Слайд 2: Эволюция -
у ақыттың жылжуына байланысты организмдер дамуының бастапқы қалпынан біртіндеп өзгеріп,қандай да бір жаңа өзгерістің пайда болу ( лат. Evolutio - тарихи даму,өзгеру,өрлеу )
Слайд 4: Эволюция» (лат. evolutio - даму) деген терминді XVIII ғасырдың ортасында биология саласына швед ғалымы Шарль Боннэ енгізді. Алғашқы кезде бұл термин тек қана эмбриональды дамумен ғана байланысты болды. Қазіргі кезде «эволюция» термині тек биологияда ғана емес, ғылымның басқа салаларында да кеңінен қолданылады
Эволюцияның жеке дамудан ( онтогенезден ) айырмашылығы, ол алдын ала жоспарланып қойылмаған. Даму процесі дегеніміз – бір жағдайдан екінші жағдайға өту, тек қана жаңа қасиеттеріне ғана байланысты емес, сонымен қатар ежелгі тірі ағзаларды ерекшеліктерінің сақталуымен сипатталады. Тірі ағзалардың және түрлердің эволюциялық қайта құрылымдары күрделенуге бағытталған, бұл әрекет ата - тектен жаңа ағзаға тұқым қуалауға негізделе отырып жүреді. Эволюцияны, материяның ерекше даму формасы деп қарастырғанда оның үш қасиетін атауға болады : 1. Биологиялық эволюция – қайтымсыз әрекет ; 2. Эволюция дегеніміз – биологиялық пайдалы белгілердің пайда болуы ; 3. Эволюция ұрпақтар жалғастығына негізделген, яғни жаңа пайдалы белгілердің бұрынғы ағзаға үйлесімді енуі.
Слайд 5
Эволюциялық ілім – тірі материяның тарихи даму теориясын оқытатын пән. Эволюциялық ілім басқа биология пәндерімен тығыз байланыста оқытылады. Жалпы эволюция ілімі курсын үш модуль бойынша оқып білім аламыз : Эволюциялық идеялардың даму тарихы мен қалыптасуы. Микроэволюция әрекетінің жүру жағдайы. Макроэволюция.
Слайд 6: Эволюция ілімінің міндеті мен зерттеу әдістері
Эволюция ілімінің міндеті - әр түрлі ағзалардың шығу тегінің себептері мен оған әсер ететін жағдайларын табу. Басты міндеті – азалардың тарихи даму заңдылықтарын анықтау. Ол екі бағытта зерттеледі : популяциядағы түр түзілуге дейінгі эволюциялық әрекеттерді эксперимент жасай отырып зерттеу ; эволюция проблемаларын теориялық жолмен зерттеу. Эволюция проблемаларын ойдағыдай шешу үшін экспериментальды зерттеулердің жаңа әдістерін ойлап табу қажет.
Слайд 8
Эволюциялық ілім негізгі екі приципке сүйенеді: тарихилық және актуальдылық. Эволюцияның бағыттары мен әдістері осы екі принциппен байланысты. Тарихи принцип – қазіргі тірі ағзаларды зерттеу үшін бұрынғы жүрген эволюцияны зерттегенде алынған мәліметтерді қолданады. Оған мына афоризм сәйкес келеді « ескіні зерттеу – жаңаны түсінудің кілті ». Тарихи принцип генетикалы және салыстырмалы әдістер негізіне сүйенеді. Салыстырмалы әдіс – ағзалардың тұрақталған формаларын зерттегенде қолданылады. Ол әр түрлі ағза топтарының құрылысы мен қызметін, олардың ұқсастықтары мен арасындағы айырмашылығын салыстыруға негізделген. Мысалы, ол : – анатомиялық – морфологиялық салыстыру ; – эмбриональды салыстыру ; – цито-химиялық салыстыру ; - популяциялық – статистикалық әдістермен анықталады. Генетикалық әдіс – ағзалардың шығу тегі себептерін түсіндіреді, бұл әдісті өз еңбектерінде Ч.Дарвин енгізген болатын. Генетикалық әдіс палеонтология мәліметтеріне сүйенеді. Генетикалық әдіс салыстырмалы әдіспен тығыз байланысты. Актуальдылық принципі – жекеленген популяцияларда байқалатын эволюциялық өзгерістерді, алдыңғы эволюциялық әрекеттерге қолдану.Оның мәні «Қазіргі зерттеу өткенді білудің кілті » афоризміне сәйкес келеді. Қазіргі зерттеулер популяциялық – статистикалық әдіске негізделеді. Эволюцияның негізгі әдістері мен прициптері