Первый слайд презентации: КАРА Ғ АНДЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ » Фармация мектебі
Лектор: Жанымханова Пернеш Жайдарбековна Фармация мектебінің профессор-ассистенті Қарағанды 2023 Дәріс № 4-2 ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ МЕКЕМЕЛЕРІ Жоғары оқу орындарында ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру Ғылыми зерттеу негіздері пәнінен 6B07201 « Фармацевтикалық өндірістің технологиясы » 2 курс студенттеріне арналған дәріс
Слайд 2
Жоспар : Жоғары оқу орындарында ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру Ғылыми-зерттеу институттарын басқару Жоғарғы оқу орындарында ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу
Слайд 3
Жоғары оқу орындарында ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру Ғылыми-зерттеу мекемелерін басқаруды ұйымдастыру деңгейі олардың жұмысының тиімділігінің дәрежесіне байланысты. Егер, академиялық зерттеу ұйымдары жүйесінде фундаментальді мәселелерді әзірлейтін ғылыми-зерттеу институттары жетекші болып табылса, онда жобалық, технологиялық, эксперименттік және басқа да білім беру ұйымдары оған бағынышты болып келеді. Сонымен қатар, академиялық және салалық ғылыммен танылмаған құбылыстарды, заңды және т.б. зерттеу тәсілдерінің ерекшелігінен туындайтын мақсаттар мен міндеттерді қоспағанда, перспективалық жоспарлауды, қаржыландыруды, материалдық - техникалық қамтамасыз етуді, кадрларды даярлау мен орналастыруды, ғалымдардың еңбегін ынталандыруды, ғылыми бөлімшелердің үйлесімді жұмысын қамтамасыз етуді ұйымдастыру жалпы тәсілдер негізінде жүзеге асырылады.
Слайд 4
Ғылыми-зерттеу институттары мен зертханаларын басқару мақсаты төмендегідей : - ең өзекті тақырыпты таңдау ; - бөлінетін қаражатты тиімді пайдалану ; - еңбекті ұтымды ұйымдастыру және ең аз шығындар негізінде ең жоғары нәтижелерге қол жеткізу ; - ұжымда салауатты моральдық-психологиялық климат, шығармашылық және қайырымдылық атмосферасын құру.
Слайд 5
Ғылыми мекеме институттар ішінде басқару міндеттерін, сондай-ақ ғылыми қызметкерлер үшін қолайлы жағдай жасауды қамтиды. Бір жағынан « ұсақ-түйек » болып көрінетін жағдайлар, мысалы ыңғайлы жиһаз, демалуға, әңгімелесулер мен пікірталастарға арналған орындар, жұмыс орындарын жақсы ұйымдастыру, бөлме гигиенасы сияқты жағдайлар ғалымдардың еңбек тиімділігін арттыру үшін үлкен маңызға ие. Ғылыми-зерттеу мекемелерінде басқаруды ұйымдастыру, институттар мен зертханалардың ұйымдық құрылымын бекіту, ғылыми-зерттеу ұйымдары басшыларының, құрылымдық бөлімшелер басшыларының, ғылыми кеңестің және т.б. құқықтары мен міндеттеріқұқықтық актілермен бекітіледі.
Слайд 6
Әрбір ғылыми-зерттеу мекемесін директор басқарады, ол мекеменің жұмысын басқаруды және өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру функцияларын жүзеге асырады. Ғылыми-зерттеу мекемесінің директоры мекеменің жұмысына қолданыстағы заңнаманың негізінде және осы мекеменің Жарғысына және жоғары тұрған басқару органдарының актілеріне жеке -дара басшылық етеді. Ол ғылыми-зерттеу мекемесінің Жарғысына сәйкес берілген барлық құқықтарды пайдаланады және барлық мемлекеттік және қоғамдық органдар мен ұйымдарда ғылыми мекеменің атынан сөйлейді. Директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасарлары институт директоры белгілеген міндеттерді бөлуіне сәйкес : институттың бірқатар бөлімдерінің, секторларының ( зертханаларының ), тақырыптық ( проблемалық ) топтарының және ғылыми-көмекші бөлімшелерінің ғылыми және ғылыми-ұйымдастыру жұмыстарына жетекшілік етеді ; институт директоры мен жоғары тұрған ұйымдардың алдында өздері басқаратын құрылымдық бөлімшелер қызметінің нәтижелері үшін жауапты болады. Ғылыми мекеменің ғылыми хатшысы директорға және оның ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасарларына институтта ғылыми және ғылымиұйымдастыру жұмыстарына басшылық жасауға көмек көрсетеді Ғылыми-зерттеу институттарын басқару
Слайд 7
Құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстары негізінде ол келесідей жобаларды құрастырады : - ғылыми-зерттеу және тәжірибелік - зерттеу жұмыстарының жоспарларын ; - институттың Ғылыми кеңесінің қызметін ; - ғылыми кадрларды даярлау жоспарларын ; - қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ; - ғылыми еңбектер шығару, ғылыми симпозиумдар, конференциялар мен кеңестер өткізуді ; - құрылымдық бөлімшелер мен ғылыми қызметкерлердің есептерін тексереді және олардың негізінде мекеме жұмысы туралы есептердің жобаларын жасайды. Ғылыми хатшының міндетіне институттың ғылыми өнімдерін шығаруды қамтамасыз ету кіреді. Ғылыми хатшы ғылыми - көмекші бөлімшелердің жұмысына басшылық жасайды.
