Эссе жазудың тиімді жолдары — презентация
logo
Эссе жазудың тиімді жолдары
  • Эссе жазудың тиімді жолдары
  • Эссе жазудың тиімді жолдары
  • Эссе жазудың тиімді жолдары
  • Эссе жазудың тиімді жолдары
  • Эссе жазудың тиімді жолдары
  • Эссе жазудың тиімді жолдары
  • Эссе жазудың тиімді жолдары
  • Эссе жазудың тиімді жолдары
  • Эссе жазудың тиімді жолдары
  • Эссе жазудың тиімді жолдары
  • Эссе жазудың тиімді жолдары
  • Эссе жазудың тиімді жолдары
  • Эссе жазудың тиімді жолдары
  • Эссе жазудың тиімді жолдары
  • Эссе жазудың тиімді жолдары
  • Эссе жазудың тиімді жолдары
  • Эссе жазудың тиімді жолдары
  • Эссе жазудың тиімді жолдары
  • Эссе жазудың тиімді жолдары
  • Эссе жазудың тиімді жолдары
1/20

Первый слайд презентации

Эссе жазудың тиімді жолдары

Изображение слайда

Слайд 2

Эссе дегеніміз (фр. тіл. essai -тәжірибе, лат.т. exagium – құрау ) – философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Жанр ретінде енгізген 1580 ж. Мишель Монтень болатын, ал «эссе» сөзін бірінші рет қолданып, осы жанрда 1597 жылы Френсис Бэкон кітаптарын жазып шығарды. Француз жазушысы Мишель Монтень (“ Тәжірибелер ”, 1580 ж.).

Изображение слайда

Слайд 3

Қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігінде эссеге: «Эссе – бір нәрсенің әсерінен болатын толғаныстан туған шағын әдеби шығарма» деген анықтама берілген. Эссенің мақсаты – әртүрлі тезистер, дәлелдер келтіре отырып, берілген тақырыпты ашу. Онда нақты айғақтар беріліп, мысал келтіріледі. Эссе - жеке әсер етуді және нақты сылтау бойынша пікір ойды білдіретін кішкене көлем мен еркін композицияның шығармасы.

Изображение слайда

Слайд 4

Жазылу көлемі: 5-сынып 70 -80 сөз 6-сынып 80-90 сөз 7-сынып 90 - 100 сөз 8-сынып 100 – 150 сөз 9-сынып 150- 200 сөз 10-11 сынып 200- 300 сөз Емтихан жұмысының құрылымы: Эссе - 200-250 сөз Кіріспе – 40 сөз Негізгі бөлім – 100-150 сөз Қорытынды - 50-60 сөз

Изображение слайда

Слайд 5

ЭССЕ жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс ТАЛАПТАР: • Жеке көзқарастың көрінісі; • Деректі дәйектер (аргументтер); • Теоретикалық негіздеме; • Терминдерді қолдану; • Цитаталарды келтіру; • Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу; • Логикалық заңдылықтың сақталынуы; • Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану; • Сауаттылық (пункт., орфогр.);

Изображение слайда

Слайд 6

Жиі кездесетін қателіктер: 1. Проблема ашылмайды; 2. Автордың жеке ұстанымы көрінбейді; 3. Теоретикалық негіздемесі жоқ; 4. Терминдерді орынсыз, сауатсыз қолдану; 5. Тым қарапайым өмірдің мысалдары көп; 6. Ауызекі сөздер, диалект, слэнг, жаргон сөздер; 7. Келтірілген мысалдар автор ұстанымына қайшы; 8. Қорытындылау, түйін шығару деген жоқ; 9. Логиканың болмауы.

Изображение слайда

Слайд 7

Эссе жазудың нақты мақсаты қандай? Ол: -Белгілі мәселе бойынша өз пікірін айту және дәлелдеу; -Сұрақ бойынша өзінің түсінігін, ойын айту; -Оқырмандарды ақпараттандыру; -Мәселені талқылау және шындықты табуға тырысу; -Өзінің және оқырманның көңілінен шығу; - Көңіл-күйін білдіру және оқырман назарын аудару, эмоция туғызу; -Іс-әрекетке түрткі болу.

Изображение слайда

Слайд 8

Эссе жазудың нақты қадамдары: 1. Контексті анықтау. Оқушыға жазатын эссенің көлемін, бірінші парағының үлгісін, талаптарын т.б. түсіндіру керек.т.б. Ең бастысы - эссенің негізгі ойы. 2. Оқушы негізгі тезисті анықтап алу керек, бірақ оның өте күрделі болмағаны дұрыс. Тезис – бұл эсседе оқушының бір нәрсені дәлелдеуге немесе түсіндіруге тырысқаны. Тезистің көлемі бір сөйлемнен артық болмасын, эсседегі айтатын ойды сиғызу қажет.

