Абай қарасөздерінің тәрбиелік мәні — презентация
logo
Абай қарасөздерінің тәрбиелік мәні
  • Абай қарасөздерінің тәрбиелік мәні
  • Абай қарасөздерінің тәрбиелік мәні
  • Абай қарасөздерінің тәрбиелік мәні
  • Абай қарасөздерінің тәрбиелік мәні
  • Абай қарасөздерінің тәрбиелік мәні
  • Абай қарасөздерінің тәрбиелік мәні
  • Абай қарасөздерінің тәрбиелік мәні
  • Абай қарасөздерінің тәрбиелік мәні
  • Абай қарасөздерінің тәрбиелік мәні
  • Абай қарасөздерінің тәрбиелік мәні
1/10

Первый слайд презентации

Абай қарасөздерінің тәрбиелік мәні

Изображение слайда

Слайд 2

Ұлы ақын шығармаларын, оның ішінде қара сөздерін толық нұсқаларын жинақтап, оның ұрпаққа берер тәлім-тәрбиесін танытып, соларды өмірлік ұстаным етіп мәнді өмір сүруге болатынын оқырманға жеткізу. Мақсаты :

Изображение слайда

Слайд 3

Абай Құнанбаев (1845-1904) Абай Құнанбаев – ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай Құнанбаев 1845 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданына қарасты Шыңғыстау бауырындағы Қасқабұлақ деген жерде дүниеге келген. Әкесі Құнанбай ұзақ жыл аға сұлтан болып ел басқарған. Абай жастайынан өнер-білімге жақын келген. Абай шығармашылығының мол мұралары ретінде оның өлеңдерін, аудармаларын, поэмаларын және қара сөздерін айтуға болады.

Изображение слайда

Слайд 4

Абайдың қара сөздері – оның ақындық мұраларына қосылған бағалы қазына. Мұхтар Әуезов

Изображение слайда

Слайд 5

Шығармашылық еңбек туралы – 1 қарасөз Халықтарды салыстыру – 2 қарасөз Ұрпаққа тәрбие беру, білуге ұмтылу – 7 қарасөз Ұлықтар туралы, оларды әшкерелеу – 11 қарасөз Күлкі туралы ойы, сыны – 4 қарасөз Қазақ сахарасындағы әкімшілік басқару, билік туралы – 3 қарасөз Қазақ мақалдары туралы – 5, 29 қарасөз Педагогтік, ұстаздық ойлары – 31, 32 қарасөз Көрікті ойлары, афоризмдері – 37 қарасөз Ел мінезін сынау – 6, 8, 9, 10, 14, 23, 26, 29, 33, 39, 40, 41, 42, 43 қарасөз Дін мен мораль, тәрбие мәселесі – 12, 13, 16, 27, 35, 36, 38, 45 қарасөз Адамдық қасиет туралы – 15, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 28, 30, 34, 44 қарасөз

Изображение слайда

Слайд 6

Ақыры ойладым : осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ. Бірінші сөз. Енді қарап тұрсам, сарттың екпеген егіні жоқ, шығармаған жемісі жоқ, саудагерінің жүрмеген жері жоқ, қылмаған шеберлігі жоқ. Өзіменен өзі әуре болып, біріменен бірі ешбір шаһары жауласпайды ! Орысқа қараған соң да, орыстың өнерлерін бізден олар көп үйреніп кетті. Үлкен байлар да, үлкен молдалар да, ептілік, қырмызылық, сыпайылық - бәрі соларда. Ноғайға қарасам, солдаттыққа да шыдайды, кедейлікке де шыдайды, қазаға да шыдайды, молда, медресе сақтап, дін күтуге де шыдайды. Еңбек қылып, мал табудың да жөнін солар біледі, салтанат, әсем де соларда. Оның малдыларына, құзғын тамағымыз үшін, біріміз жалшы, біріміз қош алушымыз Екінші сөз. Қазақтың бірінің біріне қаскүнем болмағының, бірінің тілеуін бірі тілеспейтұғынының, рас сөзі аз болатұғынының, қызметке таласқыш болатұғынының, өздерінің жалқау болатұғынының себебі не?  Һәмма ғаламға белгілі данышпандар әлдеқашан байқаған: әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады; әрбір қайратсыз қорқақ, мақтаншақ келеді; әрбір мақтаншақ қорқақ, ақылсыз, надан келеді; әрбір ақылсыз надан, арсыз келеді; әрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, өнерсіз, ешкімге  достығы  жоқ жандар  шығады. Мұның бәрі төрт аяқты малды көбейтеміннен басқа ойының жоқтығынан, өзге егін, сауда, өнер, ғылым - солар секілді нәрселерге салынса, бұлай болмас еді. Әрбір мал іздеген малым көп болса, өзімдікі де, балаларым да малды болса екен дейді. Үшінші сөз. Әрбір байқаған адам білсе керек : күлкі өзі бір мастық екенін, әрбір мас кісіден ғафил көп өтетұғынын да, әрбір мастың сөйлеген кезінде бас ауыртатұғынын. Бұлай болғанда, күлкіге салынған кісі не шаруадан, не ақылдан, не бір ұят келерлік істен құр, ғафил көп өткізіп отырса керек. Әрбір уайым-қайғы ойлағыш кісі не дүние шаруасына, не ахирет шаруасына өзгеден жинақырақ болса керек. Енді олай болғанда, үнемі уайым-қайғыменен жүре аламыз ба? Үнемі күлмей жүруге жан шыдай ма екен ? Жоқ, мен үнемі уайым-қайғыменен бол демеймін. Уайым-қайғысыздығыңа уайым-қайғы қыл дағы, сол уайым-қайғысыздықтан құтыларлық орынды харекет табу керек һәм қылу керек. Әрбір орынды харекет өзі де уайым-қайғыны азайтады, орынсыз күлкіменен азайтпа, орынды харекетпен азайт ! Төртінші сөз.

