Ғылыми жоба Тақырыбы: «Торсықтың жасалу технологиясы және екі мүйізі болып — презентация
logo
Ғылыми жоба Тақырыбы: «Торсықтың жасалу технологиясы және екі мүйізі болып
  • Ғылыми жоба Тақырыбы: «Торсықтың жасалу технологиясы және екі мүйізі болып
  • Ғылыми жоба Тақырыбы: «Торсықтың жасалу технологиясы және екі мүйізі болып
  • Ғылыми жоба Тақырыбы: «Торсықтың жасалу технологиясы және екі мүйізі болып
  • Ғылыми жоба Тақырыбы: «Торсықтың жасалу технологиясы және екі мүйізі болып
  • Ғылыми жоба Тақырыбы: «Торсықтың жасалу технологиясы және екі мүйізі болып
  • Ғылыми жоба Тақырыбы: «Торсықтың жасалу технологиясы және екі мүйізі болып
  • Ғылыми жоба Тақырыбы: «Торсықтың жасалу технологиясы және екі мүйізі болып
  • Ғылыми жоба Тақырыбы: «Торсықтың жасалу технологиясы және екі мүйізі болып
  • Ғылыми жоба Тақырыбы: «Торсықтың жасалу технологиясы және екі мүйізі болып
  • Ғылыми жоба Тақырыбы: «Торсықтың жасалу технологиясы және екі мүйізі болып
  • Ғылыми жоба Тақырыбы: «Торсықтың жасалу технологиясы және екі мүйізі болып
  • Ғылыми жоба Тақырыбы: «Торсықтың жасалу технологиясы және екі мүйізі болып
  • Ғылыми жоба Тақырыбы: «Торсықтың жасалу технологиясы және екі мүйізі болып
  • Ғылыми жоба Тақырыбы: «Торсықтың жасалу технологиясы және екі мүйізі болып
  • Ғылыми жоба Тақырыбы: «Торсықтың жасалу технологиясы және екі мүйізі болып
  • Ғылыми жоба Тақырыбы: «Торсықтың жасалу технологиясы және екі мүйізі болып
  • Ғылыми жоба Тақырыбы: «Торсықтың жасалу технологиясы және екі мүйізі болып
  • Ғылыми жоба Тақырыбы: «Торсықтың жасалу технологиясы және екі мүйізі болып
  • Ғылыми жоба Тақырыбы: «Торсықтың жасалу технологиясы және екі мүйізі болып
1/19

Первый слайд презентации

Ғылыми жоба Тақырыбы: «Торсықтың жасалу технологиясы және екі мүйізі болып келуінің пайдасы» Орындаған: Өтеген Азиз Сыныбы: 5 «Б» Жетекшісі: Кенесова Гүлжанар

Изображение слайда

Слайд 2

Менің жобамның басты мақсаты : Торсықтың пайдасы туралы жан-жақты деректермен танысу,оның пайдасын білу,зерттеу адамдардың оны қандай жағдайларда пайдаланылатынымен кеңірек танысу. Міндеттері: Торсықтың түрлерімен танысу; Торсықтың жасалу технологиясы туралы білу; Торсықтың екі мүйізі болып келуінің пайдасы туралы мағлұмат алу ; Торсықтың тұрмыстық заттарда алатын орнын білу; Зерттеудің өзектілігі: Мен торсықтың күнделікті өмірде жиі қолданғанмен оны қайдан,қалай алынатынын,оны қандай заттан жасайтынын біле бермеймін.

