Первый слайд презентации: Білім беру менеджменті
Тобы : Кял —22—1у Студент: Махамбет Жансая
Слайд 2: Жоспар:
Білім берудегі менеджмент түсінігі, қызметтері мен принциптері. Білім беру менеджмент тұжырымдамалары. Білім беруді басқару деңгейлері. ЖОО басқарудың сызықтық және матрицалық құрылымдары. Кредиттік технологиядағы бақылау-өлшеу құралдары: тақырып бойынша бақылау сұрақтары, тесттер, емтихан сұрақтары, аралық бақылау тапсырмалары және т.б.
Слайд 3: Менеджмент ұғымы
Ағылшынша “management” - өндірісті басқару; лат. “manus’ – қол деген ұғымды білдіреді, яғни қол арқылы басқару деп түсіндіріледі. Шетелдік теорияда менеджмент басқалардың қолымен басқару, жұмыс істеу теориясы ретінде сипатталады. Менеджер – кәсіби басқарушылық базалық білімі бар жаңа типтегі басшы.
Слайд 4: Менеджмент ұғымы
басқару ғылыми жетістіктерін пайдаланып өндірісті және қызметкерлерді басқарудың қағидалары, формалары, әдістері, тәсілдері мен құралдарының жиынтығы. Өндірістің жоғары өнімділігін, кәсіпорынның ресурстық мүмкіндіктерін игі пайдалану.
Слайд 5: Ғылымда менеджмент:
қызмет (іс-әрекет) түрі; үдеріс; басқару органы (аппараты); адамдар категориясы; ғылым және өнер... ретінде сипатталады.
Слайд 6: ЖОО білім беру менеджменті –
ЖОО жүзеге асатын процестер мен қатынастарды ( яғни оқу үдерісі, тәрбие үдерісі, ғылыми, әдістемелік, ұйымдастырушылық, шаруашылық үдерістерді ) саналы реттеу. Оның мақсаты - ресурстар мен құралдарды оңтайлы пайдаланып, мамандарды дайындаудағы жоғары табыстарға қол жеткізу.
Слайд 7: Менеджменттің міндеттері
а) Адамдарды кәсіпорынның ортақ мақсаттары аясында топтастыру; ә) Әр бір қызметшіде кәсіборынның нәтижелерінен мүделілігін дамыту және оны мүмкіндігінше қамтамасыздандыру; б) Адамдарды дамытуды бір мезгілде тоқтатпау; в) Қызметшілердің арасындағы байланыстарды күшейту, олардың жауапкершілігін арттыру
Слайд 8
Бүгінгі таңда менеджмент басқарудың тұжырымдамалық негізі болып табылады. Менеджмент – бұл дамытушы басқару, яғни мектеп әкімшілігін, педагогтардың, жалпы ұйымның дамуы үшін толыққанды жағдайлар жасалынады.
Слайд 9: Менеджмент негізінде ЖОО-нын басқарудың және педагогикалық жетекшілік етудің негізгі мәселелері :
педагогикалық процесті диагностикалау; мектеп жұмысын жоспарлау; ЖОО-нің әдістемелік жұмысын ұйымдастыру; ЖОО басшылары қызметі және оны жетілдірудің жолдары; ЖОО-ын ұжымдық басқару органдары қызметін жетілдіру; білім сапасын басқару (мониторинглеу және бағалау); мектепішілік бақылау; ОҚП-ын аттестаттау.
Слайд 10: Білім беру ұйымын менеджмент негізінде басқарудың принциптері
Адамға деген құрмет пен сенім; Адамды тұлға ретінде тұтас қабылдау; Мақсатты үйлестіру; Ынтымақтастық, диалогтық қарым-қатынас; Әлеуметтік әділеттілік; Мұғалімге дербес тұрғыдан келу; Оқытушының жұмысын байыту (молайту, сапаландыру); Қызметшілердің біліктілігін үздіксіз дамыту; Консенсус негізінде маңызды шешімдерді ұжымдық қабылдау; Мұғалімдердің мектепті басқаруда қатысуы; Горизонтальді байланыстарды жүзеге асыру; өзін-өзі басқаруды күшейту; Ұдайы жаңырту және дамыту.
Слайд 11: Инновация –
оқу-тәрбие жұмысын, ЖОО жұмысының барлық бағыттарын жаңырту, жаңалықтар жасау және енгізу арқылы мектепті дамытуға бағдарланған іс-шаралар. ЖОО басшылығы білім берудің инновациялық сипатын қамтамасыз етеді.
Слайд 12: Білім беру ұйымы басшысының инновациялық менеджер ретіндегі пайдаланатын әдіс-тәсілдері :
Жоспарлау әдістері; Басқару шешімдерін қабылдау әдістері; Адам ресурстарымен жұмыс жүргізу және кадрлық саясатты құрудың әдістері; Ұйымшылдық және уақытты мақсатты түрде пайдалану әдістері; Қызметтік байланыс әдістері; Қарым-қатынас әдістері; Ұжым мүшелерін дамуын қамтамасыз етудің әдістері; Көшбасшылық әдістері; Өзгермелі кезеңдерде басқару әдістері
Последний слайд презентации: Білім беру менеджменті: ЖОО басқару жүйесі:
Ректор – Ректорат – ЖОО ғылыми кеңесі; Оқу-әдістемелік кеңестер; Қоғамдық ұйымдардың органдары т.б. ұжымдық басқару органдары. Басқармалар; Бөлімдер; Орталықтар; Ғылыми лабораториялар; Әлеуметтік-мәдени сала; Кафедралар; Декандар, деканаттар; Факультеттер кеңестері; Оқу-әдістемелік кеңестер; Кафедралар; кафедра меңгерушілері. Оқытушылар мен студенттер.