Первый слайд презентации: 3-Дәріс. 4-Тапсырма. Тақырып бойынша өз глоссарийіңізді жасаңыз, презентация арқылы қорғауға дайын болыңыз
Орындаған: Жаңабаева Мерей, ДОиВ-22а ТиПО Тексерген: Жумабаева З.Е., п.ғ.к., профессор
Слайд 2
Кең ауқымды дағдылар – әр түрлі салалар мен жағдайларда қолданылатын, оқушылардың үйлесімді тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін әмбебап қабілеттер (сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық, зерттеу, АКТ дағдылары, т.б.). Сын тұрғысынан ойлау – ақпаратты терең талдау, бағалау және негізделген шешімдер қабылдау қабілеті, оқушының білімді функционалдық және шығармашылық тұрғыдан қолдану қабілетін арттырады.
Слайд 3
Цифрлік Қазақстан – Қазақстанда цифрландыру мен жаңа технологияларды енгізу арқылы түрлі салаларда, соның ішінде білім беру жүйесінде жаңа мүмкіндіктер мен өзгерістер жасауға бағытталған мемлекеттік бағдарлама. Білім беру салалары – бастауыш білім беруде оқытылатын негізгі пәндер мен бағыттар (тіл және әдебиет, математика және АКТ, жаратылыстану, адам және қоғам, өнер).
Слайд 4
Спиральды қағидат – оқу материалының белгілі бір кезеңдерде қайталануы және күрделенуі арқылы білім беру мазмұнын кезең-кезеңімен дамыту тәсілі. Блум таксономиясы – оқу мақсаттарын иерархиялық деңгейлер бойынша топтастыру тәсілі: білім, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау және бағалау.
Слайд 5
Зерттеу дағдылары – оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу қабілеттерін дамытуға бағытталған дағдылар жиынтығы (бақылау, зерттеуді жоспарлау, мәліметтерді жинақтау және түсіндіру). Оқыту үдерісі – білім беру мекемесінде оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту барысындағы әрекеттердің жүйесі, ол ұзақ, орта және қысқа мерзімді жоспарлармен ұйымдастырылады.
Слайд 6
Пән мазмұнының сабақтастығы – әртүрлі білім беру деңгейлерінде пәндер арасындағы байланыстарды нығайту және оқу мазмұнын үздіксіз дамыту тәсілі. Орталық тақырыптар – бірнеше пән арасында ортақ болатын тақырыптар, олар пән аралық байланыстарды жүзеге асыруға және білімді кешенді игеруге көмектеседі.