XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында осы географиялық қабық туралы ілім негізі қаланды. Географиялық қабық ілімінің қалыптасуына А. Гумбольдт, В.В. Докучаев және В.И. Вернадский еңбектері зор. Географиялық қабық ғаламшарда ең үлкен табиғат кешені болып табылады.
Слайд 3
Географиялық қабық дегеніміз – Жер шарының біртұтас қабығы. Оның құрамдас бөліктері: атмосфераның төменгі қабаттары, литосфераның жоғарғы қабаттары, гидросфера, биосфера олардың арасында зат пен энергия алмасуы жүреді. Заттар: қатты, сұйық, газ тәрізді. Энергияны күнінен алады.
Слайд 4: Географиялық қабықтың заңдылығы
Географиялық қабықты құрайтын құрамбөліктері: жер бедері, ауа, су, топырақ, тіршілік дүниесі. Құрамбөліктерін мынандай қатарғақоюға болады: геологиялық жыныстар --- жер бедері ---- климаттық жағдайлар ---- су ---- топырақ ------өсімдіктер әлемі ----- жануарлар дүниесі.
Слайд 5: Зат және энергия айналымы
Географиялық қабықтың маңызды бір заңдылығы – зат және энергия айналымы. Түрлері: Атмосферадағы ауа айналымы, Су айналымы, Жер қыртысындағы зат пен энергия айналымы т.б.
Слайд 6: Географиялық қабықтағы зат айналымы
биосфера Шөгінді жыныстар магма Метаморфтық жыныстар
Слайд 7: Географиялық қабықтағы ырғақтылық
Ырғақтылық деп – уақыт аралығы бойынша бір бағытта қайталанып отыратын құбылыстардың жиынтығын атайды.
Слайд 9
Мезгілдік ырғақтылық – белгілі бір уақыт аралығында ( тәулік, жыл мезгілі ) тұрақты табиғи құбыластарды қамтиды. Оларға: кү мен түннің алмасуы, мұхит суларының толысуы мен қайтуы, желдің өзгеруі, жыл мезгілінің ауысуы.
Слайд 10
Циклдік ырғақтылық – қайталану мерзімі өзгеріп тұратын құбылыстарды айтады. Оларға : жер сілкіну, жанартаулар, су тасқыны, қуаңшылық т.б.