Слайд 2: Жоспар
1. Бейімбет Майлин 1.1 өмір баяны 1. 2 шығармалары 2. Қара шелек әңгімесі Жоспар
Слайд 3: Өмір баяны
Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин (1894-1938) — қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Туып-өскен жері — қазіргі Қостанай облысының Таран ауданы. Бір жасқа толмай жатып әкесінен, алтыға шығарда шешесінен айрылған. Жетімдік зардабын шегіп, байларға жалданады.Алғаш ауыл молдасынан оқып сауат ашқан. 1911-1915 жылдар аралығында Троицк қаласындағы Уәзифа медресесінде, Қостанайдағы орысша қазақша мектепте, Уфадағы Медресе Ғалияда оқып білім алған. Өмір баяны
Слайд 4
1916-1919 жылдары мұғалім болады, жазушылықпен шұғылдана бастайды. «Қазақ», « Ауыл » газеттері мен « Айқап », « Садақ » журналдарына жазып тұрады. Бейімбет Майлин «Еңбекшіл қазаққа» «Еңбек туы » болып тұрған кезде-ақ атсалыса бастаған. Алғаш мақалаларымен қатысқан ол әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, хатшысы да болған, редакторлыққа дейін өскен. Бірақ көп істемеген. 1920-1922 жылдары газетті жасауға алғаш шығарушылар алқасы басшылық жасап, кейін жекелеген тұлғалар келе бастаған тұста басылымға Бейімбет Майлин секілді жеті-сегіз адам жетекшілік еткені мәлім. Содан соң, «Еңбекші қазақ» (қазіргі « Егемен Қазақстан » газетінде қызмет істеп (1922-1923), Қостанайдағы губерниялық « Ауыл » газетінде шығарды (1925). 1925-1928 жылдары қайтадан « Еңбекші қазақ » газетінде қызмет істеп, Қазақтың пролетар жазушылары ассоцияциясын ( ҚазАПП ) ұйымдастыруға қатыст (1928-1932). Мұнан кейінгі 30-шы жылдарында « Социалистік Қазақстан » ( қазіргі « Егемен Қазақстан ») газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, « Ауыл тілі », « Қазақ әдебиеті » басылымдарының бас редакторы болып істейді. 1938 жылы жазықсыз тұтқындалып, қызыл қырғын саяси респрессияның құрбаны болды.
Слайд 5: Шығармалары
Бейімбет поэзия, проза, драма саласында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгер. Ол « Садақ » қолжазба журналында (1913), « Айқап » журналында (1914), « Қазақ » газетінде (1915) жарияланған алғашқы өлеңдеріне ден қояды. Сахара жұртының мұң мұқтажын, арман аңсарын, әсіресе азаттық теңдік тақырыбын тілге тиек етеді. Бейімбеттің поэзиялық шығармаларындағы Мырқымбай типтік кейіпкер деңгейіне көтерілген жиынтық бейне. Мырқымбай бейнесі арқылы Бейімбет сол кездегі қазақ кедейлерінің болмыс бітімін, уақыт, қоғам аясындағы тіршілік тынысын суреткерлік шыншылдықпен бедерлей алған. Бейімбет қазақ поэзиясында поэма жанрының өрісін ұзартып, өресін биіктетуге қомақты үлес қосқан. Оның «Байдың қызы», «Рәзия қызы», «Қашқын келіншек », «Зайкүл», « Маржан », «Өтірікке бәйге», «Хан күйеуі » « Кемпірдің ертегісі », « Бөліс », « Мырқымбай » поэмалары тақырыбының әр алуандығымен, оқиғалық тартымдылығымен, өзіндік тіл стилімен қазақ поэзиясының көрнекті үлгілерінің бірі болып табылады Шығармалары
Слайд 6
Б. Майлин, өзімен замандас Қазақ қаламгерлерінің көбі сияқты, жазуды өлеңнен бастағанымен, көп ұзамай прозаға ден қойған, бұл жанрдағы алғашкы туындыларының өзімен-ақ ( мысалы, " Шұғаның белгісі") үлкен суреткер екенін паш еткен жазушы. Ол қазақ әдебиетіне проза жанрын қалыптастыруда керемет еңбекқорлық пен үздік шеберлік танытты. Әсіресе оның қуатты талантын айғақтайтын әңгімелері сан жағынан ғана емес, идеялық-көркемдік деңгейімен де қазақ прозасының алтын қорындағы інжу-маржандары болып табылады. Поэзиясы сияқты, Майлин прозасы да, өзі жетік білетін, негізінен, ауыл өміріне, әсіресе Қазақ төңкерісінен кейінгі қазақ қоғамында адамдардың ой-санасы мен мінез-құлқында, психологиясында болған жаңғыруларды бейнелеуге арналған.
