Первый слайд презентации: Элективті курстар. Базистік (негізгі) кәсіби курстардың әрекеттестігі. Таңдау шарттары
Орындаған: Жұмашева А Тексерген : Жұмаділ М
Слайд 2: Жоспары:
Кіріспе. Негізгі бөлім. 1. К әсіптік білім беруде жүргізілетін курстардың түрлері. 2. Элективті курс түсінігіне анықтама. 3. Элективті курсты оқытудың мақсаты. Қорытынды. Пайдаланылған әдебиеттер. Жоспары:
Слайд 3: Кіріспе
Кәсіптік бағдар беру жұмысы бүгінгі таңда ең актуальды проблема болып саналады. Кәсіптік бағдар берудің басты өлшемдерін, негізгі жұмыс бағыттарын айқындау, ол бойынша кеңестер кұру - басты міндет. Олай болса, кәсіптік бағдардың мазмұнын, мақсатын анықтайтын оның тиімді жолдарын, формаларын жасау аса қажетті мәселе. Екіншіден, оқушыға мамандық тандаудағы кәсіптік бағдар берудің жүйелі тұжырымдамасын жасау керек. Мектеп бітірер алдында оқушының саналы түрде кәсіптік мамандықты дұрыс таңдауы оның бүкіл келешектегі өміріне үлкен әсерін қалдырады. Мамандық таңдауға үй-іші, отбасының қарым-қатынасы, әсері, бағыт беруі, ата-ананың үлгілі еңбек жолдары, еңбек адамдарының жақсы тәжірибелері, оқушының әр түрлі еңбекке деген көзкарасы, қабілеті, ынтасы, қызығушылығы, жігері, зейіні де үлкен әсер етеді. Кіріспе.
Слайд 4
Базалық курс- білім берудің барлық оқушыларға міндетті инвариантты бөлігі және оқушылардың жалпы білім алу дайындығын аяқтауға бағытталған. Профильді курстар- жеке пәндерді тереңдетіп оқытуды қамтамасыз етеді және бірінші кезекте кәсіби білімді алуды жалғастыратын мектеп бітірушілерді дайындауға бағдарланған. Элективті курстар- әр бір оқушының жеке білімге қызығушылығын, талап тілектерімен және икемділігін қанағаттандырумен байланысты. Сондықтан ол мәні бойынша жеке білім беру бағдарламаларын жасаудың маңызды құралы болып табылады және мейлінше әр оқушының қызығушылығына, қабілетіне, өмірлік жоспарына сәйкес таңдауына байланысты болады.
Слайд 5
Элективті курс -оқушылардың әртүрлі танымдық қызығушылығын қанағаттандыратын, профильдің мазмұнын толықтыратын, оқу жоспарының жаңа элементі. Элективті курс кез келген тақырыпта болуы мүмкін, яғни жалпы білім бағдарламасының шекарасында жататын және одан тыс аймақта. Элективті курс, ол оқыту процесін актуализациялау мен индивидуализациялаудың жаңа механизмі. Жақсы ұйымдастырылған элективті курстардың жүйесі оқушыға белгілі талап тілегіне сәйкес білім алып шығуына мүмкіндік береді. Элективті курстар мектептің жоғары сатысында профильді оқыту жүйесінде маңызды роль атқарады. “Жалпы білім берудің профильді оқыту тұжырымдамасына” сәйкес жоғары сыныптардағы оқытудың мазмұнын дифференциациялауды әр түрлі курстардың мына 3 типінің негізінде жүзеге асырылады: базалық, профильді, элективті. Бұл үш типтің әр бір курсы профильді оқыту мәселесін шешуде өз үлесін қосады.
