Слайд 2: Жоспары : 1. Асқорыту мүшелері 2. Ауыз қуысы 3. Жұтқыншақ 4. Өңеш 5. Асқазан
Слайд 3: Ас қорыту жүйесі ( көне грекше : systema digestoria ; көне грекше : systema — бүтін, байланысқан, жүйе;лат. digestoria — асқорыту ) - адам мен жануарлар организмдеріндегі асты ( азықты ) қабылдау, өндеу,қорыту, сіңіру және жын қалдығын сыртқы ортаға шығару қызметтерін атқаратын мүшелердің жүйесі. Асқорыту жүйесі түтік тәрізді мүшелерден және ас қорыту бездерінен тұрады. Филогенездік және онтогенездік тұрғыдан асқорыту жүйесін төрт бөлімге бөледі : бас бөлімді — ауызжұтқыншақ ( аран ), алдыңғы бөлімді - өңеш пен қарын ( асқазан ), ортаңғы бөлімді — ащы ішектер (он екі елі ішек, аш ішек, мықын ішек ) мен ірі асқорыту бездері ( ұйқы безі, бауыр ), артқы бөлімді - жуан ішектер ( бүйен, тоқ ішек, тік ішек ) құрайды
Слайд 4
Ауыз қуысы. Ауыз қуысы ( cavum oris ; лат. cavum — қуыс ; or — ауыз ; грек, stoma — ауыз қуысы ) — ас ( азық ) корыту жүйесі бас бөлімінің алдыңғы бөлігі. Ауыз қуысының сүйектік негізінен : тұмсық сүйек, жоғарғы жақ сүйек, тандай сүйек, төменгі жақ сүйек, тіл асты сүйек құрайды. Ауыз қуысының жоғарғы және төменгі еріндер аралығындағы кіреберіс тесігін — ауыз саңылауы, ал оның тіл түбірі мен жұмсақ таңдай аралығындағы жұтқыншаққа шығатын тесігін — есін деп атайды. Ауыз қуысының алдыңғы сыртқы қабырғасын — жоғарғы және төменгі ерін, ішкі қабырғасын — күрек тіс пен қызыл иек, екі бүйірінің сыртқы қабырғасын — оң және сол ұрт, ішкі қабырғасын — оң және сол жақтағы азу тістер мен қызыл иек, төбесін — қатты және жұмсақ тандай, ал төменгі жақаралық кеңістікте орналасқан ауыз қуысының түбін тіл құрайды.