Первый слайд презентации
Дәріс тақырыбы: Спорттық іріктеудің физиологиялық негіздері Құрастырушы Р.Б.Лесбекова
Слайд 2
Дәрістің мақсаты : Спорттық іріктеудің және спорттық бағдарланудың ерекшеліктерін зерттеу. Дәріс жоспары: 1. Спорттық іріктеудің жалпы ережелері. 2. Спорттық іріктеудегіқатысты адамның тұқымқуалаушылығын (генетикасын) зерттеу әдістері. 3. Спортшының морфологиялық ерекшеліктеріне және физиологиялық сапасына тұқымқуалаушықтың әсері. 4. Спорттық ерекшеліктерді болжау. 5. Нағыз спортшының эталонын моделдеу. 6. Онтогенздегі бұлшық ет қызметіне бейім белгілерінің біршама тұрақтыларын іріктеу. 7. Биологиялық жетілу қарқынын есепке алу.
Слайд 3
1. Спорттық сұрыптаудың жалпы ережелері. Спорттық сұрыптау (отбор) – балалардың спортпен шұғылдану қабілетін айқындайтын педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік және медициналық-биологиялық әдістерден тұратын ұйымдастырылулы-әдістемелік іс-шараларының жүйесі. Спорттық бағдарлану – жас спортшының нақты бір спорт түрінде ғана маманадануына мүмкіндік беретін ұйымдастырылулы-әдістемелеік жүйесі. Спорттық іріктеу (селекция) – спорттық жетілудің әртүрлі кезеңдерінде жақсы спортшыларды кезеңімен сұрыптап отыруға мүмкіндік беретін іс-шаралар жүйесі. Спорттық сыұрыптаудың бірінші кезеңіндегі негізгі фактор – баланың денсаулық күйі. Тек дені сау балалар ғана спортпен шұғылдана алады. Спорттық сұрыптаудың жетілмеген әдісін қолданған кезде дайындау топтарына қойылатын талаптарға сай келмейтін балалар еніп қалады. Олардан жоғары дәрежелі спортшыларды тәрбиелеп шығаруға жұмсайтын қаражат және еңбек босқа кетеді (С.Н.Кучкин, В.И.Ченегин,2001). Спорттық сұрыптаудың түрлері және ұйымдастырылуы 1 үлгіде келтірілген.
Слайд 4
2. Спорттық сұрыптауғы қатысты адамның тұқымқуалаушылығын (генетикасын) зерттеу әдістері: а) Генеалогиялық (ата-текті) әдіс, бұл жерде зерттелетін адамның ата-тегі құралып, талданады; ә) цитологиялық (хромосоманың, ДНК-ң ерекшеліктерін зерттеу); б) популяциялы (тұрғындардың нақты бір оқшауланған топтарындағы ғана тұқымқуалаушылықты талдау); в) Егіздік әдіс егіздердің әртүрлі белгілерін салстыруға негізделген. Тұқымқуалаушылықтың кеңінен тараған көрсеткіші – Хольцингер (Н) коэффициенті, ол ағзаның жалпы даумындағы генетикалық үлесті анықтайды. Н=1,0 болғанда, зерттелген көрсеткіш толығымен генотипке байланысты болады; Н>0,7 болғанда генетикалық әсерлер үлесі артып кетеді (70% және одан көп) де, аз ғана бөлімі ортаға байланысты болып қалады. Қаншалықты Н коэффцициенті аз болса, соншалықты ағзаның белгілеріне ортаның әсері басым болады.
Слайд 5
3. Спортшының морфологиялық ерекшеліктеріне және физиологиялық сапасына тұқымқуалаушықтың әсері. Тұқымқуалаушылық қасиеттері ағзаның морфологиялық көрсеткіштерінде (дененің ұзынынан және көлемді өлшемдері) көбірек, ал физиологиялық өлшемдерінде (ағзаның аэробты және анаэробты мүмкіндіктері, жүректің көлемі және өлшемдері, қанның систолалық және минуттық көлемдері, ЖСЖ, ТМК, ӨТС, ТЖ, бұлшық еттердегі шапшаң және баяу бұлшық ет талшықтарының пайыздық қатысы және т.б.) азырақ айқынадалады. Ағзаның психологиялық көрсеткіштері де генетикалық бақылауда (ЭЭГ, ақпаратты талдау шапшаңдығы, нтеллектуалды коэффициент және т.б.) болады. Адамның өмірлік тәжірибесі және білімі артқан сайын генотиптің оның тірішілк әрекетіндегі маңызы төмендейді. Әртүрлі дене сапаларына тұқымқуалаушылықтың әсер етуі 1-ші кестеде келтірілген.
