Слайд 2
Жоспар: Әлеуметтік зерттеулер және олардың түрлері 2. Әлеуметтік зерттеулердің бағдарламасы. 3. Әлеуметтік зерттеулердің әдістері. 4. Эмпирикалық мәліметтерді талдаудың тәсілдері.
Слайд 3: Әлеуметтік зерттеулер дегеніміз - зерттеліп отырған нысан туралы объективті мағлұматтар алу мақсатындағы бір-бірімен өзара байланысты жүргізілетін логикалық, методологиялық, тәсілдік және ұйымдастырушылық-техникалық амалдар жиынтығы
Слайд 4
Әлеуметтік зерттеу - Әлеуметтік құбылыс немесе үрдіс жөнінде мәлімет алу және оны әлеуметтік басқару тәжірибесінде қолдану.
Слайд 5
Әлеуметтік зерттеу жаңа білім алуға нақты теориялық және әлеуметтік мәселелерді шешу үшін жағдай жасайтын теориялық және эмпирикалық рәсімдер жүйесі
Слайд 6
Әлеуметтік зертеулер : - қоғамдағы әлеуметтік құбылыстар мен процестердің шынайы сиапатын білуге жағдай жасайды ; - әлеуметтік байланыстарды дамытудағы қайшылықтар мен тенденцияларды айқындауға мүмкіндік береді. - Экономикалық, саяси жән әлеуметтік дамудың бағдарын айқындауға көмектеседі.
Слайд 7
Әлеуметтік зерттеу төрт кезеңнен тұрады : Зерттеуге дайындық : Бұл кезеңде тақырып анықталып, теориялық тұжырымдама, бағдарлама жасалады, іріктеу өлшемдері анықталады. Мағлұмат жинауға арналған әдістемелік құжаттар жасалып, зерттеу ауқымы мен құралдары анықталады, зерттеу топтары қалыптасады, жұмыс кестесі жасалады, ұйымдастыру шаралары жүргізіледі, жұмысты материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуге байланысты мәселелер шешіледі.
Слайд 8
2. Бастапқы ақпаратты жинақтау кезеңі : мағлұматтарды “ алаңнан ” ( жеке адамдардан, аудиториялардан, сыныптардан, үйден, мекемеден, т.б ) жинаумен байланысты. Мағлұматтар зерттеу бағдарламасына сәйкес әртүрлі сұрау жүргізу анкеталық, сұқбаттық, эксперттік,т.б ) бақылау, құжаттарды талдау жасау, эксперимент сияқты тәсілдер көмегімен жасалады. Кейбір жағдайларда, ( мағлұматтар аз болғанда ) мағлұматтарды өңдеу, қолмен атқарылады.
Слайд 9
3.Жиналған ақпаратты өңдеу кезеңі : ж иналған мағлұматтардың барлығы іріктеу өлшемдерінен ауытқуын тексеру тұрғысынан зерттеледі. Тексеру жұмысы әдістемелік құжаттардың дәлдігі мен толықтығына байланысты. Мұнымен қоса бұл кезеңде ашық сұрақтарды кодпен белгілеу жүзеге асады. Мағлұматтарды компьютерде өңдеудің логикалық бағдарламасы жасалады. Кейбір жағдайларда, ( мағлұматтар аз болғанда ) мағлұматтарды өңдеу қолмен атқарылады.
Слайд 10
4. Мағлұматтарды талдау және социологиялық зерттеудің қорытынды құжаттарын дайындау кезеңі-қорытынды кезең. Талдаудың методологиялық негізі – дайындық кезеңінде жасалған зерттеу бағдарламасы болып табылады. Талдау тәсілі социологиялық зерттеудің түріне, оның мақсаты мен міндетіне байланысты таңдап алынады. Талдау барысында алдын -ала жасалған ғылыми болжамдарды құптау немесе жоққа шығару туралы қорытынды жасалады, әлеуметтік байланыстар, тенденциялар, қайшылықтар, жаңа әлеуметтік мәселелер аңғарылады. Сонымен қатар, жасалынған жұмыстардың нәтижелері айқындалады. Қорытынды құжат зерттеудің түріне және тапсырыс берушінің өтінішіне байланысты жасалады.
