Болмыс. Онтология және метафизика — презентация
logo
Болмыс. Онтология және метафизика
  • Болмыс. Онтология және метафизика
  • Орталы қ Қазақстан Академиясы Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы
  • Болмыс. Онтология және метафизика
  • Болмыс. Онтология және метафизика
  • Болмыс, тіршілік және мән
  • Болмыс. Онтология және метафизика
  • Болмыс. Онтология және метафизика
  • Болмыс. Онтология және метафизика
  • Мәдениеттегі болмыс символикасы
  • Онтологияның категориялары
  • Материя
  • Қозғалыс
  • Кеңістік пен уақыт
  • Шакаримнің қозғалыс туралы идеалистік көзқарасы
  • Болмыс және бейболмыс ( Парменид )
  • Зенонның апориялары ( шешімі жоқ жұмбақтары )
  • Платон іліміндегі болмыс мәселесі
  • Аристотель метафизика туралы
  • Аристотельдің онтологиясы
  • Аль-Киндидің онтологиялық пайымдаулары
  • Ибн Рушд дүниенің мәңгілігі мен шексіздігі жөнінде
  • Болмыстың субстанция мәселесін шешудегі үш бағыт
  • Жаңа Заман философиясындағы субстанция мәселесі ; Декарттың дуализмі
  • Декарттың қос субстанция туралы ілімі
  • Спиноза онтологиясындағы субстанцияның монизмі
  • Спиноза теориясының мәні
  • « Табиғат + Қ ұд ай» субстанцияның қасиет т ері
  • Г. Лейбниц тің субстанция туралы іліміндегі плюрализмі
  • Лейбництің монадологиясы
  • Абай дүниетанымындағы болмыс мәселесі
  • Абайдың Алла туралы пайымдаулары
  • Әдебиеттер
1/32

Первый слайд презентации: Болмыс. Онтология және метафизика

Онтология - болмыс туралы ілім 2. Антика философиясындағы болмыс туралы ілімдер 3. Жаңа Заман философиясындағы субстанция мәселесі туралы 4. Абай дүниетанымындағы Құдай және адам болмысы

Изображение слайда

Слайд 2: Орталы қ Қазақстан Академиясы Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы

Пән : «Философия» Дәріс-презентация № 4 Болмыс. Онтология және метафизика Жаңа типтік оқу жұмыс бағдарламасы бойынша Құрастырған: философия ғылымдарының докторы, профессор Мирзабекова Алма Шаимовна Қарағанды – 2020 -2021 оқу жылы

Изображение слайда

Слайд 3

Болмыс туралы көзқарастар Мифологиялық Діни Ғылыми Философиялық

Изображение слайда

Слайд 4

Болмыс мәселесін философиялық тұрғыдан ұғыну қажеттігінің себебі : болмыс мәселесінің адам өмірімен тікелей байланысы ; «өмірдің мағынасы неде ?» деген сұраққа жауап іздеу ; дүниенің негіздерін іздеу

Изображение слайда

Слайд 5: Болмыс, тіршілік және мән

Болмыс - бүкіл тіршілік етіп тұрған дүние, тұтас әлемнің болуы Болмыс, сөздің кең мағынасында, - тіршілік ету, болу үрдісі. Философтар болмыстың екі жағын ажыратады: тіршілік және мән. Тіршілік  ( лат.   е xsistentia /exsisto —шығу, пайда болу, жүзеге асыру  —болу үрдісі, қазіргі тәжірибеміздегі шындық (лат.  actualitas ). Болмыстың мәні – оның негізі, тіршілік етуінің түп-тамыры, яғни оның субстанциясы (лат. substant і a – мән, түпкі негіз )

Изображение слайда

Слайд 6

Болмыс ұғымының аспектілері Тұрақтылық аспек-тісі : заттар дүниесі, дүниенің сапасы Динамикалық аспект ісі : дүниедегі әр заттың өзгеруі, дамуы

