Слайд 2
Мақсаты: Тәрбиелік: Ұлттық салт –дәстүрін, әдеп –ғұрпын құрметтеуге тәрбиелеу. Дамытушылық: Салт – дәстүр арқылы балалардың бойына мәдени, рухани және адамгершілік құндылықтарды дарыту. Оқыту: Ата –бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық салт-дәстүр мен мәдениет туралы түсінік беру.
Слайд 3
Шілдехана Шілдехана шілделік, шілде күзет – өмірге келген нәрестенің құрметіне жасалатын той. Мал шаруашылығымен айналысқан қазақ халқы адам өмірге келгеннен кейін, жақындарына сүйінші сұрап жаушы жібереді. Сүйінші хабарды жеткізгендер ұл туса – “ат ұстар” немесе “жылқышы”, қыз туса – “көйлек тігер”, “қырық жеті” немесе “сауыншы туды” деп хабарлаған. Одан кейін туған-туыстар, көршілер және алыс-жақын ағайындар Шілдеханаға жиналады да “бауы берік болсын” деп тілек айтып, шашу шашып келеді.
Слайд 4
Бала дүниеге келгенде әр саналы отбасы оған жарасымды әрі әдемі есім беруге тырысады. Кейбірі заманына сай, ел арасында кең таралған, заманауи есімдерді қойып жатса, кейбірі ата-бабаларының, ұлы тұлғалардың есімін, кейбірі ежелгі есімдерді қояды. Ат қою
Слайд 5
Бес ікке салу Бесікке салу — нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі. Бесікке саларға шақырылған ауыл-үйдің әйелдері шашуын, жол-жоралғысын ала келеді. Баланы алғашқы бөлеу үлгілі ұрпақ өсірген қадірменді әйелге тапсырылады. Ол өзінен басқа тағы бір-екі келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды, сәбидің әжесі не шешесі түбектің тесігінен балаларға тәтті үлестіреді. Осыдан кейін бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бесікке салған әйелдерге көйлек, жаулық сияқты сый тартылады. Үлкендер батасын беріп, баланың ер жетуіне, ананың үбірлі-шүбірлі болуына тілектестік білдіреді. Және Бесік жыры айтылады
Слайд 6
Қырқынан шығару Қырқынан Шығару – сәби дүниеге келгеннен кейін қырық күн өткенде орындалатын ғұрып. Қалыптасқан дәстүр бойынша нәрестенің қарын шашын ер кісі алған, ұрпағы өсіп-өнген қария әже 40 қасық суды баланың үстіне құйып тұрып “30 омыртқаң жылдам бекісін, 40 қабырғаң жылдам қатсын” деп тілек айтқан. Баланы Қырқынан Шығару тойына жиналған адамдардың әрқайсысы нәрестені шомылдыратын ыдысқа ырымдап 40 қасық су құяды, шомылдырған ыдысқа “Күні күмістей жарқырап тұрсын” деп күміс сақина, жүзік сияқты әшекейлер салынады. Шомылдыруға көмектескен әйелдер сақиналарды өзара бөліседі. Қария анаға көйлектік мата, шашын алған ер кісіге тақия, т.б. сыйлықтар беріледі. Қарын шашты шүберекке түйіп, бөбек киімінің иығына қадап қояды. Өнерлі әйелдердің біріне “Он саусағы майысқан шебер, өнерлі болсын” деп баланың тырнағын алғызады
Слайд 7
Тұсау кесер Тұсаукесер – сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл ала жіп аттамасын деген ұғымнан шыққан. Сол жіппен баланың аяғын тұсап, оны жүріс-тұрысы ширақ әйелге қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарға баланың тұсауын кестірмейді. Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап жүгіртеді, шашу шашылады. Баланың ата-анасы тұсау кесушіге кәдесін береді. Тұсау кесу тойының негізгі жабдықтары 1,5 м ала жіп, өткір қайшы немесе пышақ. Тұсаукесердің жібін дайындаудың бірнеше түрлері, жолдары, сенімдері де бар. Көбейіп, көгере берсін деп көк шөптен есіп жасайды. Бай болсын деп малдың тоқ ішегінен де өреді. Адал болсын деп ала жіптен де жасайды
Слайд 9
Ашамайға мінгізу Қазақтың бала өсіру және тәрбиелеуге қатысты ертеден келе жатқан дәстүрлерінің бірі - "ашамайға мінгізу". Бұл ғұрып қазақ арасында балалардың жас-жыныстық жағынан жіктелуін айғақтайтын тіршілік цикліне қатысты салттарының бірі. Қыз балаға тұлым қою, құлақ тесу рәсімдері өткізілсе, ер балаларды сүндетке отырғызып, айдар қойып, алғаш рет атқа мінгізу рәсімін өткізген.
Слайд 11
Тілашар Ауылдың ділмар, шешен ақсақал қарияларын шақыру - бүлдіршіннің тілі жеке –жеке сөздерді айтуға икемделе бастаған кеде тілі тез шығу үшін дәстүрлі «тілашар тойы»жасалады. Мал сойылып, ауылдың ділмар, қариялары арнайы шақырылады. Балаға қойдың тілін жегізу - олар «Тілің тез шықсын!»деп, сәбиге қойдың тілін жегізеді, Ақсақалдардың ақ батасын алу - Осыдан соң ақсақалдар «Сандуғаштай сайрап кет!», «Жиреншедей көсем бол, Жәнібектей көсем бол!»деген секілді ақ баталарын беріп тарқасады.