Изображение слайда

Слайд 3

Мазмұны: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім 2.1. Торсықтың жасалу технологиясы 2.2.Торсықты тұрмыстық заттарға қолданатын материалдар 2.3. Көшпелі қазақ материалдық мәдениеті – торсық ІІІ. Зерттеу бөлім 3.1. Торсықтың екі мүйізі болып келуінің пайдасы ІҮ. Қорытынды Ү. Пайдаланған әдебиеттер

Изображение слайда

Слайд 4

Кіріспе Қымыз құятын саба, сүйретпе, торсық, көнек, бұлқыншақ сияқты ыдыстар жылқы терісінен жасалады. Этнографиялық әдебиеттерде саба туралы көп жазылғанымен, бес биенің, одан да көп жылқы терісінен істелген алып сабалар жөнінде өте сирек кездеседі және зерттелмеген. Мысалы, Арқада Шұбартпалы Ағыбай батырдың бес биенің терісінен жасалған сабасын екі түйе көтеріп жүрген екен. Екі түйенің ортасына керегені жалпағынан жатқыза байлап, үстіне сабаны қойған. Түйелер бір-бірінен озып кетпей, қатарласа жүруі үшін тізелерін құрмалап байлап, жетелеп отырған. Мұндай сабаны киіз үйдің жабығынан атқа мініп тұрып піскен. Ағыбай батыр осы сабасын 1853 жылы Абайдың арғы атасы Өскенбайдың асына апарған екен. «...Терісін бес айғырдың саба қылып, Сабасы атаныпты Түйемойнақ, – » деп «Айман-Шолпан» дастанында Маман байдың сабасының үлкендігі, байлығы дәріптеледі. «Бес биенің сабасы, бес күн саусаң толмайды, Жаманды қанша мақтасаң, жақсылардай болмайды», – дейді халық мәтелі.

Изображение слайда

Слайд 5

Мүйіз торсық қазақтың ежелгі қошқар мүйіз оюы, екі жағы екі иық түрінде, ал түбі дөңгеленіп жасалады. Екі торсық та ең мықты теріден тігіледі. Мүйіз торсықтың екі жағына ою салып өрнектеп, тігіс жиектеріне күміс жүргізсе, өте әдемі болады. Өркеш торсық – түйенің екі өркешін бітеу сойып, ашық жағын екі терінің арасына шүберек салып, біз арқылы тарамыс таспамен тігеді. Түйенің екі өркеші қымыз, шұбат, айран құйғанда томпиып тұрады, мінген аттың арқасына келтіріп теңдеуге өте ыңғайлы. Өркеш торсықты көбінесе малшылар мал айдағанда атқа, өгізге артып алады. Бір өркешті нар түйенің өркешінен жасалған торсық сопақша, өркештің жалпақ жағы торсықтың түбі, жіңішке жағы аузы болып келеді. Жан торсық – қарапайым, терінің жұмсақ түрінен тігіледі, ешқандай ою-өрнегі болмайды, қойшылар жаяу және көлікпен жүргенде белдеріне байлап алады, сусын біткенде бүктеп салып алуға ыңғайлы. Ішіне шалап, айран немесе өрісте сауып алған қой-ешкінің сүтін құйып қояды. Мүйіз торсық пен шимай торсыққа тек қымыз ғана құйылып, қанжығаға байланады.

Изображение слайда

Слайд 6

ІІ. Негізгі бөлім 2.1.Торсық тігу технологиясы Тері өңдеудің алуан түрі мен атауы бар: илеу, и жағу, ыстау, құрымдау, жидіту, талқыға салу, т.б. И жағу – тері бетіне ұн, тұз араластырған іркіт жағу (іркіт – сүттің пісіп майын алғаннан кейінгі сары суы), иі қану – терінің иде жатып дайын болу мерзімі, идің әбден сіңу мерзімі, иі болу мерзімі – иі қану уақыты (қозы, лақ, аң терілері жылдам иі болса, құлын, жабағы, тай терілерінің иі қану уақыты ұзақтау болады), иі сіңу – орта есеппен 3-5 күн ішінде идің теріге сіңіп үлгеруі. И – мал терісін өңдеу үшін ашыған іркіттен,  айранның сары суынан ұн, кебек, тұз араластырып дайындалған малма. И мен малма атаулары бір ұғымды білдіреді. «Біреу малма сапсиды салып иін» (Абай). Жидіту – жас теріні бүктеп жылы жерге екі-үш күн қою арқылы жүнін түсіру, т.б. Кермекке салу – иден шыққан теріні арнайы жасалған тұнбаға салу, сол арқылы оған қызғылт өң беру. Кермек аталатын тұнбаны емен не талдың қабығын, қарағанның түбін кептіріп, ұнтақтап түйіп, қазанға тұзын татыта су құйып, қабық ұнтақты салып қайнатып әзірлейді, кейде оған жусанның, ерменнің бүрін қосады.

