Слайд 2
Адвокат болу үшін Т ағылымдамадан өту Біліктілік емтиханын өту ( аттестаттаудан ) Адвокатты қ қызметпен айналысуға лицензия алу А двокаттар алқасының мүшесі болып кіру және есепке тұру Адвокаттық кеңсе құру Адвокат қызмет i н міндетті сақтандыру және салық органдарында есепке тұру
Слайд 3
ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУ Адвокаттардың көмекш i лер i мен тағылымдамадан өтуш i лер i болуы мүмк i н. Адвокаттың көмекш i лер i еңбек шарты нег i з i нде заң консультациясында, адвокаттық кеңседе немесе адвокаттық қызметпен жеке -дара айналысатын адвокатта жұмыс i стей алады. Адвокаттың көмекш i лер i адвокаттың нұсқауы бойынша және жауапкерш i л i г i мен оның тапсырмаларын орындауға құқылы. Адвокаттық қызметтің кәсіптік білімдері мен практикалық дағдыларын меңгеру мақсатында адвокаттар алқасымен тағылымдамадан өту туралы шарт жасасқан, жоғары заң білімі бар Қазақстан Республикасының азаматы адвокаттың тағылымдамадан өтушісі болып табылады.
Слайд 4
« Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы » Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9), 10) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттіктерін тоқтатқан адамдар тағылымдамадан өтпейді. Талаптарға сай келетін және тағылымдамадан өтуге ниет б i лд i рген адам адвокаттар алқасының төралқасына тізбесі уәкілетті органмен келісу бойынша Республикалық адвокаттар алқасы әзірлейтін және бекітетін Адвокаттардың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өту тәртібі туралы ережеде белгіленетін құжаттарды қоса бере отырып, тағылымдамадан өтуге ж i беру туралы өт i н i шпен жүг i нед i.
Слайд 5
Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алу үшін тағылымдамадан өтуге жiберуге арызға келесі құжаттар қоса тапсырылады: 1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi; 2) жоғары заң бiлiмi туралы дипломның көшiрмесi (салыстыру үшiн дипломның түпнұсқасы берiлмеген жағдайда, нотариалды куәландырылған көшiрмесi); 3) өз қолымен толтырылған өмірбаян; 4) еңбек кiтапшасы немесе заң мамандығы бойынша жұмыс өтiлiн растайтын өзге де құжат;
Слайд 6
5) тағылымдамадан өтуге ниет білдірген тұлғаның тұрғылықты жері бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлер берген денсаулығының жағдайы туралы медициналық анықтамалар; 6) соттылығының жоқтығы туралы анықтама; 7) мөлшері 3х4 см екі фотосурет; 8) кадрларды есепке алу парағы. Адвокаттар алқасының төралқасы өтінішті қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірін қабылдайды : 1) тағылымдамадан өтуге жіберу туралы ; 2) тағылымдамадан өтуге жіберуден бас тарту туралы.
Слайд 7
Тағылымдамадан өтуге ж i беру туралы өт i н i ш бойынша шешім өтініш берушінің өтініші адвокаттар алқасының төралқасына келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылданады. Адвокаттардың тағылымдамадан өтуш i лер санының көп жинақталуы себепті тағылымдамадан өтуге ж i беруден бас тартуға жол бер i лмейд i. Тағылымдама кем i нде бес жыл адвокаттық қызмет өтілі бар адвокаттың басшылығымен жүзеге асырылады. Тағылымдаманың ұзақтығы алты айдан бір жылға дейінді құрайды. Заң мамандығы бойынша жұмыс өтілі жоқ, сондай-ақ жұмыс өтілі бір жылдан кем тұлғалар үшін тағылымдама мерзімі бір жылды құрайды.
Слайд 8
Т ағылымдаманың әрбір айы үшін ақы есептеу жүргізілген күнге белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде белгіленеді. Т ағылымдамадан өтуді ұйымдастырғаны үшін ақы кассаға немесе адвокаттар алқасы төралқасының есеп айырысу шотына адвокаттар алқасының бухгалтериясы беретін кіріс-кассалық ордер бойынша не банктік төлем құжаты бойынша әр айдың 25-күнінен кешіктірілмей енгізіледі. Тағылымдамадан өтуші қатарынан екі ай бойы тағылымдамадан өткені үшін жарналарды енгізбеуі т ағылымдамадан өту туралы шарттың бұзылуына алып келеді.