Изображение слайда

Слайд 7

- Табиғат болмысы - Әлеуметтік болмыс Рухани болмыс Объективтіленген рухани болмыс ( дін, ғылым, өнер, философия және қоғамдық сананың т.б. формалары ) Болмыстың түрлері

Изображение слайда

Слайд 8

Адам болмысы Философиялық тұрғыдан Материалдық болмыс Өткен және келешек болмыс Рухани болмыс Әлеуметтік болмыс Күнделікті болмыс Адам болмысы

Изображение слайда

Слайд 9: Мәдениеттегі болмыс символикасы

Болмыс үрдісі Болмыстың басы ( туылуы ) Болмыс оқиғасы ( кездейсоқты ) Болмыстың соңы (өлім ) Болмыс уақыттық мезгілі Болмыстың өту кезеңі ( басынан аяғына дейін ) –

Изображение слайда

Слайд 10: Онтологияның категориялары

Болмыс Бейболмыс Материя Қозғалыс Кеңістік Уақыт

Изображение слайда

Слайд 11: Материя

Материя – біздің түйсіктерімізде берілген, түйсіктерімізде көшірілетін, бейнеленетін, суреттеленетін, олардан тәуелсіз болып тұрған объективтік шындықты белгілейтін философиялық категория Материя түрлері: зат, өріс ( гравитациялық, магниттік, электромагниттік, электрондық т.б.), антизат, тірі зат Материияның даму деңгейлері: бейорганикалық органикалық, тірі, әлеуметтік Материянық күрделі құрылымы: молекула, атом, протон, нейтрон, электрон, позитрон; кварк, лептон

Изображение слайда

Слайд 12: Қозғалыс

Қозғалыс – материяның өмір сүру тәсілі, жалпы өзгеріс, заттардың өзара әсер етуі, өзара әрекеттесуі. Ф.Энгельс : «Материя қозғалысының негізгі түрлері : механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, әлеуметтік » Өзгеріс және тыныштық – қозғалыстың екі жақтары. Тыныштық - бұл өзара ә сер етіп тұрған жақтардың, тараптардың тепе- теңдігі, тұрақтылық қалпысы. Тыныштық өзгерістердің нәтижелерін бекітеді. Қозғалыс абсолютті, тыныштық салыстырмалы сипатта. Фридрих Энгельс (1820-1895) « Табиғат диалектикасы »

Изображение слайда

Слайд 13: Кеңістік пен уақыт

Кеңістік – материяның бар болуының объективті-реалды формасы : созылуы, заттардың өзара жайғасу тәртібі Уақыт – материяның бар болуының объективті-реалды формасы : үрдістер мен оқиғалардың ұзақтығы мен бірізділігі

Изображение слайда

Слайд 14: Шакаримнің қозғалыс туралы идеалистік көзқарасы

… бұл барлықтың еш нәрсесі өздігінен бар бола алмайды да, қозғала алмайды. Ол : «бар болайыншы, қозғалайыншы », - дей алмайды. Бұған себеп керек. Егер ол себепке де бір себеп керек болып, себептің түбі жоқ болады делінсе, ең түбінде себепсіз бар себеп болмаса - болмайды. Сол себепсіз бар болу себеп – « Ж аратушы » болады. Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931)

Изображение слайда

Слайд 15: Болмыс және бейболмыс ( Парменид )

«Болмыс ұғымы «болу» деген етістіктен шыққан, ол жеке формасында «бар» деп айтылады. Демек, болмыс – барлық бар нәрсе, бұл тіршілік етіп тұрғанның бәрі. Ол «туылмаған, жойылмайды, тұтас [бөлшектері жоқ ], бірден-біреу, қозғалмайды, бітпейді [уақытта ]» Егер де қазір бір нәрсе жоқ болса, онда ол болмаған және болмайды да. Сонымен, бейболмыс жоқ», - дейді Парменид Парменид (540-470 до н.э.) «Болмыс бар, бейболмыс жоқ »

Изображение слайда

Слайд 16: Зенонның апориялары ( шешімі жоқ жұмбақтары )

