Первый слайд презентации: Бөлім тақырыбы: Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі Сабақ тақырыбы: Қазақстандағы жартастарға салынған ежелгі суреттер
Қазақстан тарихы 5-сынып Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығы Тарих пәнінің мұғалімі: Панияз Ш. 2 - сабақ
Слайд 2
Оқу мақсаты : 5.2.2.1 археологиялық ескерткіштерді сипаттау ; Бағалау критерийлері : Алғашқы адамдардың сенім-нанымдарын сипаттайды. Петроглифтердің ерекшеліктерін анықтайды; ежелгі адамдардың жартастарға не себепті суреттер салғанын біледі. Зерттеу сұрағы: Тасқа салынған суреттер ежелгі адамдардың дүниетанымын қалай бейнелейді?
Слайд 3
Петроглифтер Суреттер қашау, қыру, безеу, түртпелеу әдістерімен салынған.
Слайд 4
Қазақстандағы жартастарға салынған ежелгі суреттер Елімізде петроглифтердің шоғырланған жері – Алматы қаласының солтүстік батысында орналасқан Тамғалы шатқалы. Ешкіөлмес тауындағы екі дөңгелекті арбалар, құрбандыққа шалынған жануарлардың суреттері б.з.б. ІІ ғасырда салынған. Шығыс Қазақстандағы Ақбауыр үңгірінің қабырғасындағы суреттер қызыл күрең түсті жосамен салынған. Бұл құрбандық шалынып, түрлі ырым-жоралар жасалатын жер екенінен хабар береді. Қаратаудағы Қойбағар жартасындағы суреттер де ежелгі адамдардың өмірі туралы ақпарат береді.
Слайд 10: Ешкіөлмес археологиялық ескерткіші
Түйе мінген адам Бұғы мен арқарлар бейнелері
Слайд 11
Арпаөзен петроглифтері -Қаратаудың Келіншектау жотасында орналасқан. Түркістан облысы Созақ ауданы жерінде орналасқан. -Ескерткіш б.з.б. 2-1 мыңжылдыққа, қола және ерте темір дәуіріне жатады. -Суреттер саны 3,5 мынан асады. -Қос атты жауынгерлік арбалар қазақ жерінде өмір сүрген үнді-арийліктердің мифтік және діни-әдет ғұрыптары, олардың көшіп қону үдерістерінен мәлімет береді. -Темір дәуірінде салынған қос аяқты ат,өгіз және түйе жеккен соғыс арбалары мен шаруашылық арбаларының суреттері кездеседі. Баянжүрек петроглифтері -Жетісу (Жоңғар) Алатауының Қаратау сілемінде сақталған. Алматы облысы Ақсу ауданында орналасқан. -Суреттерде қола дәуірінен кейінгі орта ғасырларға дейінгі тайпалар мен халықтардың тұрмыс-тіршілігі баяндалады. -Сақ стилімен салынған бейнелер, ғұн-сармат кезеңіне жататын көріністер, көне түркі дәуірінің салт атты сарбаздар бейнесі салынған. Таңбалы немесе Тамғалы петроглифтері -Жетісудың ең көне, маңызды ескерткіштерінің бірі. -1957 жылы Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының археологтары ашқан. -Таңбалы шатқалында 5 мыңдай сурет салынған. Орта қола, кейінгі қола, ерте темір (сақ, үйсін), орта ғасырлар (ертедегі түркілер), жаңа заман дәуірлерінде қашалған. -Жауынгерлер, арбалар, жануарлар және Күн басты бейнелер салынған. Күн басты мифологиялық адам мәңгіліктің символы саналған. Олар Көк тәңірмен байланысты күнге табынуды сипаттайды. -2004 жылы ЮНЕСКО тізіміне енгізілді.
Слайд 12
Елімізде …………. көп шоғырланған жері – Алматы қаласының солтүстік-батысында орналасқан ……………. шатқалы. 2. …………….. қарамағындағы Тамғалы ескерткіші 2004 жылдан бері ……………… тізіміне енгізілген. 3. …………. бейнелер күнге табынушылықты білдіреді. Олар бастарында күн сәулесін шашқан …………………. кейпінде көрсетілген. Бос орындарға тиісті сөздерді орналастыр. Керекті сөздер : Тамғалы, петроглифтердің, ЮНЕСКО, әлемдік мұралар, адам, күн басты. 1-тапсырма
Слайд 13
Елімізде петроглифтердің көп шоғырланған жері – Алматы қаласының солтүстік-батысында орналасқан Тамғалы шатқалы. 2. ЮНЕСКО қарамағындағы Тамғалы ескерткіші 2004 жылдан бері әлемдік мұралар тізіміне енгізілген. 3. Күн басты бейнелер күнге табынушылықты білдіреді. Олар бастарында күн сәулесін шашқан адам кейпінде көрсетілген. Бос орындарға тиісті сөздерді орналастыр. 1-тапсырма
Слайд 14
Ежелгі заманда адамдар күнді қасиет тұтып, табынған, жартастағы суреттерге күнді бейнелеген. Біз де күнді қадірлейміз, себебі күнсіз өмір сүру мүмкін емес. Дегенмен XXI ғасырда күн энергиясын көбіне қандай мақсатта пайдаланудамыз ? Зерттеу жұмысы Критерийлер: кем дегенде 2 ерекшелігін жазады. 2 дәлелдеме келтіреді. 2-тапсырма
Последний слайд презентации: Бөлім тақырыбы: Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі Сабақ тақырыбы:
Үйге тапсырма: Тастағы суреттер негізінде алғашқы адамдардың өмірі туралы әңгіме құрастыру. Қорытынды: Алғашқы адамдардың сенім-нанымдарын сипаттадық. Петроглифтердің ерекшеліктерін анықтадық; Қазақстан жерінде жартастарға салынған петроглифтерді және оларда не бейнеленгенін білдік.