Слайд 8
Ғылыми-зерттеу мекемесінің Ғылыми Кеңесі. Барлық ғылыми-зерттеу мекемелерінде Ғылыми Кеңес құрылады, ол салалық бейіндегі кейбір ғылыми ұйымдарда Ғылыми-техникалық Кеңес деп те аталады. Өзінің құқықтық жағдайына сәйкес Ғылыми Кеңес – институт директорының кеңесші органы, бірақ кейбір мәселелер бойынша оның шешімдері заңды түрде міндетті сипатқа ие бола алады. Оның құрамына директор, оның ғылыми бөлім жөніндегі орынбасарлары, институттың ғылыми хатшысы, жетекші ғалымдар кіреді. Сонымен қатар, Ғылыми Кеңестің құрамына осы институтта жұмыс істемейтін кейбір жетекші ғалымдар, сондай-ақ практикалық қызметкерлер де кіре алады.
Слайд 9
Ғылыми-зерттеу мекемелерінің құрылымдық бөлімшелері. Ғылыми зерттеу мекемелерінде ғылыми мәселелерді практикалық шешумен олардың құрылымдық бөлімшелері айналысады. Сондықтан, ол институттың ішкі немес сыртқы құрылымын дұрыс ұйымдастыру, оның қызметін тұрақты басқару үшін маңызды болып табылады. Негізгі құрылымдық бөлімшелер – салалық, тақырыптық және аралас деп бөлінеді. Салалық құрылымдықбөлімшелер, әдетте, басты ғылыми мәселелерді әзірлеуге араласады және оларды шешу осы ғылыми ұжымға жүктелген. Мұндай бөлімшелер ( бөлімдер мен секторлар ( зертханалар )) ғылыми және қосалқы қызметкерлердің тұрақты құрамынан құралады. Ғылыми - көмекші және ғылыми - өндірістік құрылымдық бөлімшелердің басты міндеті – ғылымизерттеу мекемесінің негізгіқалыпты қызметі үшін жағдайларды тұрақты қамтамасыз ету болып табылады. Мұндай бөлімшелердің қатарына, мысалы : - ғылыми кітапхана ; - мұражай ; - ақпараттық-анықтамалық бөлім ; - компьютерлік орталық ; - тәжірибелік шеберханалар ; - ғылыми тәжірибелік шаруашылықтар ; - тәжірибелі қондырғылар және т.б. жатады.
Слайд 10
Институттың ғылыми - көмекші қызметкерлері осы мамандандырылған құрылымдық қызметтерде сонымен қатар, негізгі ( ғылыми ) бөлімшелерде хатшы, референт, зертханашы, техник ретінде де жұмыс істейді. Ғылыми мекемені басқаруды ұйымдастырудың тиімділігі үшін ұжымның оңтайлы сандық құрылымдарын табу, әртүрлі білікті, негізгі ( ғылыми ) және көмекші қызметкерлер мен ғылыми ұжымдағы қызметкерлердің арақатынасы үлкен маңызға ие. Көп жағдайда ғылыми зерттеулерді басқаруды ұйымдастырудың қазіргі заманғы тәжірибесі - оңтайлы арақатынасы сақталған ғылыми ұжымдар ғана тиімді жұмыс істейтінін көрсетеді : - аға және кіші ғылыми қызметкерлер саны арасында ( ғылым докторлары мен ғылым кандидаттары арасында да); - шығармашылық ғылыми қызметкерлер мен көмекші қызметкерлер арасында. Ғылыми бөлімдердің, зертханалардың ( секторлардың ) меңгерушілерін тағайындауды институт директоры олардың лауазымдарына конкурс жүргізбей ақ тағайындайды. Ғылыми бөлім немесе зертхана меңгерушісі, тақырыптық ( мәселелік ) топтың жетекшісі өздері басқаратын бөлімшелердің барлық жұмысына жауап береді.
