БИОСФЕРА және В. И. Вернадскийдің биосфера-ноосфералық концепциясы — презентация
logo
БИОСФЕРА және В. И. Вернадскийдің биосфера-ноосфералық концепциясы
  • БИОСФЕРА және В. И. Вернадскийдің биосфера-ноосфералық концепциясы
  • Биосфера – Жердің тіршілік бар жұқа қабаты.
  • Биосфера терминін 1875 жылы Австрия ғалымы Э. Зюсс енгізді. Биосфера туралы ілімнің негізін салған орыстың ұлы ғалымы – академик В. И. Вернадский
  • Оның классикалық еңбегі “Биосфера” 1926 жылы жарыққа шықты. В. И. Вернадский бірінші рет, Жер қабатының негізгі физика-химиялық қасиеттерін қалыптастыруда және
  • Ноосфера деп адамның ақыл-ойға негізделген іс-әрекеті шешуші фактор болып табылатын табиғат пен қоғамның арақатынасының сферасын айтады. “НООСФЕРА” – грек
  • Жер бетінде адамзаттың пайда болуы, міндетті түрде биосфераның жаңа түрінің пайда болуын, оның адамның мақсатты іс-әрекеттері қамтитын ноосфераға, ақыл,
  • БИОСФЕРА және В. И. Вернадскийдің биосфера-ноосфералық концепциясы
  • БИОСФЕРА және В. И. Вернадскийдің биосфера-ноосфералық концепциясы
  • БИОСФЕРА және В. И. Вернадскийдің биосфера-ноосфералық концепциясы
  • Биосфераның негізгі құрамына
  • Осыдан үш млрд. жылдар бұрын пайда болған қазіргі биосфераның құрамына тірі организмдер, олардың қалдықтары, сондай-ақ олар мекендейтін және олардың әсерінен
  • Күн энергиясы әсерінен Жер бетінде екі айналым жүреді:
  • БИОСФЕРА және В. И. Вернадскийдің биосфера-ноосфералық концепциясы
  • Тіршілікпен тығыз байланысты, негізінен көміртек, су, фосфор, азот, күкірт және биогенді катиондар сияқты химиялық заттардың алмасу циклдарынан тұратын
  • Табиғаттағы оттек айналымы
  • Оттег і айналымы
  • Осы циклдермен және айналымдармен тірі заттардың негізгі функциялары қамтамасыз етіледі. В. И. Вернадский бірнеше функцияларды атап көрсеткен:
  • Биосферадағы энергия ағыны
  • Экологияның заңдары
  • Шельфордтың толеранттылық заңы
  • Коммонер заңы
  • БИОСФЕРА және В. И. Вернадскийдің биосфера-ноосфералық концепциясы
  • Табиғи ресурстар
  • Адамзат тіршілігіне қажетті табиғи ресурстар төмендегідей түрлерге топталады:
  • БИОСФЕРА және В. И. Вернадскийдің биосфера-ноосфералық концепциясы
1/25

Первый слайд презентации: БИОСФЕРА және В. И. Вернадскийдің биосфера-ноосфералық концепциясы

Изображение слайда

Слайд 2: Биосфера – Жердің тіршілік бар жұқа қабаты

Қазіргі заманғы түсініктер бойынша биосфераны заттардың планета аралық айналымын ұстап тұратын ғаламдық экосистема ретінде қарастырады. Қазіргі өмір Жердің жоғарғы қабатында, ауаның төменгі қабатында және су қабатында таралған.

Изображение слайда

Слайд 3: Биосфера терминін 1875 жылы Австрия ғалымы Э. Зюсс енгізді. Биосфера туралы ілімнің негізін салған орыстың ұлы ғалымы – академик В. И. Вернадский

Изображение слайда

Слайд 4: Оның классикалық еңбегі “Биосфера” 1926 жылы жарыққа шықты. В. И. Вернадский бірінші рет, Жер қабатының негізгі физика-химиялық қасиеттерін қалыптастыруда және ұстап тұруда “тірі заттардың” ролі туралы тезисті ұсынды

Изображение слайда

Слайд 5: Ноосфера деп адамның ақыл-ойға негізделген іс-әрекеті шешуші фактор болып табылатын табиғат пен қоғамның арақатынасының сферасын айтады. “НООСФЕРА” – грек сөзі, ақыл, парасат сферасы деген ұғымды білдіреді

