Абайдың ақын-шәкірттері — презентация
logo
Абайдың ақын-шәкірттері
  • Абайдың ақын-шәкірттері
  • А қылбай Абайұлы
  • Абайдың ақын-шәкірттері
  • Абайдың ақын-шәкірттері
  • Абайдың ақын-шәкірттері
  • Абай екі баласымен: Ақылбай, Турағұл Семей. 1896 жыл
  • Мағауия Абайұлы (1870-1904 ж.ж.)
  • Абайдың ақын-шәкірттері
  • Абайдың ақын-шәкірттері
  • Абайдың ақын-шәкірттері
  • Тұрағұл Абайұлы Құнанбаев (1875-1934 ж.ж.)
  • Абайдың ақын-шәкірттері
  • Абайдың ақын-шәкірттері
  • Көкбай Жанатайұлы (1861-1925)
  • Абайдың ақын-шәкірттері
  • Абайдың ақын-шәкірттері
  • Абайдың ақын-шәкірттері
  • Абайдың ақын-шәкірттері
  • Әсет Найманбайұлы (1867-1923)
  • Абайдың ақын-шәкірттері
  • Мұқа Әділханұлы
  • Абайдың ақын-шәкірттері
  • Тайыр Жомартбаев (1884-1937 ж.ж.)
  • Тайыр Жомартбаев шығармашылығы
  • Абайдың ақын-шәкірттері
  • Абайдың ақын-шәкірттері
  • Абайдың ақын шәкірттері тақырыбын ғалым Қ. Мұхамедханов зерттеді
  • Назарлары ңызға рахмет!
1/28

Первый слайд презентации: Абайдың ақын-шәкірттері

Изображение слайда

Слайд 2: А қылбай Абайұлы

Ақылбай Абайдың Ділдә деген бәйбішесінен 1861 жылы туған тұңғыш баласы. Құнанбайдың кіші әйелі Нұрғаным, өзінен бала болмағандықтан, Ақылбайды кішкене күнінен өз бауырына басады.

Изображение слайда

Слайд 3

Ақылбай өмірі Абай алдында ақын шәкірт болып, өзінің талантты інілеріне ақын аға, Ақыл аға атанып өтеді. Ақылбай аса шебер музыкант, домбыра, гармонь, скрипкаға жүйрік, мақтаулы өнерпаз болады.

Изображение слайда

Слайд 4

Ақылбай сауықшыл әнші, скрипкашы болатын … Домбыраға қазақтың ескі күйлері : « Азамат қожа », « Бұлаң жігіт », «Бес төре », « Асыр қалша » деген күйлерді тартатын.

Изображение слайда

Слайд 5

Ақылбайдың ақындық атын тарихта қалдырған оның поэмалары. Ақылбайда бізге мәлім ондай поэмалар үшеу. Ол : « Дағыстан » ( Кәрі Жүсіптің »), «З ұ лыс», « Жаррах батыр».

Изображение слайда

Слайд 6: Абай екі баласымен: Ақылбай, Турағұл Семей. 1896 жыл

Изображение слайда

Слайд 7: Мағауия Абайұлы (1870-1904 ж.ж.)

Мағауия Абайұлы – ұлы ақынның Ділдәдан туған кенже баласы. Жасында молдадан оқығаннан кейін, Семейдегі Городское училище деген орысша мектепке оқуға түседі. Онда екі-үш жыл оқығаннан кейін науқасқа шалдығып, оқи алмай ауылға қайтады.

Изображение слайда

Слайд 8

Жасы он жетіге келген, қалада оқып, орыс мектебінің тәлім-тәрбиесін көрген, зерделі, алғыр ойлы, табиғи талантты Мағауия Абайдай ұлы ұстаздың саналы шәкірті болып көп тағылым алған. Ол өз бетімен білімін онан әрі дамытып, орыстың ұлы жазушыларының, ғалымдарының еңбектерін зер сала оқиды. 1889 жылы Түмен қаласындағы реальное училищесін бітірген соң, Петербургте оқып жүрген Әбдірахманның да Мағауияға көрсеткен көмегі көп еді.