Слайд 9
Тағылымдама кезең i заң мамандығы бойынша жұмыс өтіліне есептелед i. Тағылымдамадан өту кезеңінде тағылымдамадан өтуші еңбек шарты бойынша адвокаттың көмекшісі ретінде жұмысқа қабылдануы мүмкін. Тағылымдамадан өтуді ұйымдастыруды уәкілетті органмен келісу бойынша Республикалық адвокаттар алқасы әзірлейтін және бекітетін Адвокаттардың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өту тәртібі туралы ережеге сәйкес адвокаттар алқасының төралқасы жүзеге асырады.
Слайд 10
Үміткер тағылымдамадан өту барысында: 1) адвокаттық қызмет және тұлға құқықтарын қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, соның ішінде Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды зерделейді; 2) адвокаттар алқасының төралқасы тағылымдамадан өтушілер үшін ұйымдастырылатын сабақтарға үнемі қатысады; 3) тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру аясында адвокаттар алқасының төралқасы өткізетін іс-шараларға қатысады; 4) нысан бойынша тағылымдама күнделігін жүргізеді; 5) тағылымдамадан өту туралы шартта белгіленген мерзімдерде тағылымдамадан өту барысы туралы адвокаттар алқасы төралқасының алдында есеп береді; 6) тағылымдама мерзімі аяқталғаннан кейін қорытынды есепті дайындайды.
Слайд 11
Тағылымдаманың нәтижелері бойынша тағылымдамадан өтушінің жетекшісі қорытынды жасайды және оны бекіту үшін адвокаттар алқасының төралқасына береді. Адвокаттар алқасының төралқасы тағылымдама материалдарын қарау қорытындылары бойынша тағылымдамадан өту туралы қорытындыны бекіту не тағылымдамадан өту туралы қорытындыны бекітуден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Тағылымдамадан ойдағыдай өткені туралы қорытынды адвокаттар алқасының төралқасы бекіткен күннен бастап үш жыл бойы жарамды болады. Тағылымдамадан өту туралы қорытындыны бекітуден бас тарту туралы шешім уәжді болуға тиіс және оған Республикалық адвокаттар алқасына немесе сотқа шағым жасалуы мүмкін. Тағылымдамадан өтпеген адам тағылымдамаға жалпы негіздерде қайта жіберіледі.
Слайд 12
БІЛІКТІЛІК ЕМТИХАНЫН ӨТУ ( АТТЕСТАТТАУ ). Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарға аттестаттау жүргізу тәртібі мен шарттары уәкілетті орган айқындайтын қағидаларда белгіленеді. Адвокаттар алқасында тағылымдамадан ойдағыдай өткен адамдар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумақтық әділет органдары жанынан құрылатын адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияда аттестаттаудан өтеді.
Слайд 13
Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адам тағылымдамадан ойдағыдай өткеннен кейін адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияға www.egov.kz, www.elicense.kz " электрондық үкіметтің " веб-порталы не заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, өзін аттестаттауға жіберу туралы өтініш жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күннен бастап 2 ( екі ) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда дәлелді бас тартуды дайындайды.
Слайд 14
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда Комиссияның қарауына береді. Көрсетілетін қызметті алушының аттестаттауға жіберу туралы құжаттарын Комиссия 11 ( он бір ) күнтізбелік күн ішінде қарайды. Тыңдау нәтижелері бойынша комиссия үміткерді аттестаттауға жіберу не жіберуден бас тарту туралы дәлелді шешім шығарады. Көрсетілетін қызметті беруші аттестаттауға жіберуден бас тарту туралы шешімді өтініш келіп түскен күннен бастап 15 ( он бес ) күнтізбелік күннен кешіктірмей жібереді.
Слайд 15
Аттестаттауға жіберілген көрсетілетін қызметті алушыны көрсетілетін қызметті беруші аттестаттаудың өтетін орны, күні, уақыты, тәртібі туралы ұялы телефонға смс-хабарлама беру арқылы немесе " электрондық үкімет " веб-порталы арқылы көрсетілетін қызметті алушының " жеке кабинетіне " оны өткізгенге дейін күнтізбелік 10 ( он ) күннен кешіктірмей хабарлайды. Комиссияның жұмыс органы аумақтық әділет органы болып табылады.
Слайд 16
Комиссия жеті мүшеден тұрады : облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың адвокаттар алқалары мүшелерінің жалпы жиналысы айқындайтын үш адвокаттан ; әд i лет органдарының ек i өк i л i нен ; құқықтанушы ғалымнан ; мәслихат депутатынан. Аттестаттау жарты жылда бір рет өткізіледі.
