Первый слайд презентации: Мәдениет элементтерін атаңыз және сипаттаңыз - тіл, құндылық, нормалар, дәстүрлер және т.б
Орындаған: Аншыбаева Дильназ
Слайд 2
2 Жоспар: Мәдениет дегеніміз не? Мәдениет элементтері Тіл Құндылық Әлеуметтік нормалары Ғұрып нормалары Дәстүрлер
Слайд 3
3 Мәдениет дегеніміз не? " Мәдениет " термині латын тілінен шыққан және бастапқы мағынасы жерді баптау, оны өңдеу дегенді білдірген. Бұдан әрі " мәдениет " сөзі жалпыланған мағынаға ие болып, онымен адаммен жасалғанның барлығын атай бастайды. Мәдениет материалдық және рухани өндіріс нәтижелерін қамтиды. Әлеуметтануда мәдениет дегенде осы сөздің кең мағынасында қызметтің және қарым-қатынастың белгілі бір құрылымдарын ұстау үшін бірлескен өмірді қалыптастыратын тіршілік ету ортасы бар адамдардың өзара әрекеттесуі құралдарының, тәсілдердің, нысандардың, үлгілердің және бағдарларының айрықша, генетикалық мұрагерлікке берілетін жиынтығы деп түсінеді. Тар мағынасында мәдениет әлеуметтануда ұжымдық бөлінетін, адамдардың белгілі бір тобына тән құндылықтардың, наным-сенімдердің, жүріс-тұрыс үлгілері мен нормаларының жүйесі ретінде түсіндіріледі.
Слайд 4
4 Кез келген мәдениеттің алғашқы негізі қандай да бір халықтың әлемтануына тән ұғымдық-логикалық аппарат, яғни белгілі бір ұғымдар мен нұсқауларда баяндалған және тілде тіркелген байыпты тәжірибе болып табылады. Тіл - адам тәжірибесін жинақтау, сақтау және берудің шынайы нысаны. Тілді белгілі бір мағыналарға ие таңбалар мен символдар ретінде анықтауға болады. Индивидтер таңбалар мен символдардың мағыналарын әлеуметтену барысында, яғни тәрбиелену және білім алу барысында меңгереді. Мәдениеттің маңызды элементтері нанымдар, діншілдік, білімдер болып табылады. Нанымдар мен діншілдікте адамдардың шындығында да нені ұстанатыны, өзінің қызметінде және қатынастарында нені басшылыққа алатыны, олардың жүріс-тұрысы үлгілері нені қамтитыны көрінеді. Нанымдар мен діншілдік негізінде білім жатыр. Діншілдік ақпараттың жетіспеушілігі болғанда, қандай да бір ақпараттың ақиқаттылығын тәжірибе жүзінде растау мүмкіндігі болмағанда қалыптасады
Слайд 5
5 Құндылық дегеніміз – бұл белгілі бір қоғамдық заттың, құбылыстың қажеттілігі, ынтаны, мүддені қанағаттандыру қасиеті. Әлеуметтік субъектінің құндылықтар жүйесіне олардың алуан түрі енуі мүмкін : Өмірдің мәні ( қайырымдылық пен қатыгездік, бақыт, мақсат ) туралы ; Әмбебап құндылықтар : күнделікті өмір, денсаулық, жеке қауіпсіздік, әл-ауқат, отбасы туысқандар, білім, квалификация, құқық тәртібі ; қоғамдық мойындау ( еңбек сүйгіштік, әлеуметтік жай-күй т.б ); адамдар арасындағы қатынас ( адалдық, риясыздық, айнымастық ), қайырымдылық ; демократиялық ( сөз, ар- ождан, партиялар бостандығы, ұлттық егемендік т.б )
Слайд 6
6 Құндылықтар - жетуге талпынуға тырысатын адамның көпшілігімен әлеуметтік мақұлданатын және қабылданатын мақсаттар туралы түсініктері. Құндылықтар ретінде кез келген материалдық объект, қоғамдық қатынас немесе рухани құбылыс болуы мүмкін. Құндылықтар әлеуметтік субъектімен өзінің қажеттіліктерін оларды қоршаған орта заттарымен салыстыру, яғни адам үшін не пайдалы, не жақсы, не жаман және т.с.с екенін көрсететін құнды қатынас нәтижесінде қалыптастырылады. Құндылықты бағалау критерийлері қоғаммен өзінің әлеуметтік-тарихи дамуы барысында қалыптастырған сол қоғамның құндылықтар жүйесіне кіретін негізгі құндылықтар болып табылады. Бұл өмірдің келмейтін құндылығын жариялайтын, жақсылық және жамандық, бақыт, өмірдің мақсаты және мәні, денсаулық, жеке қауіпсіздік және т.с.с. туралы түсініктері ; тұлға аралық қатынастың құндылығын растайтын : жалпы адамзаттың өзара әрекеттесудің адалдылығы, адал ниеттілігі, ақкөңілділігі ; демократиялық бостандықтар, тұлғаны құрметтеу және т.с.с.
