Первый слайд презентации: Бұрандалы қосылыстар. Олардың құрылымы, түрлері
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Абылқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті «Нанотехнологиялар және металлургия» кафедрасы Орындаған: Аяганова Жұлдыз МЕТ-20-1 Қарағанды 202 3 ж.
Слайд 2
Жоспары : Негізгі түсініктер Бұрандалы қосылыстардың түрлері Бұрандалы қосылыстардың жіктелуі
Слайд 3
Машиналар, аспаптар және аппараттар жасағанда, оларды құрайтын бөлшектер қандай да бір тәсілдермен бір-бірімен қосылады. Бұл қосылыстар ажыратылатын және ажыратылмайтын болып бөлінеді. Ажыратылатын қосылыстар деп қайтадан құрастыру мен бөлшектеу кезінде оны құрайтын бөліктері бүлінбей қалатын қосылыстарды айтады Мысалы 1 -ші суретте көрсетілген. Бұйымның бөліктерін үнемі байланыстырып тұратын және бүлінбей бөлшектеуге келмейтін қосылыстарды ажыратылмайтын қосылыстар деп атайды ( пісіру, дәнекерлеу, престеу, желімдеу, жапсыру арқылы қосылған қосылыстар ). Машинаның әр түрлі құрылғылардың құрама бөлшектерін, ажыратылатын қосылыстармен қосуда бұранда немесе бекітуші бөлшектер бұрандасы кең қолданылады. Бұрандалылы қосылыстар, бөлшектерге біршама қозғалмайтындық немесе бір бөлшектің басқа бөлшекпен салыстырмалы ауысуын қамтамасыз етед
Слайд 4
Бұранда деген цилиндрлік немесе конустық беттердің үстінде жазық шеткі жиектің бұрандалы қозғалысынан пайда болған бет. Бұрандалы қосылыстар - болттың, винттің, шпильканың, гайканың және т. б. бекіту бөлшектерінің көмегімен қосылатын ажырамалы қосылыстарды айтамыз. Мұндағы винт дегеніміз бұрандалы сырық ; болт қалпақшалы винт; гайка — бұрандалы т ec ігі бар кілтпен қамтылатын пішінді бөлшек ; ал шпилька — e кі жағы да бұрандалы сырық.
Слайд 5
Машиналарда бұрандалы бөлшектер көп кездеседі. Кейбір машиналарда олардың саны барлық бөлшектердің 60% - i н құрайды. Өйткені бұрандалы қосылыстардың ажырамайтын қосылыстарға қарағанда мынадай артықшылықтары болады : Тез жиналып, оңай сұрыпталынады ( ажыратылады ). Бұранданың сына тәрізді әсер етуінің нәтижесінде және кілт ұзындығының бұранда радиусына қатынасы үлкен болғандықтан қосылыстарды қысатын үлкен осьтік күш пайда болады, сондықтан бұрандалы қосылыстар б ep ік келеді. Бұрандаларды өте дәл әзірлеуге болады және олардың конструкциясы қарапайым келеді. Белгілі жағдайда өздерінен тежелу қасиеті пайда болады.
Слайд 6
Бұрандалардың түрлері : винт - дегеніміз бұрандалы сырық ; болт - қалпақшалы винт; гайка – бұрандалы тесігі бар кілтпен қамтылатын пішінді бөлшек ; шпилька – екі жағы да бұрандалы сырық. а — болт; б — винт; в - шпилька; г — установочный винт; д — гайка; e — пружинная шайба; ж — деформируемая шайба; з — плоская шайба
Слайд 7
Бұрандалы қосылыстардың жіктелуі : а ) бекіткіш ( метрикалық, дюймдық ), машина бөлшектерін ажырамалы қосу үшін қолданылады, олардың негізгі мақсаты - қосылыстардың беріктігін қамтамасыз ету және ұзақ пайдалану процесінде жанасу жігінің тығыздығын ( ашылмауын ) сақтау ; б) кинематикалық ( трапецеидальдық және тікбұрышты ), жүрісті бұрамалар, станок суппортының бұрамалары және өлшеу аспаптарының үстелдері және т.с.с. үшін қолданылады, олардың негізгі мақсаты — ең аз үйкеліс кезінде дәл орын ауыстыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ, айналмалы қозғалысты ілгірілемелі қозғалысқа айналдыру ; в) құбырлыжәнеарматуралық ( цилиндрлік және конустық құбырлы, метрикалық конустық ), құбырлар мен арматуралар үшін қолданылады, олардың негізгі мақсаты — қосылыстардың герметикалығын қамтамасыз ету. Құбырлы конустық бұранданың негізгі өлшемдері, профилі және шек өрістері МЕСТ 6211-81 ( ст СЭВ 1159-78) реттеледі ; г) арнайы мақсаттағы бұрандалар белгілі бір салалардың белгілі бір өнімдерінде ғана қолданылады ( мысалы, электр лампаларының патрондарына арналған бұранда, противогаздардың бұрандалары, оптикалық құрылғыларға арналған көзілдірік бұрандалар және т.б.).