Изображение слайда

Слайд 7

Торсық тігу технологиясы

Изображение слайда

Слайд 8

2.2.Торсықты тұрмыстық заттарға қолданатын материалдар Қазақ колөнеріндегі көзтартарлықтай бұйымдар түрлерінің бірі – былғарыны батырмалап өрнектеу арқылы жасалған тұрмыстық заттар. Тері илеуші қазақтар ерте кезден бері теріден ат әбзелдері, әйелдер мен еркектердің белбеулері, сандықтарды бууға арналған орамалдар, сонымен қатар әсем өрнектелген ыдыс-аяқтар, түрлері мен көлемдері әртүрлі местер мен торсықтар жасай білген. Ежелгі қазақтарда тіпті шонжарлар арасында сирек ұшырасатын, үй қабырғасына сән беретін тері тұскиіздер жасау дәстүрге айналған. Ал тері тұскиіздер жасау көп уақыт жұмсау, ауыр еңбекпен келетін шеберлік саналатын. Шеберлер тері бұйымдарды былғарыға жоғары қысыммен рельефті өрнек салу сонымен қатар оларға осындай тәсілмен жасалған металл табақшалар мен бедерлі қаңылтырлармен жапсырумен безендірген. Киіз бұйымдар сияқты, теріге, металға және тоқыма бұйымдарға да көз тартатын ою-әшекейлер салынған.

Изображение слайда

Слайд 9

Сәндік-қолданбалы қолөнер бұйымдарын жасау үшін иленген жылқы, ірі қара мен түйе терілері қолданылатын. Оларды өңдеу «и» деп аталатын қатты ашыған (божыған, быршыған) сүт өнімдерінің көмегімен жүргізіледі. Жылы суға салып жұмсартқан соң теріні шелдеп (қалған май мен еттен қыру арқылы тазалап), иге бірнеше күн салып қояды. Иде тұрған тері жүні жидіп, өзінен-өзі түсіп қалады. Иден алынған теріні жазып, тұзды жылы сумен жуады да кептіреді. Кепкен теріні егер жұқа болса, қолмен уқалап жұмсартады. Ал ірі мал терісін әбден жұмсарып, пайдалануға жарамды болғанша талқымен (келісапқа ұқсас өңдеу құралы) түйіп, ұрғылайды. Тері өңдеу өнерінің ерекше түрі оған арнаулы жасалған қалыпты пайдалану арқылы бедер салу. Оған беткейлеріне бірдей (бір-бірінен айнымайтын) бедер салынған, беттестірген кезде бір-бірімен жымдасып, сәйкес келетін, бедерлері өзара кірігетін екі тақтай алынады. «Жағлан» деп аталатын тері сандыққа бедер сондай тәсілмен жасалады. Жағлан ағаштан жасалып, сырты терімен қапталады. Сандықтың алдыңғы жағы мен қақпағына қысу арқылы өрнектелген бедер салынады.

