Слайд 3: Expo -2017 көрмесі жайында айтып кететін болсам
Кезекті «Экспо-2017» халықаралық көрмесін өткізу мәртебесі Қазақстанымыздың елордасы Астана қаласына бұйырғаны баршамызға мәлім. 2012 жылдың 22 қарашасында Францияның астанасы Париж қаласында өткен Халықаралық Көрмелер Бюросынің (ХКБ-нің) EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында белгілі болды. Expo -2017 көрмесі жайында айтып кететін болсам
Слайд 4
Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша ХКБ-ның 103 мүше-мемлекеті Астана қаласына дауыс берсе, біздің бәсекелесіміз бельгиялық Льеж қаласы 44 дауыс жинаған. Біздің елдің ұйымдастырушыларының тарапынан ұсынылған Future Energy, яғни Болашақ қуаты тақырыбы сарапшылардың көпшілігінің көңілінен шығып, « Экспо-2017 » халықаралық көрмесінің тақырыбы ретінде қолдау тапты. Қазақстан тарапынан барған ұйымдастырушылар Астанада өткізілетін « ЭКСПО-2017 » көрмесінінің басты тақырыбы ретінде « Болашақтың энергиясы » атты тақырыпты ұсыну себебі, ол ең алдымен, баламалы энергия көздерін дамытуды қоса алғанда, энергетикадағы сапалы өзгерістер жолы мен оны тасымалдау тәсілдерін іздестіруге бағытталғандығы болып табылды.
Слайд 18
Экспо мұражайында жиналған бүкіл 166 жылдық тарихы бар экспонаттар — бұл ғажайып және технологиялық прогресс кезеңдеріндегі уақыт саяхаты. ЭКСПО-ның дәстүрлі бастауы 1851 жылы Лондон қаласында өткен Халықаралық көрмесі болды. Ол Гайд саябағында өтті және оның негізгі тартуы темір мен шыныдан жасалған x рустальды сарай болды. 1889 жылғы Парижде өткен Дүниежүзілік көрме Францияға өзінің символын сыйлыққа берді — ол Эйфель мұнарасы. Аталмыш көрмеде революциялық технологиялық инновациялар енгізілді. Олар : автомобиль, телефон, компьютер, IMAX, электрондық микроскоп.