7 - Д әріс: Патогенді және шартты патогенді энтеробактериялар. Эшерихиялар — презентация
logo
7 - Д әріс: Патогенді және шартты патогенді энтеробактериялар. Эшерихиялар
  • 7 - Д әріс: Патогенді және шартты патогенді энтеробактериялар. Эшерихиялар. Шигеллалар. Салмонеллалар. Тырысқақ.
  • Жалпы сипаттамасы.
  • 7 - Д әріс: Патогенді және шартты патогенді энтеробактериялар. Эшерихиялар
  • 7 - Д әріс: Патогенді және шартты патогенді энтеробактериялар. Эшерихиялар
  • Таксономиясы. E.сoli - Enterobacteriaceae тұқымдастығының Gracilicutes бөліміне жататын Escherichia тобының негізгі өкілі.
  • 7 - Д әріс: Патогенді және шартты патогенді энтеробактериялар. Эшерихиялар
  • 7 - Д әріс: Патогенді және шартты патогенді энтеробактериялар. Эшерихиялар
  • 7 - Д әріс: Патогенді және шартты патогенді энтеробактериялар. Эшерихиялар
  • Шигеллалар ( б актериялды дизентерияның ) микробиологиялық диагностикасы.
  • 7 - Д әріс: Патогенді және шартты патогенді энтеробактериялар. Эшерихиялар
  • 7 - Д әріс: Патогенді және шартты патогенді энтеробактериялар. Эшерихиялар
  • 7 - Д әріс: Патогенді және шартты патогенді энтеробактериялар. Эшерихиялар
  • 7 - Д әріс: Патогенді және шартты патогенді энтеробактериялар. Эшерихиялар
  • 7 - Д әріс: Патогенді және шартты патогенді энтеробактериялар. Эшерихиялар
  • 7 - Д әріс: Патогенді және шартты патогенді энтеробактериялар. Эшерихиялар
  • 7 - Д әріс: Патогенді және шартты патогенді энтеробактериялар. Эшерихиялар
  • 7 - Д әріс: Патогенді және шартты патогенді энтеробактериялар. Эшерихиялар
  • 7 - Д әріс: Патогенді және шартты патогенді энтеробактериялар. Эшерихиялар
  • 7 - Д әріс: Патогенді және шартты патогенді энтеробактериялар. Эшерихиялар
  • 7 - Д әріс: Патогенді және шартты патогенді энтеробактериялар. Эшерихиялар
  • 7 - Д әріс: Патогенді және шартты патогенді энтеробактериялар. Эшерихиялар
  • 7 - Д әріс: Патогенді және шартты патогенді энтеробактериялар. Эшерихиялар
  • Микробиологиялық диагностикасы
  • 7 - Д әріс: Патогенді және шартты патогенді энтеробактериялар. Эшерихиялар
  • 7 - Д әріс: Патогенді және шартты патогенді энтеробактериялар. Эшерихиялар
  • Campylobacter
  • 7 - Д әріс: Патогенді және шартты патогенді энтеробактериялар. Эшерихиялар
1/27

Первый слайд презентации: 7 - Д әріс: Патогенді және шартты патогенді энтеробактериялар. Эшерихиялар. Шигеллалар. Салмонеллалар. Тырысқақ

Изображение слайда

Слайд 2: Жалпы сипаттамасы

Enterobacteriaceae тұқымдастығы көптеген патогенді және шартты-патогенді бактериялардан тұрады 20 астам туыстастықтар кіреді. Көбінесе адамдарда ауру қоздыратын бактериялар кіретін туыстастықтар: Эшерихиялар ( Escherichia ) Шигеллалар ( Shigella ) Салмонеллалар (Salmonella ) Иерсениялар (Iirsinia) Оларуың барлығы Гр - теріс таяқшалар.

Изображение слайда

Слайд 3

Эшерихиоздар - Escherichia coli тудыратын аурулар. Ішек таяқшасын Т. Эшерих ашты (1885). E.coli-дің маңызы. Ішек таяқшасы – тоқ ішектегі қалыпты микрофлораның өкілі; бірқатар пайдалы қызметтер атқарады: Ішек ауруын тудыратын бактерияларға антагонист В, Е, К топтағы витаминдерді синтездеуге қатысады Клетчатканы жартылай ыдыратады Қоршаған орта нысандарының фекалды ластануын анықтау үшін санитарлық-көрсеткіш микроорганизмі ретінде қолданады. E.сoli адам ағзасына зиян келтіруі мүмкін. Тоқ ішекте мекендейтін шартты-патогенді штамдары ағзаның иммунды жүйесі әлсірегенде асқорыту жолынан тыс әртүрлі іріңді-қабыну ауруларды тудыруы мүмкін: циститтер, отиттер, менингиттер, тіпті коли-сепсис. Бұл ауруларды парентералдық эшерихиоздар деп атайды.

