Слайд 2
Телефонға жүгіреміз, компьютерге ылғи үңілеміз, Бұл заманда адамдардың Интернетпен ғұмыры егіз. Ток сорғанда қанымызды, Жүрек әсем әнін үзді, Файлдар мен смайлдар Жаулап алды жанымызды. Қалам ұстау ұмыт қалды, эмейлдер құрық салды, Өмір – құйын, көре алмаймыз түсімізде де тымық таңды. Ұмытыпты досым әнін, Бүгінгі әннен шошынамыз – Айқай менен ритмге, Біз де амалсыз қосыламыз. Интернет тобы: Таныстыру
Слайд 3
ӨМІРДІ ІСПЕН ӨЛШЕЙМІЗ, ҚАДІРЛЕП ҚҰНЫН ЖЕҢІСТІҢ. МАҚСАТҚА БЕРІК СҰЛТАНДАР, КЕЛЕДІ СОНДА ЖЕҢІС КҮН. СЕНІМНІҢ КҮШІ БІР ҒАЖАП, ҚОПАРАР ЗАҢҒАР ТАУДЫ ДА. ҰМЫТЫЛАР СОНДА ТҮРЛІ АЗАП, ҰМТЫЛ ТЕК АЛҒА, ҚАЛҒЫМА. ҚИЫНДЫҚТАРДАН БҮГІЛМЕЙМІЗ, ҮМІТІМІЗДІ СЕНІМ БАПТАСЫН, АШАМЫЗ СОНДА ТҮБІНДЕ, ИНФОРМАТИКА ҚАҚПАСЫН. ИНТЕРНЕТТЕ ҚҰСТАЙ ҰШЫП САМҒАЙМЫЗ, КӨП ЕЛДІҢ АРАСЫН БІЗ ЖАЛҒАЙМЫЗ. МИЛЛИОНДАР ҰШЫП ЖАТЫР КҮНБЕ-КҮН, БІЗ СҰЛТАНДАР ОСЫ ЛЕКТЕН ҚАЛМАЙМЫЗ. Информатика тобы Таныстыру
Слайд 5
5 жыл бұрын ағасы мен қарындасы бірге 8 жаста болды. Тағы 5 жылдан кейін олар қанша жаста болады? (18)
Слайд 6
Ағасы 12 жасқа толғанда қарындасы неше жаста болады, егер ағасы қазір 8-де, ал қарындасы 3 жас кіші болса? (9)
Слайд 7
Бір адамнан, қанша балаң бар деп сұрағанда, ол мысқылдап: «Менде қанша қызым болса, сонша ұлым бар. Әр ұлымда 3 қарындасы бар». Бұл отбасында неше бала? (6)
Слайд 8
Алты ағайынды туралы, (Мальчик с пальчик) Пьерро ертегісінде автор не себептен екені белгісіз, бір отынкесуші (дровосек) отбасында жеті ағайын және әрқайсысында жеті қарындастан болғанын айтпапты. Сонда бұл ертегідегі отбасында неше бала болған? (14)
Слайд 9
Бір отбасында екі әкесі және екі ұлы бар. Отбасында неше ер адам бар? (3) ата, әке, немере
Слайд 10
Бір азаматтың әкесі Азамат Сарсенұлы, ал оның ұлы – Аслан Болатұлы. Ол азаматтың аты-жөні кім? (Болат Азаматұлы)
Слайд 11
Үстелде 3 стақан сүт бар. Алмаз бір стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар? (3)
Слайд 12
Таяқтың екі басы бар.Егер оның бір жағын кессе, таяқтың неше басы қалады? (2)
Слайд 16
Ұлы, әкесі, атасы дойбы ойнады. Барлығы 3 партия ойналды. Әрқайсысы неше партиядан ойнады? (2)