Слайд 2
Аралас кәсіпорын – меншік нысандары алуан түрлі кәсіпорын, оның қызметі бірлескен қызметті жүзеге асырушы серіктестердің үлеспұлдық жарналарына негізделген. Бірлескен кәсіпорын – екі не одан көп елдің заңды тұлға құқықтары бар құрылтайшыларының ( фирмаларының, компанияларының, т.б.) мүлкін біріктіру негізінде құрылған кәсіпорын Венчурлік кәсіпорын – ғылыми-зерттеулермен, инженерлік талдамалармен, жаңалықтар ашумен және енгізумен, соның ішінде ірі фирмалардың тапсырыстары және мемлекеттік қосалқы келісім-шарттар бойынша жаңа енгізілімдер жасаумен айналысатын шағын кәсіпорын Унитарлық кәсіпорын – өзіне бекітілген мүлікті меншіктенуге құқығы жоқ коммерциялық ұйым. Ол мемлекеттік және муниципалдық ( жергілікті ) кәсіпорын болуы мүмкін Ұжымдық кәсіпорын – мемлекеттік кәсіпорынды құнын төлеп алған жағдайда немесе мүлікті еңбек ұжымы заңды жолмен сатып алған жағдайда құрылатын шаруашылық бірлік. Кәсіпорынның түрлері
Слайд 3
1. Корпорация 2. Концерн 3. Холдинг 4. Консорциум 5. Картель 6. Трест 7. Синдикат Ұйымдарға біріккен кәсіпорындар
Слайд 4
Корпорация деп бір заңды тұлға болып бірлесіп, кәсіпкерлік қызмет жасау үшін қосылған адамдар жиынтығын атайды. Корпорация меншігіне құқықтар акцияларға сәйкес бөлшектерге бөлінеді, сондықтан корпорацияның иелері акциялар ұстаушы, ал корпорацияның өзі — акционерлік қоғам деп аталады. Корпорацияның табыстарына корпорация салығы салынады. Корпорацияның артықшылықтары: акциялар мен облиғацияларды сатып ақша капиталын іске тартудың шексіз мүмкіндігі корпорацияның тұрақты қызмет етуі. Қоғамнан әлдебір акционер шығуы фирма қызметіне, оның жабылуыла әсер етпейді. басқару қызметтерін жүргізуге сырттан жоғары квалификациясы бар мамандарды шақыра алады ; акционерлер құқықтарының заттық ( мүліктік ) құқыққа және жеке құқыққа бөлінуі. Корпорация
Слайд 5
Концерн (лат. concern – қатысу, мүдде ) – өндірісті араластыру және әртараптандыру негізінде өнеркәсіп орындарын, көлікті, сауданы, ғылыми зерттеу мекемелерін, оқу орталықтары мен сынақ полигондарын бірлестірудің ең кең таралған қазіргі заманғы түрі. Концернді басқаратын холдингілік компаниялардың сатып алуы жолымен қаржы тәуелділігін орнату нәтижесінде бірігеді. Концерннің құрамына өнеркәсіптік компаниялардан басқа көлік және сауда кәсіпорындары, банктер мен басқа да қаржы мекемелері кіреді. Концерн
Слайд 6
Холдинг ( ағылш. hold і ng — иеленуші ) — тәуелді және еншілес компаниялар акцияларының бақылау пакеттерін иеленуші басты компания‚ заңды тұлға. Холдинг осы бақылау пакеттері арқылы олардың қаржы-шаруашылық қызметіне ‚ кадрлар құрамына ‚ қаржы тасқынын бөлуге елеулі ықпал жасайды. Концерннен айырмашылығы - Холдингте мүшелердің арасында бәсекелестік болады. Түрлері : Таза Холдинг — фирманың негізгі 100%- дық қызметі қаржы қызметінің алуан түрлі салаларына қатысты ( бағалы қағаздарды сатып алу-сату ‚ еншілес фирмалардың ақша тасқынын үйлестіру ‚ несиелермен және қарыздармен операциялар жасау )‚ оның меншікті өндірісі болмайды ; А ралас Холдинг қаржы қызметінен басқа өндірістік қызметті де жүзеге асырады. Холдинг
Слайд 7
Консорциум (лат. consort і um – ортақ серіктестік ) – бірнеше банк немесе өнеркәсіп кәсіпорындары арасындағы уақытша келісім, бизнес саласындағы көп қаржы ресурстарын қажет ететін нақты экономикалық міндеттерді ‚ күрделі жобаларды жүзеге асыру мақсатымен бірлескен қызмет туралы шарт негізінде біріккен заңды тұлғалардың уақытша тең құқықты одағы. Консорциум заңды тұлға ретінде тіркелмейді. Алқалық тәсілмен басқарылады. Консорциум
Слайд 8
Картель ( французша cartel, итальянша cartel о – құжат ) – бір тұрпатты өнім өндіруші кәсіпкерлер тобының өнім өндіру, өткізу рыноктарын монополиялау, бәсекені шектеу, шикізат көздерін, рыноктарды бөлісу, бағаға бақылау орнату мақсатымен келісуі негізінде құрылатын ерікті қауымдастығы. Картель құру туралы келісім шартпен рәсімделеді және ол құпия құрылады. Картель
Слайд 9
ТРЕСТ ( ағылш. trust – сенім ) – бір немесе бірнеше сала кәсіпорындарының өндірістік және коммерциялық дербестігін жоя отырып құрылған монополиялық бірлестігі. Трест әдетте акционерліқ қоғам түрінде құрылады. Трестте картель мен синдикаттан гөрі капиталдың неғұрлым көп шоғырлануы оның бәсекелесу қабілетін күшейтеді, ал оның қатысушыларына неғұрлым жоғары пайда әкеледі. Трест
Слайд 10
Синдикат ( латынша synd і catus — құрама, бірлестік ) — тар аядағы белгілі бір мақсатқа жету үшін екі және одан көп меншік иелерінің немесе фирмалардың бірігуі. Монополия нысандарының бірі, құрамына кірген кәсіпорындардың өндірістік және заңды дербестіктерін сақтай отырып, коммерциялық қызметті жүзеге асыруды мойнына алатын кәсіпкерлердің бірлестігі. Синдикат