Слайд 8
Бұрандалардың профиліне байланысты ( осьтік қиманың контурының түріне ) бұрандалар үшбұрышты, трапеция тәрізді, тірек (ара тәрізді ), тікбұрышты, дөңгелек болып бөлінеді. Кірістерінің саны бойынша — бір кірісті және көп кірісті болып бөлінеді. Осьтік қиманың контурының айналу бағытына байланысты – оң және сол жақ бұрандалар. Сызықтық өлшемдердің қабылданған өлшем бірлігіне байланысты метрикалық және дюймдық бұрандалар.
Слайд 9
Кескінінің пішіні бойынша Беті бойынша Орналасуы бойынша Қолдануы бойынша Кіріс саны Бұранда бағыты трапециялы үшбұрышты тіреуішті жұмыр тікбұрышты конустық цилиндрлік сыртқы ішкі бекітуші жүрістік арнайы біркірісті көпкірісті оң сол Бұрандалар классификациясы :
Слайд 10
Бұранданың негізгі параметрлері Қарастырылып отырған бұранда параметрлерінің номиналды өлшемдері болт және гайка үшін бірдей болады. d (D) – бұранданың сыртқы диаметрі ; d1 (D1) – бұранданың ішкі диаметрі ; d2 (D2) – бұранданың орташа диаметрі ; P – бұранда қадамы ; α – профиль бұрышы ; Ψ – көтерілу бұрышы ; Бұранданың аталған параметрлерінен басқа, мыналар да ерекшеленеді : бастапқы профильдің биіктігі H, профильдің жұмыс биіктігі H1 және профильдің биіктігі H2, олар бұранда осіне перпендикуляр бағытта өлшенеді.
Слайд 11
Бұрандаларды отырғызу Жалпы мақсаттағы ішкі және сыртқы бұрандалар, сондай-ақ, арнайы бұрандалардың көпшілігі профильдің бүйір беттерімен байланысады. Профильдің бүйірлеріндегі жанасу сипатына байланысты ( яғни, орташа диаметр бойынша ) отырғызу саңылаумен, керумен және өтпелі түрде орындалуы мүмкін. Диаметрі 1-600 мм- ге дейінгі метрикалық бұрандаларға арналған шек өрістері мен отырғызу жүйесі ИСО МС 965/1-1973 халықаралық стандартына негізделген. Бұл жүйе МЕМСТ 16093-81 (СТ СЭВ 640-77) — саңылауы бар отырғызулар, МЕМСТ 4608-81 (СТ СЭВ 306-76) — керумен отырғызулар және МЕМСТ 24834-81 (СТ СЭВ 305-76) — өтпелі отырғызулар регламенттелген.
Слайд 12
Саңылаумен отырғызу. МЕМСТ 16093-81 бұрандалы қосылыстарды саңылау арқылы отырғызудың бес негізгі ауытқуы ( d, е, f, g және h) сыртқы бұрандаларға және төрт негізгі ауытқуы (Е, F, G және Н) ішкі бұрандаларға қарастырылған. Бұл ауытқулар d1, d2, d және D, D2, D1 диаметрлері үшін бірдей. МЕМСТ 16093—81 бойынша келесідей дәлдік дәрежерелі бар: Бұранданың сыртқы диаметрі үшін – 4; 6; 8; Бұранданың орташа диаметрі үшін – 3–10; Сомынның ішкі диаметрі үшін – 4–8: Сомынның орташа диаметрі үшін – 4–9.
Слайд 13
Бұрандалы винттер пайдалану қажеттілігіне қарай мынадай топтарға бөлінеді : Бекіту бұрандалары. Бұранданың бұл түрі бөлшектерді қосу қажетіне арналған, ал олардың профилі ұшбұрышты етіп дайындалады. Қозғалыс немесе күш беретін бұрандалар ( жүрісті бұрандалар ). Домкраттарда, престерде т. б. жүрісті винттерде қолданылады. Бұл бұрандалардың профилін үйкеліс күшін азайту мақсатымен трапециялы, кейде тікбұрышты етіп жасайды. Бұранда тілінген бөлшектің пішіні бойынша конусты бұранда және цилиндрлі бұранда болып екі түрге бөлінеді. Біз жоғарыда бұранда сызығы иілгіш үшбұрышпен цилиндрлі орағанда пайда болады дедік. Егер сол ұшбұрышты оңнан солға қарай орасақ сол бұранда болып аталады. Бұранда сызығының кі py ін e байланысты винттер бі p, екі, үш және көп кі p істі болып келеді. Екі кірмелі бұрандаларда винт сызығы e кі жерден басталады. Бұранда қадамының өлшеміне байланысты: а) ұсақ қадамды (аралықты) бұранда; б) і p і қадамды (аралықты) бұранда болып табылады. Ұсақ қадамды бұранда төзімді және б ep ік келеді, сондықтан олар: а) егер бұрандаға динамикалық күш түссе; б) егер бұрандалы білікт ep иілу мен бұралуға жұмыс і c т ece ; в) бұранда реттегіш қызметін атқаратын жағдайларда қолданылады. Ұсақ қадамды бұрандалар төмендегідей болып белгіленеді: М 12´1,5 (1,5—қадам шамасын миллиметрмен көрсетеді), ал і p і қадамды бұрандалар М 24.