Изображение слайда

Слайд 4

E. сoli-дің патогенді штамдары ағзаға сырттан түсіп энтералды (ішектік, эпидемиялық) эшерихиоздар - колиэнтерит деп аталатын ауруларды таратады. E. сoli-ді 4 серологиялық топтарға бөледі: Энтеротоксигенді ішек таяқшалары ( ЭТІТ) - балаларда тырысқақ тәрізді ауру; Энтероинвазивті ішек таяқшалары (ЭИІТ) - дизентерия тәріздес ауру; Эннтеропатогенді ішек таяқшалары (ЭПІТ) - бір жасқа дейінгі сәбилерде диарея (іш өту); Энтерогеморрагиялық ішек таяқшалары (ЭГІТ) - қантышқақ, гемолитикалық уремия, тромбоцитопениялық пурпура. Ересек адамдар да ауырады, оларда эшерихиоз, тырысқақ немесе дизентерия түрінде жүруі мүмкін. Сонымен қатар, E.coli тағамдық токсикоинфекцияның себепкері болуы мүмкін.

Изображение слайда

Слайд 5: Таксономиясы. E.сoli - Enterobacteriaceae тұқымдастығының Gracilicutes бөліміне жататын Escherichia тобының негізгі өкілі

Морфологиялық және тинкториалдық қасиеттері. E.сoli екі шеттері жұмырланған, ұсақ, грам теріс таяқшалар, жағындыда бейберекет орналасқан, спора түзбейді, кейбір штамдары микрокапсулаға ие, перитрихтар; талшықтардан басқа, кейде пили (кірпікшелер) анықталады.

Изображение слайда

Слайд 6

Дақылды өсіру. Ішек таяқшасы - факультативті анаэроб, қоректік ортаға талғамсыз, 37ºС-та және рН 7,2-7,4 болатын қарапайым қоректік орталарда жақсы өседі, сұйық ортада диффузды лайлану түрінде өседі және тығыз қоректік орталарда кәдімгі колониялар түзеді. Эшерихиоз диагноз қою үшін Эндо, Левин және т.б. дифференциалды-диагностикалық орталар кең қолданылады.

Изображение слайда

Слайд 7

Микробиологиялық диагностикасы. Зерттеуге арналған негізгі материал - нәжіс. Негізгі әдіс – бактериологиялық әдіс. Диагноз қою алынған таза дақылдың түрі (грам теріс таяқшалар, оксидазатеріс, глюкоза мен лактозаны қышқыл мен газға дейін ыдыратады, индол түзеді, күкіртсутекті түзбейді) мен тегін анықтап қана қоймай, оның қай серологиялық топтарға жататындығын айқындайтын бактериологиялық әдістің көмегімен жүзеге асырылады. Түрішілік идентификация серологиялық топты анықтауға, яғни шартты-патогенді ішек таяқшаларды диареегенді таяқшалардан ажыратуға мүмкіндік береді; антибиотикограмманы міндетті түрде анықтаумен жүргізіледі. Эпидемиологиялық маңызы бар түрішілік идентификациялау диагностикалық адсорбцияланған агглютинациялық иммунды сарысулардың көмегімен анықталады (кесте).

Изображение слайда

Слайд 8

Изображение слайда

Слайд 9: Шигеллалар ( б актериялды дизентерияның ) микробиологиялық диагностикасы

Бактериалды дизентерия немесе шигеллез – көбінесе тоқ ішекті зақымдайтын Shigella туыстастығының бактериялары тудыратын жұқпалы ауру. Туыстастықтың аты дизентерия қоздырғыштарының бірін ашқан К. Шиганың есімімен байланысты.

Изображение слайда

Слайд 10

Таксономиясы және жіктелуі. Дизентерия қоздырғыштары Gracilicutes бөліміне, Enterobacteriаceae тұқымдастығына, Shigella туыстастығына жатады. Шигеллалардың халықаралық жіктелуі Тобы Түрдің аттары Нұсқалары (варианттары) А Б C D Shigella dysenteriae Shigella flexneri Shigella boydii Shigella sonnei 1-12 (серологиялық) 1-9 (серологиялық) 1-18 (серологиялық) 1 серологиялық, 7 (биохимиялық)

Изображение слайда

Слайд 11

Морфологиялық және тинкториалдық қасиеттері. Шигеллалар - грам теріс, шеттері жұмырланған таяқшалар, спора түзбейді, талшықтары жоқ, қозғалмайды. Көптеген штамдарда түктер мен жыныстық кірпікшелер анықталады. Кейбір шигеллалар микрокапсулаға ие.