Изображение слайда

Слайд 10

2.3. Көшпелі қазақ материалдық мәдениеті – торсық Қазақ халқы ежелден мал өсіріп, көшпелі өмір сүрген халық. Көшпелілер ұғымында ыдыс – аяқ түрлері материалдық игіліктің бірі ретінде молшылық – тоқшылық, ырыс – берекенің көзі деп есептеген. «Шешесін көріп – қызын ал, ыдысын көріп асын іш» - деген қазақ мақалының мән мағынасына назар аударсақ мұндағы пәлсапалық, әлеуметтік терең ой жатқанын аңғарамыз. Демек ұлт тұрмысында ас сақталатын ыдыс – аяқ мәселесін шет қалдырмаған. Көшпенді өмір салтына байланысты қазақтардың тұрмыстық заттары көшіп қоңуға ыңғайланған. Сол себепті де ыдыс – аяқтар алғашқыда арнайы өңдеуден өткен төрт түліктің терілерінен және ағаш материалдарын кеңінен қолданған. Яғни, азық салуға, ас дайындауға сынбайтын ыдыс қажетсінген. Оларға көнек, саба, торсық, бұлқыншақ, мес, сүйретпе, шелек, табақ, ожау т.б.сынды ыдыс – аяқтары жатады. Міне сол ыдыс – аяқтар тізіміне енетін торсық жайлы сөз етпекпіз. Шоқан Уәлихановтың «ХVIII ғасырдың батырлары туралы тарихи аңыздар» еңбегінде жорық жағдайы үшін арнайы әзірленген ас туралы мынадай жолдар келтіреді: «Ресейден қашқан торғауыттардың ізіне түскен қазақ қолы дамыл жасап, жорық қазандарында сүрленген жылқы етін пісіріп, су құйылған торсықтарда құрт жібеткен.

Изображение слайда

Слайд 11

Торсықты Орталық Азиядағы түркі халықтарының қымыз, шұбат, іркіт құюға арналған ежелгі ыдысы. Мұны әсіресе, қырғыз, қазақ, түрікмен, қарақалпақ халықтары пайдаланған. Жалпы торсықтың түрлері көп. Олар шимайторсық, өркешторсық, мүйізторсық т.б. Торсық тігілетін терінің шел майы мен көк етін тазартып, түгін тықырлап қырады. Иленген теріні белгілі пішінге келтіріп пішеді де, шуда жіппен жөрмеп тігеді. Торсықтың бүйірі дөңгелек, мойны жіңішке әрі ұзын болып келеді. Оның аузына ағаш тығын тығады. Тығыны жоғалып қалмау үшін қайыстан бау өткізіп, оның бір ұшын торсықтың мойнына бекітіп қояды. Әдетте дәстүрлі қазақ қоғамы торсықты түйенің, бұғының, өгіздің мойын терісінен жасаған. Жүні жидітілген теріні қалыпқа салып пішеді де таспамен тігеді. Торсықты саба сияқты қарағайдың бүрімен немесе арша, тобылғымен ыстайды. Қазақ қауымы торсықты тарамыспен тіккен. Ал тарамыс жылқының сіңірінен есіп жасалатын жіп. Ол өте берік және төзімді жіп. Тарамыс тігілгеннен кейін ісініп тесіктерді бітеп тастайды.

Изображение слайда

Слайд 12

Торсықтың тағы бір қарапайым түріне тоқталсақ. Бұл әрине жан торсық түрі. Оның сыртында ою – өрнек болмайды. Бұл тікілей малшылар мен жолаушылар сусын құйып қанжығасына байлап жүруге арналған ыдыс – аяқтардың бір түрі. Сондай – ақ мұндай торсыққа сүт тағамдарымен қатар сусын көже құюға да болады. Жан торсықты шимайторсық пен мүйізторсық сынды қымыз құйып, қанжығаға байлаған. Мұндай торсық түрін көшіп – қонғанда пайдаланды. Торсықтың шимайторсық пен мүйізторсық екі түрі жай ыдыс қана емес, үйдің жиһазының бірі есебінде саналады. Тоқсан ауыздың сөздің тобықтай түйіні, торсық бұл өнер, кәсіп, салт – дәстүріміз, мәдениетіміз, асыл мұрамыз, қазынамыз. Торсық бұл әлем халықтарының тамашалайтын көрмесі, қазақ халқының философиясы.