Слайд 17
Мыналар аттестаттаудан өтуден босатылады : 1 ) Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған, сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірін алған адамдар ; 2) " Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы " Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына сәйкес судья өкілеттіктерін тоқтатқан адамдар ; 3) теріс себептермен шығарылғандарды қоспағанда, прокурор немесе тергеуші лауазымында кемінде он жыл жұмыс өтілі болған жағдайда, прокуратура және тергеу органдарынан шығарылған адамдар.
Слайд 18
Аттестаттау екі кезеңнен тұрады : 1) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін және адвокаттық қызметті жүзеге асыруға психологиялық дайындығын кешенді компьютерлік тестілеу. Қазақстан Республикасының заңнама нормаларын білуге арналған сұрақтар : ҚР Азаматтық кодексі ; ҚР Азаматтық процестік кодексі ; ҚР Қылмыстық кодексі ; ҚР Қылмыстық-процестік кодексі ; ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі ; « Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы » ҚР з аңы ; ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі ; « Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы » Қ Р з аңы.
Слайд 19
Біріздендірілген заңдық тест тапсырмаларынан тұратын кешенді компьютерлік тестілеу компьютерлік техника пайдаланыла отырып жүргізіледі. Үміткерлер Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тест тапсырғанға дейін психологиялық тестілеуден өтеді. Психологиялық тест орындауға жіберілген жалпы уақыт - 20 ( жиырма ) минут, заңнаманы білуге арналған тест - 90 ( тоқсан ) минут (100 сұрақ ). Егер дұрыс жауаптардың саны ұсынылған сұрақтардың жалпы санының 70 ( жетпіс ) және одан артығын құраса, үмiткер тестiлеуден өттi деп саналады және екiншi кезеңге жiберiледi.
Слайд 20
2) қажетті көздерді пайдалана отырып, істің мән-жайларын талдау бойынша практикалық тапсырма кезеңдерінен. Аттестаттаудың екінші кезеңі үшін практикалық тапсырманың мазмұнын Республикалық адвокаттар алқасы өзі дербес қалыптастырады. Екінші кезеңде көрсетілетін қызметті алушыға практикалық тапсырмаға дайындалу үшін 10 ( он ) минут беріледі. Үміткердің практикалық тапсырмаға жауаптарының дұрыстығын комиссия мүшелері бес балдық жүйе бойынша бағалайды. Егер жалпы орташа балл төрт және одан жоғары балл болса, үміткер аттестаттаудан өтті деп есептеледі. Аттестатталғаны туралы шешім шығарылған күнінен бастап алты жыл бойы жарамды болып табылады.
Слайд 21
Заңдардың қағаз мәтіндерін пайдалануға болатын аттестаттау жүргізудің екінші кезеңін қоспағанда, аттестаттау жүргізу кезінде үміткердің анықтамалық, арнаулы және басқа да әдебиетті, байланыс құралдарын, сондай-ақ қандай да бір жазбаларды пайдалануына рұқсат берілмейді. Көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда, комиссия үміткерді ағымдағы аттестаттаудан шеттетеді. Аттестаттаудан шеттетілген үміткер шешім шығарылған күннен үш ай өткен соң аттестаттауға жіберу туралы қайтадан өтініш беруге құқылы.
Слайд 22
АДВОКАТТЫ Қ ҚЫЗМЕТПЕН АЙНАЛЫСУҒА ЛИЦЕНЗИЯ АЛУ Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензия адвокаттық қызметпен айналысуға берілген рұқсат болып табылады және оны үміткер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәрт i ппен және шарттарда тағылымдамадан және аттестаттаудан өткеннен кейін лицензиар береді.
Слайд 23
Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысы мынадай жағдайларда тоқтатыла тұрады : 1 ) адвокаттық қызметпен айналысу құқығына арналған лицензиядан айыру туралы іс бойынша іс жүргізу қозғалғанда – шешім қабылданғанға дейін ; 2) адвокатты қылмыстық-процестік заңға сәйкес қылмыс жасауда айыпталушы деп танығанда – үкім заңды күшіне енгенге дейін ; 3) біліктілікті арттырудан өту мерзімін күнтізбелік отыз күннен астам уақыт дәлелсіз себеппен бұзғанда не оны өтуден бас тартқанда – бұзушылық жойылғанға дейін, бірақ үш айдан аспайтын мерзімге ;
Слайд 24
4 ) адвокат мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету сапасының өлшемшарттарына сәйкес келмейтін, мемлекет кепілдік берген заң көмегін жүйелі түрде ( қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет ) көрсеткенде – алты айға ; 5) " Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы " Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды жүйелі түрде ( қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет ) бұзғанда – алты айға ; 6) коммерциялық ұйымның байқаушы кеңесінің құрамына кіру, дауды шешу үшін тиісті төреліктің төрешісі болып сайлану немесе тағайындалу, сондай-ақ оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметпен айналысу жағдайларын қоспағанда, адвокат кәсіптік қызметпен қатар кәс i пкерл i к немесе өзге де ақы төленетін қызметпен де айналысқанда – алты айға тоқтатыла тұрады.