Зенон Элейлік б.д.д. 490-430 Зенон шын болмыс қозғалмайды және сезімдер арқылы танылмайды деген ойға негізделген Апория « Жебе »: Ұшып бара жатқан жебе қозғалмайды, өйткені әр мезгілде ол тыныштық қалпында тұр, сондықтан ол мәңгі тыныштықта Апория « Жебе » Апория «Ахилл және тасбақа »

Изображение слайда

Слайд 17: Платон іліміндегі болмыс мәселесі

Платон ( б.з.д. 427-347 жж.) Платонның онтологиясында болмыс екі дүниеге бөлінеді : идеялар болмысы және сезімдермен қабылданатын заттар болмысы. Алғашқы деп Платон мәңгі, өзгермейтін, өздік тіршілік ететін мәндер - идеялар ( эйдос ) әлемін айтқан. Екінші – көшірмелі, туынды дүние деп Платон сезімдермен қабыл-данатын алуан түрлі заттар әлемін айтқан. Құдай Демиург идеялар әлемін   үлгі ретінде алып, материяға бітім беріп, бұл дүниені жасады.

Изображение слайда

Слайд 18: Аристотель метафизика туралы

Аристотель: “метафизика (грек т ілінен: «физикадан кейінгі») - ойдың эмпирикалық әлем шеңберінен шығып, метаэмпирикалық нақтылыққа жетуге ұмтылуы ”. Ол милеттіктерден Платонға дейінгі философиялық ой дамуы бағытын түйіндей отырып, метафизиканың төрт анықтамасын берді : 1.Бастапқы немесе жоғарғы бастаулар себебін зерттеу 2. Болмысты тану 3.Субстанция туралы білім 4. Құдай туралы білім Аристотель ( б.д.д 384-322жж.)

Изображение слайда

Слайд 19: Аристотельдің онтологиясы

Аристотель ( б.д.д 384-322жж.) Аристотель дүниеің алғашқы негізін екі себептен шығарады, олар : енжар материя және белсенді форма. Форма материяны мүмкіндіктен нақтылы шындыққа әкеледі. Материяның жылылық, суықтық, құрғақтық пен дымқылдығы бар. Олардың бір-бірімен жұп-жұп болып қосылуы дүниенің негізінде жатқан төрт стихияны тудырады : отты, ауаны, суды, жерді. “Ай астындағы дүние” осы төрт стихиядан тұрады. Аспан құдіретті Эфирден ( бесінші мәннен ) тұрады. . Аристотельдің онтологиясы теологиямен байланысты : Құдай - дүниенің мәңгі алғашқы қозғалтқышы ретінде түсіндіріледі

Изображение слайда

Слайд 20: Аль-Киндидің онтологиялық пайымдаулары

Әл Кинди болмысты бес нәрсе сипаттайды дейді : материя, форма, қозғалыс, кеністік және уақыт. Дүниені Алла « ештеңеден » жаратты, - дей отырып, әл Кинди материяны негізгі, анықтаушы мән ретінде түсіндіреді : « Қандай нәрсе болмасын бәрі материядан құрылған. Ол ешқашан жойылып кетпейді, өзінде барлық нәрсені ұстап тұрады». Әл Кинди форма дегеніміз мүмкіндік деп түсінеді, материяда ішкі мүмкіндік бар, материядан әр түрлі заттар пайда болады, осы заттар тудыратын мүмкіндік — форма. Абу Юсуф Якуб бин Исхак бин ас-Сабах   аль-Кинди (805-873 жж.)