Слайд 7
Б. Майлин әңгімелерінде ауыл адамдарының жаңа тұрмысқа көшуінің қиын процесі терең білгірлікпен біртіндеп, сатылап әңгімеленеді. "Қара шелек " деген әңгімесінде колхозға ұйымдасудың бір көрінісі шынайы суреттелген. Мұнда қарапайым ауыл әйелдерінің бірі Айшаның "Коллектив боламыз " деген жиналыста ойламаған жерден белсенділік көрсетіп, ауыл адамдарының атынан сөйлеуі, " майкөт " ( байкөт ) болған екі байдың жиналыстан шығарылуын талап етуі, ақырында өзі артель бастығы болып сайлануы баяндалады. Жиналыс кезінде өжеттік көрсеткен Айша, кенет өзін артель бастығы етіп сайлағанда, қатты толқиды. Қолдағы малын ортаға салуға іштей қимағанмен, ол жұрттың ауқымынан, заманның ағымынан сырт кете алмайды... Сөйте тұра, қара шелегін бүлдіріп қойғаны үшін Айша көрші әйелге қол жұмсайды. Автор Айшаның санасындағы жекеменшікшіл психологияның қайшылығын көрсетпек болған. Оқиғалар мен мінездерді өмірдің өз ағынынан ойып ала білген суреткер, әлгіндей бір көрініс, деталь арқылы-ақ ұжымдастыру жүзеге оңай аспағанын, бұл жолда талай-талай шырғалаң мен сарсаң, күдік пен толқу болғанын байқата алған.
Слайд 8: Қара шелек әңгімесі
Бейімбет Майлиннің әңгіме жанрының шебері екендігі туралы кеңес дәуіріндегі ғалымдар жеткілікті айтқан болатын. Т. Нұртазин : « Қазақ әңгімесі » дегенде алдымен Бейімбет Майлин есімі тілге оралады. Бұл қаламгер әңгімені сан жағынан да, сапа жағынан да жазушыларымыздың бәрінен көп жазды, келістіріп жазды. Бұл пікірді басты жазушымыз, көркемсөз шебері, әдеби теорияға жетік М. Әуезов сан реет пысықтап айтып жүрді » М. Қаратаев « Шеберлік шыңына » атты еңбегінде былай дейді : « Бейімбет Майлин прозасының қалыптасқан белгі, сипаттары мыналар : оқиғалары мен фактыларының нақтылығы, ақиқаттығы, шын тұрмыстан алынатындығы, образдарының айқындылығы, стилінің қарапайымдығы, суреттерінің шағын да болса шығарма көлеміне шақ, өрнектілігі, байырғылығы, сөйлемдерінің келте, қысқа болғанымен оралымдылығы, диалогтарының мағыналылығы, әңгімелеу сарынында сезімталдық пен әзілшеңдіктің басымдығы » Қара шелек әңгімесі
Слайд 9
« Қара шелек » әңгімесі былай басталады : « Әңгіме қара шелектен басталды. Айшаның атасының басындай сақтап жүрген шелегі ғой. Үшінші жыл болып барады, Айша шелексіз қалып, шелек сұраймын деп абысын - ажынға жексұрын көрініп, ақырында Бірмағамбетті бүріп, Кәстеңкенің дүкенінен алдырған шелек еді. Айшаның жинақылығы, күтімділігі, бірін мыңға балап ұстайтындығы бүкіл ауылға мәлім. Салақ қатындар Айшаны жаратпағанда, Айшаға мін таққысы келгенде : – Көріне бірге алып кетсе көрерміз ; әйтпесе кімнен қалмаған дүние, – деп бұрқылдасады. Бұл жерде бірден Айшаның пысық, шаруақорлығы ашылады. « Сол қара шелек бүгін майып болыпты. Қожағұлдың қара тоқалы біреуден нәрсе сұрамай, алған нәрсесін бүлдіріп бермей жүре ме, бүгін келіп қара шелекті сұрай қойды. Айша шелек сұраушыны жайшылықта маңына жүргізбейтін : – Менен кедей емессіңдер ғой, керек болса, сатып алыңдар,- дейтін. Айшаның оңайлықпен біреуге шелегін бермейтіні көрінеді. Енді келіп салақ қара тоқалға шелекті қалай беріп қойған себебі мынау : « Бүгін сонысын айта алмай ќалды. Айта алмай қалған себебі болды : бүгін айға толды, Бірмағамбет жоқ ! « Аудан жұмсапты, науқанға өкіл қылыпты, 5- ауылдың байларын Бірмағамбет протоколдап ауданға айдап жіберіпті.» – деген сияқты хабар еміс - еміс естіледі.