Слайд 11
Әлеуметтік зерттеудің объектісі Кең мағынада Ә леуметтік үрдіс немесе әлеуметтік шындық саласы, немесе әлеуметтік қарама-қайшылықтан тұратын, қандай да бір қоғамдық қатынастар жатады. Тар мағынада Әлеуметтік зерттеу объектісіне қандай да бір әлеуметтік мәселенің, яғни адамдар қауымдастығының және олардың әрекетінің белгілі қасиеті болып табылады.
Слайд 12
Әлеуметтік зерттеудің ғылыми қызметтің мынадай элементтері бар; а ) зерттеу объектісі - әлеуметтік шындық процестері мен құбылысы ; ә ) зерттеу субъектісі ; б) социологиялық зерттеу белгілі - бір мақсатқа жетуге және нақты міндеттерді шешуге бағытталған ; в ) міндетті шешу құралдары - әдістер, ұйымдастыру іс-шаралары т.б бар
Слайд 13: Әлеуметтік зерттеудің түрлері
Барлау 2. Сипаттамалық зерттеуі ( Суреттеу ) 3. Сараптамалық зерттеу (Талдау)
Слайд 14
1. Барлау арқылы зерттеу - нақты әлеуметтік зерттеудің ең бір қарапайым түрі ; ол шағын зерттелетін жиынтықты қамтиды және ықшамдалған бағдарлама мен көлемі бойынша сығындалған құралдарға ( сауалнама, бланк - интервью, сауалнама парағы және басқалары ) негізделеді. Барлау арқылы зерттеудің бір түрі - экспресс - сауалнама.
Слайд 15
2. Сипаттамалық зерттеу ( суреттеу ) - нақты әлеуметтік зерттеудің күрделірек түрі ; ол зерттелетін құбылыс, оның құрылымдық элементтері туралы салыстырмалы түрде тұтастай түсінік беретін эмпирикалық ( тәжірибелік ) мәліметтер алуды көздейді.
Слайд 16
3. Сараптамалық зертеу ( талдау ) - әлеуметтік талдаудың ең күрделі түрі, ол зерттелетін құбылыстың құрылымдық элементтерін сипаттап қана қоюды мақсат тұтпайды, сонымен бірге оның негізінде жатқан себептерді анықтауды мақсат етеді ; бұл зертеу айрықша тәжірибелік маңызға ие болады.
Слайд 17
Әлеуметтік зерттеу арнайы құжатқа - әлеуметтік зерттеудің бағдарламасына сәйкес жүргізіледі. Бағдарлама – ғылыми зерттеудің жалпы концепциясы кезең бойынша көрсетілген және ғылыми-практикалық зерттеу рәсімдерінің ережелері жазылған құжат.
Слайд 18
Сапалы әлеуметтік зерттеу бағдарламасын құрастыруға зерттеуді өзін жүргізуге қарағанда көп уақыт қажет екені дәлелденді. Жақсы құрастырылған әлеуметтік зерттеу бағдарламасы оның жоғары ғылыми дәрежеде іске асуының кепілдеме шартының бірі болып табылады.
Слайд 19
Әлеуметтік з ерттеу бағдарламаларын құрастырудың негізгі кезеңдері төмендегідей мәселелерді қалыптастыру : - зерттеу мақсаттарын, міндеттерін, объектісі мен пәнін анықтау ; - негізгі түсініктерді логикалық талдау ; - гипотезалар ұсыну ; - тандамалы жиынтықты анықтау ; - инструментария құру ; - зерттеу жүргізу ; - алынған мәліметтерді өңдеу және интерпретациялау ; - ғылыми есеп дайындау.
