Слайд 2
Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпы халықтық референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады. Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады.
Слайд 3
Сонымен Қазақстан республикасының конститутциясы (Ата заңы) - 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды.
Слайд 5
Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз.
Слайд 6
“Конституция”- латын тілінен аударғанда “ құрылыс ” деген ұғымды білдіреді. Қазақша мағынасы- ел, мемлекет болудың тетігі деген сөз. Онда маңызды үш мәселе –мемлекеттік және қоғамдық құрылыс, адамның немесе азаматтың құқықтық мәртебесі және мемлекеттік органдардың қызметтік жүйесі қамтылған.
Слайд 7
Қазақстан Республикасының Коснтитуциясы, 98 бапты өз бойына қамтитын тоғыз бөлімнен тұрады. 1- бөлім: Жалпы ережелер; 2- бөлім: Адам және адамзат; 3- бөлім:Президент; 4- бөлім:Парламент; 5- бөлім:Үкімет; 6- бөлім:Конституциялық кеңес; 7- бөлім:Соттар және сот төрелігі; 8- бөлім:Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару; 9- бөлім:Қорытынды және өтпелі ережелер.
Слайд 10
Қазақстан Республикасының Ата заңы Конституциясында қазақ тілі мемлекеттік тіл болып, 1989 жылы мемлекеттік мәртебе алды деп жазылған. Тілдер күні 22 қыркүйек болып белгіленді.
Слайд 11
« Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады”- деп ұлы ақынымыз, жерлесіміз А. Байтұрсынов айтқандай, мемлекеттік тілді үйрену біз үшін үлкен дәреже. Мемлекеттік тіл біздің болашақ мамандығымызға қажет.
Слайд 12
1)... кісі бір жақ, Қыңыр кісі бір жақ. 2)Ел іші -..... Бесік 3) Отансыз... ормансыз бұлбұл 4)Бейнет түбі.... .
Слайд 14
... көлін аңсайды, Адам туған жерін аңсайды. Қосылғанның қолы ұзын,... керуеннің – жолы ұзын.
Слайд 15
Кісі елінде... болғанша, Өз еліңде ұлтан бол. Ит тойған жеріне, Ер... туған жеріне.
Слайд 16
1.Мемлекеттік рәміздердің дүниеге келген тарихи күнді ата ? 2.Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш мемлекеттік рәміздерінің авторлары кім?
Слайд 17
Біздің Конституциямыз - бұл біздің таңдауымыз. Оны құрметтеп, бағалау - бізге міндет. Конституция бойынша өмір сүру ол - демократияның ең жоғарғы сатысы, оны білу, үйрену, тағлым ету - бәрімізге парыз. Бүгінгі қол жеткенге тоқтамай, алға басуымыз керек, тек қана алға!