Первый слайд презентации: Кавказ тілдері семьясы
Орындағандар:Алиева Н.,Алламбергенова М. Тексерген:Сембаева А.
Слайд 2
Жоспары: 1.Кіріспе 2.Кавказ тілдер семьясына жататын тілдер тобы: а. Картвель тіл тобына ә. Бацбий-кист тіл тобы б.Адыгей-абхас тіл тобы в. Дағыстан тіл тобы 3.Қорытынды 4.Пайдаланған әдебиеттер
Слайд 3
Кавказ тілдері деген терминнің ұғымы кең. Өйткені Кавказ-көп тілді аймақ.Мұнда тек қана Кавказ семьясына жататын тілдерде де бар.Мәселен,Кавказдан славян тілдерінен –орыс,украин т.б,Иран тобынан-осетин,курд т.б,Алтай семьясындағы түркі тілдеріне тобынан-әзірбайжан,құмық,қарачай,балқар т..б.Семит тілдерінен –сирия,сондай-ақ,үнді-еуропа семьясына жататын жеке тілдің бірі –армян т.б тілдерде бар. Кавказдан тыс жерлерде-Пиреней жарты аралында Кавказ семьясына жататын баск тілі бар.Осыған орай, нақтылай түсу үшін Арнольд Степанович Чикобова Кавказ тілдерін Иберий-Кавказ тілдері дер атаған дұрыс деп есептейді. 1.Кіріспе
Слайд 4
Иберий-Кавказ тілі Картвель немесе иберий тілдері Абхас-адыгей тілдері Бацбий-кист тілдері Дағыстан тілдері
Слайд 5
Картвель тілдерін оңтүстік кавказ тілдері деп те атайды. Картвель тіл тобына Грузин тілі Зан тілі Сван тілі
Слайд 6
Свандар солт-батыс Грузияның таулы аудандарын мекендейді,ал зандар -батыс Грузияда.Занның Чан деп аталатындарының 30 мыңдайы солт-шығыс Туркияда. Грузин тілі — картвел тобына жататын тіл, Грузияның ресми тілі, Кавказдағы кейбір халықтардың әдеби тілі болып саналады. Грузин тілі Грузин жазуларының негізіндегі әліппені қолданады. Сөйлеушілер саны — Грузияның өзінде 4 млн астам және өзге елдерде бірнеше жүздеген мыңнан асады, негізінен Ресейде, АҚШ және Түркияда.
Слайд 8
Бұлардың екеуі де Грузия территориясында.Аз ғана елді мекендерді-селениелерді мекендейді.Екеуіде-қос тілді халықтар.Олар өз тілдерімен қатар грузин тілін өте жақсы біледі,мектепте грузинше оқиды,олар грузинше оқу арқылы орыс тіліне де жетік.