Слайд 20
Әлеуметтік зерттеу бағдарламасының қызметі : 1. Теориялық - әдістемелік - ол ғылыми проблеманы анықтауға және оны шешу үшін негіз дайындауға мүмкіндік береді. 2. Әдістемелік функция, ол деректерді жинау тәсілдерін белгілеуге және күтілетін нәтижелерді сипаттауға, сондай-ақ зерттелетін жиынтықты анықтауға, қажеттті құралдарды сипаттауға және бастапқы ақпараттарды компьютерде өңдеудің логикалық схемасын дайындауға мумкіндік береді. 3. Ұйымдастыру, ол зерттеушінің қызметін жұмыстың барлық кезеңінде жоспарлауға мүмкіндік береді
Слайд 21
Эмпирикалық ақпаратты жинау мынадай әдістер арқылы жүргізіледі : құжаттарды талдау, бақылау, тәжірибе жасау, сауалнама жүргізу ( ауызша - интервью, жазбаша – саалнама беру, сараптамалық – құзіретті тұлғаларға сауалнама жүргізу ).
Слайд 22
Құжаттарды талдау Құжаттарды талдау әдістері былайша бөлінеді : 1.Дәстүрлі ( жалпы және арнайы ) 2.Қалыпқа келтірілген (контент- талдау, жаднама – сұрақнама ).
Слайд 23
Дәстүрлі талдау ретінде « құжатта белгілі бір тұрғыда айтылған мәліметтерді түсіндіруге бағытталған зерттеушілер әрбір нақты жағдайда қабылдаған барлық ақыл -ой операциялары. Іс жүзінде бұл құжаттың мазмұнын түсіндірудің, оны талқылаудың өзі.
Слайд 24
Қалыпқа келтірілген әдіс - сапалы ақпаратты сандық көрсеткіштерге аудару, мұнда – контент- талдау – мәтіндік ақпаратты (газет, хат), фонетикалық ақпаратты ( TV және радио хабарлары ) сандық көрсеткіштерге аудару.
Слайд 25
Бақылау – оқиға куәгерінің оқиға өтіп жатқан кездегі оқиғаны тікелей тіркеу әдісі. Ол статистика әлсіз, бағдарламаны жасау кезеңінде ; индивид пен топтардың сөйлесу, мінез-құлық формаларын зерттеу кезінде қолданылады.
Слайд 26
Бақылаудың түрлері : Қосылған ( мысалы, социолог митингтің қатысушысы болады ) Қосылмаған. Табиғи ортада, табиғи жағдайда және лабораторияда ( мысалы, әлеуметтік – психологиялық тәжірибелерде ) жүретін далалық бақылау да кездеседі.
Слайд 27
Сауалнама - деректерді сұрақ – жауап әдісімен жинауды білдіреді, мұнда арнайы дайындалған сұрақтар жүйесі арқылы зерттелетін обьект жөнінде бастапқы ақпарат жинаудың барынша кең таралған әдісі.
Слайд 28
Сауалнама нұсқалары ( байланысу формалары бойынша ): 1.Жеке немесе жанама түрде ( таратылатын, почталық, телефон, онлайн, баспасөз арқылы ). 2.Жеке немесе топтық. 3.Еркін немесе қалыпқа келтірілген, ( бағытталған ). 4.Ауызша немесе жазбаша. 5.Тұтас немесе іріктеме. 6.Тұрғылықты жері немесе жұмысы бойынша, уақытша мақсатты аудитория.
Слайд 29
Анкета жүргізу – кең тараған әлеуметтік әдістің бірі, бұл - сауалнаманың жазбаша түрі. Анкета үш бөлімнен тұрады : кіріспе бөлім, негізгі ( мазмұнды бөлім ) бөлім және әлеуметтік – демографиялық бөлім ( паспортичка ).
Слайд 30
Интервью ( ағылш. Interview – әңгімелесу ) – респондентпен тікелей диалог арқылы ақпарат алу әдісі, мұның мақсаты социологиялық зерттеу бағдарламасында көзделген сұрақтарға жауап алу болып табылады.
Слайд 31: Интервьюдің түрлері
1. Қалыпқа түспеген интервью – белгілі-бір тақырыпта еркін диалог, мұнда сұрақтар ( ашық ) сөйлесу контексінде құрылады және жауаптарды белгілеу формасы стандартталмаған. Ең алдымен, бұл жалпы бағдарлама бойынша сұрақтарды қатаң жіктемеген әңгімелесу. Мұндай әңгімелесулер ұзағырақ ( 3 сағатқа дейін ), зондажды, тексеру ретінде пайдалынылады. 2. Жартылай қалыпта интервью – диалог барысында тақырып бойынша бұрын әзірленген және қосымша сұрақтар қойылады. Мұндай түрдегі интервью зерттелетін ақиқаттың құүрылымына тереңірек бойлауы, зерттелетін топтардың сипаттамаларындағы ұсақ айырмашылықтарды анықтау мүмкін. 3. Қалыпқа түсірілген интервью – сұрақтар « жабық » сұрақтар ( анкета – интервью) карточкасын пайдалына отырып, сұрақтарды қоюдың құрылымдары мен тәртібін өзгертуге жол берілместен бұрын дайындалған сұрақтамалар бойынша қойылады.