Изображение слайда

Слайд 9

Мағауия әдебиет тарихында абайлық дәстүрді бойына мол сіңірген ақын болып қалыптасты, нәзік лирикалық өлеңдер шығару, сюжетті поэмалар жазуды әкесі Абай ақынның өнегесінен алды. Абайдың ақылының арқасында бірнеше поэма жазады. Ол жазғандары: «Еңлік-Кебек», «Абылай» және «Медғат-Қасым». Өз махаббаты үшін күресіп, құрбан болған Еңлік пен Кебекті келер заман жастарына үлгі етіп жырлайды. «Еңлік-Кебек», «Абылай» поэмалары қолжазба күйінде қалып, оқушыларға таралмаған.

Изображение слайда

Слайд 10

«Медғат-Қасым» поэмасының тақырыбы қазақтан жырақ, алыс елдерден, яғни Африка өмірінен алынған. Сол елді мекендеген адам қауымын реалистік шындық тұрғысынан көрсетеді. Осылайша поэзияның үлкен үлгісін шебер танытқан Мағауия осындай романтикалық поэманы қазақ әдебиетіне кіргізді. Сол кездегі өнерлі жастар осы поэманы жаттап алып, әнге қосты.

Изображение слайда

Слайд 11: Тұрағұл Абайұлы Құнанбаев (1875-1934 ж.ж.)

Тұрағұл – Абайдың екінші әйелі Әйгерімнен туған баласы. Ақын, аудармашы. Жасында ауыл молдасынан оқып, сауат ашқан. Кейіннен өзі ізденіп орысша, арабша білімін жетілдірген. Ауылында болыс болған. 1917-1920 жылдары Семей өңіріндегі алаш қозғалысына белсене араласып, әртүрлі жауапты қызметтер атқарған.

Изображение слайда

Слайд 12

Тұрағұл ақын болумен қатар, домбыра, скрипкада шебер ойнаған. Оның қызы, әнші Мәкен әкесінен үйренген Абайдың 17 әнін нотаға жаздырған. Ол А.М.Горькийдің « Челкаш » әңгімесін тұңғыш рет қазақ тіліне аударып бастырды. А.Неверовтың «Мен өмірге жерікпін » (1927), Д.Лондонның « Балалық туралы ертегі » (1927) және « Балалы әйел нені білу керек » (1927) деген ғылыми-медициналық кітапшаны аударып, бастырып шығарған.

Изображение слайда

Слайд 13

Сонымен бірге, Семейде Алашорда үні болған « Сарыарқа » газетінде Алаш атты әскерінің алғашқы жеңістері туралы : 1918 жылы Алтай губерниясы бағытында бльшевиктерді өкшелей қуған Алаш әскерінің жеңіспен оралғаны, бұл әскерге Тұрағұл Абайұлы, Биахмет Сәрсенұлы, Қаражан Үкібаев тағы басқалары қатысқанын айтады.

Изображение слайда

Слайд 14: Көкбай Жанатайұлы (1861-1925)

Көкбай — Абайдың ең талантты ақын шәкірттерінің бірі. Ол Абаймен 1880 жылдардан бастап, жиырма бес жыл жолдас, дос болған адам.

Изображение слайда

Слайд 15

Көкбай Жанатай ұ лы 1861 жылы, қазіргі Семей облысы, Абай ауданында ту ғ ан. Тобы қ ты ішінде Көкше руынан. Көкбайдың үшінші атасы — Есбай, Көкше ішіндегі жуан ата саналады. Есбайдың бес баласы : Сарымсақ, Сапақ, Жамантай, Көбентай, Бәйтен. Бұлардың бесеуі де, шетінен ділмар, шешен әрі пысық болып, « Есбайдың бес жүйрігі » атанған. Сапа қ тың баласы — Қаратай шешен, Қ ұ нанбаймен тізелес, Көкшенің ру басы адамы. Жамантайдың баласы — Жанатай. Жанатайдан — Көкбай. Жанатай да сөзге шешен, орта дәулетті, пысық адам болады. Ел басқару ісіне араласпайды. Қаратай сияқты Көкшенің ру басылары Құнанбаймен бірде дос, бірде жау болып жүрсе де, Жанатай Қ ұ нанбаймен тату болып, оған арқа сүйеп, өмір бойы одан қол үзбеген деседі.

