Первый слайд презентации
«Білім беру саласындағы бренд маркетинг» пәні бойынша № 5 дәріс Тақырыбы: « Бренд атрибуттары ».
Слайд 5
Тұтынушыда біздің брендті бағалаудың мүмкіндігі жоқ, олар оны тек қана бренд атрибуттары арқылы ғана біле алады. Қазіргі кездегі маркетинг стратегиясы бренд пен тұтынушының мүмкін болатын байланыстарының варианттарын қарастыруда: ATL, BTL, вирустық маркетинг және басқалар. Бірнеше атрибуттар – мысалы, жарнамалық хабарлама эмоция мен позициялауды толық көрсетуі керек, ал логотип немесе дыбыстық идентификаторлар (мысалы, INTEL ноталары), ереже бойынша олардың ешқандай мағанасы жоқ, бірақ брендтің идентификациясы үшін қызмет етеді және тек брендтің стратегиялық деңгейі тұтынушының ойы мен түйсігін толықтырады. Атрибуттардың мақсатын нақты межелеу керек – егер қандай да бір бөлігі эмоциялау мен позициялаудың мағанасын толық жеткізе алмаса, онда атрибуттың осы бөлігіне ақпараттық толықтама енгізу мүмкін емес. Бірінші ретте атрибуттар брендтің стратегиялық деңгейімен сәйкес құрылуы тиіс. Біз тұтынушыға эмоциялық та, позициялық та жақтан жеткізіп, және олардың түйсігі мен ойын бренд атрибуттарымен байланыстыруымыз керек.
Слайд 6: 2 сұрақ. Нейминг, неймингтің негізгі принциптері. Фирмалық белгі, логотип, фирмалық стиль және фирмалық символ
Слайд 15
Сувенирлік өнім – жарнамаланатын тауар және жарнама беруші туралы мәліметтері бар бренд атрибуты. Сувенирлік өнімді тек қана жарнама тасушы ретінде ғана емес, сонымен қатар бренд идеясына, оның құндылығына сәйкес болатын брендтің атрибуты ретінде қарастыруға болады және қарастыру керек. Компания брендтің символы бар әр түрлі сувенирлерді маркетинг пен жылжытудың құралы ретінде қолданады. Егер оларды дұрыс қолданса, онда мұндай сувенирлер брендтің атағын көтереді, қоғаммен және тұтынушымен қатынасты құруға көмектеседі.
Слайд 17
Брендингте брендтің атрибуттарының барлығы маңызды. Тұтынушының бренд атрибуттарымен байланысында ұқсас тауарлар арасында брендтің формалды бөлінуі, брендтің эмоционалды және рационалды құраушылары көрінеді. Сондықтан бренд атрибуттары тұтынушыға тек ұнауы ғана емес, сонымен қатар тұтынушыға дәл осы брендті алудың себебін түсіндіріп, оны алуға көндіру керек.
Слайд 18: 4 сұрақ. Брендбук және оның құрылымы
Брендбук (Брендбук — ағылшын тілінен аударғанда - бренд кітабы.) – бұл фирмалық стилді игеру және қолдануды басқару. Ол - печаттық басылым (ереже бойынша А4 форматында), онда компания туралы ақпарат және әзірленген фирмалық стиль, логотипті қолдану туралы ережелері беріледі Брендбук — бренд мәнін, оның миссиясын, құндылығын, идеясын білдіретін ереже. Отандық тәжірибеде brand book — фирмалық стильдің барлық элементтерінің дұрыс қолдануының толық сипаттамасының жиынтығы. Брендбук тұтынушылардың ойында, бренд туралы нақты бейне құру мақсатында, барлық сыртқы коммуникациялық қасиеттерді біріктіреді.
Слайд 21
Стандарттар паспорты ( guideline ) Гайдлайн — фирма стилінің элементтерін жарнама тасымалдаушылары дұрыс орналастыруды реттейтін ережелері мен нұсқауы бар құжат. Гайдлайн — бұл техникалық құжат. Компанияның фирмалық стилінің элементтері қандай тасымалдауға енгізілсе де, қандай жарнамалық агентствода сіздің буклеттеріңіз, сувенирлеріңіз, арнайы киімдеріңіз шығарылса да фирмалық стилдің бір тұтастығын сақтап қалу үшін қажет.
Слайд 23
Гайдлайн компанияға фирмалық стилді құратын логотип мөлшерін реттеуді, фирмалық түсті, шрифттер және көтеген элементтерді қолдану компанияның беделін сақтауға көмектеседі. Гайдлайнды құру кезінде біз фирмалық стильдің барлық мүмкін болатын варианттарының қолдануын ескереміз, сонымен қатар брендтің жалпы идеясы мен танымалдылығын сақтап қаламыз. Логобук – графикалық белгіні қолдану бойынша нұсқау; қазіргі бәсекелестік жағдайда брендті визуалды идентификациялауға негізделген тауар белгісінің, түсінің, шрифтінің сәйкестігі. Оған жататындар: логотиптің негізгі варианты, логотипті орналастыру, логотипті құру ережесі, компанияның немесе брендтің стилистикасын анықтайтын түстердің сәйкестігі. Гайдлайнның бір бөлігі немесе бастапқы нұсқасы болып табылады.
Слайд 25
Сапалы логобук – логотипті дұрыс жайғастыру және орналастыру бойынша тек қана ұсыныс емес, сонымен қатар логотипті қолдану бойынша нұсқаудың жалпы кешені. Бұл жерде логотиптің ерекшелігі мен жеке элементтері де сипатталады. Кат-гайд — (от амер. сut — жөндеу) бұл технологиялық процесс көз қарасынан, фирмалық идентификаторды құрудағы күрделі сипаттама. Кат-гайд бұл этаптық нұсқау. Онда барлық материалдар мен нұсқаулар, сызбалар, техникалық талаптардың тізбектелген іс-әрекеті қарастырылады. Құрылыс, интерьерді безендіру, мерчандайзинг, сайтты дайындауды сипаттайтын кат гайдтар кеңінен таралған. Кат – гайдтар біріншіден, штаб квартирадан бақылай алмайтын, алыста жұмыс істейтін бөлімшелер үшін қажет. Екіншіден, мердігерлер (подрядчик) үшін керек, яғни кат гайдтың болуы орындаушыларды бақылау мүмкіндігін жоғарылатады (құрылысшылар, жөндеу жұмысшылары, мерчандайзерлер және персоналды басқару т.б.).