Первый слайд презентации
Дәріс тақырыбы: « Дәрістің тақырыбы: Спортшынылардың шаршауының және қалпына келуінің физиологиялық негіздері. »
Слайд 2
Дәрістің мақсаты : Дене жаттығуларынан кейінгі шаршаудың және қалпына келудің физиологиялық механизмдерін зерттеу. Дәріс жоспары 1. Шаршау түсінігінің анықтамасы. Шаршау түрлері. 2. Шаршаудың қалыптасуының теориясы. 3. Шаршаудың орнығуы. 4. Әртүрлі дене жүктемелерінен кейінгі шаршаудың ерекшеліктері. 5. Шаршаудың биологиялық маңызы. 6. Бұлшық ет қызметінен кейінгі қалпына келу процестерінің физиологиялық сипаттамасы. 7. Қалпына келу процесінің физиологиялық заңдылықтары. 8. Әртүрлі қуатты жұмыстардан кейінгі қалпына келу. 9. Қалпына келу процесін жеделдету әдістері.
Слайд 3
1. Шаршау түсінігінің анықтамасы. Щаршаудың түрлері. Шаршау – атқарылған жұмыстың нәтижесінде уақытша туындайтын және жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуімен сиптталатын ағзаның физиологиялық күйі. Шаршау қажу сезімінен туындайды. Шаршаудың бірнеше түрлері бар: ақыл-ой, талдағыштар, дене шаршауы және эмоциялық шаршау. Сондай-ақ, тез шаршау бар, бұл кезде берілген жүктеме ағзаның жұмысқа қабілеттілігінен артып кетеді және созылмалы, бұл ұзақ уақыт қалпына келмеуден туындайды.
Слайд 4
2. Шаршаудың қалыптасу теориясы Қазіргі уақытта шаршаудың механизмдерін түсіндіретін бірнеше теориялар бар. Оларға – бұлшық еттердегі қуат көздерінің таусылу (Шифф,1868) теориясы, бұлшық еттерде зал алмасудың соңғы өнімдерінің жинақталу (Пфлюгер,182) теориясы, метабоилттермен улану (Вейхард,1902) теориясы, тұншығу - оттегінің жетіспеуі нәтижесінде (Фервон,1903) және кеңестер одағы елдерінде кеңінен таралған –И.М.Сеченовтың (1903) жасағн және А.А.Ухтомскимен толықтырған шаршаудың орталық жүйкелік теориясы. Бірақ, қазіргі кездегі әдістер шаршаудың қандай да бір мүшелердегі немесе мүшелер жүйесіндегі, нақты жүйке жүйесіндегі өзгерістерге қатысты себептерін анықтай алмайды.Шаршау, біріншіден, көптеген мүшелердегі және мүшелер жүйесіндегі функционалді өзгерістердің дамуымен, екіншіден, қызметінің төмендеуі қандай да бір дене жүктемелерін орындау кезінде байқалатын мүшелер мен жүйелер қызметінің әртүрлі үйлесімділігімен байланысты.
Слайд 5
3. Шаршаудың орнығуы Шаршаудың орнығуының физиологиялық механизмдері өзара байланысты ағзаның үш түрлі жүйелеріндегі ығысулармен байланысты, атап айтқанада – 1)ОЖЖ-де, 2)жұмыс жасап тұрған бұлшық еттерде және 3)ағзаның ішік ортасында.
Слайд 6
4. Әртүрлі дене дене жүетемелері кезіндегі шаршаудың ерекшеліктері. Бұлшық ет жұмысы кезінде шаршаудың әртүрлі құрылымды және қуатты дамуының әртүрлі факторлары бар. Максимальды қуатты циклді жұмысты орындау кезіндегі басты фактор – нейрондардан қаңқа бұлшық еттеріне және жұмыс жасап тұрған бұлшық еттерден орталыққа берілетін күшті импульстер ағымынан ОЖЖ-ң қажуы. Одан басқа, нейрондардағы АҮФ,КрФ-ң мөлшері азаяды, ми құрылымында тежегіш медиатор – гамма-амин май қышқылының мөлшері артады. Субмаксимальды қуатты жұмысты орындау кезінде шаршаудың негізгі факторы – жұмыс барысындағы ағзаның ішкі ортасының өзгерістері: гипоксия (қандағы оттегінің мөлшерінің төмендеуі), қанның рН рекациясының 7-ге дейін (тыныштық күйде – 7,36)төмендеуі, қандағы сүт қышықылы концентрациясының 250 мг/%-ға дейін (тыныштық күйде 10-20 мг/%) артуы. Зат алмасу өнімлерімен улануда және үлкен импульстер ағымынан ОЖЖ қажиды. Оттектік борыш максимальды деңгейіне – 22-25л-ге жетеді.
Слайд 7
Үлкен қуатты жұмысты орындау кезіндегі негізгі фактор – моторлы және вегетативті қызметтердің бағдарының бұзылуы. Тыныс алу және жүрек-тамыр жүйелерінің (ТМК және ТМК қорлары артады)қорлары қосылады. Қандағы глюкозаның концентрациясы төмендейді. Оттектік борыш 12-15л-ге жетеді. Үлкен қуатты аймақта жұмыс орындалғандағы шаршаудың негізгі факторы - ОЖЖ-гі қорғанысты тежелу және бұлшық еттер мен миокардтағы гликогеннің қорларының таусылуы. Бұд кезде қандағы глюкозаның концентрациясы 40-50 мг%-ға (қалыпты жағдайда – 80-120 мг/%) төмендейді. Статикалық жұмыс кезінде бұлшық еттерге және олардың қызметін реттейтін орталықтарға үзбей жүктеме түсетіндіктен қимыл аппараты және ОЖЖ тез шаршайды. Ситуациялы жаттығуларды орындау кезінде өзгеріп отыратын жағдайларды талдап отыру үшін және қимылдардың өзгерісін үзбей тіркеп отыру үшін ОЖЖ-не, сондай-ақ, талдағыштар жүйесіне үлкен ауытрпалықтар түседі.