Изображение слайда

Слайд 9

3. Ақпаратты жинақтау Тезисті дәлелдемелермен толықтыру үшін, нақты ақпарат қажет. Оқушы өз көзқарасын жоққа шығаратын пікірлер мен фактілерге назар салмағаны жөн. Жақсы эссе жазушы үшін өз тезисіне нақты аргументтер келтіре білгені жөн. 4. Эссені жоспарлау. Негізгі ойын фактілермен дәлелдеу керек. Оқушы жинаған барлық ақпаратты мұқият оқып алғаны тиімді. Жазу барысында қандай тәртіпті сақтайтыңызды ойластыру қажет. Эссе құрылымын жинақтау үшін, қысқаша жоспар құрастырады.

Изображение слайда

Слайд 10

Кіріспе 40 сөз 1.Тақырыпты түсінгендігі туралы с ө йлем 2. Тақырыптың өзектілігі туралы сөйлем 3. Тезис / тақырыптық сөйлем немесе дәлелдеуге тиісті жағдай / 4. Кіріспе бөлімнен негізгі бөлімге өтуші сөйлем Кіріспе – берілген тақырыпты негіздеу, ол логикалық және және стилистикалық байланысқан компоненттер қатарынан тұрады. Бұл кезеңде өз зерттеу барысында ашқалы отырған тақырыпқа қойылатын сұрақты дұрыс қою керек.” Кіріспе жазу барысында аталған тақырыпқа анықтама беру керек пе ?, ” Мен алған тақырып неліктен маңызды ?”, “ Менің тұжырымдауымда қандай түсініктер қолданылуы мүмкін ?” т.с.с. сұрақтарға жауап іздеген жөн. 1 абзац көлемінде, тезис ретінде автордың тақырып туралы толғанысы мен өзіндік көзқарасы баяндалады. Жазылу стилі жіктік жалғаудың ІІІ жағында, өткен шақта жазылады. Оқушының сөз саптауы нақты, ойы айқын болуы керек. Кіріспе мен негізгі бөлімдер арасында байланыстырушы болады. Бұл сөйлем кіріспе мен негізгі бөлім арасындағы дәнекерлеуші сөйлем қызметін атқарады.

Изображение слайда

Слайд 11

Негізгі бөлім 100-150 сөз 1-факт / тезисі қолдаушы пікір / Фактіге қатысты аргумент Анализ Абзацты қорытындылаушы сөйлем 2-факт / тезисі қолдаушы пікір / Фактіге қатысты аргумент Анализ 8. Абзацты қорытындылаушы сөйлем 9. 3-факт / тезисі қолдаушы пікір / 10. Фактіге қатысты аргумент 11. Анализ 12. Абзацты қорытындылаушы сөйлем Негізгі бөлім. Бұнда эссенің негізгі мазмұны жазылады Бұнда: сұрақ қою, жауап беру, дәйектеу, цитаталар, негізгі ой, афоризмдер, аргументтер, фактілер, дәлелдеу жазылады. Әр фактіні жеке-жеке аргументтеп, өзіндік көзқарасы жасалу керек. Фактіні алғанда негізгі дереккөздерден алыну керек. Келтірілген фактіні аргументтеу үшін, менің ойымша, деп оқушы өз топшылауын келтіреді. Келтірілген аргументті дәлелдеу үшін, себебі, деп өзіндік аргументін дәлелдеп келтіруі керек. Эссені жазу барысында, оқушы өз ойын біріншіден, екіншіден, деп әр ойын, пікірін нақты ашып жазуы керек. Әрбір жаңа ой жаңа абзацтан басталып, қиыннан қиыстырылуы керек. Оқушы өз ойын нақты сөйлемдермен келтіріп, пікірін білдіруі керек. Дегенмен деп, оқушы өз ойын нақты білдіргеннен кейін, сондықтан, сол үшін деген шылауларды пайдаланып, аталған проблеманы шешу үшін не істеуге болатындығын көрсетіп, нақты сенімділік білдіру керек. Эссені жазу барысында менің пікірімше, менің ойымша деп автор өзіндік көзқарасын әрдайым дәлелдеп, отыру керек. Теңдестіру, цитаталар, негізгі ой, афоризмдер сөз саптауда орынды қолданылуы керек.

Изображение слайда

Слайд 12

Қоры тынды 50 -60 сөз 1. Кіріспе бөлімді қорытындылаушы сөйлем 2. Негізгі бөлімнің абзацтарын қорытындылаушы сөйлем 3. Ұсыныс немесе шешім Қорытынды – жалпыланған және аргументі бар, қолдану аймағы көрсетілген және т.б.түрде болуы мүмкін. Эссенің қорытынды бөлімінде негізгі бөлімде айтылған сұрақтың мәнін бекітеді және мазмұнының маңыздылығын ашады. Қорытынды бөлімінде қолданылатын әдістер: қайталау, иллюстрация, цитата, әсер беретін тұжырым. Бұнда цитаталар, сенімді дәлелдер келтіріледі.