Изображение слайда

Слайд 13

2.4. Тұрмыстық заттардың түрлері,тарихы Халық шеберлері мүйіз өрнегінен сан қилы мәнерлермен құбылта, бір элементке екінші, үшінші элементтерді қосып, молықтырады да, қүлпырған әдемі де мазмұнды композиция жасайды. «Мүйіз» тектес ою-өрнектердің негізі қойдың, арқардың, ешкінің, сиырдың, бұланның, бұғының, қодастың, еліктің мүйіздерін түспалдаудан пайда болған.Шеберлер жаңа ою-өрнектерді тұрмыс тіршілігіне қажетті торсықты тігу арқылы өз дәуіріндегі заман ағымына қарай лайықтап пайдаланып келеді.Қошқармүйіз оюы неше түрі формалаға еніп, қазақ бұйымдарының көбінде кездеседі. Әсіресе киіз үй жасауларының барлық түріне де салып тоқуға болады. Мәселен, текеметтің ортасына “қошқармүйіз” шет-шетіне “тұмар”, “ шаршы ” немесе “су” оюлары салынады. Мұнысы туған жер төсін толтырған отар-отар қой болсын деген халықтың арман – тілегі, Омыртқа – мал шаруашылығымен тығыз байланысты туған, малдың дене мүшесіне қатысты өрнек. Бұл ою қайраттылықтың, ерліктің белгісі.

Изображение слайда

Слайд 14

Саба – тері ыдыстардың ішіндегі ең көлемдісі. Әдетте ол екі-үш жылқының терісінен тігіліп, қымыз бен шұбат сақтауға арналған. Сабаның одан да көлемдісі -- 100 литрге дейін сусын сақтауға арналғаны болған. Жылқы түріне ұқсас оның түбі шаршы болып келіп, мойынына қарай біртіндеп жіңішкере түседі де аузына сусынды пісіп, араластыруға арналған піспегі бар ағаш кеспек кигізіледі. Ыдыстың мойнына жіп тағылады. Ол керегеге немесе сабаны ұстап тұратын тұғырға байлау үшін қажет. Сабаны қоятын арнайы тұғыр ( түпқойма ) жасалып, көп жағдайда оны дымқылданбауы, жылып кетпеуі немесе желден кеуіп қалмауы үшін кепкен талшыбықтардың үстінде сақтайды. Өйткені онда сақталған сусынның сапасы мен дәмін жоғалтпауы осыларға байланысты. Ыдысты аптасына бір рет тобылғының түтінімен ыстап, мал майымен немесе сары маймен сылайды. Қымызды алып жүру үшін, әсіресе солтүстік аудандарда жылқының, ірі қараның және түйенің мойын терісінен екі шелек сусын сиятын сүйретпе, ал Жетісу өлкесі мен Қазақстанның батыс аудандарында --тұтас сойылған ешкі терісінен мес жасалады. Қазақстанның барлық өңірінде қымызды алып жүру мақсатында тері құты – сиымдылығы 10 литрлік тері ыдыс жанторсық пайдаланылады.

Изображение слайда

Слайд 15

ІІІ. Зерттеу бөлімі 3.1. Торсықтың екі мүйізі болып келуінің пайдасы Торсық – Орталық Азиядағы түркі халықтарының қымыз, шұбат, іркіт құюға арналған ежелгі ыдысы. Әсіресе, қазақ, қырғыз, түрікмен, қарақалпақ халықтары пайдаланған. Торсық түйенің, бұғының, өгіздің мойын терісінен жасалады. Жүні жидітілген теріні қалыпқа салып пішеді де таспамен тігеді. Торсықты саба сияқты қарағайдың бүрімен немесе арша, тобылғымен ыстайды. Торсықтың түрлері: • шимайторсық, • өркешторсық, • жанторсық, • мүйізторсық т.б. Торсықтың бүйірі дөңгелек, мойны жіңішке әрі ұзын болып келеді. Аузына ағаштан тығын тығылады. Ол жоғалып қалмау үшін қайыстан бау өткізіп, бір ұшын торсықтың мойнына бекітіп қояды. Кейбір торсықтарға арнаулы мүйізшапқымен (ысқышпен ) әр түрлі өрнек салынады. Қазақтар жүздеген жылдар бойына қымызды айрықша ыдыста дайындаған. Көшпелі өмір ыдысты әрі-бері алып жүру үшін ыңғайлылықты талап етеді. Бұлар торсық және саба деп аталынған. Мүйіз торсықты қазақтар киелі заттардың біріне санаған. Өйткені, арқар мүйіз, марал мүйіз, қошқар мүйіз өрнектері баршылықтың, байлықтың нышанын білдіреді. Мүйіз торсықтың тағы бір құпиялы сыры бар. Оның екі жақтағы иілген мүйізінің бұрышына қымыз сақталып қалады. Оны қанша жұсаңда кетпейді, биенің сүтін құйып қойса болды қымызды өзі-ақ ашытып тұрады.

