ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ — презентация
logo
ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ
  • ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ
  • ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ
  • ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ
  • ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ
  • ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ
  • ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ
  • ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ
  • ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ
  • ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ
1/9

Первый слайд презентации

ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ

Изображение слайда

Слайд 2

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі  —  Қазақстан Республикасының Үкіметі  құрамына енетін орталық атқарушы органы. Министрлік   Қазақстан Республикасындағы  мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режиміне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, сондай-ақ жекелеген негіздер бойынша республикалық меншікке айналдырылған ( айналдыруға жататын ) мүлікті есептеу, сақтау, бағалау және одан әрі қолдану бойынша атқарушы құжаттарды орындау және жұмыстарды ұйымдастыру жұмыстарын атқарады.

Изображение слайда

Слайд 3

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (ҚР ӘМ) Жалпы мағлұмат Оның алдындағы мекеме ҚазКСР Әділет министрлігі Жоғарыда тұрған мекеме Қазақстан Республикасының Үкіметі Штаб-пәтері 010000,  Астана, Есіл ауданы, Орынбор көш., 8 үй, « Министрліктер үйі », 13 кіреберіс Министр Берік Имашев Жауапты хатшы Марат Бекетаев Ресми сайты http://www.adilet.gov.kz/

Изображение слайда

Слайд 4

1920 жылы   ҚазАКСР Әділет халық комиссариаты ретінде құрылды.  1946 жылы   28 наурызда   Қазақ КСР Әділет министрлігі болып қайта аталды.  1960 жылы   26 наурызда   таратылды.  1970 жылы   25 қыркүйекте   қайта құрылды. ҚР Үкіметінің   2001 жылы   30 қаңтардағы   қаулысымен   министрліктің « Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитет» құрылды. Министрлік туралы ережеге қосымша енгізілді : Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитеті министрлік ведомстволарының қатарына енгізілді.

Изображение слайда

Слайд 5

МІНДЕТТЕРІ Министрліктің негізгі міндеттеріне қосымша мыналар жатқызылды: есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы қызметке мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ; мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы, сондай-ақ нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі аймақтық комиссиялардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру ; есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды теріс пайдалануға қарсы іс-әрекеттер саласындағы халықаралық ынтымақтастықты үйлестіру және жүзеге асыру.

Изображение слайда

Слайд 6

ҚҰРЫЛЫМЫ Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Әділет департаменті Стратегиялық талдау және ұйымдастыру-талдау департаменті Заңнама департаменті Заңға тәуелді актілер департаменті Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті Мемлекеттік мүліктік құқығын қорғау жөніндегі департаменті Халықаралық құқық және ынтымақтастық департаменті Экономикалық интеграция бойынша жобаларды сараптау департаменті Тіркеу қызметі мен заң қызметін ұйымдастыру департаменті Зияткерлік меншік құқығы департаменті Сот актілерін орындау департаменті Экономика және қаржы департаменті Ішкі әкімшілік департаменті Кадр қызметі департаменті Ішкі бақылау басқармасы Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру басқармасы Ақпараттық ресурстарды қорғау және ақпараттандыру басқармасы

Изображение слайда

Слайд 7

№ Аты-жөні Қызметінің басталуы мен аяқталу мерзімі 1 Шашан Оразбаев 1939-1943 2 Мырзақадыр Нұрбаев 1943-1952 3 Қылышбай Сұлтанов 1952-1960 4 Бекайдар Жүсіпов 1970-қыркүйек 1984 5 Долда Досполов қыркүйек 1984-мамыр1990 ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛЕРІ КЕҢЕСТІК КЕЗЕҢ

Изображение слайда

Слайд 8

№ Аты-жөні Қызметінің басталуы мен аяқталу мерзімі 1 Ғалихан Ержанов мамыр 1990-маусым 1993 2 Нағашыбай Шайкенов маусым 1993-қазан 1995 3 Константин Колпаков қазан 1995-қазан 1997 4 Бауыржан Мұхаметжанов қазан 1997-қыркүйек 2000 5 Игорь Рогов қыркүйек 2000-29 қаңтар 2002 6 Георгий Ким 29 қаңтар 2002-ақпан 2003 7 Оңалсын Жұмабеков ақпан 2003-сәуір 2005 8 Зағипа Бәлиева сәуір 2005-2 сәуір 2009 9 Рашид Түсіпбеков 2 сәуір 2009-қаңтар 2012 10 Берік Имашев қаңтар 2012-қазірге дейін ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢІ Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бастап министрлікті 9 адам басқарған

Изображение слайда

Последний слайд презентации: ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ

Изображение слайда

Похожие презентации

Ничего не найдено