Изображение слайда

Слайд 12

Дақылды өсіру. Дизентериялық таяқшалар - факультативті анаэробтар. Олар қоректік орталарға талғамсыз, 37ºС-та және рН 7,2-7,4 болатын қарапайым қоректік орталарда жақсы өседі. Тығыз ортада ұсақ мөлдір колониялар, ал сұйық ортада диффузды лайлану түзеді. Шигеллаларды өсіру үшін байыту ортасы ретінде көбінесе селенит сорпасын қолданады.

Изображение слайда

Слайд 13

Микробиологиялық диагностикасы. Зерттелетін материал ретінде науқастың нәжісін алады. Диагноз қоюдың негізі -бактериологиялық әдіс болып табылады. Қоздырғышты идентификациялайды, оның антибиотиктерге сезімталдығын анықтайды және түрішілік идентификациясын (биохимиялық, серологиялық немесе колициногендік варианттарын анықтау) жүргізеді. Зерттеу материалын құрамында лактозасы бар дифференциалды-диагностикалық қоректік орталарға егеді. Тасымалдаушыларды анықтау үшін нәжісін міндетті түрде селенит сорпасына себеді, содан кейін, өскен дақыл тығыз дифференциалды-диагностикалық орталарға себу арқылы анықталады. Ұзаққа созылған дизентерия кезінде қосымша тәсіл ретінде серологиялық әдісті қолданады ( АР, ГАТР). Антидененің титрінің өсуі бойынша реакцияны қайталап қойғанда диагнозды дәлелдеуге болады.

Изображение слайда

Слайд 14

Емдеуі. Григорьев-Шиг шигеласы қоздырған дизентерияның ауыр түрлерімен ауырған науқастарды міндетті түрде антибиотикограммаларды есепке ала отырып, кең спектрлі әсері бар антибиотиктермен емдейді. Дизентерияның жеңіл түрінде антибиотиктерді пайдаланбайды, себебі оларды қолдану дисбактериозға ұшыратады. Сақтандыруы. Инфекцияның алдын-алу мақсатында пайдаланылатын жалғыз препарат - дизентериялық бактериофаг болып табылады. Негізгі маңызды орынды бейспецификалық алдын алу алады.

Изображение слайда

Слайд 15

Салмонеллалар. Іш сүзегі мен А және В парасүзектері – сәйкесінше Salmonella typhi, Salmonella paratyphi, Salmonella schottmuelleri тудыратын жұқпалы аурулар, олардың патогенетикалық және клиникалық белгілері ұқсас, ішектің лимфа жүйесінің зақымдалуымен, айқын интоксикациямен сипатталады. Salmonella туыстығының атауы Д. Сальмон есімімен байланысты (1885 ж).

Изображение слайда

Слайд 16

Таксономиясы. Іш сүзегі мен А және В парасүзек қоздырғыштары Gracilicutes бөліміне, Enterobacteriаceae тұқымдастастығына, 2000-нан астам түрлері бар Salmonella туыстастығына жатады. Морфологиясы мен тинкториалдық қасиеттері. Салмонеллалар өте ұсақ, грам теріс, ұшы жұмырланған таяқшалар. Жағындыда шашыранды орналасқан. Спора түзбейді, микрокапсуласы бар, перитрихтер.

Изображение слайда

Слайд 17

Дақылды өсіру. Салмонеллалар - факультативті анаэробтар. Олар қоректік орталарға талғамды емес және 37 ºС температурада, рН 7,2-7,4 қарапайым орталарда ешбір ерекшеліксіз өсе береді. Элективті орта-өт сорпасы болып есептеледі. Іш сүзегіне диагноз қою барысында басқа ішек инфекциялары сияқты Эндо, Левин, висмут-сульфитті агар және т.б. дифференциалды- диагностикалық қоректік орталар қолданылады. Тығыз қоректік орталарда R- және S-колониялар түзеді, сұйық қоректік орталарды біркелкі лайландырады. S-пішінді колониялары орташа көлемді, жылтыр, жартылай мөлдір, көгілдір түсті. S. paratyphi В тығыз қоректік ортада кілегейлі төмпешік түзеді. Науқастан алынған қанды себуге сұйық байыту ортасы - өт сорпасы қолданылады, ал қосымша басқа микрофлорасы бар материалды (нәжіс, өт, несеп) себуге – селенит сорпасы қолдалынады. Лактозасы бар дифференциалды-диагностикалық қоректік орталарда салмонеллалар түссіз колониялар, ал висмут-сульфитті агарда – қара колониялар түзеді.