Изображение слайда

Слайд 6: Жер бетінде адамзаттың пайда болуы, міндетті түрде биосфераның жаңа түрінің пайда болуын, оның адамның мақсатты іс-әрекеттері қамтитын ноосфераға, ақыл, парасат сферасына өтуін анықтады. Вернадский, адамның ақыл, парасаты мен ғылыми түсініктерінің рөлін бағалай отырып мынадай қорытындыларға келеді:

Ғылымның дамуы, адамзат тіршілік ететін биосфераны өзгертетін күш болып табылады; Ғылымның дамуымен бірге жүретін биосфераның өзгерістері болмай қалмайтын құбылыс; Бұл өзгерістер адамның еркіне байланыссыз, стихиялы түрде, табиғи процестер сияқты жүреді.

Изображение слайда

Слайд 7

Биосфера қалайда ноосфераға, яғни адам мен табиғат дамуында адамның ақыл, парасаты шешуші роль атқаратын сфераға айналатыны туралы Вернадскийдің қорытындылары, Вернадскийдің ноосфера заңы деп аталады.

Изображение слайда

Слайд 8

Изображение слайда

Слайд 9

Изображение слайда

Слайд 10: Биосфераның негізгі құрамына

Тірі заттар Биогенді заттар Биокосты заттар Косты заттар

Изображение слайда

Слайд 11: Осыдан үш млрд. жылдар бұрын пайда болған қазіргі биосфераның құрамына тірі организмдер, олардың қалдықтары, сондай-ақ олар мекендейтін және олардың әсерінен өзгерген атмосфера, гидросфера және литосфера зоналары кіреді. Планетадағы барлық тірі организмдердің жиынтығын Вернадский ТІРІ ЗАТТАР деп атады

Изображение слайда

Слайд 12: Күн энергиясы әсерінен Жер бетінде екі айналым жүреді:

Изображение слайда

Слайд 13

Екі айналым да бір-бірімен байланысты, бір тұтас процесс. Үлкен айналым бірнеше млрд. жылдарға созылады. Тау жыныстары бұзылып, желмен мүжіліп, су ағынымен Дүниежүзілік мұхитқа түседі. Геологиялық айналымдардың шекарасы биосфера шекарасынан кең, мұнда тірі организмдер жанама роль атқарады. Керісінше, биологиялық айналым биосфераның шекарасында ғана жүреді.

Изображение слайда

Слайд 14: Тіршілікпен тығыз байланысты, негізінен көміртек, су, фосфор, азот, күкірт және биогенді катиондар сияқты химиялық заттардың алмасу циклдарынан тұратын биологиялық айналымның бөлігін биогеохимиялық айналым деп атайды. Осы түсінікті бірінші рет ғылымға енгізген В. И. Вернадский. Заттардың есепсіз көп айналымдары табиғи экосистемалардың өзін-өзі жөндеуін жүзеге асырады, оларға тұрақтылық береді. Айналымға 60-тан астам элементтер қатысады. Олардың арасындағы ең өмірлік маңыздылары белокты молекулалардан тұратын заттар

Изображение слайда

Слайд 15: Табиғаттағы оттек айналымы

О 2 Фотосинтез Тірі организмдер – 68% Тыныс алу Жану, тотығу Литосфера- 49% Гидросфера – 89% Атмосфера – 21%

Изображение слайда

Слайд 16: Оттег і айналымы

Атмосферадағы бос оттек табиғатта фотосинтез процесі кезінде түзіледі. Оттексіз тіршілік жоқ. Оттек - нағыз активті газ. Биосфера шегінде оттектің тірі организмдермен немесе олар шірігеннен кейінгі қалдықтарымен алмасуы жүреді. Оның биологиялық айналымы 250 т/жыл. Ал биосферада массасы 1014 т.

