Биогельминтоздардың эпидемиологиялық сипаты Орындаған : Рапилжанова — презентация
logo
Биогельминтоздардың эпидемиологиялық сипаты Орындаған : Рапилжанова
  • Биогельминтоздардың эпидемиологиялық сипаты Орындаған : Рапилжанова
  • КІРІСПЕ
  • Берілу факторы
  • Биогельминтоздардың эпидемиологиялық сипаты Орындаған : Рапилжанова
  • Биогельминтоздардың эпидемиологиялық сипаты Орындаған : Рапилжанова
  • Биогельминтоздардың эпидемиологиялық сипаты Орындаған : Рапилжанова
  • Қоздырғышы
  • Эпидпроцестің сипаттамасы
  • Биогельминтоздардың эпидемиологиялық сипаты Орындаған : Рапилжанова
  • Патогенезі және клиникалық көріністері
  • НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ
1/11

Первый слайд презентации

Биогельминтоздардың эпидемиологиялық сипаты Орындаған : Рапилжанова А.О. Тексерген : Бейсекова М.М. Тобы: 3-001 ОЗ

Изображение слайда

Слайд 2: КІРІСПЕ

Биогельминтоздар тек қана аралық иенің қатысуымен болатын паразиттер түрі. Осы паразиттер үшін ең негізгі иелері адам және басұа да сүт қоректілер жатады ал тасымалдаушыларына қан соратын жәндіктер кіреді. Мұндай паразиттер адам организмінде қан және лимфа тамырларында болады.

Изображение слайда

Слайд 3: Берілу факторы

Биогельминтоздарды паразиттерге аралық ие болатын залалданған жануарлар денесінің тіндері – берілу факторлары болады. Кейбір жағдайларда аралық ие денесінен шыққан инвазиялыық личинкалармен қатты ластанған қоршаған орта элементтері берілу факторларына айналады.

Изображение слайда

Слайд 4

Қоздырғыштары нәжіс ауыз механизмі арқылы берілетін, өкпенің және басқа ағзалардың жеке және көптеген қуысты ісіктермен бұзылуына әкелетін, организмнің аллергияға ұшырауымен, аурудың қатты асқынуы нәтижесінде көбінесе мүгедектікке және өлімге әкелетін, созылмалы түрде өтетін табиғи ошақтық биогельминтоздар.

Изображение слайда

Слайд 5

Тұрғындардың биогельминттермен залалдануы ірі қара мал, шошқа, шаян және карп тұқымдас балықтар сияқты аралық аралық иелердің етін тамаққа пайдаланғанда, алиментарлық жол арқылы үзеге асады

Изображение слайда

Слайд 6

Тениаринхоз  – қоздырғышы ауыз – нәжісті механизм арқылы таралатын, көбінесе асқазан жолдарының зақымдалуымен, токсикалық – аллергиялық реакциялармен және диспептикалық бұзылу белгілерімен сиппаталатын антропанозды биогельминтоз.

Изображение слайда

Слайд 7: Қоздырғышы

Тaeniarhynchus saginatus ( синон. Сиыр немесе қарусыз цепень) аш ішекте паразиттік өмір сүретін таспа тәрізді ірі цепень. Құрамында өте көп мүшелері ( проглоттид ) бар, оның әрқайсысында 150 мыңға дейін жұмыртқа бар, ұзындығы 7-10 м, басында 4 сорғышы болады. Жұмыртқалары жұмыр, жұқа және мөлдір қабығында 6 қармағы бар, қоршаған ортада тез бұзылады. Әр бір жұмыртқада екі контурлы көлденең сызықты қабыршақпен қоршалған ұрық болады. Сиыр цепенінің даму барысында иелері ауысып отырады. Ақырғы ие адам, аралық ие – ірі қара мал және де енеке (буйвол), зебу, қодас. Африкада сиыр цепені личинкаларының сирек жағдайда қарақұйрық пен киіктің денесінде паразиттік өмір сүргені тіркелген. Бірақ жабайы жануарлар тениаринхозды таратуға қатыспайды.

Изображение слайда

Слайд 8: Эпидпроцестің сипаттамасы

Тениаринхоз барлық елдерде кездеседі, әсіресе Африкада, Азия және Балқан елдерінде кең таралған. АҚШ – та ірі қара малдың 1% - не дейін сиыр цепенімен залалданған. ТМД елдері ішінде Кавказда, Орта Азияда, оның ішінде Қазақстанда жиі тіркеледі. Сонымен қатар Республиканың біраз облыстарында (Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және т.б.) тениаринхозбен сырқаттану 100 мың тұрғынға шаққанда 1,0 – ден асады. Сиыр цепенінің онкосфералары қоршаған орта әсеріне біршама төзімділік көрсетеді. Инвазия қоздырғышының жалғыз ғана көзі – тениаринхозбен ауыратын адам. Инвазияның берілу механизмі ауыз – нәжістік. Берілу жолы – алиментарлық, залалдану факторы – ірі қара малдың финноздық еті. Тениаринхоздың берілуі мынандай схемамен өтеді : инвазия көзі болатын залалданған адам ( ақырғы ие ) → инвазияланған материал түскен қоршаған орта объектілері → ірі қара мал, оның денесінің тіндері инвазияның берілу факторлары болады → қабылдаушы адам ( болашақ ақырғы ие ), цистицеркпен залалданған етті пайдаланса, инвазия қоздырғышының көзі болады.

Изображение слайда

Слайд 9

Сиыр цепенінің айналым циклінің шеңбері осылай тұйықталады. Сиыр цепенімен инвазияланған адамдар 2-4 айдан кейін басқаларға жұқтырушы қабілетіне ие болады және ондаған жылдар бойы инкосфераларды бөліп отыруы мүмкін. Тениаринхозды қабылдаушылық жалпы барлық адамдарға тән. Дегенмен, ересектердің залалдануы, балалармен салыстырғанда, әлдеқайда жоғары. Ол тамақтануға, өндірістік – кәсіпқойлыққа және тұрмыстық әрекеттерге, әдет – ғұрыпқа, дәстүрге байланысты. Әйелдер, ерлерге қарағанда, көбірек залалданады. Соңғылардың ішінде бұл инвазия мал соятын мекеме, тамақ дайындаумен байланысты кәсіпқойлық ( қасапшылар, ет комбинаттары, ет базары, ет дүкендерінің жұмысшылары, аспаздар ) топтарда кездеаеді. Ауылдық жерлерде, әсіресе мал шаруашылығы жақсы дамыған аймақтарда, тениаринхозбен залалданушылық молырақ.

Изображение слайда

Слайд 10: Патогенезі және клиникалық көріністері

Патогенезі және клиникалық көріністері мынандай жағдайлармен анықталады : гельминт сорғыштарымен аш ішек шырышты қабатының механикалық жарақаттануы ; ішектің жұрмей ( жабылып ) қалуы, ішек қабырғасының тесілуі, зат алмасуына гельминттің токсикалық әсері ; гельминт тез өсу және даму процесі кезінде ( жас гельминт тәулігіне 7-10 см ұзарады ) тағамдарды пәрменді пайдаланатындықтан, адам организміне қажетті қоректік заттардың азаюы, осы себептен биологиялық құнды компоненттердің жетіспеушілігінің туындауы ; инвазия ұзақтылығының бірнеше жылға созылуы.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Биогельминтоздардың эпидемиологиялық сипаты Орындаған : Рапилжанова: НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ

Изображение слайда

Похожие презентации

Ничего не найдено