Слайд 6
Тұқымқуалашшылықтың (Н) адамның дене сапаларына әсерінің көрсеткіштері (Н). Зерттеу авторы Москатова А.К. (А.С. Солодков және Е.Б. Сологуб бойынша цит.,2005 ). Сонымен, кестеде келтірілген мәліметтерге сүйене отырып, төмендегідей қорытынды жасауға болады: туа біткен қасиеттерге төзімділік пен иілгіштік көбірек (Н=0,70-0,85), ал төзімділік пен жергілікті бұлшық ет төзімділігі азырақ (Н=0,45-0,50) тәуелді. № Көрсеткіштер Тұқымқуалаушылық коэффициен ті 1. Қимыл реакциясының шапшаңдығы 0,80 2. Теппинг-тест 0,85 3. Қарапайым қимылдар шапшаңдығы 0,64 4. Спринтерлік жүгірудің шапшаңдығы 0,70 5. Максимальды статикалық күш 0,55 6. Жарылыс күші 0,68 7. Қол қимылдарының бағдары 0,45 8. Буындардың қозғалмалылығы (иілгіштік) 0,75 9. Жергілікті(локалді) бұлшық ет төзімділігі 0,50 10. Жалпы төзімділік 0,65 1-ші кесте
Слайд 7
4. Спорттық қабілеттерді болжау. Баланың қандай да бір спорт түрінде шеберлікке жету қабілетін екі түрлі құрылымды көрсеткіштері: 1 ) сұрыптау кезіндегі тұқым қуалай берілген құрылымды және функционалді қасиеттерге тәуелді дене күйінің бастапқы деңгейін; 2 ) баланы 1,5-2 жыл бойы бақылау кезіндеғана бағланатын дене сапаларының даму қарқынының шынықытрылуын ескере отырып анықтауға болады. Болжаудың келесі кезеңі – С.Н.Кучкин және В.М.Ченегин ұсынған үлгі бойынша ағзаның барынша мүмкіндігін анықтау болып табылады.
Последний слайд презентации: Дәріс тақырыбы: Спорттық іріктеудің физиологиялық негіздері Құрастырушы
2 кесте Спортшының мүмкіндігін анықтау үлгісі Қорыта айта кететін жағдай – сұрыптаудың тиімділігі жоғарыда аталғанға қосымша төмендегідей міндеттерді шешумен анықталады: 1) нағыз спортшының эталонын моделдеу; 2) нағыз спортшынының моделін құрайтын онтогенезіндегі тұрақты белгілерді сұрыптаудың сапасын таңдау; 3) алдын ала үйренген әсерлерді жою; 4) биологиялық жетілудің қарқынын анықтау. № Зерттелетін көрстекіштердің ара қатысы Қабілеттердің сипаттамасы 1. Жоғары бастапқы деңгей + жоғары өсім қарқыны Өте жоғары қабілетттер 2. Жоғары бастапқы деңгей + орта өсім қарқыны Үлкен қабілеттер 3. Орта бастапқы деңгей + жоғары өсім қарқыны Үлкен қабілеттер 4. Жоғары деңгей + төмен өсім қарқыны Орта қабілеттер 5. Орта бастапқы деңгей + жоғары өсім қарқыны Орта қабілеттер 6. Төмен бастапқы деңгей + жоғары өсім қарқыны Орта қабілеттер 7. Орта бастапқы деңгей + төмен өсім қарқыны Төмен қабілеттер 8. Төмен бастапқы деңгей + орта өсім қарқыны Төмен қабілеттер 9. Төмен бастапқы деңгей + төмен өсім қарқыны Өте төмен қабілеттер