Слайд 25
Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысы, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жалпы негіздерден басқа, мынадай жа ғдайда тоқтатыла тұрады : 1) адвокат мемлекеттік қызметте болған ; 2) адвокат Қазақстан Республикасының Парламенті депутатының, өз қызметін бюджет қаражаты есебінен ақы төленетін, тұрақты немесе жұмыстан босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутатының өкілеттіктерін атқарған ; 3) адвокат мерзімді әскери қызметті өткерген ; 4) адвокат өз қызметін адвокаттар алқасына берілген өзінің өтініші негізінде тоқтата тұрған кезеңде.
Слайд 26
Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумақтық әділет органдарының ұсынуы, Республикалық және аумақтық адвокаттар алқаларының өтінішхаты негізінде лицензиардың шешімімен жүзеге асырылады Лицензиардың адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы шешімінде лицензияның қолданысын тоқтата тұру себептері мен мерзімі көрсетілуге тиіс. Адвокат лицензиясының қолданысын тоқтата тұру лицензиар адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған күннен бастап адвокаттық қызметті жүзеге асыруға тыйым салуға алып келеді.
Слайд 27
Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы шешім лицензиардың интернет- ресурсында орналастырылады. Қабылданған шешім туралы адвокат, адвокаттар алқасы, құқық қорғау органдарының орталық аппараттары және соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган хабардар етіледі. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы немесе қайта бастаудан бас тарту туралы шешімге адвокат сотқа шағым жасауға құқылы.
Слайд 28
Лицензиар адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтатады : 1) адвокат заңды күшіне енген сот шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі, қайтыс болды не хабарсыз кетті деп танылған ; 2) адвокат Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатқан ; 3) адвокат қайтыс болған ; 4 ) адвокат қасақана қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған ; 5) қасақана қылмыс жасағаны үшін адвокатқа қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген ; 6) адвокатқа медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайларда.
Слайд 29
Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиядан айыру : 1) адвокат кәсіптік міндеттерін орындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, заң көмегін көрсету қағидаттарын, Адвокаттардың кәсіптік әдеп кодексін өрескел не бірнеше рет бұзған ; 2) Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңының 55-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес адвокаттар алқасы жүргізген аттестаттау нәтижелері бойынша белгіленген біліктіліктің жеткіліксіздігі салдарынан адвокаттың өз кәсіптік міндеттерін орындауы мүмкін болмаған ; 3) Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңының 43-бабы 3-тармағының 3) және 6) тармақшаларында көзделген лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған мән-жайлар жойылмаған ;
Слайд 30
4 ) лицензиаттың лицензия беруге негіз болған құжаттарда анық емес немесе қасақана бұрмалаған ақпарат ұсыну фактісі анықталған ; 5) қатарынан отыз алты ай ішінде лицензияның қолданысы Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңының 43-бабы 3-тармағының 3), 4) және 5 тармақшаларында көзделген негіздер бойынша үш рет тоқтатыла тұрған жағдайларда, лицензиардың талап қоюы бойынша сот тәртібімен жүзеге асырылады. Осы көзделген жағдайларда, адвокаттар алқасы төралқасының өтінішхаты адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиядан айыру туралы талап қою арызын дайындауға негіз болып табылады. Сондай -а қ, аумақтық әділет органының ұсынуы да адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиядан айыру туралы талап қою арызын дайындауға негіз болып табылады.
Слайд 31
Лицензиар сот шешімі негізінде адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиядан айыру туралы бұйрық шығарады, оның көшірмесі лицензиясының қолданысы тоқтатылған адамға жіберіледі. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензия қолданысының тоқтатылғаны туралы соттар, құқық қорғау органдары және адвокаттар алқасы хабардар етіледі.
