Слайд 2: Мәдениет
Мәдениет ( латын cuItura өңдеу, егу деген сөзден шыққан ). Мәдениет адам жасаған әлем сияқты « екінші табиғат ». Мәдениет адамдардың өмір сүрген ортасымен қарымқатынасы. Қарым қатынас нәтижесінде қалыптасқан ерекше құбылыс. Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылым, топтардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүруі жағдайына сәйкес болып қалыптасады. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Мәдениетке бірден бір ой бөлген Абай Құна нбаев
Слайд 3
Мәдениет — тұтас бір құбылыс, оны зерттегенде жүйелі талдау әдісі қолданылады. Бұл әдісті екі тұрғыда қолдануға болады. 1) мәдениет қоғамның оның әрбір саласының сапалық сипаттамасы ретінде болады. 2) мәдениет жүйе ретінде, яғни, оның құрылымы, оған кіретін бөліктер, элементтер, олардың арасындағы байланыс-қатынастарды, мәдениеттің жүйелік салаларын зерттейді. Адам ісәрекеті дамуының өзі мәдени құбылыстың жеке көрінісі болады. Жалпы мәдениет құрылымы екі үлкен бөліктен құралады : 1) Материалдық мәдениет. Бұл адамның табиғатты өзгерту, қайта құру процесімен байланысты ; 2) Рухани мәдениет. Бұл адамның рухани дүниесін және оның әлеуметтік өмірін өзгертумен байланысты болады. Мәдениеттің мәні мен мазмұны оның құрылымымен тығыз байланысты. Ал, оның құрылымы күрделі болғандықтан әртүрлі элементтерден, бөліктерден тұрады. Мәдениеттің негізгі элементтерінің ең бастысы және осыған сәйкес басты атқаратын қызметі таным, яғни таңба – символдық элемент болып саналады.
Слайд 4
Сократ Спенсер, Блинский, Чернышевский сияқты ойшылдар Мәдениеттану жеке пән ретінде ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде қалыптаса бастады, сондықтан да оны әлі де болса да буыны бекімеген жас ғылымдар саласына жатқызамыз. Мәдениеттану мәдениет туралы ғылым, сонымен қатар философиялық ілім, өйткені ол философияның басты саласы мәдениет философиясын қамтиды. Қазіргі кезеңдегі материалдық және материалдық емес өндіріс орындары еңбекке қабілетті, технологиялық мәдениетті игерген адамдарды қажет етеді. Осыған орай, соңғы кездері педагогикалық құжаттардағы « технологиялық мәдениет », « еңбек мәдениеті » ұғымдарының мәнін көпшіліктің дұрыс түсінуі қажетті шарт болып табылады.
Слайд 5
Мәдениет қызметтері Гуманистік – гуманистік дүниетанымды қалыптастыру. ( адамның кісілік қадір-қасиетін, адамның еркіндігін, адамның бақытқа құштарлығы мен талпынысын ). Танымдық – халық, ел, дәуір туралы тұтас көзқарасты қалыптастыру. Бағалы – құндылықтарды саралауды жүзеге асыру, дәстүрді байыту. Нормативтік және Ақпараттық Нормативтік - қоғам өмірінің және қызметінің барлық салаларында ( адамгершілік, құқық, мінез-құлық нормалары ) барлық жеке тұлғаларға қойылатын нормалар мен талаптар жүйесін қалыптастыру.Ақпараттық – алдыңғы ұрпақтардың білімін, құндылықтарын және тәжірибесін беру және алмасу. Коммуникативті Коммуникативті - мәдени құндылық-тарды сақтау, беру және қайталау қарым-қатынас арқылы тұлғаны дамы-ту және жетілдіру. Әлеуметтену - индивидуалды білім, нормалар,мінез-құлыққа дағдылануы, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылуы.
Последний слайд презентации: Мәдениет мазмұны, қызметі және формалары
Мәдениет және оның формалары Элитарлық ( жоғарғы ) – қоғамның артықшылықты бөлігі немесе оның тапсырысы бойынша кәсіби жасаушылар жасаған. Оған бейнелеу өнері, классикалық музыка және әдебиеттер кіреді.. Мәдениеттің формалары келесіндей болады : Халықтық – кәсіби дайындығы жоқ ( мифтер, аңыздар, эпостар, ертегілер, әндер, билер, т.б.) анонимді жасаушылар жасаған. Массалық – қазіргі мәдени өндіріс пен тұтынуды сипаттау үшін қолданылатын форма