Первый слайд презентации
Дифракциялық тор Дайындаған: Хожабаева М.А Тексерген: Канапина А.Е
Слайд 2
Жарық дифракциясы — жарық толқындарының мөлшері сол толқындардың ұзындығымен қарайлас тосқауылды (тар саңылау, жіңішке сым, т.б.) орап өту құбылысы. Жарық дифракциясы болуы үшін, мұның үстіне, жарық түскен дененің айқын шекарасы болуы да тиіс. Дифракция жарыққа ғана тән емес, басқа да толқындық процестерде де байқалады ( мысалы, [ механикалық толқын | механикалық толқындардың жолында кездескен тосқауылды орап өтуі, т.б.). Жарық дифракциясы кезінде жарықтың түзу сызық бойымен таралу заңы, яғни геометриялық оптиканың негізгі заңдары бұзылады. Жарық толқындарының ұзындығы өте аз болғандықтан қалыпты жағдайда Жарық дифракциясы байқалмайды. Жарық дифракциясы — жарықтың толқындық қасиетін дәлелдейтін негізгі құбылыстардың бірі. Бұл құбылысты 17 ғ-да италиялық физик және астроном Ф.Гримальди (1618 — 1663) ашты, ал оны француз физигі О.Френель (1788 — 1827) түсіндірді (1812).
Слайд 3
Жарық дифракциясының жуық теориясы Гюйгенс — Френель принципіне негізделген. Зоналар (аймақтар ) әдісі деп аталатын бұл көрнекі әдіс бойынша толқындық бет ойша дөңгелек аймақтарға бөлінеді. Осы аймақтардан таралып бір-біріне қабаттасуы кезінде интерференцияланған элементар толқындардың амплитудалары мен фазалары есепке алынады. Нүктелік жарық көзінен шыққан жарық, күңгірт экранның кішкене дөңгелек саңылауынан немесе күңгірт дөңгелек экранның шетінен өткенде, концентрлі шеңбер тәрізді дифракциялық жолақтар пайда болды. Егер саңылаудан өткен аймақтар саны жұп болса, онда дифракциялық бейненің центрінде қараңғы дақ, ал тақ болса — жарық дақ секілді көрінеді. Дифракциялық жолақтардың арасы жарықтың толқын ұзындығына байланысты анықталады.
Слайд 6
Жарық дифракциясының сфералық толқындар дифракциясы (Френель дифракциясы ) және параллель сәулелер дифракциясы (Фраунгофер дифракциясы ) деп аталатын екі түрі бар.
Слайд 9
Дифракциялық тор дегеніміз жарық дифракциясы байқалатын тосқауылдар мен саңылаулар жиынтығы. Дифракциялық тордың екі түрі бар : 1.Реттелген дифракциялық тор. 2.Реттелмеген дифракциялық тор.
Слайд 10
Реттелген тор деп саңылаулары белгілі бір қатаң тәртіп бойынша орналасқан торларды айтады. Реттелмеген деп саңылаулары тәртәпсіз орналасқан торларды айтады. Геометрлиялық құрылысына қарай торларды жазық және кеңістік торлар деп те бөледі.
Слайд 11
Қызыл плазмадағы лазер сәулесінің дифракциялық үлгісі басқа пластинадағы кішкентай дөңгелек саңылаудан өткеннен кейін табаққа жасалған. Дифракция сияқты эффектілерді түсіндіру үшін физикалық оптика қолданылады.