Слайд 32
АДВОКАТТАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ БОЛЫП КІРУ ЖӘНЕ ЕСЕПКЕ ТҰРУ Адвокаттар алқасына мүшел i к м i ндетт i болып табылады. Кіру жарналарына тыйым салынады. Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы з аңның 32-бабының 2-тармағында көзделген мән-жайлардың бірінің анықталуы адвокаттар алқасына мүшелікке қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады. Адвокаттар алқасына мүшел i кке қабылдаудан бас тартуға Республикалық адвокаттар алқасына немесе сотқа шағым жасалуы мүмк i н. Адам адвокаттар алқасынан шығарылып, б i рақ адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиясын сақтап қалған жағдайда, ол шығарылған күннен бастап кемінде алты ай өткеннен кей i н адвокаттар алқасына қайта қабылдануы мүмк i н.
Слайд 33
Бұл кезеңде адвокаттық қызметт i жүзеге асыруға жол бер i лмейд i. Адвокаттар алқасына мүшелікке кірген лицензиат Республикалық адвокаттар алқасы белгілеген тәртіппен мынадай мазмұнда ант береді : " Мен, ( аты және тегі ), заң көмегін көрсету қағидаттарын, Адвокаттардың кәсіптік әдеп кодекс i н сақтауға, адам құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін адал және шынайы ниетпен қорғауға, заң көмегін алу құқығын қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүктелген міндеттерді орындауға салтанатты түрде ант етемін ". Лицензиат ант мәтініне қол қояды, ол адвокаттың жеке ісінде сақталады.
Слайд 34
Адвокаттар алқасы адвокаттар алқасы мүшелерінің тізімін жүргізеді және оны жаңартылған күйде адвокаттар алқасының интернет- ресурсында орналастырады. Адвокаттар алқасы адвокат мәртебесін алу, тоқтата тұру және тоқтату туралы ақпаратты Республикалық адвокаттар алқасына жібереді.
Слайд 35
Адвокаттар алқасының төралқасы адвокаттың адвокаттар алқасына мүшелігін мынадай жағдайларда тоқтатады : 1) адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысы тоқтатылған немесе одан айырылған ; 2) адвокат өз міндеттерін орындаған кезде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары мен нормаларын, адвокаттар алқасының жарғысында бекітілген заң көмегін көрсету қағидаттарын, Адвокаттардың кәсіптік әдеп кодексін өрескел не бірнеше рет бұзған ; 3) біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан адвокаттың өз кәсіптік міндеттерін орындай алмайтыны анықталған ; 4) мүшелік жарналарды жүйелі түрде төлемеген ;
Слайд 36
5 ) коммерциялық ұйымның байқаушы кеңесінің құрамына кіру, дауды шешу үшін тиісті төреліктің төрешісі болып сайлану немесе тағайындалу, сондай-ақ оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметпен айналысу жағдайларын қоспағанда, адвокат кәсіптік қызметпен қатар кәс i пкерл i к немесе өзге ақы төленетін қызметпен де айналысқан ; 6) өз еркі бойынша ; 7) адвокат қайтыс болған жағдайларда ; 8) алқаның жарғысында көзделген өзге де жағдайларда. Адвокаттар алқасына мүшелікті тоқтатуға адвокаттар алқасының төралқасы қаулысының көш i рмес i адвокатқа табыс етілген күннен бастап б i р ай мерз i мде Республикалық адвокаттар алқасына немесе сотқа шағым жасалуы мүмк i н.
Слайд 37
АДВОКАТТЫҚ КЕҢСЕ ҚҰРУ Адвокаттық кеңсе коммерциялық емес ұйым болып табылады. Адвокаттық кеңсе адвокаттардың заң көмег i н көрсету i н i ң материалдық, ұйымдастырушылық-құқықтық және өзге де жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында құрылады. Адвокаттық кеңсені адвокаттар алқасының мүшес i ( мүшелер i ) құрады. Адвокат тек б i р ғана адвокаттық кеңсен i ң әріптесі бола алады. Адвокаттық кеңсенің әріптестері оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді, ал адвокаттық кеңсе өз әріптестерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Слайд 38
Адвокаттық кеңсе құрған адвокаттар өздерінің арасында қарапайым жазбаша нысанда әріптестік шарт жасасады. Әріптестік шарт бойынша адвокаттар барлық әріптестердің атынан заң көмегін көрсету үшін өз күш-жігерін біріктіруге міндеттенеді. Әріптестік шарт адвокаттық кеңсені мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылмайды. Егер әріптестік шартта өзгеше белгіленбесе, адвокаттық кеңсенің жалпы істерін жүргізуді басқарушы әріптес жүзеге асырады.
