Первый слайд презентации
Кәсіпорынның сыртқы сауда қызметіндегі бәсекеге қабілеттілігі – бұл кәсіпорынның әлемдік бәсеке рыногында тиімді шаруашылық қызмет жүргізу мүмкіндігі. Оның бұл мүмкіндігі бәсекеге қабілетті өнімді өндірумен және өткізумен сипатталады. Әлемдік бәсеке рыногында бәсекеге қабілетті өнімді өндіру мен өткізу кәсіпорынның қаржылық жағдайынан және мемлекеттің сыртқы сауда саясатынан тәуелді болады.
Слайд 2
Экономикалық анықтамалардың бірінде әлемдік рыноктағы бәсеке продуценттер мен жеткізушілердің өнімді өткізудегі өзара әрекеттің, өзара байланыстың және күрестің экономикалық процесі, тауарлар мен қызметтердің жеке өндірушілері мен жеткізушілері арасындағы өндіріс пен өткізудің неғұрлым пайдалы шарттарына күресі ретінде қарастырылған [1, 75 б.]. Әлемдік рынокта тауардың бәсекеге қабілеттілігі де ішкі рыноктағы тауардың бәсекеге қабілеттілігін бағалау сияқты әдістермен бағаланады. Экспортталатын отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін бағалауда техникалық және экономикалық ақпараттың жеткіліксіздігі сияқты факторлардың болуын ескеру қажет, өйткені, дайындаушылармен негізінен бәсекелестердің проспектілері мен каталогтары пайдаланылады; тапсырыстарды орындауда мерзімнің ұзақтығы мен жиі ақауларлардың болуы; жеткілікті дамыған және шетелдік тұтынушыларға жақын тауарды өткізу желілерінің болмауы; бәсекелестерде тұтыну шығындары деңгейлерін объективті бағалаудың болмауы және т.б. орын алуы мүмкін. Бұл факторлардың әсері мүмкіндігінше минимумға келтірілуі тиіс.
Слайд 3
“Тауардың бәсекеге қабілеттілігі” түсінігімен байланысты келесідей негізгі көрсеткіштер де бар: 1. Нормативтік көрсеткіштер – оларға осы тауарды өткізу мүмкін емес міндетті нормалар мен стандарттар жатады: бұл халықаралық талаптар, мемлекеттік талаптар, аймақтық талаптар, ведомстволық талаптар, сатып алушының талаптары, әр түрлі нормативтер және т.с.с. Барлық бұл көрсеткіштер тауардың қарапайым қасиеттерін сипаттайды, бұл көрсеткіштерсіз тауарды сату мүмкін емес.
Слайд 4
2. Техникалық көрсеткіштерге жатады: тағайындау көрсеткіші – яғни, оны қолдану облысын және осы тауар орындауы тиіс оның функцияларын анықтайтын тауардың қасиеттері; эргономикалық көрсеткіштер осы өнімнің адам ағзасының еңбек операцияларын орындауға бейімделу және ешқандай ыңғайсыздықты сезінбей мүмкіндіктеріне сәйкестігін сипаттайды; конструктивті-техникалық көрсеткіштер осы өнімге тән конструктивті-техникалық және технологиялық шешімдерді бейнелейді және тауарға белгілі бір қасиеттерді (сенімділік, беріктік, өзақ өмір сүру, пайдаланудағы қолайлылық және с.с.) береді; эстетикалық көрсеткіштер осы тауарды әрбір сатып алушының сыртқы қабылдауы үшін үлкен рөл атқарады және оның шешіміне, яғни осы тауарды сатып алу немесе сатып алмауына алғашқы сигнал қызметін атқарады.
Слайд 5
3. Экономикалық көрсеткіштер сатып алушының өнімге, яғни тауарды сатып алуға және оны осы тауардың бүкіл өмірлік циклі бойына пайдалануға шығындарымен байланысты: баға, тасымалдауға және сақтауға шығындар, монтажға, барлық ағымдық пайдалану шығындарына, жөндеудің барлық түрлеріне, персоналды оқытуға және біліктілігіне шығындар.