Изображение слайда

Слайд 18

Иммунитеті. Аурудан кейін тұрақты және ұзақ мерзімді иммунитет пайда болады. Микробиологиялық диагностикасы (кесте). Зерттелетін материал ретінде қан, құсық, асқазанның шайынды суы, зәр, нәжіс алынады. Диагноз қоюдың негізгі түрі - қоздырғыштың бөлінген таза дақылының түрішілік идентификациясымен аяқталатын, фаговарын анықтайтын бактериологиялық әдіс болып табылады. Бөлінген дақылдарды идентификациялау үшін диагностикалық О- және Н-сарысулардың толық жиынтығы қажет. Сонымен қатар, қосымша маңыздылығы бар серологиялық әдіс те қолданылады – Видаль агглютинациялық реакциясы, ЖГАР.

Изображение слайда

Слайд 19

Тұқымдастығы: VIBRIONACEA Е- 4 туысы Туыс : Vibrio Түрі (21 түрі ) Аса маңызды : - V.cholerae - V.parahaemolyticus - V. vulnificus V. anguilarum V. fischeri Тырысқақ.

Изображение слайда

Слайд 20

*Тырыс қақ - өте қауіпті жұқпалы ауру, ащы ішектің зақымдалуымен, су-тұз алмасуының бұзылуымен және жалпы интоксикациямен сипатталады. *Тырысқақ вибрионын 1883 жылы Кох ашты. *Індетті Vibrio cholerae О1 және О139 серологиялық топтарының өкілдері тудырады. 1906 ж – У.Готшлихтер Эль-Тор вибрионын ашты. Тырысқақ.

Изображение слайда

Слайд 21

МОРФОЛОГИЯСЫ Үтір тәрізді иілген таяқшалар, ұсақтау. Қозғалмалы ( монотрих ) Спора (-) Капсула (-) Полиморфизм тән. Ескі дақылдарда – дәндер, шарлар, колботәріздес ұлғаю, L- пішін.

Изображение слайда

Слайд 22

ДАҚЫЛДЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ Қоректік орталарға талғамсыз Қарапайым қоректік орталарда жақсы өседі Сілтіге төзімді Аэроб тар немесе факультатив ті анаэроб тар Колони ялары аспан көк түсті, ұсақ Тез өседі ( сұйық орталарда – 6-8 сағ. ) 1% пептон ды суда – нәзік көгілдір қабықша түзіп лайлану Сыртқы ортада төзімді – төмен температура да - 4-6 апта Электив ті орталары 1. Пептон ды су - 6 сағаттан кейін қабықша пайда болады. 2. Сілтілі агар - ұсақ, аспан көк түсті колониялар түзеді. 3. TCBS агарында сары түсті колониялар түзейді.

Изображение слайда

Слайд 23: Микробиологиялық диагностикасы

Барлық жұмыстар арнайы лабораторияда үздіксіз тәулік бойы қатал режимде жүргізіледі. 1.  Бактериологиялық - негізгі әдіс 2.     Жедел-диагностика- ИФР, ИФТ, ПТР, 3.     Молекулярлы-генетикалық әдіс

Изображение слайда

Слайд 24

1. Грам әдісімен бояу 2. люминесцентті микроскопия 3. 1% пептонды суға себу 4. сілтілі агары бар табақшалар Монсур қоректік ортасы Тиосульфатцитраттысахарозалы агар (ТСЦС) 1 кезең 6 - 8 сағаттан соң Сілтілі судағы өсуді зерттеу 2-ші пептондық суға қайталап егу Грам әдісімен бояу Ілінген тамшы (қозғалысы) 2 кезең

Изображение слайда

Слайд 25

3 кезең 12-14 сағ кейін Колонияларды зерттеу Сілтілі агарда – S пішінді, аспан көк түсті, мөлдір. Монсур ортасында – сұр-қара ТСЦС – сары колониялар Грам әдісімен бояу 4 кезең 18-24 сағаттан кейін таза дақылдың қасиеттерін зерттейді АР О-тырысқақ сарысуымен және типтелген сарысулармен (Огава және Инаба т.б.) 5 кезең Идентификациялау үшін дақылдарды таңдау 6 кезе ң 36-48 сағаттан кейін Тырысқақ вибрионының серотобын мен биовариантын анықтау

Изображение слайда

Слайд 26: Campylobacter

Туқымдастығы: Campylobacteriaceae Туыс Campylobacter өзіне 5 түрді біріктіреді Адамға патогенділері : C.jejuni - маңызы зор C.fetus C.coli C. pylori кейін Helicobacter туыстастығына біріктірген Антигендері : О-, Н 60-дан аса сероварлары бар. Campylobacter

Изображение слайда

Последний слайд презентации: 7 - Д әріс: Патогенді және шартты патогенді энтеробактериялар. Эшерихиялар

НАЗАР АУДАРЫП ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ !

Изображение слайда

Похожие презентации

Ничего не найдено