Изображение слайда

Слайд 16

Әріп Көкбайдан екі-үш жыл б ұ рын, Семей қаласындағы үш кластық орыс I училищесі н е түсіп, оқып жүрген. Жазғы демалыс айларында, Әріп нағашыларының ауылында да болып, Көкбаймен әңгіме-дүкен қ ұ рып, талай-талай сыр шертіскен. Қаланы ң тұрмыс-салты н, орысша оқуды ң қажеттігін, Әріптен естіп, біліп, әбден қанған Көкбай, орыс мектебі н е түсіп оқуға бел байлайды.

Изображение слайда

Слайд 17

Көкбай Абайдың өле-өлгенше айырылмас адал досы, ақын шәкірті болды. «Сол кезде Абай айналасындағы бар ақынның ішінде суырып салма, импровизацияға ең жүйрік ақын Көкбай болғаны даусыз. Сол талантын бағалап, Абай бұны өзі жазып жүрген алғашқы өлеңдеріне ие қып шығарды», — дейді Мұхтар Әуезов.

Изображение слайда

Слайд 18

Көкбай уақиғалы үлкен шы ғ армалар жазған, ке ң қ ұ лашты — эпик ақын. Басқа ақы н шәкірттеріне тақырып бергендей, Абай, 1886 жылдар шамасында, Көкбайға да тарихтық үлкен бір тақырып берген. Б ұ л жөнінде М. Әуезов : « Онысы — Абылай мен содан бергі замандар турасындағы тарихтық тартыстар жөніндегі тақырып болады. Көкбай сол Абай берген деректер бойынша, ұзақ шығарма жазады. Бұнда Абылай заманын айтып кеп, содан Қасымға, Есенкелді, Саржанға ауысады », — дейді. Көкбай поэмасын « Сабалақ » деп атаған. Көкбай « Сабалақ » поэмасынан басқа « Қандыжап », «Қ ұ лынды » атты дас тандар жа з ған.

Изображение слайда

Слайд 19: Әсет Найманбайұлы (1867-1923)

Әсет Найманбаев бұрынғы Қарқаралы уезі, Темірші болысы, 8-ауылда (қазіргі Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданы) 1867 жылы туған. Руы Арғын, оның ішінде Қаракесектен тарайтын Майлық деп аталатын аз атадан.

Изображение слайда

Слайд 20

Әсет - әнші, сазгер. Әсет — нәзік сезімді, ұшқыр қиялды лирик ақын ; ол тілге бай, алғыр ойлы, бөгелмей жүйткитін айтыс ө нерінің де ерен жүйрігі ; ол алысқа алқынбай сілтейтін жүйрік, бай оқиғалы поэма, дастандар жазған а қ ын. Әсеттің атақты « Қызыл табан - ағаш ат » поэмасы Шығыс ертегі әңгімелерінің әсерімен жазылған, « Мың бір түн » сияқты өз уақытына жазылған екі жастың арасындағы махаббатқа қ ұ рылған ғылыми-фантастикалық поэма. « Салиха -С ә мен» поэмасы да бас боста н дығы үшін, махаббат үшін, кұрбан болған жандар туралы. Олар өз заманының қатал заңының қ ұ рбандары. Осындай тамаша туындылары бар, айтыскер ақын, жан-жақты Әсет т і нағыз сегіз қ ырлы өнерпаз дейміз.

Изображение слайда

Слайд 21: Мұқа Әділханұлы

М ұ қа — Абайдың сегіз қырлы ө нерпаз, талантты шәкірттерінің бірі. Ол - асқан домбырашы, шебер скрипкашы әрі әнші, әрі ақын. М ұқ аның өнерін Абай калай бағалап, оған қ алай қа мқорлы қ етк е нін Мұхтар Әуезов былайша сипаттайды : «Абай жалғыз өсиетін қанағат қылмай, жастардың сезім тәрбиесін толы қ тырмақ болып, көбіне музыка үйретпекші болады. Сол ма қ сатпен Көкен еліндегі М ұ қа деген скрипкашыны қолында ұ стайды ».