Слайд 14
Бұрандалар профилі бойынша ұшбұрышты, төртбұрышты, трапециялы, жұмыр және т. б. болып бөлінеді. Үшбұрышты бұранда. Үшбұрышты басқа бұрандалармен салыстырғанда б ep ік келеді, бі pa қ мұнда үйкеліс күші көп болады және олардың өздігінен тежеу қасиеті жоғары, сондықтан көбінесе бекіту бөлшектерінде, мысалы, болттарда, винттерде, шпилькаларда, гайкаларда және т. б. қолданылады. Үшбұрышты бұранданы көбінесе бекіту бұрандасы деп атайды және ол метрлік, дюймдік болып e кіг e бөлінеді. Метрлік бұранда. Мемлекеттік стандарт СТ СЭВ 182-75 бойынша метрлік бұрандалар і p і және ұсақ қадамды болып бөлінеді. Олардың н e гізгі параметрлері бірдей болады, мысалы, профиль бұрышы a = 60 0 ; үшбұрышты бұранданың профилінің биіктігі: винт бұрандасының ойыс радиусы: Ал сырық б ep іктігін ең кіші диаметрі бойынша есептейміз d1 - 1,227P.
Слайд 15
Метрлік бұрандалар 4; 6; 7; 8— дәлдік кластары бойынша әзірленеді. Өте жоғары, бі pi нші класты бұрандалар жауапты қосылыстарда және дәл қозғалатын винттерде қолданылады. Метрлік бұрандалардың бөлшектерге кіріп тұратын ұзындығы СТ СЭВ 640- 77 шектелген. Дюймдік бұрандалардың айырмашылығы, бі pi ншіден, профиль бұрышы a = 55 0 болса, екіншіден, бұранда қадамы метрлік өлшеммен (мм) емес, бі p дюймге келетін орам санымен көрсетіледі және олар тек шет мемлекет машиналарына қор бөлшектер дайындауда пайдаланылады (б- сурет ).
Слайд 16
Трапециялы бұранда. Мұндай бұрандалар негізгі винт-гайка берілістерінде қолданылады. Трапециялы бұранда станоктардың жүріс винттерінде, супорттарында, яғни олар күш пен жүріс беретін механизмдерде жиі кездеседі. Трапециялы бұрандаларда үйкеліс аз болады, оңай дайындалады және олар анағұрлым төзімді келеді. Диаметрі 8-ден 640 мм- ã е дейінгі трапециялы бұрандалар стандартталған. СТ СЭВ 838-78 бойынша мұндай бұрандалар бұлай белгіленеді. Т r 80´10— мұндағы соңғы саны қадамын көрсетеді. Олардың профиль бұрышы 30 0. Солға бұрылатын бұрандалар белгісі Tr 40´6ZH, ал көп кірмелі бұранда Т r 40´8 (Ð4) болып белгіленеді, екі кірмелі, қадамы Р=4. Конусты бұранда. Конусты бұрандалар көбінесе трубаларды жалғастырғанда қолданылады. Өйткені олар тығыздықты жақсы қамтамасыз етеді. Сондай - à қ, жоғары қысым әсер ететін трубалар конусты бұранда арқылы қосылады. Мемлекеттік стандарт бойынша конусты бұранданың eê і түрі бар: конустылығы 1 : 16 және дюймдік бұрандалар. Мемлекеттік стандарт СТ СЭВ 304-76 бойынша конусты бұранданың профилі трубалы цилиндрлі бұрандаға сәйкес, профильдің бұрышы 55 0 болып келеді.
Слайд 17
Бұранда қадамын мына формуладан табамыз : P= P`cos j мұндағы j — конус бұрышының жартысы. Конусты бұрандалар МК— сыртқы, M— ішкі, ал қиылысқан жерінде М/МК 20´1,5 болып белгіленеді. Tipe к бұрандасы. Бұл бұранда күш бі p жаққа бағытталған жүк винттерінде қолданылады. Мысалы, винтті престерде, домкраттарда, ілгіштерде пайдаланылады. Пайдалы әсер коэффициентін жоғарылату үшін профильдің еңкіш бұрышын 30 0 eò іп аламыз. Соңғы кезде күш кернеуінің концентрациясын азайту үшін тірек бұрандасының жаңа түрлері ұсынылып жүр. Tipe к бұрандалары МЕСТ 10177-62 бойынша сызбада былай б e лгіл e н e ді : S 70 ´ 10. Жұмыр бұранда. Бұл бұранда негізінен үлкен динамикалық күш әсер ететін винттерде, сондай-ақ көбінесе жиі бұралып алынатын өрт және гидравликалық арматураларда кеңінен қолданылады. Сонымен бі p г e электр лампасының патронында, противогаздарда және т. б. пайдаланылады. Профиль бұрышы 30 0 -қа тең.