Слайд 11
Жоғарғы оқу орындарында ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу Жоғары оқу орындарында ғылыми зерттеу жұмыстары төмендегі көрсетілген мақсатта жүргізіледі : теориялық мәселелерді әзірлеу ; ең өзекті әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу ; оқулықтар мен оқу құралдарын жасау ; - магистратура мен докторантура бойынша ғылыми және ғылымипедагогикалық кадрларды даярлау ; ғылыми-әдістемелік сипаттағы зерттеу жұмыстарын орындау. ЖОО-да ғылыми зерттеулерді әр түрлі бөлімшелер жүзеге асырады : ғылыми-зерттеу институттары (ҒЗИ ); ғылыми орталықтар ; - ғылыми-зерттеу бөлімшелері ; конструкторлық бюро (КБ); - зертханалар ; тәжірибелі станциялар және т.б.
Слайд 12
Зерттеу жұмыстарын әзірлеуге ғылыми студенттік қоғамдар, факультеттер мен институттардың қоғамдық бөлімі, сонымен қатар оқытушылар, докторанттар, студенттер қатысады. Жоғары оқу орнының ( факультеттің ) бір немесе бірнеше ұқсас пәндер бойынша оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын тікелей жүзеге асыратын негізгі бөлімшесі - кафедра болып табылады. Оның құзыреті мен кафедралардың профессор- оқытушылар құрамының мәртебесі нақты анықталған және құқықтық актілерде бекітілген түрде болады. Еліміздегі ғылыми зерттеулердің көп бөлігі жоғары оқу орындарында орындалады. Осы мақсатта ғылыми зерттеулерді орындауға жоғарғы мектептің негізгі ғылыми негізін құрайтын профессорлық – оқытушылар құрамы кең көлемде тартылады. Ғылыми зерттеулерді орындау әрбір оқытушының жеке жоспарына енгізіледі және мемлекеттік бюджет арқылы қаражатпен және зертханалық құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Слайд 13
Еліміздегі ғылыми зерттеулердің көп бөлігі жоғары оқу орындарында орындалады. Осы мақсатта ғылыми зерттеулерді орындауға жоғарғы мектептің негізгі ғылыми негізін құрайтын профессорлық – оқытушылар құрамы кең көлемде тартылады. Ғылыми зерттеулерді орындау әрбір оқытушының жеке жоспарына енгізіледі және мемлекеттік бюджет арқылы қаражатпен және зертханалық құралдарымен қамтамасыз етіледі. «Фармация мектебі » химия және технология кафедрасы студенттерді тәжірибелік тағылымдамадан өткізу мақсатында бірнеше кәсіпорындар мен ғылыми зерттеу институттарымен келісім шарт жасаған. Оларға мысал ретінде « Фитохимия » халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі https://www.phyto.kz/kz /
Последний слайд презентации: КАРА Ғ АНДЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ » Фармация мектебі
Әдебиеттер тізімі 1. Кадыров А.С. Ғылыми зерттеулер негіздері : Оқу құралы. - Қарағанды « АҚНҰР » баспасы, 2017. - 76 б. https:// aknurpress.kz/reader/web/1315 2. Абдигалиева Т.Б. Ғылыми зерттеулер негіздері : О қу құралы. - Алматы : АТУ РББ, 2019. – 137 б. 3. Бубенчиков А.А., Лютаревич А.Г., Шепелев А.О., Бубенчикова Т.В., Горюнов В.Н., Осипов Д.С., Петрова Е.В. Основы научных исследований: учеб. пособие / [А. А. Бубенчиков и др.]; Минобрнауки России, ОмГТУ. – Омск: Изд-во ОмГТУ, 2019. – 158 с. 4. Лукьянец Н.Г. Практические задания по дисциплине Основы научных исследований: Учебное пособие / Н.Г. Лукьянец – Костанай : Костанайский филиал « ЧелГУ », 2019. – 120 с.