Бауырмалдық – асыл қасиет ! — презентация
logo
Бауырмалдық – асыл қасиет !
  • Бауырмалдық – асыл қасиет !
  • Бауырмалдық – асыл қасиет !
  • Бауырмалдық – асыл қасиет !
  • Бауырмалдық – асыл қасиет !
  • Назарларыңызға рахмет!
1/5

Первый слайд презентации

Бауырмалдық – асыл қасиет !

Изображение слайда

Слайд 2

Бауырмалдық – адам бойындағы туысқандық, ағайыншылық қарым-қатынасқа адалдықты білдіретін ұғым. Бауырмалдық – туыс адамдардың арасындағы жақсы көру сезімін, бір-біріне деген мейірімділігін, жанашырлығын, қамқорлығын білдіретін құнды қасиет. Сондай-ақ, бауырмалдық тек туыстық негізде ғана көрінетін қасиет емес, ол кісінің адамгершілік, имандылық қасиеттерін айқындайтын мінез-құлықтың жағымды белгісі. Өзгені бауырына тарта білу, әр адамды жақын санап, қамқорлық көрсету сияқты ізгілік белгілері адамдар арасындағы өзара сыйластықты, бірін-бірі құрметтеу, жақын тұту сезімдерін қалыптастырады. Адамдарды тіліне, дініне, ұлтына бөлмей, кез-келген жағдайда оларға көмектесуге дайын тұру, қол ұшын беру қасиеті де бауырмалдықтың белгісі болып табылады. Бауырмалдықтың салдары адамның не халықтың өзіне зиянды болмас үшін ол тәуелсіздік, ұлттық мүдде, ұлттық намыс сияқты ұлы құндылықтармен астаса көрініс табуы керек.

Изображение слайда

Слайд 3

Өкінішке орай, қазіргі жаһандану заманында қоғамымыздағы кейбір жастардың әдепсіз әдеттерге, мұсылманға жат қылықтарға бой алдыруы, жат ағымның жетегінде кетіп, туған – туысы, достарынан теріс айналғаны былай тұрсын, өзінің туған ата – анасының қарсы шығып, ақырында болашағынан үміт күттірген өскелең ұрпақтың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық, рухани құндылықтарға қарсы келуінің басты себебі не? Өзін қоғамнан алшақ ұстауында, жат ағымның жақтастарына еріп, адам жаратылысынан бойында бар адамгершілік, бауырмалдық, әдептілік, имандылық секілді асыл қасиеттер жоғалуына не ықпал етуде ? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрелік.

Изображение слайда

Слайд 4

А қиқатында, асыл дініміз бауырмашылдық пен кеңпейілділік, бейбітшілік пен татулық, игі қарым-қатынас пен көркем мінез, жақсылық пен тақуалық және өзара жәрдемдесу секілді ізгілікті істердің бәрін өз ішіне қамтыған. Халқымыздың бауырмашылдығы берік болса, алынбайтын қамал, өте алмайтын асу болмайды. Өкініштісі, қазіргі таңда адамдар арасында достық, бауырмалдық мінездерден гөрі, алауыздық көбірек байқалатыны жасырын емес. Кейде адамдар болмашы бір дүниелік іске бола, өзінің бауырларымен қарым-қатынасын үзіп жатады. Ислам шариғатында мұсылманның мұсылман бауырына үш күннен артық ренжіуіне тиым салынады. Елімізде халықтың діни-сауаттылығын арттырып, атадан қалған асыл дініміздің тағылымды тәрбиелік құндылықтарын бойымызға сіңіріп, іске асыра білсек қана халқымыздың бірін-біріне деген бауырмашылдығы арта түсері ақиқат.Пайғамбарымыз ( с.ғ.с.) хадисте « Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетпеген бізден емес », - делінген. Демек, ақ сақалды аталарымыз бен ақ жаулықты аналарымызды, жасы үлкен аға, әпкелерді құрмет тұту, қарындасты қарындас, ініні іні деп сыйлай білудің де елді құрметтеуге жататынын ұққан жөн. Осы орайда бүгінгі күні жастар өздерін имандылық пен ибалылыққа, бауырмалдық пен көркем мінезділікке, білімділік пен қарапайымдылыққа тәрбиелеу жағын күшейтуді басты мәселе деп қарауды ұмытпауы қажет.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Бауырмалдық – асыл қасиет !: Назарларыңызға рахмет!

Изображение слайда

Похожие презентации

Ничего не найдено