Первый слайд презентации: Әуе көлігінің жүк тасымалы
Орындаған: Қаппаров Б. Тексерген: Махашева І.
Слайд 2: Әуе көлігі
Әуе көлігі — көліктің ең жаңа және қарқынды дамып келе жатқан түрі. Әуе көлігі көбінесе жолаушы тасымалы мен тез бұзылатын ( жемістер мен көкеністер ) жүктерді тасымалдауда үлкен маңыз алуда. Соңғы жылдары турбовинтті және реактивті ұшақтардың енгізілуі әуе көлігінің тиімділігін арттыруда. Олардың қатарында көбінесе халықаралық әуе тасымалын қамтамасыз ететін "Боинг— 747" (АҚШ), "Ил—86" ( Ресей ), "Аэробус" (ГФР— Франция — Ұлыбритания ), жылдамдығы 2—3 мың км/ сағ-қа жететін "Конкорд" (Франция — Ұлыбритания ) ұшақтары бар. Әуе көлігі ең күшті дамыған ел — АҚШ, ол дүниежүзіндегі жолаушылардың 50%-ын тасымалдайды. Дүниежүзіндегі ең ірі әуежайлар: "О' Хара " (Чикаго), Даллас, Лос-Анджелес, Атланта, " Хитроу " (Лондон), " Ханеда " (Токио) және т.б.
Слайд 3: Әуе жүк тасымалын ұйымдастыру
Әуе көлігі — әуемен жолаушылар, пошта және жүк таситын Әуе көлігі Америка мен Еуропаның бірқатар елдерінде 1-дүниежүзілік соғыстан Әуе тасымалдары ― ең аз талап етілетін көлік түрі. Әуе тасымалдауларының ерекшелігі – оларды тәртіп бойынша, тұрақты түрде Қазақстандағы әуе көлігі Қазақстанға тұңғыш ұшақ 1918 жылы 9 қаңтарда ұшып келді. Қазақстан КСРО құрамында болған жылдары еліміздің әуе жолдарында Қазіргі кезде 21 Республикасы әуежай, 10 облысы және 1996 жылы әуе жолы басқармасы автоматтандырылған жүйесінің Алматы
Слайд 4
Әуе көлігі – әуе тасымалын орындайтын көлік түрі. Басқа көлік түрлерінен айырмашылығы – жылдамдығында. Әуе көлігі Америка мен Еуропаның бірқатар елдерінде 1-дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болды. Қазақстанға тұңғыш ұшақ 1918 ж. ұшып келді (Мәртөк – Новосергеевка бағытында ).1923 ж. “ Добролет ” қоғамы құрылып, ол әуе поштасы мен жолаушылар тасымалдау ісін ұйымдастыруды қолға алды. 1924 ж. “Ю-13” ұшағымен Ташкент – Алматы, Алматы – Ташкент бағытында бірінші рет ұшу сынағы өткізілді. 1925 ж. Бішкек – Алматы әуе жолымен алғашқы пошта тасымалы жасалды. 1929 ж. Қызылорда – Мәскеу әуе жолы ашылды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін бірнеше әуе компаниялары (“Эйр Қазақстан ”, “Эйр Астана”) құрылды. Әуе компаниялары ішкі және халықаралық жолаушылар, пошта, жүк тасымалдауды, т.б. орындайды.
1. "Жүктерді әуе көлігімен тасымалдау жағдайына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар " санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормалары ( бұдан әрі - санитарлық ереже ) жүктерді авиациялық көлік құралымен, тағамдық азық-түліктерді, ылғалды және қауіпті жүктерді әуе көлігімен тасымалдау жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді. 2. Осы санитарлық ережеде мынадай терминдер және оның анықтамасы пайдаланылды : 1) багаж - әуе кемесінің бортында тасымалданатын мүлік, жолаушылардың немесе экипаждың заттары ; 2) жүк - әуе кемесінің бортында тасымалданатын кез-келген мүлік ; 3) медициналық ( санитарлық ) тексеріс - медициналық-санитарлық құжаттарды, көліктерді тексеру, сұрау жүргізу және керек болған жағдайда экипажды ( бригадаларды ) және жолаушыларды медициналық тексерістен өткізу ; зертханалық тексеріс жүргізу үшін сынамаларды алу ; 4) пошталық жүк - жазбаша корреспонденция, посылкалар, пошталық контейнерлер, сондай-ақ сәйкесті орамдағы баспа басылымдар ; 5) қауіпті жүк – тасымалдау, тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу және сақтау кезінде қоршаған ортаға зиян тигізуі, әуе кемесінің, құрылғылардың, ғимараттардың және құрылыстардың жарылуына, өртіне немесе бұзылуына, сондай-ақ адамдардың, жануарлардың және құстардың өлуіне, жарақаттануына, улануына, күюіне немесе ауыруына себеп болуы мүмкін өндіріс және өзге де қызметтің заттары, материалдары, өнімдері, қалдықтары ; 6 ) ылғал жүк - құрамында сұйықтық бар жүк, немесе табиғатында өздігінен сұйықтық бөлетін немесе сұйықтық түзетін жүк ( ылғал өткізбейтін контейнердегі сұйықтық, орамсыз шикі ет, қатырылған балық, жануарлардың ішек-қарыны, терісі, су өткізбейтін контейнердегі тері және тірі жануарлар ); 7) көлікті-экспедициялық ұйым және пошта тасымалдау бөлімшесі – оператордың авиациялық тасымал және пошта қызметін ұсынуға арналған және жабдықталған тасымал процесіне ( жүктерді тасымалдау және пошта желісі ) қатысушылардың өндірістік бірліктері ; 8) орам – азық-түліктердің бүлінуі мен зиян келуін сақтауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ азық-түліктерді тасымалдауды, сақтауды және сатуды жеңілдететін заттар және заттар жиынтығы.
