Первый слайд презентации
Адам өмірінде металл дәуірінің басталуы Орындаған: Османов Нурбек Қабылдаған: Забираш Адилбекова БӨЖ
Слайд 2
Жоспар: 1) Мыс тас ғасырын қамтыған уақыт. 2) Энеолит дәуіріндегі ірі өзгерістер. 3) Энеолиттік тұрақтар
Слайд 3
Мыс - тас заманының пайда болуы және оның зерттелуі. Адам баласының даму жолында бұл заман аса бір күрделі әрі басты мәселе. Энциклопедиялық анықтамаларда, кейбір ғылыми пікірлерде мыс-тас заманы жаңа тас дәуіріне өтетін өтпелі кезең деп анықтама берілген. Шын мәнінде ондай анықтама дұрыс емес. Ал синонимдік түсініктерде “халколит” немесе “мыс ғасыры” деп берілген. Бұл атаулар соңғы жазылып жүрген “неолит” терминіне толық сәйкес. Ғылыми жағынан алғанда бұл сөз қазақ тіліне де жақын. Дегенмен ана тілімізде “Мыс-тас заманы” деп алған дұрыс. Мыс-тас заманы дүние жүзіндегі елдердің көпшілігінде зерттелуде. Бірақ зерттеушілер арасында әртүрлі ғылыми пікірлер бар. Әсіресе Еуропа елдерінің ғалымдары зерттеулерінде басқа жолдармен көптеген ерекшеліктерін де көрсетуде тырыссады. Алайда бұл заманның Еуразияның аймақтарындағы ескерткіштерге жүргізілген зерттеу жұмыстары, ғылыми жарияланымдар, анықтай мәліметтерін тексермей кесіп ештеңе айтуға болмайды. Көрнекті орыс археологы В.Г.Петровтың Кавказ бойындағы мыс-тас заманындағы зерттеулерінде ескерткіштер маңайынан табылған заттар және петроглифтермен бірге анықтаған. Мыс-тас заманы (б.д.д. IV-III м.ж.)
Слайд 4
Мыс-тас заманының өзіне тән ерекшеліктері 1. Тас шот жер шаруашылығының пайда болуы. 2. Мыс құралдарының пайда болуы. 3. Саз балшықтан жасалған үйдердің пайда болуы. 4. Аңшылық рөлінің құрылыстың болғандығын көрсететін үйел мүсіндерінің бейнесінде сақталған. 5. Сырланған ыдыстардың пайда болуы. Бұл көріністер мыс-тас заманы кезіндегі материалдық игілікті өнімдердің еңбегі деп көрсетілген. Ал, көлемі кіші тұрақ-жайлардың пайда болуын тарихи жағынан алып қарағанда, шағын отбасының (семьялық) қарым-қатынасын дами түскендігін байқады.
Слайд 5
Дүние жүзінің басқа бөліктеріне қарағанда, Қазақстанда мыстас дәуірінің кезіндегі рүтайпалардың өмірінің дамуы ерте кезеңнен басталып келеді. Алғашқы экономикалық өзгерістер мал шаруашылығы мен бақсы дамыған. Табиғаттың байлығын игеруде, мал шаруашылығының басқа да өнімдері әсерін тигізген. Әсіресе көп жерлерде жаңадан қоныстардың құрылымдық дамуы байқалған. Малдың бұған дейін жайлы жайылым жерлерін (бір жерден екінші жерге көшіп жүруді) әсерін тигізді. Қыста пайдалану үшін жайылым жерлер көбейіп, өндіріс қалпында айтарлықтай жаңалықтардың туындауына ықпал жасаған. Осының нәтижесінде құрылыстар табылған. Қазақстанның далалық аудандарында төрт түрлі мәдениеттің мыстас дәуірінің орта кезінде дами түсті. Мұны Солтүстік Қазақстанның мыстас дәуірінің ескерткіштерінен анық байқауға болады. Ондағы ескерткіштерді алғаш ашып зерттеген профессор археолог В.В.Зайберт олардың өздеріне тән ерекшеліктерін ескере отырып “Ботай мәдениеті” деп атаған. 2. Қазақстанда мыс-тас дәуірінің зерттелуі.