Слайд 32
Өткізілу рәсімі бойынша интервью мыналарға бөлінеді : а) бір ғана респондентпен бір ғана мәселе бойынша белгілі бір уақыт аралығында панельдік – көп сатылы интервью алу. Мақсат – проблеменың даму динамикасын зерттеу ; ә) топтық ; б) бағытталмаған. Зерттеуші мен респондент арасындағы сұқпаттасу тәсілі бойынша интервью нақты – « бетпе -бет» және жасырын - телефондық (10-15 мин) сөйлесуге бөлінеді.
Слайд 33
Интервьюдің мынадай өзіне тән ерекшеліктері бар: 1. Респонденттің психологиялық реакциясын бақылауға мүмкіндік береді. 2. Интервьюердің респондентпен жеке қарым-қатынасы сұрақтаманың барынша іске асуын қамтамасыз етеді. 3. Жеке қарым-қатынас сауалнамаға барынша байсалдырақ қарауды қамтамасыз етеді, алайда мынадай қиындықтарда кездеседі : а) әрбір респондентпен психологиялық байланысты іздестіру ; ә) едәуір материалдық және уақыт шығындары ; б) интервьюерлерді дайындаудың еңбек сиымдылығы ; в) аномделік проблемасын шешу.
Слайд 34
Эксперимент - ` experimentum деген латын сөзінен шыққан - сынам, тәжірибе ) бақыланатын және басқарыланылатын жағдайларда жаңа білім алудың ғылыми әдісі. Табиғи ( далалық, лабораториялық ) және ойша ( үлгілік ) түрлері бөліп көрсетіледі.
Слайд 35: Әлеуметтік мониторинг
Қ оғамда болып жатқан өзгерістерді қадағалап отырудың біртұтас жүйесі болып табылады. Оның басты міндеті-жаңа, қажетті және жүйеленген мәліметтерді бірден емес, белгілі бір уақыттарда жүйелі түрде алып тұру болып табылады. Әдетте аса зәру проблемалар бойынша әр айда, тоқсанда экспресс сауалнамалар өткізіліп тұрады.
Слайд 36
Әлеуметтік зерттеулерде жалпы ғылыми әдістерде қолданылады. Анализ - объектіні бірнеше құрамдас бөліктерге бөліп алып, оларды жеке зерттеу. Синтездеу - объектінің анализ жасау кезінде ажыратылып тасталған құрамдас бөліктері қайтадан біріктіріледі. Индукция - ойдың жалқыдан жалпыға қарай бағытталуы. Дедукция кері бағытта, ойдың жалпыдан жалқыға қарай бағытталуын сипаттайды.
Последний слайд презентации: Әлеуметтік зерттеулердің әдісі және техникасы
Әлеуметтік зерттеу нәтижелері бойынша есеп жасалады, ол ғылыми тұжырымдар мен ұсыныстардан тұрады. Есептің бірінші бөлігінде, әдетте, зерттеу үшін таңдалып алынған проблемелар негізделеді, іріктемеге, ақпараттың жинау әдісіне, зерттеуге қатысушылардың санына сипаттама беріледі. Екінші бөлігінде зерттеу объектісі әлеуметтік – демографиялық белгілері ( жынысы, жасы, білімі және басқалары ) бойынша сипатталады. Есептің келесі бөлігі бағдарламада шығарылған гипотезалардың жауаптарын іздестіруге арналған. Есепке бағдарламадан, жоспардан, анкетадан немесе интервью бланкіден компьютерлік кестелерден, графикалардан және т.с.с -дан тұратын қосымша беріледі.