Слайд 10
Науқаны несі ? Байларда не жұмысы бар ? Айлап қаңғырғандай, ай толғанша үй бетін бір көрмегендей не болды ? Бұл не сұмдық ? Қатын - баласынан безген адам бола ма екен ? – деп бірер күннен бері Айша үздіксіз ойлаумен жүр. Күл шығарса да, от жақса да, жалғыз ала сиырды қақпалап суатқа апарып суғарса да есі - дерті Бірмағамбет болады да жүреді ». Айша осындай қалың оймен Бірмағамбетті уайымдап жүріп, оның үстіне жиылыста біреу коллективке қатысты : – Әйелдерді де ортаға салатын болсақ екен, – дейді - ау. Шынымен солай болса, әйелдер де ортаға салынса... Айшаның ойына Бірмағамбеттің мінезі түсе қалды : қызғаншақ, күйгелек, томырық... « Сені жанымдай көремін, саған біреу тікелеп қараса, ішім күйіп кетеді...» дейтін Бірмағамбет кейде. Бейімбеттің кейіпкері ой үстінде жүргенде іс-әрекетте суреттеледі. Жоғарыдағы мысалда Айша күл шығарып, от жағады, сиырын суатқа апарады. Осындай үй жұмыстарын атқарып жүріп, Бірмағамбетті ойлаумен болады. Бұндай тәсіл Чехов әңгімелерінде де кездеседі. Оның « Святкиде » әңгімесінде қызын ойлап жүрген кемпір былай суреттелетін : « Кемпір сорлы таңертең ерте тұрып сиыр сауып жүрсе де, пешке от жақса да, түнде ұйқылы-ояу жатса да: Ефимьям не болды екен, аман-есен жүр ме екен деп қызын ғана ойлайтын »
Слайд 11
Коллектив туралы осындай алып-қашпа сөздерді ойлап отырғанда шелек сұрап қара тоқал келеді. Айша таза әйел болса, ол керісінше салақ: «Жаулығы салтақ-салтақ кір. Аяғындағы кебісі бір жамбастап қисайып кеткен. Жау қуып келгеннен жаман ентігіп, қотыр малдай пешке сүйене тұрды да: – Апырым-ай, Құдайдың күніне не болып кетті, түбі түсіп кеткен шығар, күнде боран, есті тандыратын болды ғой. Осы боранда ерігіп, жиылысқа келіп жүргендерін айтам-ау, « Шоққайыңның » 4-5 адамы үйге келіп, әкемдей болып сіресіп отырып алды. Соларға шай қойып беріп құтылайын деп едім, екі шелекпен бармасам, боранда қайта-қайта барып жүру қиын, шелегіңді бересің бе, келін ? – деді. Қара тоқалдың не айтып, не қойғанын Айша ұғынған жоқ, сөзіне құлақ та салған жоқ. Жалғыз-ақ « шелек » дегенін ұғынып қалды. Шелекті бермесе қара тоқал мылжыңдап мазасын ала беретін сияқты болды. Содан құтылғанша асықты. Өзі үйде оңаша қалып, істеген ісін тағы бір ойлап шықпақшы болды. – Ана жақта тұрған шығар, ал! – дей салды. Қара шелек қолынан осылай шығып кетіп еді.
Слайд 12
Бейімбет – шағын әңгімеге барлық мәселені сыйғызып жіберетін шебер жазушы. Айшаның ойы арқылы коллективтендірудің қалай өтіп жатқанын, өзінің артель бастығы болып сайланғаны, мал ортақ болады дегенде әзер дегенде жинаған 2-3 малын уайымдағаны, әсіресе бір шелек сүт беретін ала сиырын уайымдағаны – бәрі бізге мәлім болады. Осындай нәрселерді ойлап отырып, шелекке мән бермеуі – логикалық дәлел. Ал, қара тоқалдың шелек сұрап келуіне де себепкер – жиналысқа келген адамдар. Қара тоқалдың салақ екені де айтылып қалады. Жалпы, Бейімбет әңгімелерінде әйелдердің салақтығы не көкдолылығы немесе тағы басқа мінездері қағыс қалмайды. Бірақ таза әйелдерден гөрі салақ әйелдер көбірек сыналады. Бір ғана қара шелек арқылы сол кездегі жұрттың колхоздастыруға қатысты түсініктері, заманның астан - кестеңі шыққанын айқын көреміз. Шелек оқиғасы сюжетте байланыс қызметін де атқарып тұр.
Слайд 13: Әдебиеттер
1. Бейімбет Майлин шығармалар 4 - том 2. http://kzdocs.docdat.com/docs/index-1512.html?page=7 3. http://ikitap.kz/kk/content/kara-shelek 4. http://kk.wikipedia.org / Бейімбет_Жармағамбетұлы_Майлин Әдебиеттер