Слайд 6
Ботай мәдениеті б.д.д. III-II м.ж. арасында өмір сүрген.* Мәдениет тің Көкшетау обл. Ботай қыстағы жағында мыстас дәуірінің қонысының зерттелуіне байланысты аталған. Бұл мәдениет Солтүстік Қазақстанның Жайық, Ертіс өзендерінің аралығындағы далалық аймақтың мыстас дәуірінің ескерткіштерін сипаттайды. Археологиялық зерттеулерге қарағанда мәдениеттің қалыптасуына тас дәуірінің Атбасар және Маханжар мәдениеттерінің рүтайпаларының қатысы болғандығы дәлелденген. Сонымен қатар бұл мәдениетке Оңтүстік Қазақстанның ерте дәуірінен Оралдың Оңтүстік жағында өмір сүрген жаңа тас дәуірінің рүтайпаларының әсері болады. Археолог В.Н.Логвин мен К.Құлапбаевтың зерттеулері бойынша Ботай мәдениетінің батыс жағындағы зерттелген мыстас дәуірінің қонысы Терсекгің атауымен кейбір ерекшеліктеріне қарап Терсек мәдениеті деп атаулы ұсынылған. Бұл мәдениетте басқа бір ерекшеліктің аңғарылғаны. Ботай және Терсек мәдениетінің кейбір ескерткіштерінің б.д.д. IV м.ж. алғашқы мыстас дәуіріне жататынын көрсетеді. Ботай мәдениеті
Слайд 7
3.Ботай қонысы Археологиялық зерттеулерде Қостанай және Торғай, Көкшетау обл. жерінде Ботай мәдениетінің ескерткіштеріне ұқсас ескерткіштер ашылған. Олардың ішінде алдыңғы аталған аймақтарда Бестамақ, Тұздыбөлкен-1, Құмкешу, Кожай, Дүзбай-3, Көкшетау облысы Ботай, Қызылсая т.б. қоныстар зерттелген. Қоныстар Тарат, Тесіқсақан, Тобыл, Обаған, Шағалалы, Иманбұрлық сияқты өзендерден биік жерлерге орналасқан. Олар көлемдерінің аумағы әр түрлі, 2-3 гектардан 15 гектарға дейін жететіндері бар. Бұл қоныстардың ішінде Ботай қонысы біршама тыңғылықты зерттелген. Археологиялық зерттеулерге қарағанда қоныста тұрғандар 200 жылдай уақыт өмір сүрген. Ол б.д.д. XXIV-XXII ғ.ғ. аралығы. Қонысқа жүргізілген қазба жұмысының кезінде 158 тұрғын үй табылған. Бұл үйлердің аумағы 60-тан 70 м² құрайды. Тұрғындардың бұл үйлерде қанша адам сүрген тұрғындардың тұрмыстық кешен құрылымдары да жайылған соңғы кездегі тұрғындар екенін сақталған. Оның өзі сонымен қатар үйлердің бір-біріне өте жақын соғылғандығының байқатады. Үй-жайлармен қатар жүргізілген көшелердің екі жағына 15-16 үйден салынған. Үй-жайлардың мұндай салынуы алғашқы рулық құрылым ыдырап, патриархалдықаталық рулық құрылғыстың жаңадан бастағандығын байқатады. Оның басты көрінісі бөлімдердің құрылыс жүйесінің шағын болуы мен көлемінің көбеюі.
Слайд 8
Қабырғаларының ені 80-120 см, биіктігі 60-тан 100 см-ге дейін. Тұрғын үйлердің жанында арнайы шұңқырлар қазылған, олардан қабырғалар мен еденді сылауға балшық алған. Қабырға периметрлері бойынша бөрене шатырлармен қаптап, ортасында түтін шығаратын тетік жасалған. Бөренелер арасындағы саңылауларды балшықпен сылап, үстін шым және жануарлар терісімен жапқан. Үй-жайдың ішкі биіктігі 250-320 см болды. Тұрғын үйдің ортасында еденде ошақ болған. Қазаншұңқырлардың қабырғаларында шаруашылық және діни қажеттіліктерге арналған көптеген тауашалар жасалған. Мамандардың пікірінше, қазіргі уақытта Ботай таңда белгілі жылқыларды қолға үйретудің ең ерте орталығы болып табылады және мамандармен Еуразиялық жылқы өсірушілерінің ежелгі қонысының бірі ретінде бағаланады. Табылған артефактілер ботайлықтардың күнделікті өмірінде жылқы үй жануары ретінде болғанын көрсетеді. Қоныстың шаруашьшық аймағында қымызхана табылды: алауы және қымыз сақтауға арналған шұңқырлары бар қазаншұңқыр және қымызханаға жапсарласқан сауын биелері мен құлындарды ұстаған ағаш қоршаулардың іздері бар. Сондай-ақ, қоныста ет сақтауға арналған "шұңқыр-консервілер" табылды. Ботай