Слайд 6
4. Ұйымдастырушылық көрсеткіштер – осы тауарды сатып алудағы түсірім жүйесі, жеткізу шарты, осындай жеткізулер жиынтығы, өндірушімен берілетін кепіл мерзімі мен шарты және т.с.с. [1, 103 б.] Бұл көрсеткіштердің жиынтығы көбінесе өндірушіге өнімді өткізуде әлемдік рынокта табыс немесе шығынды анықтайды. Кәсіпорындардың тауар рынгында бәсекелесу мүмкіндігі тауардың бәсекеге қабілеттілігінен, сонымен бірге келесідей экономикалық факторлардан тәуелді: ғылыми-техникалық деңгейі және өндірісті жетілдіру дәрежесі; жаңа өнер табыстары мен жаңашылдықтарды пайдалану; өндірісті автоматтандыру мен басқаруды ұйымдастырудың қазіргі заманғы құралдарын енгізу [2, 17 б.].
Слайд 7
Әлемдік рынокта табысқа жету мақсатында бәсекеге қабілеттілік үшін күресте бәсекелестердің негізгі күштері келесілерге бағытталады: - рынок қажеттіліктеріне және ақырғы тұтынушылардың сұрауларына жауап беретін бәсекеге қабілетті өнімді жасау; - жаңа өнімдерді жасауда немесе шығаратын өнімді жетілдіруде ҒТП-тің озық жетістіктерін пайдалану және принципиалды жаңа өнімді шығару; - технологиялық процестің барлық кезеңдері мен барлық буындарында өндіріс шығындарын үнемі төмендету; - тұтынушымен (ірі жеткізуге) өнімді шығаруды бастағанға дейін бағаны келісу және нақты рынокта өткізу шартын ескеріп, жаңа өнімге бағаны белгілеу; - фирмалардың шикізат көздеріне күресі шикізат пен жартылай фабрикаттардан комплектілі бөлшектерге дейін тауарларды дайындаудың барлық вертикальды буындарын бағындыруға күреспен толығады; - шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және бәсекелестік күресте артықшылықты алу үшін фирмаішілік байланыстарды пайдалану; - өзінің еншілес компанияларына лицензия мен озық технологияларды беру, бағаны манипуляциялау, шетелдік кәсіпорындарда өнімнің сапа деңгейі мен жаңашылдығын көтеру, шетелдік жабдықтаушы өндіріс құру.ф
Слайд 8
Нарықтық қатынастарға өтуде өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі құраушысы оның сапасы болып табылады. Өнімнің жоғарғы сапасы – кәсіпорын қызметінің ең маңызды нәтижелі көрсеткіші. Ол нарықта кәсіпорынның барлық артықшылығын, оның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Соңғы кездері бұл мәселенің өткірлігі елеулі дәрежеде өсті. Бұл нарықтағы көптеген кәсіпорындардың монополиясн жоюмен, өнімнің тұтыну қасиетіне қоғамдық сұраныстардың үнемі өсуімен, ғылыми-техникалық прогресс нәтижесінде өнімнің рухани ескіруінің жеделдеуімен байланысты. Өнім сапасын үздіксіз көтеру, оның номенклатурасын жаңарту, өнімнің ғылыми сыйымдылығын арттыру әлемдік деңгейдегі алдыңғы қатарлы барлық озат фирмалар қызметтерінің басты мақсаты болып табылады.
Слайд 9
Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан экономиканы дамытуға, отандық өнімнің бәсекелестігін қамтамасыз ету бағытында нақты шаралар қолданыла бастады. 2001 жылғы мамырда Үкіметтің № 590 қаулысы бойынша 2001- 2005 жылдарға арналған Республикалық «Сапа» бағдарламасы қабылданды. Бағдарламада кәсіпорындардың өнімді сертификаттаудан сапа жүйесін сертификаттауға ауысуы көзделген. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесінде көптеген кәсіпорындар сапа жүйесі мен өндірістерге сертификат алды.