Слайд 6
3. Жүк, багаж ( қауіпті жүктер тізбесінде көрсетілген кез-келген сұйықтықтар мен жүктерді тасымалдаудан басқа ) жолаушылар және жүк тасымалдайтын әуе көліктерінің багаж-жүк қоятын орнымен тасымалданады. 4. Сертификаттауға жататын тасымалданатын жүктер және тауарлар жүктің қауіпсіздігін куәландыратын сәйкестік сертификатымен бірге болуы тиіс. 5. Халықаралық әуе жайларда ұсталған жүктер санитарлық-карантиндік бақылауға жатады. 6. Өткізу пункттеріндегі санитарлық-карантиндік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар әуе көлігінде адам денсаулығы үшін қауіпті болып табылатын, жүк және ауру белгісі бар науқастың бар екендігі туралы ақпарат түскен жағдайда Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2798 болып тіркелген "Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын санитарлық қорғау " санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормаларын бекіту туралы " Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 30 наурыздағы N 297 бұйрығына сәйкес әуе кемесі медициналық (санитарлық ) тексеруге жіберіледі. 7. Тасымалданатын жүктің қауіпсіздігін анықтау үшін және эпидемиологиялық көрсеткіштер болған кезде "Қазақстан Республикасының аумағын және шекарасын санитарлық қорғауды қамтамасыз ету және санитарлық-карантиндік бақылауды іске асыру Ережесін бекіту туралы " Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қарашадағы N 1168 қаулысына сәйкес әуе көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының лауазымды тұлғалары жүкке және багажға санитарлық-эпидемиологиялық сараптама белгілейді. 8. Адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін қауіп тудыратын ұсталған жүктердің одан арғы мәселесі туралы шешім " Өнім мен тауарлар сатуға және пайдалануға жарамсыз деп танылған жағдайда оларды жою немесе одан әр i қайта өңдеу тәрт i б i н бекіту туралы " Қазақстан Республикасы Үк i мет i н i ң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1891 қаулысына сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы негізінде қабылдануы тиіс. 9. Қашықтығы шектелмеген қолмен тиеу кезінде ауыр жүктің орнын ауыстырумен байланысты үзіліссіз жұмыс жағдайында көтеретін және орнын ауыстыратын жүктің шекті рұқсат етілген массасы ерлер үшін 50 килограммнан ( бұдан әрі – кг) аспауы тиіс. Ерлерге 60 метрден ( бұдан әрі - м) артық емес қашықтықта немесе 3 м-ден артық емес биіктікте жатқан 50 кг-нан аспайтын жүкті көтеруге рұқсат етіледі. Бір жұмысшыға 80 кг-нан артық жүкті көтеруге рұқсат етілмейді. Әйелдер үшін көтерілетін жүктің салмағы 20 кг-нан, екі әйелге – 50 кг артпауы тиіс.
Слайд 7
10. Санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен қамтамасыз ету, жеке қорғаныш құралын, арнайы киімді, арнайы аяқ киімді беру, сақтау және пайдалану N 334 бұйрықтың талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс. 11. Кезекші бригаданың демалыс үй-жайында жиһаз қарастырылуы тиіс. 12. Тамақтану объектілері ( асхана, буфеттер ) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2526 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 25 шілдедегі N 569 бұйрығымен бекітілген "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар " санитарлық ережесі талаптарына сәйкес болуы тиіс. 13. Жұмысшыларға әлеуметтік тамақ беру және тамақ ішу бөлмесінің ауданы әрбір келушіге 1 шаршы метрден ( бұдан әрі - м 2 ), бірақ кемінде 12 м 2 құрауы тиіс. Ол өндірістік үй-жайлардың сыртына орналасуы және жеткілікті отырғызу орнымен, тоңазытқышпен, шкафпен, қолжуғышпен жабдықталуы тиіс. 14. Тиеу-түсіру жұмыстарымен және жүк әуе кемелеріне қызмет көрсетумен айналысатын жұмыскерлер Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2780 болып тіркелген " Алдын ала және мерзімдік медициналық қараулар міндетті зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесі мен Зиянды, қауіпті және қолайсыз өндірістік факторлардың әсеріне ұшыраған қызметкерлерді міндетті алдын ала және мерзімдік медициналық қарауларды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 12 наурыздағы N 243 бұйрығы, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2556 болып тіркелген "Халықтың декреттелген тобына міндетті түрде медициналық тексерулерді жүргізу ережесін бекіту туралы " Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 20 қазандағы N 766 бұйрығы талаптарына сәйкес міндетті алдын ала және ағымдық медициналық қараулардан өтуі, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2531 болып тіркелген "Халықтың декреттелген тобын гигиеналық оқытуды ұйымдастыру мен жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы " Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 17 қыркүйектегі N 688 бұйрығына сәйкес гигиеналық оқудан өтуі тиіс. 15. Тиеу-түсіру жұмыстарымен айналысатын жұмыскерлерде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2575 болып тіркелген "Халықтың декреттелген тобы өкілдерінің жеке медициналық кітапшасының нысанын және жеке медициналық кітапшаны беру, есепке алу және толтыру ережесін бекіту туралы " Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 4 қарашадағы N 816 бұйрығымен бекітілген, белгіленген үлгідегі жеке медициналық кітапшасы болуы тиіс.