Первый слайд презентации: Білім стандартындағы құндылық бойынша тақырыпты талдау
Жумагулова К.А. доцент
Слайд 2
Жалпы еңбек қоғамы ИННОВАЦИЯ Зайырлы қоғам және руханилық ұлттық қауіпсіздік әлемдік және регионалдық проблемаларды шешудегі жаһандық Тарихтың жалпылығы, мәдениет және тіл Ұлттық бірлік қоғамдағы әлем және ауызбірлік Тәуелсіз Қазақстан Қазақстандық патриотизм Еңбек және шығармашылық Мектептен тыс элективті курстар М әңгілік ел Сыйластық Зерттеушілік әрекет Денсаулық Демалыс Әлеуметтік жобалар және практика Шығармашылық Өзін көрсету Спорт Қосымша білім Тұтас оқу жүйесі АКАДЕМИялық пәндер Сабақтан тыс әрекет Қоғамға қызмет ету Ашықтық Өмір бойы оқуо Ынтымақтастықо 1. Құндылыққа бағытталған оқу
Слайд 3: Білім стандартындағы құндылықтар:
Қазақстандық патриотизм Азаматтық жауапкершілік Құрмет Ынтымақтастық Ашықтық Өмір бойы білім алу
Слайд 4
ҚҰНДЫЛЫҚТАР ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҮДЕРІСІ КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ Құрмет Өзгеге деген, олардың мәдениеті мен басқа ұлттарға деген құрмет қатынастарын, өз ісіне жауапкершілікті, өзге адамдардың сезімдерін түсіну және оларға жаны ашу, адамға деген адами қатынастарды тәрбиелеуді дамытуға бағытталған оқу жағдайлары мен тапсырмаларын құрастыру. Өзіне бағытталған эмоционалды-жағымды қатынасты, өзгелерге және олардың пікірлеріне, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға, әр ұлттың тарихы мен мәдениетіне деген құрметті қалыптастыру.
Слайд 5
Ынтымақтастық ұжымда жұмыс дағдыларын құру жағымды өзара әрекет пен ынтымақтастық атмосферасын құру сынып, мектеп, жергілікті қоғамдастық төңірегіндегі ынтымақтастық Мүдделі тараптармен бірігіп жұмыс істеуге дайындық, олардың пікірлері мен ұсыныстарына ашықтық, шешімді бірігіп қабылдау
Слайд 6
Ашықтық Оқу үдерісінің ашықтығы мен тазалығы : белгілі оқыту мақсаттары, бағалау критерийлері мен шешім қабылдау бойынша жұмысты ұйымдастыру. Оқушыларда ашықтық пен адалдық қағидаларын қалыптастыру. Жаңа білімге деген ашықтық.
Слайд 7
Қазақстандық отансүйгіштік және азаматтық жауапкершілік Өз Отанына деген мақтаныш сезімін, отбасында, жергілікті, аудандық, ұлттық және жаһандық қоғамдастықтарда өз орнын көре білу сезімдерін қалыптастырушы, қазақстандық қоғамның құндылықтарын ұғынуға септік тигізетін жағдайлар үлгі болады. Өз Отаны, халқы мен тарихына деген мақтаныш пен ортақтастық, Қазақстандағы қоғам мен дамудың әл-ауқатына жауапкершілігін сезіну сезімдерін қалыптастыру.
Слайд 8
Өмір бойы білім алу Өмір бойы білімін арттыруға, жаңаны тануға және шығармашылыққа деген ынтаны қалыптастыру. Өзін-өзі оқыту мен өз бетінше білім алу дағдыларын қалыптастыру. Әрі қарай білім алуға және біліктілігін қайта арттыруға психологиялық дайындық. Өзінің танымын әр қилы өмірлік жағдаятта өз бетімен реттеу қабілеті.