Изображение слайда

Слайд 13

Мемлекттік рәміздер Тапсырма: Қарағандының киім-кешек сатылатын орталық базарында Қазақстан туындағы кереге, қанат, қыран бейнеленген ерлерге арналған ішкиімдер сатылып жатыр. Қытайдың трикотаж фабрикаларының өнімдерін сатушы – Қарағанды базарын жаулап алған алыпсатарлар бұл тауарлардың арзандығы мен өтімділігін айтады. (Саят Серік Azattyk.org.) Сауал : Қалай ойлайсың, мемлекетіміздің тұмары болып табылатын рәміздеріміздің құнын түсіріп алған жоқпыз ба, оларды қаншалықты дәрежеде құрметтеп жүрміз ? 1-абзац. Кіріспе бөлім Тақырыптық сөйлемдер: Рәміздердің тарихы тереңде жатыр. Ертеректе әскери жорықтарда ту ұстаушылар саптың басында қолбасшылардан да бұрын тұрып, рухтандырып тұрған. Айқас кезінде туды бірнеше әскер қорғап, оның жығылмауын қадағалаған. Талқылау сұрағы: Ал қазір ше, мемлекеттік туымызды қалай қорғап жүрміз, рәміздер насихатталуда ма? Осы сауалдар мәселені қозғауыма себепші болды.

Изображение слайда

Слайд 14

Негізгі бөлім: 2-абзац Тезис (пікір): Мемлекеттік нышандарымызды бекіткенімізге жиырма жылдан астам уақыт өтті, бірақ оның қадір-қасиеті түгілі рәміздердің мән-мағынасы мен тәрбиелік маңызын түсіну әлі де кемшін түсіп жатыр. Аргумент: Сөзіме дәлел келтіре кетсем, Өскемен қаласындағы Дзержинский көшесі 50-үйдегі пәтердің балконында Елтаңбамыз ілініп тұр екен. - Мен Елтаңбаны Қазақстанда туғандықтан іліп қойдым. Оның тұрғанына жарты жыл уақыт болды. Орталық базардағы «Березка» сауда үйінің жанында бір ер адамнан 2000 теңгеге сатып алдым,- деп түсіндірген өз әрекетін пәтер егесінің жасөспірім ұлы Александр ( Сымбат Рамазанов, minber.kz). Сараптама: Әрине, мен Александрдың бұл ісін рәміздерді қорлау емес, оның маңызы мен дәрежесін түсінбегендік деп ұқтым. Мақұл, бұған көз жұма қаралық, ал мұндай жағдайда мемлекеттік идеологияны насихаттайтын ішкі саясат қызметкерлері мен әншейінде белсеніп жүретін қоғамдық бірлестіктер қайда қарап қалды? Тәртіп сақшылары не қадағалап отыр?

Изображение слайда

Слайд 15

3-абзац. Негізгі бөлім Тезис (пікір): Тәртіп сақшылары демекші, жеке пәтерлер былай тұрсын, мемлекеттік мекемелердегі рәміздерді маскүнемдерден қорғаштай алмай жүрген олардан не сұрарсың?! Аргумент: Павлодар облысының Фанис Ганиев есімді тұрғыны ішімдікке тойып алып, Ертіс ауданының орталығындағы төрт мемлекеттік мекеменің төбесіндегі туды жұлып алған (Базарқұл Есенбек, kazradio.kz). Сараптама: Көк туым тағы да қор болды, бұл жолы білместікпен емес, қасақана жасалды.

Изображение слайда

Слайд 16

4-абзац. Қорытынды бөлім: Нақты шешім: Бұдан шығатын қорытынды не? Рәміздеріміз мемлекет тарапынан жеткілікті дәрежеде қорғалмай отыр, сырттай қарағанда барлығы дұрыс сияқты, бірақ шынайы үгіт-насихат жоқ, Ұсыныс: сондықтан «ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы» Заңның орындалуын қадағалайтын арнайы комитет құру керек сияқты. Сайып келгенде, рәміздерді құрметтеу әрбір қазақстандықтың қасиетті борышына айналуы қажет. Бекіту: «Отан отбасынан басталады» деп халқымыз бекер айтпаған, ел рәміздерін құрметтеуді өзімізден бастап, қолға алайық, өзмізді-өзіміз ел таңырқайтындай құрметтесек, өзгелер сол кезде ғана бізге тамсана қарайды.

