АСТРОНОМИЯ — презентация
logo
АСТРОНОМИЯ
  • АСТРОНОМИЯ
  • АСТРОНОМИЯ
  • АСТРОНОМИЯ
  • АСТРОНОМИЯ
  • АСТРОНОМИЯ
  • АСТРОНОМИЯ
  • АСТРОНОМИЯ
1/7

Первый слайд презентации

АСТРОНОМИЯ

Изображение слайда

Слайд 2

Астрономия— ғарыштық денелердің құрылысы, дамуы, олар құрайтын ғарыштық жүйелер және тұтас Ғалам туралы ғылым. Астрономия ғарыш кеңістігіндегі жекелеген денелерді немесе денелер жүйелерін, олардың құрылысын, пайда болуын және динамикасын, сондай-ақ, оларда болып жатқан құбылыстарды зерттейді.

Изображение слайда

Слайд 3

Аспан денелеріне жұлдыздар ( соның бірі - Күн ), планеталар ( соның бірі - Жер ), планеталардың серіктері ; мысалы, Жер серігі - Ай, сондай-ақ кометалар, метеориттер жатады. Сондай-ақ, ғаламшараралық, жұлдызаралық ортаны, пульсарларды, қара құрдымдарды, тұмандықтарды, галактикаларды, квазарлард және т.б. зерттейді.

Изображение слайда

Слайд 4

Қазіргі заманғы астрономия аспан денелерін зерттеудің тәсіліне қарай бірнеше бөлімге бөлінеді. Астрометрияда аспан объектілерінің орындары мен қозғалысы анықталады, Жердің айналу заңдылықтары зерттеледі, астрономиялық тұрақты шамалардың мәндері анықталады. Сфералық астрономияда аспан нысандарының орны мен қозғалысы математикалық тәсілдермен анықталады.

Изображение слайда

Слайд 5

Астрономия - табиғат туралы көне ғылымдардың бірі. Оның дамуына ертедегі адамдардың тұрмыс тіршілігіне байланысты қажеттілік себеп болды. Ол кезде уақытты, бағыт-бағдарды дәл көрсететін құралдар мен жабдықтар болмаған. Сондықтан да адамдар Күн мен Айға, аспандағы жұлдыздарға қарап жыл мерзімі мен уақытты айыратын болған

Изображение слайда

Слайд 6

Қазақстанда Іле өзенінің орта ағысындағы Малайсары адырының батыс тұсын біздің заманымыздан бұрынғы 5 ғасырда жарты сақина түріндегі тастардан қаланған қорған табылды. Батыс және шығыс тұстардағы екі қорған арасындағы тік сызық жазғы күн тоқырауы, солтүстік және шығыс қорғандар арасындағы тік жазық қысқы күн тоқырауы сәтіндегі Күн сәулесіне сәйкес келеді. Орталық Қазақстандағы Толағай тауының маңындағы қорғанның оңтүстік және солтүстік үштағандарының ұшында қосымша үйілген тас қорғандар арқылы жыл мезгілдерінің басталуы, Ай мен жұлдыздардың тоғысулары анықталып отырған.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: АСТРОНОМИЯ

Назарларыңызға рақмет!!!

Изображение слайда

Похожие презентации

Ничего не найдено