қонысындағы археологиялық қазбалар жалғасуда. Қоныс-мекен пайда болған кезде 200-300 баспана тұрғызылған. Бұл санды жер бетіндегі 109 қазаншұңқырлар мен қазу жұмыстары кезінде ашылған баспаналардың жалпы қатынасының жиынтығынан шығаруға болады. Осы графикалық жобалау жағдайы ескеріле отырып, ескерткіштің әртүрлі бөліктерінде - жағалық, оңтүстік, орталық және солтүстік – 1980-1982 жылдары аралығында 24 қазындымен барлығы 7528 м2 мәдени қабат ашылды. Бір қазаншұңқырдың орнына қалпына келтірілген баспана тұрғызылды. Қоныс құрылымы
Слайд 9
Мал шаруашылығы: Ботай мәдениеті жылқыны қолға үйретудің алғашқы кезеңдерінен бірі ретінде белгілі. Бұл өңірде археологтар табылған жылқы сүйектері мен олардың қаңқалары аттың алғаш қолға үйретілгенінің дәлелі болып табылады. Археологиялық зерттеулер: Ботай қонысындағы археологиялық excavations (қазба жұмыстары) қазақ тарихы мен мәдениеті туралы маңызды мәліметтерді береді. Бұл жерде табылған бұйымдар, соның ішінде керамика, металл бұйымдары, еңбек құралдары, тұрғын үй құрылымдары — бәрі де сол заманның мәдениеті мен тұрмысын көрсетеді. Көшпелі өркениет: Ботай қонысы көшпелі өркениеттің дамуы мен ауыл шаруашылығының пайда болуының маңызды кезеңдерін көрсетеді. Мұнда табылған материалдар, сонымен қатар, көшпелі халықтардың мәдениеті мен дәстүрлері туралы мәліметтер береді. Туризм: Ботай қонысы қазіргі кезде туристік қызығушылық тудырып, тарихи және мәдени мұраны зерттеуге және сақтауға мүмкіндік береді. Қоныс зерттеулер мен экскурсиялар үшін тартымды орын болып табылады. Ғылыми зерттеулер: Ботай мәдениеті әлемдік тарих пен археологиядағы маңызды тақырыптардың бірі ретінде қарастырылады. Бұл қоныстың зерттелуі ғылым мен білімнің дамуына ықпал етеді. Ботай қонысының тарихи-мәдени маңызы
Слайд 10
Қоныстардан алынған құрал-саймандарға қарап тарихи тұрғыдан оларды шаруашылықтың қандай дәрежеде және олардың немен айналысқандарын байқауға болады. Мысты-тас дәуірі болғанымен әлі де болса өндірістік саймандарды тастан, сүйектен, саз балшықтан жасағандықтары көрсетеді. Мәселен ат әбзелдеріне жегілген, кисен сияқты бұйымдарға сүйектен жасалғаны анықталған. Мұндай бұйымдардың табылуы қоныс тұрғындары қолға жылқы үйретіп мінгендігін бастардарғанын көрсетеді. Аң аулау, балық аулау үшін сүйек, найза ұштары, шанышқылар, ілмектер, тұйық аузы және сүйектен, ағаштан жасалған түрлі бұйымдардың табылғаны да жиі отырады. Үй шаруасы керекті пышақ, қанжар, тас тоқпақтар да жиі кездеседі. Мұндай бұйымдардың көптеп кездесуі қоныс тұрғындары ұзақ жылдар бойы бір орнынан басқа жаққа аумақты тұрақты ғұмыр кешкендерін байқатады. Шаруашылығы
Слайд 11
Тарихи тұрғындар қаза болған адамдарын өздері тұрған қоныстың жанындағы ескі қоныстың жайларына жерлеген. Жерленген адамдардың қабырларының қабырғаларына айналдыра жылқының бас сүйектері қойылған. Мұндай әдет жылқыға табынғандарын байқатады. Бұл тотемизмнің бір символдық көрінісі деген ой туғызады. Ал тұрғын жайлардың бірінде қабырғадағы сөреде ер адамның саз балшықпен мумияланған бас сүйегі қойылған. Бұл көріністен о дүниелік болған бабалар әруағына табынудың болғандығын көруге болады. Үй-жайлардың есіктерінің табалдырықтарының астына ит көмілгендігі жиі кездеседі. Археологтардың пікірі бойынша бұл көрініс рәсімдік сипатта болса керек дейді. Сәйден Жолдасбаев ойынша, мұндай көрініс иттің есік алдындағы қызметін көрсететін тәрізді: Өйткені ит тіршілігінде үйдің күзетшісі болса, о дүниеде де сондай қызмет етеді деп ойлаған. Діни -наным сенімдер