Изображение слайда

Слайд 17

Пікір (тезис) деген не? Пікір   (тезис) – бұл біреудің ұстанатын, мазмұны   тексерілуі  де тексерілмеуі де мүмкін,  көзқарасы. Дегенмен дара немесе бір топ адамдардың ұстанатын көзқарасы факт болып саналатындықтан,   растайтын   сенімді дереккөздер көрсетілуі шарт. Мысалы,  Құдайдың бар екені  факт емес, дегенмен   көптеген сенушілер Құдайдың бар екенін болжайтыны  – күмәнсіз факт. Аргумент деген не? Аргумент (лат. argumentum – нәрсе, пән, белгі) – философияда – пікір, ойдың немесе теорияның ақиқаттығына келтірілетін дәлел. Логикада дәлелдеудің негізгі алғышарты ғана емес, пікір мен идеяның толық негізі ретінде де қаралады. Аргумент сөзі латынның argumentum сөзінен шыққан, яғни, айғақ болудың негізіне қызмет ететін логикалық дәйек. Аргументтердегі дәйектер: “неге?”, “неден?”, “не үшін?”, “қандай себептен?” сияқты сұрақтарға жауап беруге көмектеседі. Дереккөз деген не? Деректердің қайнар көзі  – фактілерге тікелей дәлел бола алатын адам немесе құжат аты, эсседе ол сілтеме арқылы жақша ішінде көрсетіліп кетуі тиіс. Мысалы, ( nur.kz ), ( shyn.kz ) деген сияқты.

Изображение слайда

Слайд 18

Ана тілім - арым бұл. 1-абзац. Кіріспе бөлім Тақырыптық сөйлем Адамзат баласының бойына ана сүтімен бірге дарыған ана тілім - ғасырлардан жалғасып тамыры үзілмеген, дауда төрелік айтар от ауызды, орақ тілді билер мен дүбірлі жиында сөз бастаған көсемдердің тілі. Талдау сұрағы: Ендеше, бүгінгі таңда елімізде шұрайлы, көркем де тегеуріні мықты ана тілінде еркін сөйлейтіндердің қатары қаншалықты деңгейде? 2-абзац Негізгі бөлім: Тезис (пікір): Менің ойымша, Қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі ретінде мәртебе алса да, оның құндылығына терең бойлап, ұлттық болмысымызды сақтау әлі де кемшін түсіп жатыр. ... Өзге тілдің Аргумент: Сөзіме дәлел келтіре кетсем, қазақша білетіндердің үлесі 80 пайыздан асқанымен, күнделікті өмірде қазақ тілін қолданатындардың үлесі 49,3 пайыз ғана екен.   Әлеуметтік зерттеулер бойынша, еліміздің азаматтарының 53% пайызы ғана қазақша еркін сөйлеп, жаза алады.   (Turkystan.kz)

Изображение слайда

Слайд 19

Сараптама : ...Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте! –деп, ақын Қадыр Мырза Әлінің ұлағатты сөзіне құлақ асатындар қатарының аз болғаны мен үшін өкінішті. «Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді», -дейді дана халқымыз. Ойы терең, зерделі ұрпақтың саны көп болсын десек, тіліміздің тұғыры биік болуы тиіс. Тұжырым: Сондықтан атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұрамызды көздің қарашығындай қорғауымыз керек. Ана тілімізді ұлықтау әрбір қазақтың қасиетті борышына айналуы қажет.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Эссе жазудың тиімді жолдары

Эссені бағалауға арналған әмбебап РУБРИКА «Өте жақсыға» бағалану үшін эссе келесідей талаптарға сай болуы керек : Өзіндік, соны пікірлер келтіру (мұғалімнің лекциясын немесе оқулықты қайталамай). Тезистерді ұтымды дәлелдермен растау (бұл жерде дәлелдердің санын нақты түрде көрсетуге болады). Өз тезистеріне қарсы дәлелдерді келтіру және соларды жоққа шығару. Нақты айқындалған кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды бөлімнен құралу. Ұқыпты және қатесіз жазылу. Эссе көлемінің толық сақталуы « Жақсыға » бағалану үшін эссе келесідей талаптарға сай болуы керек: Өзіндік пікірлер келтіру (мұғалімнің лекциясын немесе оқулықты қайталамай). Тезистерді нанымды дәлелдермен растау (мұнда дәлелдер «өте жақсыға» жазылған жұмыстан аздау болуы мүмкін). Нақты айқындалған кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды бөлімнен құралу. Ұқыпты және қатесіз (немесе Х қатеден аспау) жазылу. көлемінің сақталуы « Қанағаттанарлыққа» бағалану үшін эссе келесідей талаптарға сай болуы керек: Нақты тезистерден тұруы. Тезистердің тұжырымдармен дәлелденуі. Нақты айқындалған кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды бөлімнен құралуы. Белгіленген қате санынан аспай жазылуы. Көлемінің сақталуы.

Изображение слайда

Похожие презентации

Ничего не найдено