Слайд 7
7 Әлеуметтік нормалары - тарихқа байланысты қоғамдық болмыстың индивид қызметіне және қатынастарына, әлеуметтік топтарға, таптарға және шынайы жағдайларға сәйкес қызметті және қатынастарды ұйымдастырудың қоғамдық қажеттілігін білдіретін қоғамдық институттарына қоятын талаптары. Олар қоғамдағы жүріс-тұрыстың жалпы қағидалары болып табылады. Барлық адамдарға, әлеуметтік топтарға, бүкіл халықаралық қауымдастыққа тән мүдделерді, құндылықтарды білдіретін әлеуметтік нормалар жалпы адами нормалар деп аталады. Бұл нормалар әділеттік және гуманизм, адам құқықтарына құрмет және т.с.с. белгілейді. Әлеуметтік нормалар қоғамда бірнеше маңызды функцияларды атқарады.
Слайд 8
8 Олар : жүріс-тұрыс эталондары қызметтерін атқарады ; индивидтерді топтарға, топтарды қауымдастықтарға біріктіреді ; әлеуметтанудың жалпы барысын реттейді ; жүріс-тұрысты бақылайды.
Слайд 9
9 Тарихтағы ең алғашқы әлеуметтік нормалар ғұрып нормалары болып табылады. Ғұрып нормалары - көп рет немесе ұзақ уақыт бойы қолдану нәтижесінде адамдардың әдетіне айналып, осылайша олардың жүріс-тұрысын реттейтін жүріс-тұрыс қағидалары. Ғұрып - жүріс-тұрыстың қалыпты нормасы, оның орныққан нысанында орындалуы. Адам өзінің күнделікті өмірінде үнемі әдетті басшылыққа алады. Күнделікті әдеттермен салыстырғанда ғұрыптар – әлеуметтік тұрғыда маңызды құбылыстарға қатысы бар жүріс-тұрыстың жаппай үлгілері болып табылады. Мысалы, қонақжайлылық ғұрпы.
Слайд 10
10 Ғұрыппен дәстүрлер де тығыз байланысты. Дәстүрлер - белгілі бір қауымдастықта ұзақ уақыт бойы сақталатын, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін әлеуметтік және мәдени мұраның тарихта қалыптасқан элементтері. Дәстүрлердің ғұрыптардан басты айырмашылығы " мәдениет " ұғымы арқылы мәдениеттің тік қиығы көрінуінде - уақыттың тік осі, бұрын болған нәрсе бүгінде де бар және болашақта да сақталуы әбден мүмкін. Осылайша ; дәстүр деп, ең алдымен, мәдени нормалар мен нысандардың ( тілдің, ғұрыптардың, құндылықтардың және т.с.с.) ұрпақтан ұрпаққа берілу тетігі деп түсіну керек. Ғұрыптар мен дәстүрлер ең алдымен салттарда және жораларда көрінеді. Салттар мен жоралар - белгілі бір сезімдерді туғызатын қандай да бір әлеуметтік идеяларды, нұсқамаларды, құндылықтарды және нормаларды қамтитын символдық қалыптасқан ұжымдық әрекеттердің жиынтығы.
Слайд 11
11 Ғұрыптар адамгершілік және құқық нормаларын қалыптастыру негізінде жатады. Адамгершілік мағынасына ие болған ғұрыптарды әдет-ғұрып деп атайды. Әдет-ғұрыптар немесе адамгершілік нормалары - қоғамда адамгершілік түсініктеріне сәйкес орныққан жүріс-тұрыс қағидалары. Адамгершілік түсініктері - жақсылық пен жамандық, әділеттілік пен әділетсіздік, борыш, абырой, намыс және т.с.с туралы түсініктер. Адамгершілік нормалары - қоғамдық өзара әрекеттесуде қағидаттар, түсініктер, идеялар, бағалаулар түрінде жұмыс істейтін жазылмаған уағыздар және талаптар. Мәдениеттің ішкі тұтастығы сананың негізгі элементтеріндегі тұрақты логикалық тұрғыда көрінетін әлемді қабылдау анықтылығы, құбылыстарды, қалаулары, нанымдары, діншілдіктері, құндылықтары, жүріс-тұрыс нормалары - ментальділік түрінде көрінеді.
Слайд 12
12 Қолданылған әдебиеттер: https :// melimde.com/10-deris-medenietti-anitamasi-oni-elementteri-jene-funkciyalar.html https:// www.freepapers.ru/8/mdeniett-negzg-jelemetter-mdeni-keshen/66919.435015.list2.html