Слайд 6
Жоғарыда атап өткендей базалық пәндердің профильді және элективті курстардың көлеміндегі ара қатыс жобамен алғанда оқу жоспарының жалпы сағат санынан сәйкесінше 50%, 30%, 20% болу мүмкін. Мектепте элективті курстар білім беру мекемесінің оқушы компонентіне бөлінген сағаттардың есебінен жүзеге асырылады. Элективті курстар әдетте Х-ХІ сынып оқушыларына өткізіледі. Сонымен бірге оқушыларға кәсіби таңдауына бағдар беру мақсатында мектептің ІХ сыныптарында кәсіп алдындағы дайындықты өткізуді қарастыруға болады. Бұл үшін базистік оқу жоспарында арнайы ұйымдастырылған қысқа мерзімді курстарға аптасына 2 сағат (68 сағ) бөлінеді. Олардың мақсаты оқушыларға жоғары сыныптағы профильді оқытуға қатысты өз шешімін табу. Жоғарыда айтып өткендей бұл жағдайда оқу жылы барысында оқушы 8 әр түрлі курсты (бір ай мерзімде ), 4 курсты (тоқсан ішінде) немесе 2 түрлі курсты тыңдауы мүмкін.
Слайд 8
Мысалы, физикадан элективті курстарды жүргізудің әрқилы формаларының арасында, шамамен төмендегідей ара қатыс болғаны жөн: бүкіл оқу уақытының 20-25%-лекциялар, 10-15%-семинарлар, 15-20%-есеп шығару, 15-20%-жаппай лабораториялық жұмыстар, 20-30%-физикалық практикум, 3-9%-экскурсиялар, 3-6%-сынақ сабақтары [2]. Сонымен оқу уақытының жартысынан көбін есеп шығару және лабораториялық жұмыстарды орындау жөніндегі практикалық сабақтарға бөліп беру ұсынылады.
Слайд 9
Педагогтар мен оқушыларды базистік оқу жоспарының бейінді компоненті бойынша қазіргі оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету бейіндік оқытуға көшудің өзекті және тез шешуді талап ететін мәселесі болып табылады. Бейінді компонент мазмұны мен білім беру стандартының талаптар жүйесіне сәйкес келетін курстар, оқу пәндері, модульдер, оқытылатын элективтік курстар жиынтығынан тұрады. Элективтік курстарды оқытудың мақсаты – оқытуды дараландыру мен оқушының әлеуметтенуіне бағдарлану, өзінің болашақ кәсіби қызметін таңдауға жауапты және саналы түрде дайындалу. Элективтік курстар әр түрлі функциялар орындай алады : қазіргі уақыттың негізгі мәселерін зерттеу, болашақ кәсіби қызметінің ерекшелігіне бағдарлану, «кәсіби сынама», танымдық, ұйымдастырушылық қызметінің дағдыларын жетілдіруге бағдарлану, базалық пәндік білімнің терендетілуі, бейіндік пәнді оқытудың кемшіліктерінің орнын толтыру. Көрсетілген функциялардың әрбірі негізгі рөл атқаруы мүмкін, алайда, элективтік курс оларды кешенді түрде орындау керек.
Слайд 10: Қорытынды
Қазіргі кезеңдігі оқытудың негізгі мақсаты – болашақ мамандығына байланысты әрбір балаға тереңірек білім беру, білімді өзгермелі өмір жағдайларына пайдалана білу дағдысын қалыптастыру. Сондықтан қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – әлеуметтік экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар: шығармашылық, белсенділік, әлеуметтік жауаптылық, жоғары интеллектілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Қорытынды.
Слайд 11: Пайдаланылған әдебиеттер:
Орлов В.А.. Элективные курсы по физике и их роль организации профильного и препрофильного обучения// Физика в школе.-2003 Кабардин О.Ф. және басқалар. Физикадан факультатив сабақтар методикасы.-Алматы: Мектеп, 1985. Унт И. Индивидуализация дифференциация обучения.- М.:Педагогика.-1990. Щукина Г.И. Проблема познавательного интереса в педагогике.-М.: Педагогика, 1971. Биологиялық физика.-Алматы.:Қайнар,1990 Ремизов А.Н. Курс физика, электроники и кибернетики. М, “Высшая школа” 1982. Пайдаланылған әдебиеттер: