Слайд 2: Жоспары: 1)Ақсу ауданы 2)Алып жатқан аумағы 3)Климаты 4)Флора мен фаунасы 5)Ақсу ауданының мектептері 6)Әкімнің жолдауы Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
Слайд 3
Ақсу ауданы – Алматы облысының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан әкімшілік бөлініс. Жер аумағы 12,6 мың км 2. Тұрғыны 37,7 мың адам, орташа тығыздығы 1 км 2 -ге 3,0 адамнан келеді (2006). [2] Аудан орталығы – Жансүгіров кенті. Аудан жеріндегі 54 елді мекен 3 кенттік және 15 ауылдық округтерге біріктірілген. Ақсу ауданы Балқаш – Алакөл ойысы мен Жетісу Алатауы аралығын алып жатыр.
Слайд 4
Шығысы Қытай мемлекетімен, қалған бөлігі облыстың Сарқант, Алакөл, Қаратал аудандарымен шектеседі. Жерінің оңтүстік-шығысын Жетісу Алатауының Қоңыртау, Қайрақкөл, Желдіқарағай, Ешкіөлмес таулары, солтүстік, солтүстік-шығыс және батыс бөлігінде Тораңғықұм, Кемерқұм, Сымбатқұм, Күшікжал және Жалқұм құмды алқаптары алып жатыр. Ақсу өзенінің салалары мен тармақтары ауданның біршама жерін кесіп өтеді. Ірі өзендері: Бүйен, Бұрған, Сарқан, Қарасу, Қапал, Қызылағаш.
Слайд 5: Климаты Ақсу ауданының климаты қатаң континенттік. Қысы суық. Қаңтар айының орташа температурасы –10 – 15°С, шілдеде 20 – 23°С. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері жазық жерлерде 150 – 250 мм, таулы аймақтарда 400 – 600 мм. Топырағының басым бөлігі шөлейттік сұр топырақ. Тау етектері мен тау аңғарларында қоңыр топырақ қалыптасқан. Өзен аңғарлары мен жайылмаларда шалғынды-далалы топырақ басым. Құмды алқаптарда сор, сортаң кездеседі
Слайд 7
Флора мен фауна Даласында жусан, ебелек, изен, қияқ, т.б. өсімдіктер өседі. Аудан аумағында «Лепсі» қорықшасы (33,0 мың га) орналасқан. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, борсық, қабан, ондатр ; құстардан үйрек, қаз, тырна, т.б. мекендейді. Кен байлықтарынан Ілдерсай барит кені, Арасан гранит және мәрмәр кен орындары бар. Ауданның ауыл шаруашылығына пайдаланатын жерінің ауданы 1,17 млн. га, оның ішінде жыртылуға жарамды жері 56,6 мың га, жайылымы 1,03 млн. га, шабындығы 55,2 мың га (2006). Ақсу ауданы аумағында Матай, Молалы, Алажиде темір жол стансалары орналасқан. Аудан жері арқылы Алматы – Өскемен мемлекеттік маңызы бар автомобиль жолы өтеді.
Слайд 8
Ақсу ауданының мектептері Қ.Сәтпаев атындағы орта мектеп Ж.Сыдықов атындағы орта мектеп Абай атындағы орта мектеп Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп
Слайд 10
Ұлтымыздың, еліміздің, мемлекеттігіміздің тарихында өзіндік алар ерекше орны бар Ақсу ауданы атынан ауданның ресми сайтына хош келдіңіздер дейміз ! Ауданымыздың ресми сайтының ашылуы елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың биылғы жылғы « Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан » атты жолдауында айтылғандай « электрондық үкімет » жасақтау жөніндегі жұмыстың нақты нәтижесі деп есептейміз.