Первый слайд презентации: БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖӘНІБЕК АУДАНЫ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ «№1 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ» КММ
Оқушы: Сағынғали Элдар Жетекшісі: Махсотова Гүлсезім Ерланқызы
Слайд 2: Аннотация
Бұл жобада ауданымыздан шыққан тарихи тұлғалар мен ержүрек батырларымыздың ерлігі және олардың жүріп өткен жолдары туралы айтылады. Халықтың кешегісін келешегімен жалғастыра отырып, дәуірлердегі деректерді кейінгі ұрпаққа дәріптеу біздің міндетіміз.
Слайд 3: Мазмұны
I. Кіріспе ЖӘНІБЕК АУДАНЫНА ТАРИХИ ШОЛУ II. Негізгі бөлім а ) ЖӘНІБЕК АУДАНЫ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДА ә) ӨЛКЕДЕН ШЫҚҚАН ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРҒА АРНАП ОРНАТЫЛҒАН ЕСКЕРТКІШТЕР III. Қорытынды IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Слайд 4
ЖОБАНЫҢ МАҚСАТЫ : Туған жеріміздің мәдени және тарихи мұраларын дәріптеп, болашақта ауылымызда осындай символикалық әрі көркем ескерткіштер аллеясын құру идеясын көрсету.Туған жеріміздің көркем келбетін жаңартып, тұрғындар мен қонақтарға демалатын, рухани тынығатын орталық жасау. ЖОБАНЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ: Бұл макет қазіргі таңда ауылдардың мәдени мұрасын сақтау мен оны жаңғыртудың маңызды екенін көрсетеді. Елді мекендердің тарихи тұлғалары мен оқиғаларын есте сақтау – ұрпақ сабақтастығын қалыптастырады, жастарды патриоттық рухта тәрбиелейді. Ескерткіштер аллеясы ауыл тұрғындарының бас қосатын, рухани тынығатын орнына айналады, бұл ауылдың мәдени ортасын байытады және көріктендіру жобаларының бір бөлігі бола алады. ЖОБАНЫҢ МІНДЕТІ: Өлкемізден шыққан тарихи тұлғаларымыз бен батырларымызды кейінгі ұрпаққа дәріптеу,ұлттық құндылықтарды сақтау.
Слайд 5: Күтілетін нәтиже
Туған жердің тарихына, мәдениетіне деген құрметті арттыру; Ауылдың туризм әлеуетін күшейту арқылы экономикалық дамуға үлес қосу; Ауылдың көріктендірілуі мен әлеуметтік инфрақұрылымын жақсарту; Ауылдың әлеуметтік және мәдени орталығы ретінде адамдарды біріктіретін орынға айналу.
Слайд 6: Жоспар
Тақырыпты таңдау. Ғылыми жоба жетекшісінен жеке консултация алу арқылы таңдалған тақырыпты талдау. «Құрмет» атты ескерткіштер аллеясы макетін жасау. ПВХ материалынан макетке керек нысандардың формасын даярлап алу. Оған шамдарды,ескерткіштерді,теректерді, демалатын орындықтарды орнату. Ғылыми жобаны қорғау.
Слайд 8: Кіріспе
«Аспан астындағы музей қала» байқауының «Ертеңгі ескерткіш сыр шертпек» номинациясы бойынша «Құрмет» атты ескерткіштер аллеясы тақырыбындағы жобаммен қатысып отырмын. Жобаның негізгі идеясы- тарихы тереңге жайылған туған өлкеміз Жәнібек ауданында орналасқан барлық ескерткіштерді бір аллеяға орналастырып, келешектегі үлгісін ұлттық нақышта ұсыну.
Слайд 9: Жәнібек ауданына тарихи шолу
Жәнібек ауылы - Жәнібек ауданының әкімшілік орталығы. Ауылдың іргетасы 1904 жылы Рязано - Орал, қазіргі Приволжье темір жолы желісі салынған кезден бастап қаланған. Жол бойындағы кішігірім ауыл біртіндеп өсе отырып,Кеңес үкіметі кезінде ірі елді мекенге айналды. Ауданның әкімшілік рәсімделуінің басы XIX ғасырдың II жартысында, Ресей әкімшілігінің қазақ жерін қайта бөлу мен отарлаушылықты қайта шектеу кезеңінен басталады. 1928 жылы Орал округінің құрамында өз алдына әкімшілік бірлік болып, Жәнібек ауданы құрылды. 1930 жылы округтер ыдыратып, аудандар ірілендірілді. Жаңа « аудан - облыс » әкімшілік жүйесіне көшу үрдісі басталды және 1932 жылы қаңтар айында БКП(б) ОК Қазақстанда облыстар құру қажет деп шешті. ҚазОАК VIII шақырылған 2-сессиясы 1932 жылы Батыс Қазақстан облысын құру туралы шешімін шығарды, Жәнібек ауданы өз аумағын сақтап, оның құрамына кірді. Сол уақыттан бері Жәнібек ауданы өз мәртебесін, аумағын және шекарасын сақтады. Қазіргі Жәнібек Батыс Қазақстан облысының батысында орналасқан. Жәнібек ауданы Батыс Қазақстан облысының Бөкей О рдасы және Казталов ауданымен, Ресей Федарациясының Саратов және Волгоград облыстарымен шектеседі. Аудан аумағында көптеген тарихи оқиғалар өтті, олар көптеген тарихи және мәдени ескерткіштер түрінде сақталып қалды.
Слайд 11: Жәнібек ауданы Ұлы Отан соғысы жылдарында
Аудан орталығында Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметоваға арналған ескерткіш.
Слайд 12
Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай тұрғызылған Кеңес Одағының Батырлары Ерденбек Ниеткалиев, Николай Чуриков және Халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың кеуде мүсіндері
Слайд 13: Өлкеден шыққан тарихи тұлғаларға арнап орнатылған ескерткіштер
Ақын Т.Жароковтың кеуде мүсіні Ойшыл, ақын Ғ.Қараштың кеуде мүсіні Қазақ әйелдері арасындағы тұңғыш коммунист Алма Оразбаева ескерткіші (обелиск)
Слайд 14: Қорытынды
Бұл макет – менің туған жерімдегі ескертекіштер аллеясының болашақтағы көрінісін бейнелейді. Макетті осылай жасаудағы мақсатым - жоғарыда аталған тұлғаларымыздың ескерткіштерін бір аллеяда орналастыру. Өйткені, ауылымыздың, өлкеміздің халқы, әсіресе жас жеткіншектер осы аллеяға келгенде көрнекті тұлғаларымыздың ескерткіштеріне қарап, ұрпақтар сабақтастығын көреді деп ойлаймын. Осы тұлғалардың ішінде биыл туғанына 100 жыл толған Рахметолла Егізбаев атамызға арнап ескерткіш орнатылмаған. Бу болып ұшып сағымға, Жоқ болып кетпей ағымда Қалсам жетер елімнің, Ұмытылмастай жадында - деп жырлаған ақынымызға, ұрпағы ұмытпай, елінің төрінен ескерткіш тұрғызуы керек. Менің арманымдағы ескерткіш рухани құндылықтардың бірі деп білемін.
Последний слайд презентации: БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖӘНІБЕК АУДАНЫ БІЛІМ БЕРУ: Пайдаланылған әдебиеттер
Батыс Қазақстан облысы энциклопедиясы ; Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы; Жәнібек аудандық тарихи-өлкетану музейі қорынан мәліметтер;