Еңбек әрекетінің баланың дамуындағы рөлі — презентация
logo
Еңбек әрекетінің баланың дамуындағы рөлі
  • Еңбек әрекетінің баланың дамуындағы рөлі
  • Еңбек әрекетінің баланың дамуындағы рөлі
  • Еңбек әрекетінің баланың дамуындағы рөлі
  • Еңбек әрекетінің баланың дамуындағы рөлі
  • Еңбек әрекетінің баланың дамуындағы рөлі
  • Еңбек әрекетінің баланың дамуындағы рөлі
1/6

Первый слайд презентации: Еңбек әрекетінің баланың дамуындағы рөлі

Орындаған: Ержан Еркежан

Изображение слайда

Слайд 2

« Адамды — адам еткен еңбек » Жалпы адам баласы өмірге келген күннен бастап еңбекпен тығыз байланыста болады. Себебі, шыр етіп өмір есігін ашқан сәттен бастап ана сүтін емудің өзі еңбекке жатады. Еңбек дегеніміз бойымыздағы күш-қуатымыз, осы күшті пайдаланудың өзі еңбек. Адамдар еңбек ету арқылы көптеген жетістіктерге жетеді. « Еңбексіз күнің қараң » - дегендей күнделікті ішіп-жейтін тамағының киетін киімінің өзі еңбекпен келеді. Балалардың еңбегі туралы айтатын болсақ, күнделікті өмірде кездесетін көзге көріне бермейтін, өзіміз мән бермейтін қарапайым еңбек түрлері өте көп. Алайда, 2-3 жастағы баланың өздігінен тамағын ішіп-жеуі, ойыншығын, киімі-кешегін жинауының өзі олар үшін үлкен еңбек. Баланың өз-өзіне қызмет қыла білуінің өзі еңбекке жатады.

Изображение слайда

Слайд 3

Еңбекке баулу арқылы баланың есте сақтау, көру, сезіну қабілеттері арта түседі. Мысалы : Шұлығын, қолғабын, бас киімін, көйлегін киетін кезде оны қай жерге киетінін, ойлау, көру, есте сақтау қабілеттері арқылы жасалады. Баланың әр жасаған еңбегін, нәтижесін мақтап жігерлендіріп отыру қажет. Мысалы : Ой, жарайсың, сенің қолыннан барлығы келеді,қандай жақсы жасағасын, керемет деген сөздер баланы еңбек етуге деген қызығушылығын оятады. Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулудың өзіндік ерекшелігі - оның ойынмен тығыз байланыстылығында. Олардың ойыны мен еңбегін ажырату қиын, өйткені алғашқы еңбек әрекетінің қарапайым элементі ойыннан басталады. Баланы ойын арқылы да еңбекке баулуға болады. Баланың ойынына аса мән беру керек.

Изображение слайда

Слайд 4

Балалар еңбегінің тағы бір маңызды қайнар көзі – баланың ересек адамдардың еңбегіне еліктеуі. Бұл ұмтылыс олардың ойынынан аңғарылады. Балалар тамақ әзірлеу үстінде өз аналарына ұқсауға тырысады, мысалы мұғалім, тәрбиеші, ұшқыш т.б. Бірақ балаларды еңбекке тәрбиелеуде ойын кезіндегі еліктеулері жеткіліксіз. Баланы айналадағы дүниенің талабына сай келетін еңбек сипатындағы іс-әрекеттке бейімдеу қажет. Мәселен, олар : табиғат мүйісіндегі өсімдіктер мен жануарларды баптап-күтуге, көктемде көкініс отырғызу үшін атызды қопсытуға, шыршаға ойыншық әзірлеуге тағы басқа осы секілді өздеріне лайықты жұмыс түрлеріне белсене қатысулары керек. Еңбек балалардың жауапкершілік сезімін тәрбиелеумен қатар көру, есту, түйсіну, сезінуді дамытуға мәнді ықпал етеді.Ұйымдастырған еңбек әрекетінде үлкендердің сөзі, өнегесі еңбекпен ұштастырылып, ол баланың білімі мен іскерлігінің терең, дәл, дұрыс болуына ықпал етеді. Ересек адамдар балаларға еңбектің мәнін түсіндіріп, іс-әрекетке бағыттайды, көрсетеді, үйретеді, ақыл-кеңес беріп көмектеседі.

Изображение слайда

Слайд 5

Әсіресе балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде еңбектің ролі ерекше. Баланың жас ерекшелігін,қызығушылығын ескеріп ұйымдастырылған еңбек оларда сезімтал көңіл күй, терең тебіреніс тудырып, еңбекке дұрыс қарым-қатынасты қалыптастырудың алғашқы нышандарын сездіреді. Еңбек барысындағы тебіреніс өзге адамдарға деген жақсы қарым-қатынасты, көпшілдік сезімнің алғышартын қалайды. Отбасында дұрыс ұйымдастырылған еңбек баланың мінез-құлқының моральдық жағымен қатар ерік-жігер, мақсаттылық, табандылық сияқты адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеп, еңбекке күш жұмсау дағдысын қалыптастырады.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Еңбек әрекетінің баланың дамуындағы рөлі

Еңбектің бәрі баланың күшін жұмсап, еңбектенуін талап етеді. Осы іс-әрекетке жаттығу баланың бұлшықеті мен жүйкесінің дамуына, төзімділікке, бұлшықет қимылдарының үйлесуіне, белгілі бір дағдының қалыптасуына мүмкіндік тудырады. Мектепте жер теліміндегі және табиғат мүйістеріндегі, кейде сабақтардағы өсімдіктер мен жануарларды күнделікті күтуде қолданылады. Бірақ балалардың еңбегін өз мақсатына айналдырып қолдануға болмайды. Қандай да болмасын бір еңбектік дағдыға тәрбиелей отырып, табиғат жөніндегі білімдерді бір мезгілде кеңейте және бекіте түскен жөн. Сөйтіп, мысалы, егудің алдында балалар дәндерді ( формасын, көлемін, түсін ) қарап шығуға, өскінді отырғызу алдында өсімдік бөліктерінің атын ( сабағын, жапырақтарын, гүлдерін ) атауды қайталауға тиіс.Бұл кезде еңбектене отырып,білім де алады. Кез келген еңбектік әдісті ересек адам түсіндіруге және өзі жасап көрсетуге тиіс сонымен бірге бір немесе екі балаға қайталату қажет.Тек осыдан кейін ғана әдісті бүкіл топтың балаларының орындауына ұсынуға болады. Бір әдісті үнемі қайталап қолдану – еңбек дағдыларының пайда болуын қамтамасыз етеді. Балаларды еңбеке үйретуде қолданылатын әдістерге – үлкен адамдардың еңбегімен, тәрбиешінің өзінің үлкен еңбек үлгісімен танысу, балаларға әр түрлі еңбектің түрлерін тапсыру және олардың орындалуын тексеру, тәрбиешінің және бүкіл топтың істеген жұмысына баға беру жатады. « Еңбек етсең ерінбей тояды қарның тіленбей » дегендей адамның күші, білімі осы еңбекпен тығыз байланысты

Изображение слайда

Похожие презентации

Ничего не найдено