Изображение слайда

Слайд 7

«Ә, құдай, жас баладай қайғысыз қыла гөр!», « Түстік өмірің болса, күндік мал жи », « Өзіңде жоқ болса, әкең де жат», « Малдының беті - жарық, малсыздың беті - шарық », «Ер азығы мен бөрі азығы жолда », « Берген перде бұзар », « Алаған қолым - береген », «Мал тапқан ердің жазығы жоқ », « Байдан үмітсіз - құдайдан үмітсіз », « Қарның ашса, қаралы үйге шап », « Қайраны жоқ көлден без, қайыры жоқ елден без». «Жарлы болсаң, арлы болма», « Қалауын тапса, қар жанады », « Сұрауын тапса, адам баласының бермейтіні жоқ », « Атың шықпаса, жер өрте », « Жүз күн атан болғанша, бір күн бура бол», «Алтын көрсе, періште жолдан таяды », « Ата-анадан мал тәтті, алтынды үйден жан тәтті ». Бес, жиырма тоғызыншы сөз. Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады : біреуі - ішсем, жесем, ұйқтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, « ол немене ?», « бұл немене ?» деп, « ол неге үйтеді ?» деп, « бұл неге бүйтеді ?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген. Жетінші сөз. Осы ақылды кім үйренеді, насихатты кім тыңдайды ? Біреу - болыс, біреу - би. Олардың ақыл үйренейін, насихат тыңдайын деген ойы болса, ол орынға сайланып та жүрмес еді. Олар өздері де үздік кісіміз, өздеріміз біреуге үлгі беріп, ақыл айтарлықпыз деп сайланды. Сегізінші сөз. Осы елдің үнем қылып жүргені немене? Екі нәрсе. Әуелі - ұрлық, ұры ұрлықпен мал табам деп жүр. Мал иесі артылтып алып, тағы да байимын деп жүр. Ұлықтар алып берем деп, даугерді жеп, құтқарам деп ұрыны жеп жүр. Қарапайым жұрт ұрлық айтып мал алам деп, ұрыға атымды сатып пайдаланам деп, не өткізбесін арзанға түсіріп алам деп жүр. Он бірінші сөз

Изображение слайда

Слайд 8

Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек ; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек ; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек ; төртінші - ой кеселі нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері : уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер. Отыз бірінші сөз. 1.Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес. 2.Әкесінің баласы - адамның дұшпаны. Адамның баласы - бауырың. 3.Жамандықты кім көрмейді? Үмітін үзбек – қайратсыздық. Дүниеде ешнәрседе баян жоқ екені рас, жамандық та қайдан баяндап қалады дейсің? Қары қалың, қатты қыстың артынан көгі мол жақсы жаз келмеуші ме еді? 4.Жаман дос - көлеңке:  Басыңды күн шалса,  Қашып құтыла алмайсың;  Басыңды бұлт алса,  Іздеп таба алмайсың. Отыз жетінші сөз. Иман деген - алла табарака уа тағаланың шәриксиз, ғайыпсыз бірлігіне, барлығына уа әр түрлі бізге пайғамбарымыз саллалаһу ғалайһи уәссәлләм арқылы жіберген жарлығына, білдіргеніне мойын ұсынып, инанмақ. Он үшінші сөз. Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады. Он тоғызыншы сөз.

Изображение слайда

Слайд 9

Қорытынды : Ел ішінде заман өзгерді, адамдарда өзгерді деп жатады. Ал Абайдың қара сөздерінде Абай өз дәуірін, өз заманын жазды дейміз. Алайда Абайдың сол жазып отырған қара сөздерін мәнін түсіне оқысақ біз қазіргі заманымызға нақ айтылған сөз, ой пікір, сын деп дәл айтуға болады. Сонда заман Абай дәуіріндеде, қазіргі кездеде дәл сол қалыпта болған. Демек Абайды дәуірде болмасын өз қара сөздерімен мол тәрбие, ақыл бере алатын ұлы кемеңгер екенін таныдық.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Абай қарасөздерінің тәрбиелік мәні

Тыңдағандарыңызға рахмет

Изображение слайда

Похожие презентации