Слайд 39
Б i р адвокат құрған адвокаттық кеңсе өз қызметін жарғы негізінде жүзеге асырады. Адвокаттық кеңсен i ң адвокаты адвокаттық кеңсе мемлекетт i к т i ркелгеннен және оған қабылданғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде бұл туралы ти i ст i адвокаттар алқасын жазбаша хабардар етуге және адвокаттық кеңсен i ң әріптестік құжаттарын оның иелігіне ұсынуға м i ндетт i. Адвокаттық кеңселердің әріптестері салым ретінде енгізген мүлік адвокаттық кеңсеге меншік құқығында тиесілі болады. Адвокаттық кеңселерді құруға мемлекетт i к органдардың арнайы рұқсаты талап ет i лмейд i.
Слайд 40
Адвокаттық кеңсенің әріптестері құқылы : 1) егер адвокаттық кеңсенің жарғысында өзгеше көзделмесе, адвокаттық кеңседен шыққан не адвокаттық қызметті тоқтатқан кезде өздері адвокаттық кеңсенің меншігіне берген мүлік құны шегінде адвокаттық кеңсе мүлкінің бір бөлігін немесе осы мүліктің құнын алуға ; 2) адвокаттық кеңсе таратылған жағдайда, оның кредиторлармен есеп айырысқаннан кейін қалған мүлкінің бір бөлігін өздері адвокаттық кеңсенің меншігіне берген мүлік құны шегінде алуға.
Слайд 41
Кәсіптік қызметті жеке -дара жүзеге асыруға шешім қабылдаған адвокат бұл туралы адвокаттар алқасын хабардар етеді. Хабарламада адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты ( ол бар болған жағдайда ), оның тұрақты тұрған жері көрсетіледі. Кәсіптік қызметті заңды тұлға құрмастан, жеке -дара жүзеге асыратын адвокат банктерде есеп айырысу шоттары мен өзге де шоттарға, жеке мөрге, мөртабандарға, жеке бланкілерге ие болуға құқылы.
Слайд 42
АДВОКАТ ҚЫЗМЕТ I Н МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ Адвокат шартқа сәйкес заң көмегі көрсетілетін үшінші тұлғаларға осындай көмек көрсету нәтижес i нде зиян келт i ру салдарынан туындайтын м i ндеттемелер бойынша кәсіптік жауапкерш i л i г i н сақтандыру шартын жасауға міндетті. Адвокат кәсіптік жауапкерш i л i г i н сақтандыру шарты болмаған кезде заң көмегін көрсетуге кірісуге құқылы емес. Егер адвокат адвокаттық кеңсенің әріптесі болып табылса, онда оның кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру шартын жасасуды адвокаттық кеңсе жүзеге асыруы мүмкін.
Слайд 43
Сақтанушының шартқа сәйкес заң көмегі көрсетілетін үшінші тұлғаларға адвокаттық қызметті жүзеге асыруға байланысты келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтеу міндетіне байланысты мүліктік мүдделері адвокаттың кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру объектісі болып табылады.
Слайд 44
А двокаттың кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы болып кәсіптік қателіктер деп мыналар табылады : 1) процестік мерзімдерді өткізіп алу ; 2) құжаттарды дұрыс ресімдемеу ; 3) шартқа сәйкес заң көмегі көрсетілетін тұлғаға зиян келтіруге алып келген, жасалатын заңдық әрекеттердің салдарлары туралы оған хабарламау ; 4) сақтанушы ( сақтандырылған тұлға ) заң көмегін көрсету үшін клиенттен алған құжаттардың жоғалуы немесе бүлінуі ; 5) адвокаттық құпияны құрайтын мәліметтерді құқыққа сыйымсыз жария ету түсініледі.
Слайд 45
Егер шартқа сәйкес заң көмегі көрсетілетін үшінші тұлғаларға келтірілген зиян сақтанушының кәсіптік міндеттерді абайсыз бұзуының салдары болып табылса, сақтандыру жағдайы басталған болып есептеледі. Адвокаттың кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасының мөлшері оның шарттарымен айқындалады және қызметін республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында жүзеге асыратын адвокаттар үшін – адвокаттың кәсіптік жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты жасалған күнге тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде бір мың еселенген, өзге адвокаттар үшін кемінде бес жүз еселенген мөлшерін құрауға тиіс.