Кадрлар ағымы — презентация
logo
Кадрлар ағымы
  • Кадрлар ағымы
  • Кадрлар ағымы
  • Кадрлар ағымы
  • Кадрлар ағымы
  • Кадрлар ағымы
  • Кадрлар ағымы
  • Кадрлар ағымы
  • Кадрлар ағымы
  • Кадрлар ағымы
  • Кадрлар ағымы
  • Назарларыңызға рахмет
1/11

Первый слайд презентации: Кадрлар ағымы

Орындаған : Дүйсенбаева А.А МІжМБ 1301

Изображение слайда

Слайд 2

Кадрлар дегеніміз кәсіптік-біліктілік, әлеуметтік-психологиялық, жыныстық, жастық және басқа құрылымдық бөлшектермен сипатталатын кәсіпорын жұмыскерлерінің жиынтығы. Кадрларға тек еңбекке кәсіптік қабілеті және арнайы кәсіптік дайындығы бар жұмыскерлер ғана жатады.

Изображение слайда

Слайд 3

Кадрлық жоспарлаудың мақсаты адамдарға керек уақытында қажетті көлемде, олардың қаблеттілігі мен бейімділігіне сәйкес және өндірістің талаптарына сай жұмыс орындарын ұсынумен анықталады.

Изображение слайда

Слайд 4

Кадрлық жоспарлау ұйымның да, оның персоналының да мүдделері орындалуы үшін іске асырылады. Ұйым ушін керек уақытында, керек жерде, қажетті көлемде және ұйымның мақсатына жетуде қойылған мәселелерді шешетіндей қажеттілігіне сәйкес біліктілігі бар персоналды қабылдау өте маңызды.

Изображение слайда

Слайд 5

Персоналдың қажеттілігін жоспарлау кадрлық жоспарлау процесінің бастапқы сатысы болып табылады. Ол нақты және жоспарланған жұмыс орындары, ұйымдастырушыльқ-техникалық ic-шараларды жүргізу жоспары, штаттық кесте және бос орындарды толтыру жоспарлары туралы мәліметтерге негізделеді.

Изображение слайда

Слайд 6

Ұйымдарда кадрларды жұмысқа тартуды ұйымдастыруда персоналмен атқаратын жұмыстың шешімін табатын проблемалардың бipi - олардың еңбекке бейімделуін жоспарлау болып табылады. Жұмыскер мен ұйым жұмыс барысында өзара бір-бipіне үйреніп, қызметкерлер жаңа кәсәби және еңбектің әлеуметтік-экономикалық шарттарына бейімделе бастайды.

Изображение слайда

Слайд 7

Бейімделудің екі түpi болады: - алғашқы, яғни кәсіби ic-әрекет тәжірибесі жоқ жас кадрлардың үйренуі; - т уынды, яғни кәсіби ic-әрекет тәжірибесі бар жұмыскердің үйренуі.

Изображение слайда

Слайд 8

Жұмыскерлерді жұмысқа қабылдау және босатудың арқасында персонал құрамы үнемі өзгеріп отырады. Бұл өзгерісті кадрлар айналымы деп атайды. Кадрлар айналымының шамасы барлық жұмыстан шығып кеткен адамдар санының (босату бойынша айналым) немесе барлық қабылданғандардың (қабылдау бойынша айналым) белгілі мерзімде осы уакыттағы жұмыс істейтіндердің орташа тізімдік санына қатынасымен анықталады.

Изображение слайда

Слайд 9

Персонал санының өзгерісін сипаттау үшін кадрлардың ауысымдылық көрсеткіші қолданылады. Ол қабылданғандардың немесе ұйымнан босатылғандар санының аз шамасы берілген уақыт мерзіміндегі орташа тізімдік санына қатынасының пайызбен өрнектелген түрімен анықталады.

Изображение слайда

Слайд 10

Еңбек ұжымының тұрақтылығын сипаттайтын көрсеткіш кадрлар ағымы болып табылады. Ол белгілі мерзімдегі жұмыстан босатылғандар санының осы мерзімдегі жұмыскерлердің орташа тізімдік санына қатынасымен анықталады.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Кадрлар ағымы: Назарларыңызға рахмет

Изображение слайда

Похожие презентации

Ничего не найдено