Первый слайд презентации: Бағдарламалық жасақтама
Тапсырған: Жұмабай Бағлан Қабылдаған:Гүлнұр
Слайд 3
Бағдарлама – магниттік тасымалдаушыда файл түрінде сақталып, қолданушының бұйрығы бойынша компьютер зердесіне жүктеліп, орындауға арналған машина тіліндегі нұсқаулар жиыны. Компьютердегі бағдарламалық жасақтама құрамын бағдарламалық конфигурация деп атайды. Бағдарламалар арасында, физикалық буындар мен блоктар арасындағы сияқты байланыс бар – көптеген бағдарламалар өзінен төмен деңгейдегі басқа бағдарламаларға сүйеніп жұмыс істейді
Слайд 4
Ақпараттық технология екі құрылымнан тұрады: Аппараттық жасақтама ( Hardware ); Бағдарламалық жасақтама ( Software ); Үздіксіз өзарабайланыста жұмыс істейді
Слайд 5
Бағдарламалық жасақтама (БЖ) Аспаптық БЖ Қолданбалы БЖ Жүйелі БЖ Аппараттық жабдықтар жұмысын басқарып, жұмыс істеп отырған адамды қолданбалы бағдарламалармен байланыстырады. Бұл жаңа бағдарлама жазуға арналған бағдарламалық жүйелер. белгілі бір мамандық саласында нақты есептер шығара алатын программалар жиыны. Олар белгілі бір мақсатта пайдаланылатын және әмбебап болып екіге бөлінеді.
Жүйелік программалық жасақтаманың бір тобы операциялық жүйелер. ОЖ – компьютерлерді басқаруға арналған және қолданбалы программалармен байланысы бар нақты программа. Базалық деңгей – базалық аппараттық құрылғылармен байланысуға жауап береді. Ереже бойынша, базалық программлар базалық саймандар құрамына кіреді және тұрақты жадыда сақталады.
Слайд 7
Операциялық қабыршықтар Операциялық жүйелер Диагностика құралдары Дискілерді басқару және архиваторлар mouse.com keyb.sys display.sys Базалық БЖ Сервистік БЖ NC Windows 3.1 DOS Navigator Far Manager Желіні қамтамасыз ету Антивирустық және т.б. MS-DOS UNIX WINDOWS CP-M PC-DOS Жүйелі БЖ
Операциялық жүйе – бұл компьютерді іске қосқанда жүктелетін және оның барлақ құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы бағдарлама (Ермеков, Қараев 8 кл. оқу құралы). ОЖ – компьютердің аппараттық бөлігі мен қолданбалы бағдарламаларды, пайдаланушымен өзара әсерді басқаруды қамтамасыз ететін бағдарламалық орталардың жиынтығы (К.М. Беркінбаев оқулық). ОЖ – компьютер құрылғыларының үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырушы және түрлі бұйрықтарды орындауы арқылы пайдаланушының машина жұмысын басқаруына жеңілдік келтіруші жүйелік бағдарламалар. (О.Камардинов оқу құралы)
Слайд 9
Операциялық жүйе құрамы. базалық модуль (ОЖ ядросы) – файлдық жүйелер мен программа жұмыстарын басқарады, оған жетуге жол ашады және шеткі құрылғылар арасында файл алмасу; командалық процессор – пернетақта арқылы түсетін қолданушының бұйрықтарын ашып оқиды және орындайды; шеткі құрылғылар драйверлері – осы құрылғылардың жұмысының процессормен келістілігін программалы қамтамасыз етеді; қосымша сервистік программалар (утилиттер) – қолданушының компьютермен байланыс үрдісін көпжақты әрі ыңғайлы етеді. Операциялық жүйелердің басты қызметі – бұл ресурстарды басқару, ол басқаратын негізгі ресурс – компьютер аппаратурасы
Слайд 10: ОЖ интерфейстің бірнеше түрлерін қатамасыз етеді:
бағдарламалық-аппараттық интерфейс; бағдарламалық интерфейс; қолданушы интерфейсі. Интерфейс – (ағылш. inter – өзара, face – бет) қолданушы мен автоматты жүйенің орындаушы құралдарының арасындағы ақпарат алмасуды жоғарылату және орнату тәсілдері мен ортасы.
Слайд 11
ДК басқару “бұйрық жолына” пернелік арқылы арнайы бұйрықтарды енгізу арқылы жүргізіледі; Жұмысты ыңғайландыру үшін қабыршық-бағдарламалар қолданылады (DOS Novigator; Volkov Comander; DOS Shell). Графикалық емес ОЖ (MS DOS; Unix) Қолданушы интерфейсін іске асыруы бойынша ОЖ Графикалық ОЖ (Windows; BeOS; OS/2) Басқаруда арнайы монипуляторлар қолдануға мүмкіндік береді (тышқан); Интерфейсі тәжірибесіз қолданушының пайдалануына өте ыңғайлы.
Слайд 12
ОЖ-ді негізгі ерекшеліктеріне байланысты жіктеу : біресепті көпесепті; бірқолданушылы көп қолданушылы Көп есепті ОЖ бір мезгілде бірнеше бағдарламаларды іске қосуға мүмкіндік береді (Unix). Бір есепті ОЖ әрбір кезеңде компьютерде адамға бір ғана есепті шешуге, яғни бір ғана іспен айналысуға мүмкіндік береді. Бір қолданушылы ОЖ компьютерде тек бір ғана адамға жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Көп қолданушылы жүйеде әрбір қолданушы барлық информацияға және пароль енгізіп қана өзіне қатысты жеке информацияға қатынайды.
Слайд 13
Көп қолданушылы жүйелер, мысалы Unix, бір мезгілде бірнеше қолданушыға бір компьютерде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл жағдайда әрбір қолданушының жұмыс орнында терминал орнтылуы қажет. Әрқайсысы өз терминалындағы бірнеше қолданушы бір-біріне кедергі келтірмей, бірін-бірі байқамай бір мезгілде бір компьютермен жұмыс істей алады. Терминал компьютерден бірнеше метрде және бірнеше мың километрде орналасуы мүмкін.
Слайд 14
ОЖ жұмыс режимдері. пакеттік режимде (операциялық жүйе берілген бұйрықтар тізбегін автоматты түрде орындайды). сұхбаттық режимде (жұмысы процессорды үзу мен BIOS- ты үзуді қолдануға негізделген). Сұхбаттық режімде ож қолданушының бұйрығын күту жағдайында болады. Берілген бұйрықты орындап келесісін күту жағдайына көшеді. Осы аппараттық үзулерге сүйене отырып, операциялық жүйе өзінің жүйелік үзу кешенін құрады.