Слайд 9
Адыгей-абхас тіл тобы Абхас тілі Абазин тілі Адыгей тілі Кабардин тілі Убых тілі
Слайд 10
Тілдер Сипаттама Абхас тілі Абхаз халықының мемлекеттік тілі. Көбіне Абхазия мен Түркияда таралған, Жақын Шығыстың кейбір елдерінде де таралған. Туыс тілдері - абаз, адыгей тілдері. Әдеби тілі абжуй диалектісі негізінде қалыптасты. Тұңғыш абхаз алфавитін Абхаз тілінің фонетикалық ерекшеліктерін ескере отырып, орыс графикасы негізінде 1862 ж. П.К.Услар жасады. Абхаз тілінің алфавиті сараланып, төрт рет өзгерді (1926ж., 1928ж., 1938ж., 1954ж.).Дауысты дыбыс аз, дауыссыздар 50 ден астам. Абхаз тілі - агглютинатив тіл. Белгілілік категориясын білдіру үшін сөз алдына "а", белгісізділік категориясын білдіру үшін сөз аяғына "к" қосымшасы қосылады. Етіс формасы жоқ. Көсемше, есімше формасы жиі қолданылады. Карчай-Черкес АО-да,Қабарда-Балқар АССР-нде,Адыгей АО-да,Кисловодск аудандарында тұратын шағын халық.Саны 25 мың.Абазан тілінде сөйлейді.Абазиндер-этнографиялық жағынан тапанта,шкарауа деген екі руға бөлінеді. Адыгей тілі Адыгей халқының тілі. КСРО-да Адыгей тілінде 80 мыңдай (1959) адам сөйлейді. Карачай-Черкес АО-тары мен Краснодар өлкесінің кейбір аудандарында және шетелдерде тұрады. 1918 ж. араб графикасы негізінде адыгей әліппесі жасалды. Адыгей халқы 1927 жылдая 1938 ж. орыс графикасына көшкенге дейін латын алфавитін қолданды. Адыгей тілі 4 диалектіге (абадзех, бжедуг, т миргой, шаисуг) бөлінеді. Абазин тілі
Слайд 11
Тілдер Сипаттама Убых тілі Убых тілі - өлген тіл. Бұл тіл абхаз-адых тілдер тобына жатады. Убых тілінде Қара теңізінің Кавказ жағалауын жайлаған убых ұлты сөйлеген. Бұл- бүгінгі Сочидің әбден орыстанған Центральный, Хостинский, Лазаревский аудандарының аумағы. Шынтуайтына келгенде, Сочидің байырғы халқы жер өңдеп, бақ өсірген - осы убықтар. Убых тілін қолданушылар да Түркияның Измид ауданында тұрады,олар да Түркияға 1864ж көшкен. Бірақ убыхтар түркі тілінің ассимилияциялауына көнбей,өз тілін күні бүгінге дейін сақтап келе жатыр. Кабардин тілі Қабарда-Балқар республикасы – Ресей Федерациясының құрамындағы автономиялық құрылымдарын Солтүстік Кавказда орналасқан. РФ-ның Ставраполь өлкесімен, Солтүстік Осетиямен және Қарашай-Черкесиямен шекараласады.Кабардиндер -320мыңнан астам адам.
Слайд 12
Дағыстан тіл тобы Нах-дағыстан тілдері н/е Шығыс Кавказ тілі Орталық Дағыстан Оңтүстік Дағыстан Чечен тілі(800мың адам) Ингуш тілі( 200 мың адам) Авар тілі(400 мың адам) Даргин тілі (300мың адам) Лак тілдері(100 мың) Лезгин тілі(400мың адам) Табасаран тілі(700мың адам) Агуль тілі(12 мыңдай адам) Рутул тілі(15 мыңдай адам) Цахур тілі(13мыңдай адам)
Слайд 13
Тілдері Нах-дағыстан тілдері н/е Шығыс Кавказ тілі Сипаттама Шешен тілі Шешендер, нохчилар, нахчо (өзінше атауы), қазақ тілінде— шешен, өзіндік тарихы, этномәдени және бірегей антропологиялық типті ежелгі халықтардың бірі болып табылады. Бүгінгі күні бұл Солтүстік Кавказдың ірі этностарының бірі. Ингуш тілі Ингуш тілі – ингуш халқының тілі. Иберий-кавказ тілдері шоғырының нах-дағыстан тобына жатады. Туыстық жағынан чечен тіліне жақын. Әдеби тілі халықтың сөйлеу тілі негізінде қалыптасқан. Ингуш тілінің әліпбиі әуелде латын жазуы негізінде (1920 – 38), кейін (1938 жылдан) кириллица негізінде жасалған. Қазіргі ингуш тілі әліпбиінде 46 әріп бар. Дифтонг дыбыстар ашық буында созылыңқы, тұйық буында, көбінесе, қысқа оқылады. 10 түрлі септік жалғауы бар. Сөздік құрамында орыс, араб, парсы, түркі тілдерінен енген сөздер көп. Авар тілі Авар тілі - көбісі Дағыстанда, аздап солтүстік Әзірбайжанда, шығыс Грузияда тұратын авар халықының тілі. Кавказ тілдерінің дағыстан тобына жатады. Оңтүстік және солтүстік 2 наречиені құрайтын ацухс, карак, гид, андаль, закаталь, хузах, салатав т.б. диалектілері бар. Әдеби тілі солтүстік наречие негізінде қалыптасқан. Авар тілі - дауыссыздар жүйесі күрделі, көп септікті, эргатив конструкциялы тіл. Араб жазуына алғашқы талпыныс 15 ғасырдан басталса да, оны кеңірек қолдану 19 ғ-дың екінші жартысы мен 20-шы ғ-дың басында болды. 1927 ж. арабшадан латыншаға, 1938 ж. орыс графикасы негізіндегі жазуға көшті.
