Слайд 2: Тарихы
Хаза́р қағандығы (650—969) — хазарлар құраған, орта ғасырлық мемлекет. Батыс Түрік қағандығында 630 - 651 жылдары дулу мен нушеби тайпалары арасында азамат соғысы жүрді. Нушебилер Орта Азияның бай қалаларына арқа сүйеп, Қытаймен одақтасты. Дулу бастаған жауынгер көшпенділер шығыс түрік ханзадасы Юйгу шадқа сүйенеді. Ал хазарлар нушеби құрамында еді. Осы кезеңде күшейіп алған Таң әулиеті қағандықтың батыс иеліктерін басып алды. Нушебилердің өз арасында да наразылықтар туындап, Қытайды жақтаған Иби - Шегуй ханды қуып жібереді. Дулу тайпасынан шыққан Дулу Хэлу Шаболо хан билікті тартып алған соң, хазарлар іштей бөліне бастады. Хазарлардың алғашқы билеушісі жергілікті билеушілерден емес, тақтан қуылған түрік қағаны болды. Тарихы
Слайд 3
7 ғасырдың ортасында Түрік қағандығының еуропалық бөлігінде екі тәуелсіз саяси құрылым - Хазарлар мен Бұлғарлар құрылды. Хазар қағандығы өз қуатын арттыру мақсатында көрші тайпаларды, әсіресе, туыстас, бірақ жаулық көхқарастағы бұлғарларды бағындыруға кіріседі. Бұлғарлар жеңіліс тауып, Ботбай басқарған бір бөлігі оларға бағынады. Олар кейіннен " Қара Бұлғарлар " деп аталған кубаньдық бұлғарлар тобын құрайды. Хазарларға бағынғысы келмеген бір бөлігі Еділ бойымен жоғары өрлейді, сөйтіп, Еділ бұлғарлары пайда болды. Үшіншісі - Аспарух бастаған болгарлар 660 жылы Дунайға жетіп бекінеді. 679 жылы олар грек әскерін талқандап, ізінше Добрджаға басып кіріп, Дунай мен Балқан аралындағы елдерді түгелдей бағындырады.
Слайд 4
Территория Батыс Түркі қағанатынан бөлініп шыққан. Солтүстік Кавказ, Ортаңғы және төменгі Жайық ағысын, қазіргі Қазақстанның солтүстік-батыс бөлігін, Азов теңізі маңын, Қырымның шығыс бөлігін, және Шығыс Еуропаның Днепрге дейінгі даласы мен орманды-даласын мекендеді.
Слайд 5
Хазарлар екі негізгі тайпадан – ақ және қара хазарлардан ( қалис-хазарлар мен қара-хазарлар ) тұрды. Ақ хазарлар - славян- арийлерден шыққан кәсіби жауынгерлердің басқарушы кастасы. Қара хазарлар – Ежелгі Қытайдан босқын ретінде Азияның қойнауынан Ра өзенінің ( Итил – Еділ ) төменгі ағысына келген түркі тайпалары.
Слайд 6: Внешний вид
Белые хазары имели светлые волосы и голубые глаза Внешний вид Черные хазары имели черные волосы, черные глаза и смуглую кожу
Слайд 7
Көптеген жазба деректер, тарихи зерттеулер Хаза́р қағандығының Беленжер, Семендер, Варачен ( Сарашен ), Итиль, Саркел, т.б. ірі қалалары бар, халықар. сауда, көпсалалы шаруашылық гүлденген іргелі мемлекет болғанын көрсетеді. Мемлекеттің ұйытқысы болған этн. топтың қалыптасуын ғалымдар Қытай жазбаларындағы “ко- са ” тайпасымен байланыстырады. Тарихи зеттеулер бойынша түркілердің осы тайпасы Солт. Кавказдың шығыс жағын мекендеп, түркі тілдес “ савирларды ” ( Сібірден шыққан, түркілермен ассимиляцияға ұшыраған, арғы түбі угор- финдік тайпалар ) және ирандық, кавказдық шағын топтарды өзіне қосып алған. Бірнеше этн. топтың бірігіп, түркілік ассимиляцияға түсуі нәтижесінде пайда болған хазарлардың осы ерекшеліктері сол кездің жазба деректерінен көрініс тапты. Мысалы, әл-Истахри, ибн- Хаукал хазарлардың екі топқа (“ синфқа ”) бөлінетінін жазады. Олар мұның бірін өңі қаралығына байланысты “ қара хазар” деп атаса, екіншісін өңі аққұба, өзгеше адамдар ретінде атайды.