Изображение слайда

Слайд 21: Ибн Рушд дүниенің мәңгілігі мен шексіздігі жөнінде

Ибн Рушд « Алғашқы қозғаушы жөнінде » атты еңбегінде : « Құдай шындықтың мәңгілік қайнар көзі болса, материя дүниенің мүмкіндігінің мәңгілік қайнар көзі, өйткені егер жаратушы мәңгілік болса, онда жаратылған дүние де мәңгілік. Материя заттың ішкі мүмкіндігін құраса, бітім (форма) оның сыртқы іске асуына, өмірге келуіне әкеледі. Құдай дүниенің мүмкіндігіне - материяға бітім беріп, оны шындыққа айналдырады » Ибн Рушд  Мұхаммед (Аверроэс) (1126-1198 жж )

Изображение слайда

Слайд 22: Болмыстың субстанция мәселесін шешудегі үш бағыт

1. Монизм 2. Дуализм 3. Плюрализм Монизм бір субстанцияны мойындайды: - материалистік монизм – материяны - идеалистік монизм - сананы Дуализм екі субстанцияны - материя мен сананы мойындайды Плюрализм көп субстанцияны мойындайды

Изображение слайда

Слайд 23: Жаңа Заман философиясындағы субстанция мәселесі ; Декарттың дуализмі

Өз ізденістері нәтижесі н де Декарт с убстания ұғ ым ын тұжырымдады. Субстанция - өз тіршілігі үшін өзінен басқаны қажетс ін бейтінні ң б ә рі. О н дай қасиетке ( өз тіршілігі үшін басқаны қажетсінбеу ) тек субстанция ғана ие ж ә не ондай с уб с танция - Қ ұ дай ғана бола алады. Қ ұд ай м ә ңгі, қ ұ дірет т і, жойылмай д ы ж ә не барлық н ә рсенің себебі мен өзегі. Рене Декарт (1596-1650)

Изображение слайда

Слайд 24: Декарттың қос субстанция туралы ілімі

Жаратылған субстанция-ларды Декарт екі текке жіктейді: 1.материалды ( зат т ар) 2. рухани ( идеялар ) Адам, Декарт пікірінше, екі — материалды (тәндік-созылатын) және рухани (ойлаушы) субстанциялардан құралған. Адам - өз бойына екі бірдей субстанцияны (әрі материалды, әрі рухани) қатар біріктіретін тіршілік иесі, сондықтан ол табиғаттан жоғары көтеріле алады

Изображение слайда

Слайд 25: Спиноза онтологиясындағы субстанцияның монизмі

Спинозаның философияға қосқан маңызды үлесі - болмыстың мәнін қарастыратын субстанция туралы теориясын жасауында Өз ілімінің негізіне Декарттың субстанция туралы теориясын алғанымен, Спиноза оның басты кемшілігі - дуализмде деп санады. Бенедикт Спиноза 1632-1677

Изображение слайда

Слайд 26: Спиноза теориясының мәні

1. Жоғарғы субстанция - Құ дай мен Ол жаратқан субс т анциялар арасында айырмашылық жоқ Барлығын, б ү кіл тіршілікті өзі қамтып жат қ ан бір ғана субстанция бар, ол субстанция Табиғат пен Қ ұ дайды қатар қамтиды « Табиғат + Қ ұ дай» – бір субстанция. Табиғат т ан тысқары немесе Табиғаттан жоғары т ұ рған Құдай жок. Қ ұ дай Табиғат ты ң өзегі Тек біртұтас «Таби ғ ат + Қ ұдай» ғана жарата алады. « Жаратушы әлем », яғни біртұ т ас « Табиғат + Қ ұд ай» - « жаратылған дүниені » - жеке зат т арды жасайды 5. Жеке зат т ар өз бетінше тіршілік етпейді, олар біртұ т ас субстанцияның – « Табиғат + Құдайд ың» модустары - көріністері ғана 6. Моду с тар кеңістікте ж ә не уақытта козғалады, олардың тіршілігінің басы мен аяғы бар

Изображение слайда

Слайд 27: Табиғат + Қ ұд ай» субстанцияның қасиет т ері

- тіршілік етеді ; дербес, ештеңеге т ә уелді емес, өз-өзіні ң ішкі себебі бар; - көптеген қасиеттерге (атрибут т арға ) ие, олардың негізгілері - ойлау мен созылу Декарт т а жеке модустардың сипаты болса, Сп и ноза ілімінде бүкіл субстанцияның қасиеті; - уа қ ыт пен кеңістікте шексіз ; - м ә ңгі ( ешкім жасамайды ж ә не жойылмайды ); - қозғалыссыз.

