Слайд 2: Жаңа ғылымдар
биофизика 4 химиялық физика 1 геофизика 2 агрофизика 3 психофизика 5
Слайд 3: Химиялық физика
Химиялық физика — заттардың химиялық құрылысы мен химиялық түрленулерін түсіндіретін физикалық заңдылықтар туралы ғылым. Химиялық физиканың ғылым болып қалыптасуына кванттық механика, атом мен молекулалар құрылысы физикасының жедел өркендеуі үлкен әсер етті. Бір мезгілде көптеген бөлшектердің қатысуымен жүзеге асатын химиялық процестерді қарастыратын физика химиядан негізгі айырмашылығы — химиялық физика жеке бөлшектердің және олардың өзара әрекеттесуін зерттейді.
Слайд 4: Геофизика
Геофизика — Жердің ішкі құрылысын, физикалық қасиеттерін және оның қатты, сұйық, газ қабаттарында өтетін құбылыстарды зерттейтін ғылымдар жиынтығы. Геофизиканың негізгі салалары соңғы төрт ғасыр ішінде дамып келеді. 17 ғ-да мұхит деңгейінің көтерілуі жөнінде алғашқы теориялық болжамдар жасала бастады. Кейінірек ауырлық күшінің өрісі, ауадағы физ. құбылыстар, Жердің ішкі құрылысы және оның магнит өрісі, жер сілкіну туралы ілімдер кеңінен өріс алды. Геофизика көп салалы ғылым ретінде тек 20 ғ-дың 40 — 60-жылдарында ғана қалыптасты. Геофизиканың геомагнетизм ( Жер шарының және оның бөліктерінің магнит өрісі туралы ілім), аэрономия (атмосфераның ең жоғ. қабаттарындағы құбылыстар туралы ілім), метеорология (атмосф. құбылыстар туралы ілім) сияқты негізгі салалары бар. Оның ішінде метеорология : динамикалық метеорология, синоптикалық метеорология және климатология болып бөлінеді.
Слайд 5: Агрофизика
Агрофизика ( агрономдық физика ) — «топырақ – өсімдік - атмосфера» агроэкологиялық жүйесінде жүретін физикалық, физико – химиялық және биофизикалық процестер туралы ғылым.
Слайд 6: Биофизика
Биофизика — тірі организмдерде жүретін физикалық және физикалық-химиялық процестерді, сондай-ақ, биологиялық жүйелердің ультрақұрылымын зерттейтін ғылым. Физика, химия, математика ғылымдарының идеясы, теориялық негіздері мен биологиялық әдістердің ұштасуы биофизиканың дамуына зор мүмкіндік туғызды.
Слайд 7: Психофизика
Психофизика — жалпы психологияның психикалық және физикалық процестер мен құбылыстардың байланысын зерттейтін саласы. Психофизиканың негізін неміс психологі Г.Т.Фехнер (1801 — 1887) қалады. Психофизиканың ерекшелігін ол былайша сипаттайды: әр түрлі мінез-құлық пен психиканың күйі физикалық құбылыстар мен ахуалдың айырмашылығынан туындайды. Психофизика сенсорлық процесті, ондағы түйсік шебін және психофизикалық шкаланы құрастыруды айқындайды.
Слайд 9: Денсаулыққа арналған лазер 1994 жылы медицина ғылымдарының докторы, Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Алшынбай Рахышев Ұлттық патенттік ведомстводан өнертабысқа медициналық мақсаттағы лазерге сертификат алды. Отандық ғалым төмен энергиялы лазердің адамның қан тамырлары мен жүйке жүйелеріне оң ынталандырушы әсерін тәжірибе жүзінде дәлелдеді. Бұл жаңалық адам денсаулығын жақсарту үшін лазерлік сәулеленуді қолдануға мүмкіндік берді
Слайд 10: Отандық «Казахстанский» қорытпасы 2008 жылы «Казахстанский» қорытпасы патенттелді. Жаңа материал металлургияда болатты тотықсыздандыру, легірлеу және модификациялау үшін қолданылады. Басқаша айтқанда, отандық қорытпа металл емес қоспалар мен көрінетін ыстық жарықтарды азайту арқылы болаттың құрылымы мен сапасын жақсартады
Слайд 11: тапсырмалар
1. Моторлы қайық 300 км қашықтықты өзен ағысымен 10 сағ-та, ал өзен ағысына қарсы 12 сағ-та жүзіп өтсе, онда оның тынық судағы жылдамдығы 2. Қайықтың сумен салыстырғандағы қозғалыс жылдамдығы өзен ағысының жылдамдығынан 3 есе артық. Екі бекеттің арасын қайықпен ағысқа қарсы жүзгендегі уақыт, ағыспен жүзгендегі уақытқа қарағанда 3. Жолаушы 240 км-ді 10 сағатта жүріп өтті. Ол жолдың бірінші жартысын - машинамен, қалған жартысын пілмен жүрді. Егер машинаның жылдамдығы пілдің жылдамдығынан төрт есе үлкен болса, пілмен қандай жылдамдықпен жүрген? 4. Дене тыныштық күйден бірқалыпты үдей қозғалып, 10 с-та 38 м жол жүреді. Дененің 12 с-та жүрген жолын табыңдар. 5. Қозғалыс басталғаннан кейінгі екінші секундта автокөлік 1,2 м жол жүреді. Автокөлік қандай үдеумен қозғалған? Қозғалыс басталғаннан кейінгі оныншы секундтағы автокөліктің орын ауыстыруы неге тең?