Изображение слайда

Слайд 17: Осы циклдермен және айналымдармен тірі заттардың негізгі функциялары қамтамасыз етіледі. В. И. Вернадский бірнеше функцияларды атап көрсеткен:

Изображение слайда

Слайд 18: Биосферадағы энергия ағыны

Биосферадағы энергия ағыны – Күн энергиясы мен ғарыштық сәулелердің Жер бетіне түсуі. Жылына биосфераға түсетін бұл энергияның мөлшері 2,5 · 10 24 Дж. Осы энергияның тек шамамен 0,3 % -ы ғана фотосинтез процесінің нәтижесінде органикалық заттектердегі химиялық байланыстың энергиясына ауысады және тек 0,1 % таза бірінші өнімге өтіп отырады. Әрі қарай қоректі органикалық заттектер арқылы трофикалық тізбекке сәйкес таралады. Энергияның пирамида заңына немесе 10 % Р.Линдеманның ережесіне сәйкес, бір қоректік деңгейден басқа деңгейге өтетін энергия орташа шамамен 10 % -дан аспайды. Осындай деңгейлер көп болған сайын, ең соңғы тұтынушыға жететін энергия үлесі соғұрлым төмен болады.

Изображение слайда

Слайд 19: Экологияның заңдары

Либихтың минимум заңы Неміс ғалымы Либих 1840 жылы “Минимум заңын” ашты. Ол өсімдіктерге тәжірибе жасап, өсімдіктің өсуі топырақтағы жетіспейтін ең аз микроэлементтің мөлшеріне байланысты болатынын дәлелдеген. Бұл элементтің орнын басқа элементтермен толықтырса да, өсімдіктер дұрыс жетілмеген. Нәтижесінде өсімдіктің өсіп-дамуын олар ең аз мөлшерде қажет ететін микроэлементтер анықтайтыны белгілі болған. Либих организмнің төзімділігі оның экологиялық қажеттілігі тізбегіндегі ең әлсіз буынмен анықталатынын айтты.

Изображение слайда

Слайд 20: Шельфордтың толеранттылық заңы

Организмдің тіршілігіне қолайлы факторлардың белгілі бір шама аралығы болады. Егер фактор мөлшері минималды немесе максималды шамадан асып кетсе организм өледі, ал көбейіп немесе азайып отырса, организмнің тіршілік қабілеті төмендейді. Осының негізінде 1913 ж. В.Шельфорд «толеранттылық заңын» ашты, бұл заң минимум заңын толықтырады. Тірі организмдер әрдайым экологиялық ең аз шама мен ең көп шама арасында өмір сүреді. Осы аралық мөлшерін толеранттылық диапазоны деп аталады.

Изображение слайда

Слайд 21: Коммонер заңы

Коммонер ғалымы мына төрт заңды тұжырымдаған: 1. Табиғат бізден жақсы біледі. 2. Табиғатта барлығы бір-бірімен байланысты. 3. Ешнәрсе тегін, өздігінен келмейді. 4. Табиғатта еш нәрсе із-түссіз жоғалып кетпейді.

Изображение слайда

Слайд 22

Стенобионттар - барлық экологиялық факторлар бойынша толеранттылық ауқымы тар организмдер (таралу аймағы шектеулі). Эврибионттар - негізгі факторлардың көпшілігі бойынша толеранттылық ауқымы кең организмдер (қоршаған ортаның өзгерістеріне төзімді, әрі тіршілікке бейім, таралу аймағы кең болады, мысалы, ақ қайың, қарағай ағаштары солтүстікте де, оңтүстікте де тіршілік етеді).

Изображение слайда

Слайд 23: Табиғи ресурстар

Қоғамның материалдық, мәдени және т.б. мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін қазіргі кезеңде немесе болашақта қолданылатын табиғи ортаның құрамдас бөліктері мен табиғи құбылыстары, табиғи ресурстар деп аталады.

Изображение слайда

Слайд 24: Адамзат тіршілігіне қажетті табиғи ресурстар төмендегідей түрлерге топталады:

Изображение слайда

Последний слайд презентации: БИОСФЕРА және В. И. Вернадскийдің биосфера-ноосфералық концепциясы

Табиғи ресурстар сарқылатын сарқылмайтын Қалпына келетін Салыстыр - малы қалпына келетін Қалпына келмейтін жойылатын таралатын Су, атмосфера - лық ауа Ауа райы (климат) Жер қойнауындағы энергия космо с тық

Изображение слайда

Похожие презентации

Ничего не найдено