Слайд 14
Тілдері Оңтүстік Дағыстан Сипаттама Лезгин тілі Лезгин тілі — лезгиндердің тілі, дағыстан тілдерінің иберий-кавказ тобына жатады. Лезгин тілінде 311 мың адам сойлейді (1970). Олар Дағыстан Республикасының оңт.-батыс жағы мен Әзірбайжанда. Ресейдің солтүстігіндегі біраз жерлерді мекен етеді. Лезгин тілінде кюра, самур, куба деп аталатын үш түрлі диалект бар. Лезгин әдеби тілі кюра диалектісінің (соның ішінде гюкей диалектісі) негізінде қалыптасқан. Л. т. дауыссыз дыбыстарга бай (41). Қос түбірлі септік-тің принципіне негізделген септеу жүйесі өте күрделі. Л. т-нің жазуы Окт. революциясынан кейін пайда болды. 1928 ж. латын алфавиті қабылданып, 1938 жылдан бастап орыс графикасына көшті Табасаран тілі Табасарандар – Кавказ аймағын мекендейтін ұлттардың бірі. Көпшілігі Дағыстанның Табасаран және Дербент аудандарында тұрады. Дінде негізінен шафиғи және ханафи мәзһабтарын ұстанады. Табасаран тілі лезгин және агул тілдеріне өте жақын. Айта кету керек, бұл тіл әлемдегі ең күрделі тіл ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген. Жазуы кириллица әліпбиі негізінде. 1932 жылы табасаран тіліндегі тұңғыш «Уьру Табасаран» газеті жарық көрді. Дағыстанның ресми тілдерінің бірі болып табылатын бұл тілде 48 септіктің болуы-ақ оның қандай күрделі тіл екенін дәлелдейді.
Слайд 15
Дағыстан тілдері фонетикалық және грамматикалық ерекшеліктерге аса бай,дауыссыз дыбыстарының жүйесі өте күрделі болып келеді,зат есімдер грамматикалық топтарға бөлінеді,әсіресі жатыс септік мағынасын білдеретін септіктер өте көп,сөйлемнің эргативті құрылысы бар,қазірде авар,лак,лезгин, даргин,табасаран тілдерінің жазуы орыс графикасына негізделген.
Слайд 16
3.Қорытынды Кавказ тілдері-құрылымы жағынан негізінен,флективті тілдер.Олардың тарихи тұрғыдан ортақтығы фонетика саласынан да,грамматикалық құрылысынан да айқын байқалады,дауысты дыбыстары аз болып келеді,керісінше,дауыссыз дыбыстары өте көп,грамматикалық ерекшеліктері-етістік пен есімдер жете сараланбаған,табыс септік жалғауы жоқ, оның орнына эргативті жалғау бар,ол жалғау салт етістіктердің субъект ретінде қолданылуы үшін пайдаланылады,эргативті жалғауы болғандықтан,эргативті сөйлемдерде бар,эргативті құрылыс етістіктерінің жіктелуінен көрінеді,етіс категориялары сараланбаған,жанды ж\е жансыз заттар жөнінде арнаулы грамматикалық категория бар,сөз түбірлері қысқа болып келеді т.б