Первый слайд презентации: Лаунж зона
Орындаған: Дүйсенбаева А Тексерген: Абдунурова А
Слайд 3: Лаунж зона
Лаунж зона- интерьердегі жаңадан шыққан дизайн тренді.Ыңғайлы жиһазбен,адамға жағымды жарықтандырумен және әсем әуенмен адамға демалу сезімін беріп,босаңсу сезіміне баулиды.
Слайд 4
Және де қазіргі кезде қонақүйдегі лаунж зонаны жобалаған кезде оған көп мән береді.Қонақүйде лаунж зонаны террасса мен балкондарда салады.Ыңғайлы жұмсақ дивандар,жастықтар,аласа журналды столиктер,комфортты креслолар,шезлонгтер-осындай заттардың болуы бұл зонаның танымалдылығын арттырады.
Слайд 5: Қонақүйдегі лаунж зона
Қонақүйдегі лаунж зоналар өте ыңғайлы және рухтандыратын болуы қажет,ал оны жасаған кезде басты мақсат:акустика,комфорт және дизайн болуы қажет.
Слайд 6: Лаунж зона үшін
Интерьер үшін мамандар панельдер мен кілемдерді қолданған дұрыс дейді,себебі олар шуды басып,уютты атмосфера береді.Және де интерьер қазіргі заманға сай,стильді және де үйдегідей ыңғайлылық болу қажет.
Слайд 8: Лаунж зона кез-келген жағдайда
Лаунж зона – қонаққа қонақүй туралы пікір қалыптастыруға көмектесетін пунктің бірі.Және де ол әртүрлі жағдайда қолданылады.Мысалы,қонақ демалғысы келіп,шай ішіп отырғанда немесе тұтынушының нөміріне қонақ келген кезде,мүмкін қонақ телефон арқылы маңызды шаруалар атқарып жатқан кезде,немесе жұмыстан шаршап демалып,қайта жұмыс істемейтін кезде әрқашан да лаунж зона өте маңызды.Зерттеулер көрсеткендей,лаунж зона қонақүйдің имиджінде маңызды рөлді атқарады.
Слайд 9: Лаунж зона атмосферасы
Және де лаунж зонаны жасаған кезде максималды түрде адамға жағымды әсер ететін заттарды қоюға тырысу қажет,мысалы,аквариум,декоративті фонтан,әдемі пейзажды бейнелейтін картина,ал егер лаунж-зонаның терезесі әдемі пейзажға қараса тіпті керемет.
Слайд 10: Лаунж зонаға жағымды атмосфера береді:
Әуен.Ол тым қатты немесе тым шулы әуен болмауы қажет.
Слайд 11
Жағымды иістер.Ол кейбір кезде жағымды иісті шамдар немесе коктейльдерден шығатын иістер немесе жаңадан піскен тоқаштардың иістері.
Слайд 12
Жылы пілеттер.Егер сіздің лаунж-зонаңыз қонақүйдің сыртында болатын болса,кешке қарай,салқындаған кезде қонақтарыңызға жылы пілеттер ұсынуды ұмытпаңыз.
Слайд 13
Жұмсақ жиһаз таңдағанда дұрыс таңдау жасау керек. Негізінен, ұзаққа жарамды былғарыдан(кожа) жасалған жиһаз әдемі көрінеді. Жиһаздың дизайны оның көлемі мен лаунж зонада орналасуына байланысты.
Слайд 15
Негізінен былғарыдан жасалған дивандар өте жұмсақ болмауы керек. Себебі, жұмсақ диванда көп отырғаннан кейін адам босаңсып, концентрацияны жоғалтады. Сондықтан лаунж зонаға берік былғарыдан жасалған диван таңдаған дұрыс.
Слайд 17: Түсі
Негізінен лаунж зонасы демалыс үшін арналған соң,түстерді де соған қарай таңдау қажет.Ол қажетті атмосфераны жасау үшін,пастельді,ашық және жылы тондар көмектеседі.
Слайд 18: Жиһаздарды орналастыру
Жиһаздарды орналастырудың әр түрлі нұсқалары бар.Бірақ маңыздысы ол қонақтардың отырып-тұруына ыңғайлы болу қажет.Және де сіздің диванды зонаңызға минимум 6 адам сыюы қажет.
Слайд 19: Жаз кезіндегі лаунж зона
Жаз кезінде қонақүйіңіздің лаунж зонасын,шатырдың астына жасасаңыз болады.Яғни,креативті қосыңыз,таза ауада ыңғайлы жиһазды қойып,керемет табиғатты тамашалауға қонақтарыңызға мүмкіндік беріңіз.Самал желмен қозғалып тұратын материалдарды қолданыңыз.
Слайд 20: Жарықтандыру
Лаунж зона далада болса,оған фонарьлар,түнгі лампалар немесе көп шамдарды қолдансаңыз болады.Ал қонақүйдің ішінде болса,әдемі люстра,декоративті светильниктер көмектеседі.Бір қалыпты,көзді ауыртпайтын жарықтандыруды пайдалануға тырысыңыз.
Слайд 21: Лаунж-бар
Лаунж – бар ағылшынның lounge-қонақжай,демалу бөлмесі сөзінен шыққан.Ол негізінен арнайы оңашаланған лаунж-зонада орналасады.Ол жерде әуені тыныш ән ойналып тұрады,шамдар жанып және қонақтар ыңғайлы,жұмсақ дивандар мен креслоларда отырады және ол жерде аласа « журналды » столиктер болады.
Слайд 24: Лаунж -бар
Лаунж-барларда іскерлік ас ішіп,достарыңмен кездесуге болады.Ол жерде тағамдар мен сусындарға тапсырыс беруіңізге болады.
Слайд 25
Ол жерде сізге әр түрлі кофе түрлері мен коктейльдердің әртүрлерін ұсынады.Сіз өзіңізге виноға тапсырыс беріп,күнделікті әбіргерліктен демала аласыз.Және де ол жерде міндетті түрде тегін WiFi болады.Және де ол жер күнделікті салтанатты мейрамханалардан шаршап,демалғысы келетін адамдар үшін табылған ақыл. Лаунж бар