Слайд 3
Мысалы: Ұлжан енесіне бағана, Абай ұйықтап жатқанда, бар жайды айтқан (М. Әуезов).
Слайд 4: Өз ішінде үтірлері бар жайылма оңашаланған айқындауыш мүшелер екі жағынан сызықша алынып жазылады. Оңашаланған мүше үтірмен бөлінгенде, бірыңғай мүшеге ұқсап кететін жерде де сызықша қойылады:
Біз - Мұстафаның екі кіші баласы Ғаббас пен Шәкен, мен үшеуміз - үйден шықтық. (С. Мұқанов).
Слайд 6
Ө зінен бұрыңғы сөздің мәнін айқындап, дәлдеп беретін және сонымен септік жалғаулары жағынан тұлғалас келетін бір сөз не сөз тіркесі: Осы үйдің ер жетіп қалған екі баласын, Нұрлан мен Нұржанды, жұрт көп мақтайды.
Слайд 7
Ә) Яғни, әсіресе, мысалы, яки, немесе, болмаса, басқаша айтқанда, көбінесе, оның ішінде, тіпті деген сөздермеен басталатын тіркестер өзінің алдындағы сөздің мағынасын дәлдеп тұрса; Ылғалды жерлерде, көбінесе өзен бойларында, шөп қалың өседі.
Слайд 8: Ескертулер!
Мысалы деген сөз оңашаланған мүшенің құрамында болмай, жеке қыстырма сөз ретінде келсе, үтірмен жалғыз өзі ғана бөлінеді: Мысалы, таза мыс электр тогын жақсы өткізеді.
Слайд 9
Әсіресе, көбіне, тіпті, оның ішінде деген сөздер оңашаланған мүше болатын сөз тіркесіне емес, жалпы сөйлемге қатысты болуы мүмкін. Ондайда бұл сөздер ешқандай тыныс белгісімен бөлінбейді : Алматылықтар жазда көбінесе тауға шығады.
Слайд 10: б) Есімдіктен кейін келген айқындауыштар оңашаланады:
Айтып тұрған мына мен, Бақбергенмін. (М.Әуезов)
Слайд 11
Жалпы мезгілді, мекенді білдіретін пысықтауыштардан кейін, сол мезгілдің дәл қай кезі, сол мекеннің дәл қай жер екенін ашып көрсететін анықтауыштар оңашаланады: Түнде, сағат 12-де, поезд келді.
Слайд 12
Сияқты, ретінде, қатар, емес (емей), түгіл деген сөздермен келгенде және –дай, -дей,- тай, -тей жұрнақты сөздермен келген тіркестер де, оңашаланған мүше сияқты, сөйлем ішінде үтірмен бөлінеді: Жамбыл 70-80 жылдарда, ұсақ өлеңдермен қатар, көлемді жырлар да шығара бастады.
Слайд 13
Қарамастан, қоспағанда, есептемегенде деген сөздерге аяқталатын тіркестер де үтірмен бөлінеді: Жорыққа аттанған шаңғышылардың саны, кешігіп қалған екеуді қоспағанда, он алты.
Слайд 14
Оңашаланған мүше инверсияланып (әдеттегі орын ауысып) келуі мүмкін, ол күнде де сөйлем ішінде үтірмен ажыратылады: Мұқанның баласы ғой, менің былтыр өлген ағамның. Мұқанның, менің былтыр өлген ағамның, баласы ғой.
Слайд 17: 1 СҰРАҚ
Сөйлемнің тыныс белгілерін қой. Абай былтыр боқырауда күзем үстінде қалаға оқуға кеткенде дәл осы қоныстан Есенбайдан кеткен болатын.
Слайд 18: Жауап:
Абай былтыр боқырауда, күзем үстінде, қалаға оқуға кеткенде, дәл осы қоныстан, Есенбайдан, кеткен болатын.
Слайд 20: 2 СҰРАҚ
Мына сөйлемнің ішіне үтір қойылмайды. Келісесіз бе? Олардың ішінде үй іштерімен шығатындар да көп.
Слайд 23: 3 СҰРАҚ
Тыныс белгісін қой. Олар жас жігіттер мен жас қыздар қиын жұмыстардан бас тартпады.
Слайд 24: 3 Жауап:
Олар, жас жігіттер мен жас қыздар, қиын жұмыстардан бас тартпады.
Слайд 25: 4 СҰРАҚ
Сөйлемнің ішінен айқындауыш мүшені анықта, тыныс белігісін қой: Тобықты ішіне ең алғаш келген арба осы Зеренің Құнанбайдың кәрі шешесінің көк арбасы десе де болады.
Слайд 26: 4 ЖАУАП:
Тобықты ішіне ең алғаш келген арба осы Зеренің, Құнанбайдың кәрі шешесінің, көк арбасы десе де болады.