Первый слайд презентации
№118 « Көкбұлақ » жалпы орта білім беретін мектебі Тақырыбы : « Баланың бас ұстазы - ата-ана » Ата-ана! 25 қыркүйек 2024 ж Сағат 15:00 МАД «Б» тобы Тәрбиеші:Жүнісова Гүлдана Сералықызы ІІІ-қабат химия кабинеті
Слайд 2
«Баланың бас ұстазы- ата-ана» тақырыбындағы ата-аналар жиналысына қош келдіңіздер!
Слайд 3
1.Танысу жаттығуы «Бес қадам» әдісі еркелетіп кіру. 2.Топқа бөлу 3.Жиналыстың мақсатымен таныстыру, баяндама оқу. 4. «Көз жанарынан танимын» қолшатыр әдісі арқылы аналарға ситуациялық сұрақтар қою. 5. «Гиперопека» әдісі. Топтық жұмыс 6. «Мен баламды жақсы көремін!» сол қолмен жазу әдісі 7. Қорытынды: ата-аналермен сырласу.
Слайд 4
Мақсаты : 1. Ата - ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту. 2. Ата - аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру. 3. Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту. Міндеті : 1. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата - ананың жауапкершілігі. 2. Мектепте ата - ананың оқу - тәрбие саласындағы рөлі. 3. Алдағы уақытта оқушыларды тәрбиелеуде мұғалім мен ата - ананың бірігіп жұмыс жасауы.
Слайд 5
« Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ » демекші адам табиғатпен тығыз байланысты, табиғаттағы ең маңызды нәрсе ағаш, енді сол ағаштың несі болар едіңіз тамыры ма, әлде діңгегі ме, әлде жапырағы ма ?. Сіздердің бұл таңдауларыңыз кездейсоқтық емес, психологиялық сәйкестік. Тамыр діңгек жапырақ Топқа бөлу
Слайд 6
Ұлағатты ұстаздар, ардақты ата - аналар ! Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата - ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек десе де бала - ұрпақ деген мағынаны білдіреді. Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу. Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Әл Фараби бабамыз « Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды » - деген екен. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді. Орынсыз ұрысу,зеку, сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін түсіреді. Ата - ананың үйдегі қарым - қатынасы, киім киюі, мінез - құлқы - бәрі балаға үлгі. « Қарағайға қарап тал өсер, ата - анаға қарап бала өсер » деген қанатты сөз бар. Бала отбасында әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке- ТІРЕК, ана- ЖҮРЕК, бала- ТІЛЕК. Осы бір ғажап тұжырым әке, ана, бала отбасы ошағының үштаған іспеттесі екенін ұмытпайық ата-аналар!.
Слайд 8
1 Абдушукир Заңғар Керімбекұлы 24.07.2019 ж 2 Әбдішүкір Нұрлыхан Кенжебекұлы 24.12.2018 ж 3 Базарбай Диана Маратқызы 10.02.2019 ж 4 Батырхан Нұрасыл Саматұлы 29.11.2018 ж 5 Бақытжан Расул Самгарұлы 14.03.2019 ж 6 Ергешбай Амина Алмасқызы 16.12.2018 ж 7 Жәнібек Зере Рысбекқызы 24.07.2019 ж 8 Керімбек Мейірім Нұрсұлтанқызы 25.10.2019 ж 9 Молдабек Жанерке Әбдіғалиқызы 04.11.2019 ж 10 Назархан Бақберген Еркеғалиұлы 01.07.2019 ж 11 Салкен Сағадат Саматұлы 01.11.2018 ж 12 Сатбай Раяна Бағдатқызы 16.10.2019 ж 13 Сәбит Айым Нұрлыбекқызы 21.05.2019 ж 14 Сейтқасым Әминә Әділханқызы 04.11.2019 ж 15 Сержант Айару Аманқызы 12.08.2019 ж 16 Ташболат Бегімай Жанболатқызы 19.05.2019 ж 17 Тұрымбет Нұрайша Жеңісқызы 03.08.2019 ж 18 Үсен Ұлар Сарыбайұлы 19.02.2018 ж 19 Шералы Елжан Қамытбекұлы 30.01.2019 ж 1 Абдушукир Заңғар Керімбекұлы 24.07.2019 ж 2 Әбдішүкір Нұрлыхан Кенжебекұлы 24.12.2018 ж 3 Базарбай Диана Маратқызы 10.02.2019 ж 4 Батырхан Нұрасыл Саматұлы 29.11.2018 ж 5 Бақытжан Расул Самгарұлы 14.03.2019 ж 6 Жәнібек Зере Рысбекқызы 24.07.2019 ж 7 Керімбек Мейірім Нұрсұлтанқызы 25.10.2019 ж 8 Молдабек Жанерке Әбдіғалиқызы 04.11.2019 ж 9 Назархан Бақберген Еркеғалиұлы 01.07.2019 ж 10 Салкен Сағадат Саматұлы 01.11.2018 ж 11 Сатбай Раяна Бағдатқызы 16.10.2019 ж 12 Сәбит Айым Нұрлыбекқызы 21.05.2019 ж 13 Сейтқасым Әминә Әділханқызы 04.11.2019 ж 14 Сержант Айару Аманқызы 12.08.2019 ж 15 Ташболат Бегімай Жанболатқызы 19.05.2019 ж 16 Тұрымбет Нұрайша Жеңісқызы 03.08.2019 ж 17 Үсен Ұлар Сарыбайұлы 19.02.2018 ж 18 Шералы Елжан Қамытбекұлы 30.01.2019 ж 19 Шоқан Асылым Диханәліқызы 04.09.2019 ж
Слайд 15
Ата –ананың, мұғалімнің міндеті-баланың өзі жеке тұлға ретінде д амуына жағдай жасау. Бір-бірімізбен өте жақсы түсінісіп жұмыс жасадық деп ойлаймын. Құрметті ата-аналар!Енді осы балапандарымызға жүрегімізден шыққан жылы сөздеріңізбен, тілектеріңізді және осы жиналыстан қандай әсер алғандарыңызды мына жүрекшеге жазып ілейік. Жүректен шыққан тілектеріңіз әрдайым жер бетіндегі балаларды қолдап желеп-жебеп жүрсін дегім келеді.
Слайд 16
Тамыр - таңдағандар істің нәтижесіне мән беретін адамдар. Діңгекті - таңдағандар берік, мықты біреуге тірек бола алатын адамдар. Жапырақ - таңдағандар сұлулықты, әсемдікті, ұқыптылықты қалайтындар. Осы ағаштың тамыры – ата — ана, діңгегі — ұстаз, жапырағы – балаларымыз. Егер тамырдан нәр алып, діңгегі мықты болып, бұтағы жапырағын жайса ағашымыз жемісін береді.