Изображение слайда

Слайд 22

1909 жылы Семейде "Народный дом" деп аталатын орында қазақ, татар ө нерпаздары домбырашы, скрипкашы, ә нші-күйшілердің жарысы болғанда, оған Абай шәкірттері М ұқ а Әділханов, Әлмағамбет Қапсаламов, М ұ қаметжан Майбасаровтар да қатынасады. Осы өнер салыстыру жарысында бас бәйге М ұ қаға беріледі. Абайдың ө нерпаз шәкірттері М ұ қа, Әлмағамбеттер ұ лы ұ стаздары дүниеден қ айтқаннан кейін, оның әдебиет, ө нердегі дәстүрін халық қ а кең жайып насихаттауда, ө здері ө ле - ө лгенше мол мағ ы налы еңбек еткен. Мысалы, 1915 жылы 13 ақпаңда Семейде ө ткізілген казақша ойын-сауық, ә н- күй, өлең-жыр кешінде М ұ қа, Әлмағамбеттер қатысып ән са л ып, күй тартады. М ұ қа 1927 жылы 70 жасында дүниеден қайтты. Бейіті К ө кен тауында, Қандар сайында

Изображение слайда

Слайд 23: Тайыр Жомартбаев (1884-1937 ж.ж.)

Абай мектебінен тәлім, өнеге алып өскен талапты жастардың бірі – Тайыр Жомартбаев. Тайыр Жомартбаев - жазушы, драматург 1884 жылы Семей облысы, Абай ауданы, Мұқыр ауылында дүниеге келген.

Изображение слайда

Слайд 24: Тайыр Жомартбаев шығармашылығы

Тайыр Жомартбаевтың өлеңмен жазылған « Балаларға жеміс » атты кітабы Семей қаласында 1912 жылы « Жәрдем » («Ярдам») деп аталатын баспаханадан басылып шықты. Ұстаз ақын жас ұрпақты оқуға шақырып, өнер-білімнің пайдасын, қадір-қасиетін баланың құлағына жағымды, көңіліне қонымды етіп әсерлі көркем суреттеп берді. Ақын өлеңдері : жас буынның сана- сезімін оятып, көңіл көзін ашып, адамгершілікке, ізгілікке, мейірімді, бауырмал болуға, адалдыққа, еңбекке баулып, тәлім-тәрбие жемісін беруге арналған.

Изображение слайда

Слайд 25

Педагог жазушы драма жанрының қалыптасуына да өз мүмкіндігінше ат салысады. Оның жиырмасыншы жылдарда жазған «Осы ма қазақ өмірің ?» атты шағын пьесасы Зайсан қаласында, «Сары- сүйек құда » атты үш көріністі пьесасы Семей қаласында қойылды.

Изображение слайда

Слайд 26

Жиырмасыншы жылдың басында қазақ әдебиетінде көркем проза туа бастады. Көркем прозаның алғашқы бастамасы, 1910 жылы Қазан қаласында басылып шыққан, Міржақып Дулатовтың « Бақытсыз Жамал » атты романы болды. Содан кейін екі жылдан кейін, 1912 жылы Тайыр Жомартбаевтың « Қыз көрелік » атты романы Семейде басылып шықты.

Изображение слайда

Слайд 27: Абайдың ақын шәкірттері тақырыбын ғалым Қ. Мұхамедханов зерттеді

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Абайдың ақын-шәкірттері: Назарлары ңызға рахмет!

Сіздердің жаңалықтарды білуге деген құмарлықтарыңызды қолдаймыз және көмектесеміз ! Сіздерді біздің кітапханада күтеміз! Қазақстан Республикасы Семей қаласы Абай көшесі 86 тел.: 52-04-94, 52-01-44 Web- сайт: www.semeylib.kz E-mail: semeybib@yandex.ru

Изображение слайда

Похожие презентации

Ничего не найдено