Слайд 10: Құрмет ” құндылығы бойынша
Қазақстанда кездесетін жоғары сатыдағы өсімдіктерді қорғау арқылы өз табиғатына деген құрмет құндылығы қалыптасады
Слайд 11: Ынтымақтастық” құндылығы бойынша
Топта бірлесе жұмыс жасау және шешімді бірлесе қабылдау арқылы ынтымақтастық құндылығы қалыптасады
Слайд 12: Ашықтық” құндылығы бойынша
Сұрақтарға жауап беру арқылы және қалыптастырушы бағалау арқылы ашықтық құндылығы қалыптасады
Слайд 13: Өмір бойы білім алу ” құндылығы бойынша
Өсімдіктердің ауылшаруашылығына, өмірде және медицинадағы маңызын түсіне отырып, өмір бойы білім алу құндылығы қалыптасады
Слайд 15: Құндылық дегеніміз не?
\ Құндылықтар – қоғам қолдайтын және адамдардың көпшілігі мойындайтын белгілі нысандардың және құбылыстардың, адамдық қасиеттер мен өзін-өзі ұстау ережелерінің тұлғалық және әлеуметтік-мәдени маңыздылығы. Осы орайда « Мәңгілік Ел» идеясын білім беру мен тәрбиелеуде іске асыруда елімізде жалпыұлттық идеяның құндылықтарын оқу-тәрбие жұмысының барлық түрлері арқылы кешенді түрде жүзеге асыру қолға алынды. « Мәңгілік Ел» идеясын білім беру мен тәрбиелеуде іске асыру тетіктеріне білім беру құндылықтарына қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікті, ашықтық пен ынтымақтастықты қалыптастыру, өмір бойы білім алу және тағы да басқалар жатады.
Слайд 16
Да ғдылар – сын тұрғысынан ойлау ; – білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілеті ; – проблемаларды шешу қабілеті ; – ғылыми-зерттеу дағдылары ; – қарым-қатынас дағдылары ( тілдік дағдыларды қоса алғанда ); – жеке және топпен жұмыс істей білу қабілеті ; – АКТ саласындағы дағдылар - шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау ; – қарым-қатынас жасау қабілеті ; - өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау ; – жауапкершілік ; – денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету ; – өмір бойы оқуға дайын болу. Құндылықтар
Слайд 17: Құндылық
Пән бойынша білім, дағдылар мен құзыреттіліктерді анықтайтын оқу бағдарламаларын әзірлеу барысында жоғарыда келтірілген құндылықтар мен дағдылар ескерілген. Мұны осы құндылықтар мен дағдылардың барлығы қарастырылған барлық пәндердің оқу бағдарламаларынан көруге болады. Танымал ғалым, педагог, философ, профессор Джон Дьюидің : – Егер біз бүгін балаларымызды кешегідегідей оқытатын болсақ, онда біз оның ертеңін ұрлаймыз, – деген ойын ескере отырып, оқушы бойында қажетті құндылықтарды дамыту үшін бірлескен іс-әрекеттер, тиімді әдістер мен саралау тәсілдерін қолдану қажет. Құндылық
Слайд 18: Қалай бағаланады?
• Білім беру ұйымында құндылықтарды дамытуға арналған жазбаша жоспар болады. • Мектеп құндылықтарының жоспары жыл сайын қайта қаралып, талқыланады. Қажет болған жағдайда өзгерістер енгізіледі. • Құндылықтарға негізделген білім берудің оқушыларға әсерін бағалауда әртүрлі тәсілдер қолданылады ( есеп карточкалары, анкета, әңгімелесу, ата-аналар конференциясы және т.с.с ). • Оқу жылының басында және соңында оқушылардың эмоционалды портреті шығарылады. • Әр айдың соңында құндылықтарға негізделген білім беру процесін қорытындылау нәтижесі шығарылады.
Последний слайд презентации: Білім стандартындағы құндылық бойынша тақырыпты талдау: Қорытынды
Берілген тапсырманы оқушы орындағаннан кейін жауаптарына қарап, әр оқушының сын тұрғысынан ойлауын бағалауды жүзеге асыруға болады. Осы тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың сыни дағдылары : бақылау, талдау, қорытынды, интерпретация дамиды. Тапсырмаларды орындаған нәтижелері бойынша оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын негізгі ерекшеліктер : сыңаржақтылықтың болмауы, пайым, тәртіп, өзіндік сана- сезім, ұтымдылық арқылы бағалауға болады. Сын тұрғысынан ойлау оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге тәрбиелейді.