Изображение слайда

Слайд 16

Изображение слайда

Слайд 17

Өркеш торсық – түйенің екі өркешін бітеу сойып, ашық жағын екі терінің арасына шүберек салып, біз арқылы тарамыс таспамен тігеді. Түйенің екі өркеші қымыз, шұбат, айран құйғанда томпиып тұрады, мінген аттың арқасына келтіріп теңдеуге өте ыңғайлы. Өркеш торсықты көбінесе малшылар мал айдағанда атқа, өгізге артып алады. Бір өркешті нар түйенің өркешінен жасалған торсық сопақша, өркештің жалпақ жағы торсықтың түбі, жіңішке жағы аузы болып келеді. Жан торсық – қарапайым, терінің жұмсақ түрінен тігіледі, ешқандай ою-өрнегі болмайды, қойшылар жаяу және көлікпен жүргенде белдеріне байлап алады, сусын біткенде бүктеп салып алуға ыңғайлы. Ішіне шалап, айран немесе өрісте сауып алған қой-ешкінің сүтін құйып қояды. Мүйіз торсық пен шимай торсыққа тек қымыз ғана құйылып, қанжығаға байланады. Біз бүгін қымыз құятын екі ыдыс туралы айттық. Тарата берсек, мұндай ұлттық құндылықтар көп. Тәуелсіздік алып мәртебеміз өскеннен бері жәдігерлеріміз қайта жаңғырды. Солардың қатарында осы ыдыстардың жөні бөлек тұр. Әсіресе, хас шебердің қолынан шыққан торсықтың жөні бөлек. Болашақта бұл құндылықтарымыздың ұлт мақтанышы боларына еш шүбә келтірмейміз.

Изображение слайда

Слайд 18

ІҮ. Қорытынды Қорыта айтқанда, қазақтар жүздеген жылдар бойына қымызды айрықша ыдыста дайындаған. Көшпелі өмір ыдысты әрі-бері алып жүру үшін ыңғайлылықты талап етеді. Бұлар торсық және саба деп аталынған. Мүйіз торсықты қазақтар киелі заттардың біріне санаған. Өйткені, арқар мүйіз, марал мүйіз, қошқар мүйіз өрнектері баршылықтың, байлықтың нышанын білдіреді. Мүйіз торсықтың тағы бір құпиялы сыры бар. Оның екі жақтағы иілген мүйізінің бұрышына қымыз сақталып қалады. Оны қанша жұсаңда кетпейді, биенің сүтін құйып қойса болды қымызды өзі-ақ ашытып тұрады. Сондықтан оны қымыз ашытатын ыдыс ретінде де пайдаланады. Теріден жасалған ыдыстардың күннің ыстығынада да, суығында да бір қалыпты температурады сусын сақтайтын қасиеті бар.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Ғылыми жоба Тақырыбы: «Торсықтың жасалу технологиясы және екі мүйізі болып

Пайдаланған әдебиеттер: Мұқанов С. Халық мұрасы (тарихи-этнографиялық шолу ). Таңдамалы шығармалар. ХV том. Алматы : Жазушы, 1979; Шоқпарұлы Д. Теріден жасалатын бұйымдарды құрастыру технологиясы. Алматы : Кітап, 2005;

Изображение слайда

Похожие презентации

Ничего не найдено