Слайд 8
5. Шаршаудың биологиялық маңызы. Шаршаудың биологиялық маңызы – ол уақытылы ағзаны зорығып кетуден сақтайды. Шаршаудың қайталануы ағзаның функционалды мүмкіндіктерін арттырады, өйткені физиологиялық және биохимиялық ығысулар ағзаның дене жүктемелеріне бейімделу мүмкіндігін арттыра отырып, қалпына келу процестерін жетілдіреді.
Слайд 9
6. Бұлшық ет қызметінен кейінгі қалпына келу процестерінің физиологиялық сипаттамасы. Процестің қалпына келуі дегеніміз ағзаның қызметтік күйден тыныштық күйге көшуі немесе жұмыс аяқталғаннан кейінгі функционалді жүйелердің қызметінде жүретін өзгерістер жиынтығы. Қалпына келу процестері жұмысты орындау кезінде жүруі мүмкін (әсіресе ауыспалы қуатты жұмыстың орындалуы кезінде), бірақ, негізінен жұмыстан кейін жүреді. Қалпына келу процестері жүретін уақыт – қалпына келу кезеңі деп аталады. Қалпына келу – ағзаның тек қана жұмыс алдыңғы күйге қайтуы емес, бұл кезеңде ағзаның функционалды күйін арттыратын өзгерістер жүреді, яғни шынығудың оң тиімділігі артады.
Слайд 10
7. Қалпына келу процестерінің физиологиялық заңдылықтары. Қалпына келу процестерінің бірқатар заңдылықтары бар: қалпына келу процестерінің біркелкісіздігі. Жұмыстан біте салысымен қалпына келу тез жүреді, кейін оның шапшаңдығы төмнедейді де, баяу қалпына келу кезеңі қалыптасады. Мұндай заңдылық көбіне ауыр дене жұмысынан кейін байқалады. Бірқалыпты жүктемелрден кейін ғана тез қалпына келу кезеңі байқалады; қалпына келудің гетерохрондылығы (әртүрлі уақыттылығы) дегеніміз ағзаның әртүрлі қызметтері тыныштық күйге әртүрлі уақытта және әртүрлі жылдамдықпен өтуі. Алактатты оттектік борыш тез қалпына келеді. Кейіннен ЖСЖ, ТЖ, АҚҚ және т.б. Баяу, 2-3 тен 7 тәулік арасында гемоглобиннің, эритроциттердің, лейкоциттердің мөлшері, ОМҚ, зат алмасу қалпына келеді;
Слайд 11
Қалпына келудің сатылығының мәні – жұмыстан бас тартқанға дейін орындалатын жаттығулардан кейін жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі оның жоғарылауымен кезектесіп отырады. Қалпына келудің екі сатысы бар: 1 саты – жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі және 2 саты – жұмысқа қабілеттіліктің артуы немесе суперкомпенсация; қалпына келудің таңдаулылығы кезінде жүктеме біршама көп түскен бұлшық еттердің жұмысқа қабілеттілігі аз жүктеме түскендердегілерге қарағанда кеш қалпына келеді. Қалпына келудің маңызды факторы – адамның жасы. Балаларда жүктемеден кейін қалпына келу тезірек жүреді, бірақ төзімділікке берілген жүктемелерден кейін баяу жүреді. Егде жастағы кісілерде жұмыстың уақытының қысқалығына қарамай қалпына келу баяу жүреді.
Слайд 12
8. Әртүрлі қуатты жұмыстан кейінгі қалпына келу. - Максималды қуатты динамикалық жұмыстан және қысқа уақытты статикалық күштенулерден кейін қимыл аппаратының және ОЖЖ-ң қызметін қалпына келтіру маңыздырақ болады; - субмаксималды қуатты аймақта орындалған динамикалық жұмыстан кейін ОЖЖ қызметінің қалпына келуімен қатар оттектік борышты жою және ішкі ортаны (қанның рН реакциясын) қалпына келтіру талап етіледі. - бірқалыпты қуатты динамикалық жұмыстан кейін ОЖЖ-ң шектен тыс тежелуін жою, қуат көздерін (көмірсулар және майлар қорын) қалпына келтіру қажет.
Последний слайд презентации: Дәріс тақырыбы: « Дәрістің тақырыбы: Спортшынылардың шаршауының және қалпына
9. Қалпына келу процестерін жеделдететін құралдар. - педагогикалық құралдар –спорттық техниканы жетілдіру, спортшының белгілі бір ара қашықтықтағы дұрыс тактикасы; - психологиялық құралдар - өзіндік реттелу, гипнотерапия, арнайы тыныс алу мүшелерінің жаттығулары; - медициналық-биологиялық құралдар – дұрыс күн тәртібі, дұрыс тамақтану, физиотерапевтік процедуралар, массаж, булы және құрғақ моншалар. Белсенді тынығудың ерекше маңызы – жүктеменің бір бұлшық еттерден басқа бұлшық еттерге ауыстырылуы; сондай-ақ, ақыл-ой еңбегінен дене еңбегіне ауысуы және керісінше, бірыңғай жаттығулардан эмоциялық жаттығуларға көшу.