрбиешінің тұлғалық ерекшелігі, кәсіптік құзыр деңгейі айқындалады. Тәрбие әдісіне бақылау, өзін-өзі тәрбиелеу, әрекеттерді ұйымдастыру және т.б.жатады.
Слайд 9
Жоғары мектеп педагогикасы жас ғылымдар қатарына жатады. Ол ғылым ретінде ХХ ғасырдың ортасында қалыптасты. Осы кезеңде алғаш рет педагогика оқулығы құрал ретінде пайдаланылды. Алайда, студенттермен жұмыс жасау, оқу жайындағы сұрақтарға кепілдеме беру, тәрбие жұмысы, ақыл-ойлар ежелгі дәуірден бастап университеттегі білім беру тарихының дамуымен бірге жалғасып келді. Ғылыми білімнің қарқынды дамуы барысында жоғары мектептегі педагогика өзінің жастығына қарамай жеке салаларға бөлінді және сол бөлінген салалар өз алдына дами бастады. Оларға: жоғары мектеп дидактикасы, жоғары оқу орындарындағы әдіс пен ілімнің тәрбиесі, жоғары мектептегі менеджмент, т.б. жатады. Жоғары мектеп педагогикасының объектісі – жоғары оқу орындарын басқару жүйесі, жоғары оқу орындарындағы білім саласы, педагогикалық жүйелер. Аталаған жүйелерге академиялық топтар, курстар, факультеттер, жоғары оқу орындары, қоғамдық ұғымдар мен қалыптасулар, студент тер, оқытушылар, білім министрлігі мен бөлімдері, т.б. жатады.
Слайд 10
Ғылыми деректерді талдау, жинақтау барысында ғылыми категориялар қалыптасады. Ғылыми категориялар ұшан теңіз деректердің ішінен белгілі бағытты анықтауға көмектеседі, бұл танымның өзіндік бір сатысы болып табылады. Жоғары мектеп педагогикасының әд і снамасы философиялы қ диалектикаға негізделеді. Заттар мен қ ұ былыстардың арасында әр түрлі байланыстар болады. Әлеуметтік ғылымдарда сан қ ырлы қоғамды қ құ былыстарды ң байланыстары мен тәуелділіктері ашылады. Ғылым кез - келген заттар мен қ ұбылыстардың өзара сан алуан байланыстарын зерттей отырып, ең алдымен, олардың ішінен сол заттар меп құбылыстар үші н анағ ұ рлым маңыздысын, болып жатқан процестерді басқарат ын дарын бөліп алады. Б ұ л байланыстар заңдар деп аталады. Сонымен заң дегеніміз – құбылыстардың өздеріне ғана тән қайталаньп тұратын және біршама тиянақты байланысы.
Слайд 11
Адамдар өз қалауынша заң атаулының қандайын болса да өзгертіп, жойып жібере алмайды. Олар тек бұл заңдарды танып біліп, зерттей алады және алған білімдерін өзінің қызметіне пайдаланады. Диалектика дүниенің барлық саласындағы заттар мен құбылыстарға тән жалпы заңдарды ашуды өз алдына мақсат етіп кояды. Ол – табиғат құбылыстарын, қоғамдық құбылыстар, адам санасы да бағынатын жалпы заңдар жайындағы ғылым. Диалектиканың түпкі қасиеті – қозғалыс, өзгеріс. Диалектиканың негізгі заңдары: қарама- қайшылықтардың бірлігі мен күресі, сан өзгерістерінің сапа өзгерістеріне және кері айналуы, терістеуді терістеу. Диалектиканың ұғымдары : кеңістік пен уақыт, жекелік және жалпылық, себеп пен салдар, мазмұн мен түр, мән мен құбылыс, қажеттілік пен кездейсоқтық, мүмкіндік пен шындык.
Последний слайд презентации: 1.1 Жоғары мектеп педагогикасының пәні, мақсаты мен міндеттері
Зерттеушінің тиімді нәтижелерге жетуі үшін, қандай ғылымньң болса да, белгілі бір ізденісті қалай және қандай мақсаттар үшін жүргізетіні туралы нақты, мүлтіксіз түсінігі болуы керек. Мұның өзі таным қызметін ұйымдастыруға, танымның белгілі бір «әдістер жүйесін» таңдап алуға көмектеседі. Ғылым әр уақытта жаңа дәйектермен толықтырылып отырғанда ғана дамиды. Ғылыми деректер жинақталып қалған кезде оларды ғылыми-зерттеу әдістері арқылы талдау және теориялық ұстанымдарға негіздеп зерделеу ғылымда әдіснама деп аталады.