Изображение слайда

Слайд 28: Г. Лейбниц тің субстанция туралы іліміндегі плюрализмі

Г.Лейбниц (1646-1716) Негізгі еңбектері: «Монадология», «Адамның ақыл - ойы туралы жаңа тәжірибелер». Декарттың дуализміне, Спинозаның монизміне Лейбниц субстанционалдық плюрализмді қарама қарсы қойды

Изображение слайда

Слайд 29: Лейбництің монадологиясы

- бүкіл д ү ние көп санды субстанциядан құрылған, субстанциялардың та б иғаты дуали с тік немесе монистік е мес ; - с убстанциялар монадалар деп аталады (грек тілінен аударға н да « бір », « біреу »); - монада қара п айым, бөлінбейді, созылмайды, материалды-заттық құрылым емес ; - монадологияның 4 сапасы бар: ұмтылыс; ә уе с те н у; қабылдау; елестету. - мәні бойынша монада - өз жағдайын үздіксіз өзгертетін, біртұтас әрекет. - өзінің үздіксіздігіне байланысты монада өзін-өзі сезінеді; - монадалар абсолютті тұйық және бір-біріне тәуелсіз

Изображение слайда

Слайд 30: Абай дүниетанымындағы болмыс мәселесі

Жаратқан, Дүние, Адам осы үш ұғым Абай философиясының іргетасын құрайды. 38-ші қара сөзінде Абай өз филосо-фиясының осы негіздерін талдайды. Дүние Жаратқанның құдіретті күші арқылы пайда болып, өмір сүріп жатыр және онда белгілі бір заңдылықтар, мақсатқа лайықтылық бар. Соңғылардың негізі - Ғылымда. Жаратқанның үшінші сипаты Хаят, яғни Тіршілік. Мұның сыртында Абай тағы Алланың бес сипатын көрсетеді : Басар ( қырағылық ), Сәміг ( сергектік ), Ирада ( қалау ), Кәлам ( сөз ), Тәкин ( жасампаздық, болмысқа келтіруші ) Абай Құнанбаев (1845-1904)

Изображение слайда

Слайд 31: Абайдың Алла туралы пайымдаулары

Абай Алланы абсолют шындық ретінде түсінеді. Ол : « Замана, шаруа, мінез күнде өзгермек, оларға кез­кезімен нәби (пайғамбар ) келмек »,­ дейді. Өзгермейтін бір Алла, ­ O л - А бсолют. Өзгеретін ­ оны танушылар, оның құдіретіне бас июшілер. Адасатын ­ Алла емес, адамдар. Алланы сүю ­ адамның жеке басындағы абзал қасиеттерді қастерлеу, адамгершілік-ті негізгі қағидаға айналдыру, ал ол үшін ең алдымен өзіңді өзің тазалауың қажет. Алланы сүю ­ ізгілікке байланысты жол.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Болмыс. Онтология және метафизика: Әдебиеттер

Барнард А. Антропология тарихы мен теориясы. – Алматы, "Ұлттық аударма бюросы " Қоғамдық қоры, 2018. - 240 бет Джонстон Дерек Философияның қысқаша тарихы : Сократтан Дерридаға дейін. – Алматы, «Ұлттық аударма бюросы».қоғамдық қоры, 2018 жыл.- 216 бет Кенни Энтони Батыс философиясының жаңа тарихы : 1-том. Антика философиясы. – Алматы, Ұлттық аударма бюросы " Қоғамдық қоры, 2018. - 408 бет Кенни Энтони Батыс философиясының жаңа тарихы : 2-том. Орта ғасыр философиясы.. – Алматы, "Ұлттық аударма бюросы " Қоғамдық қоры, 2018. - 400 бет Мырзалы Серік Қажи-Ахметұлы. Философия. – Алматы, “Бастау” баспасы, 2014.- 648 бет

Изображение слайда

Похожие презентации

Ничего не найдено